7-сыныпқа арналған сабақ: Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Күні: 19. 02. 10

Сынып: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.

Тәрбиелілік: төзімділікке, еңбек етуге, туған елін, Отанын сүюге баулу.

Дамытушылық:

  1. Оқушының танымдық деңгейін көтеру
  2. Мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу
  3. Ойлау белсенділігін, ой - өрісін арттыру, сөздік қорын молайту
  4. Оқыған өлеңді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап.

Көрнекіліктер: М. Жұмабаевтың суреті, слайд, кеспелер, интерактивті тақта.

  1. Ұйымдастыру
  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
  • . . .
  • Сыныпта кім кезекші?
  • . . .
  • Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
  • . . .
  • Көңіл - күйлеріңіз қалай?
  • . . .
  • Алда қандай жыл мезгілі жақындап келе жатыр?
  • . . .
  • Үйге қандай тарсырма берілді?
  • . . .
  1. Үй жұмысын тексеру
  1. Ж. Аймауытов туралы түсінгенін сұрау.
  2. Ж. Аймауытов кім? (ақын, жазушы, сыншы, публицист)
  3. Ол қай жылы, қай жерде туған? (Ж. Аймауытов 1889 ж. Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында туған)
  4. Неше жасында қайтыс болды? (42 жасында қайтыс болды)
  5. Оның қандай шығармалары бар? (Ақбілек, Қартқожа, Әнші)
  1. Жаңа сабақ. М. Жұмабаев. (1 слайд)

  • Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың батыл да өжет, қайсар ақындарының бірі М . Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысамыз.

Алпыс жыл Мағжанның шығармашылығын оқуға тыйым салынды, еңбектері өртелді. Мағжан жеке басқа табынудың құрбаны болған ақын. Қазір ол ақталып, мол мұрасы жарыққа шықты. М. Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 - маусымда қазіргі Солтүстік Қазкақстан облысы, Булаев ауданында дүниеге келген. 4 жасында ауыл молдасынан білім алды. Ол Уфа қаласында Ғалия медресесінде, Омбыда мұғалімдер семинариясында, кейін В. Я. Брюсовтың жетекшілігімен Мәскеудегі көркем әдебиет институтында оқыған. 14 жасында өлең жаза бастады. 1912 ж «Шолпан» деп аталатын өлеңдер жинағы шықты. Ташкентте «Сана» журналында «Батыр Баян» дастаны шықты. Оның ұстазы татар жазушысы Ғалымжан болған. 1924 - 25 . ж. М. Горький, Мамин - Сибиряк шығармаларын аударды. Балаларға арнап бірнеше кітап жазады. Лермонтов, Гете, Гейне, Фет, Байрон. Крылов, Гоголь, Есенин, Блок. т. б орыс, шетел классиктерінің шығармаларын оқып, кейін аудармалар жасаған.

  1. Жаңа сөздер:

Қарағым - ласковое обращение к младшим

Құр қаларсың - останешься с пустыми руками

Босқа - зря

Жолама - не подходи

Қасына ерме - не ходи (рядом с ним)

Кідірме, аяңдама - не останавливайся

Ұмтыл - стремись

Көктен - с неба

Қолын серме - руку протяни

Қарап қалмас - не остается с пустыми руками

Рас - правда

Жан жетпес - лучше всех

Көңілі жүйрік кемеңгер - человек, который знает все (мудрый)

Құр қалпақтап жүргенмен - ходить зря

  1. Өлеңді оқып болған соң, оқушыларға кезекпен оқыту.
  2. Түсінгенін бір - екі сөйлем арқылы жеткізе білу.
  • Ал, балалар бұл өлеңнен біз не түсіндік?
  • . . .
  • Енді жаңа сөздермен жұмыс істеп көрейік.

Үш - төрт оқушыға үлестірме қағаздарын беру.

  1. Сөзжұмбақ.
  • Ал, енді балалар, М. Жұмабаев туралы алған білімдерімізді пысықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.

2 слайд

  1. М. Жұмабаевтың ең алғаш кімнен білім алған? (молда)
  2. Өлеңдер жинағы? (шолпан)
  3. Уфадағы медресе? (ғалия)
  4. Татар жазушысы Мағжанның жәрдемші ұстазы? (Ғалымжан)
  5. Ең танымал поэмасы "Батыр . . . " (Баян)
  6. Мағжан кім? (ақын)
  • Ал, енді қолында үлестірме қағазы бар оқушыларға сөз берейік.

Сабақты бекіту:

  1. М. Жұмабаев қай жылы, қай жерде туған?
  2. Мағжан қай жылы қаза тапты?

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

М. Жұмабаев өмірі, шығармашылығы.

Қоштасу:

  • Сонымен, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
  • . . .

Баға:

Мұғалім:

Әдіскер:


Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы: 130 жылдық мерейтойға арналған тәрбие сағаты
7-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті сабағы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен Сүйемін өлеңін талдау
7-сыныпқа арналған Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдау сабағы
Мағжан Жұмабаев: қазақ лирикасының хантәңірі - өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңіне арналған 7-сынып сабағының жоспары
Сабақ жоспары: Мағжан Жұмабаевтың Қарағым өлеңін оқыту және талдау
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңі: сабақ жоспары мен әдеби талдауы
6-сыныпқа арналған Мағжан Жұмабаевтың Қазақ тілі мен Мен кім? өлеңдерін оқыту және әдеби талдау сабақ жоспары
7-сыныпта Мағжан Жұмабаевтың Сүйемін өлеңін талдауға арналған ашық сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz