Өлеңді талдау

Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
а/білімдік : Мағжан ақынның өмірімен, шығармашылығымен, қоғамдық қызметімен таныстыра отырып, «Сен сұлу»өлеңіне әдеби- теориялық талдау жасату;
ә/тәрбиелік :ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, өлең мазмұны арқылы ішкі дүниесі сұлу әрі бай, жан -жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу, әдемілік пен әсемдікке баулу;
б/дамытушылық :оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру, жалпы қабілеттілікті дамыту, көркем ойлауды қалыптастыру;
Мақсаты: М. Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Сен сұлу» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.
Құрал -жабдықтар, көрнекі құралдар :
- Мағжан ақынның портреті;
- Шығармалар жинағы;
- Сұлу қыз бен жігіттің суреті;
- Кестелер, сызбалар;
- Ш. Қалдаяқовтың «Сен сұлу»әні;
- Шығу парағы;
- Топтық бағалау қағазы.
Сабақтың түрі : топтық сайыс түріндегі семинар.
Әдіс- тәсілдер :сөздік, жаттығу, сұрақ -жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлатып, сабаққа назар аудартамын. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіремін.
2. Өткен сабақты сұрап, бекіту.
а/Ж. Аймауытовтың «Әнші»әңгімесіндегі әншіге мінездеме беру. /Дәптерден оқып береді/
ә/Өткен сабақты бекітуге арналған сұрақтарға жауап беру:
- Ж. Аймауытов қай жылдары өмір сүрді?
- Жүсіпбек ақын, жазушы, драматург, әнші, журналист, публицист, сазгер, ғалым және қандай қыры айтылмай қалды?
- «Әнші» әңгімесінің негізгі кейіпкері Әмірқанның прототипі кім?
- «Сыңқылдаған көмейі сыбызғыныңүніндей»деген жолдардағы соңғы сөз қандай әдеби әдіспен жасалған?
- Әмірқанның жақын адамдарын ата.
- «Үріп ауызға салғандай, жұтынып тұрған сұлу қыз» деп жазушы кімді суреттеген?
- Әмірқанды ұрылардан құтқарған не?
- Әмірқанның ұстазы әрі пір тұтқан әншісі кім?
- Жүсіпбектің қандай көлемді шығармаларын білесіңдер?
- Жазушы Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге келген?
3. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
М. Жұмабаевтың қазақ әдебиетіндегі жарық жұлдыз екенін, ол туралы М. Әуезовтің «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- Мағжанның сөзі» дегенін айта келіп, өмірі мен шығармашылығына шолу жасаймын. Оқушылардан ақын туралы не білетіндерін сұрап, лирикасына талдау жасата отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқытамын.
Жаңа сабақты игертуге арналған сұрақтар:
- М. Жұмабаев қай жерде дүниеге келген?
- Қай жерлерден білім алған?
- Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай?
- Ақынның қандай лирикаларын білесіңдер?
- Оның қандай поэмалары бар?
- Қай шығармалары арқылы ақынды ұлтжанды ақын дейміз?
4. Жаңа сабақты бекітуге арналған жұмыстар .
Төменгі сыныптарда жаттаған ақын өлеңдерін жатқа айту.
Сондай керемет туындыларының бірі «Сен сұлу» өлеңімен бүгін танысқалы отырмыз. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңді талдауға арналған сұрақтар:
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Ақын өлеңді қандай көңіл күйімен жазған деп ойлайсыңдар?
- Мағжан ақын сұлулықты қайдан тауып отыр?
- Ақын «сұлу» деген сөзді неліктен қайталаған?Ұйқас үшін бе әлде өлең мағынасын ашу үшін керек пе?
- Сендер қандай адамды сұлу деп есептейсіңдер?
Пікір алмасу сұрақтары:
- «Сұлу -сұлу емес, сүйген сұлу»деген мақалдың мағынасын түсіндір.
- Адамның сұлулығы неден байқалады?
- Сұлулық пен әдеміліктің символы нелер деп білесіңдер?
- Ішкі және сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сұлулық жайлы қандай мақал- мәтел, нақыл сөздер білесіңдер?
Бұдан кейін оқушылар өлеңнің құрылысына әдеби талдау жасайды. Дәптерлеріне өлеңнің тақырыбы мен идеясы, көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні туралы талдау түйінін жазады.
5. Жаңа сабақты қорытындылау.
- Ш. Қалдаяқовтың «Сен сұлу»әнін тыңдатамын. Оның шығу тарихы мен бүгінгі өлеңнің арасында терең байланыс барын айтып, әңгімелеп беремін.
- Екі топқа сұлу қыз бен жігіттің суретін беріп, топтастыру стратегиясы бойынша қажетті қасиетттерін жазу тапсырылады.
- Мұғалімнің қорытынды сөзі:бағалау қағазындағы топтардың бағаларын, оқушылардың жеке жауаптарының бағаларын хабарлау.
- Екі топ «Шығу парағын» толтырып, сабаққа өз пікірлерін айтады.
- Үйге тапсырма беру: «Сен сұлу»өлеңін жаттау.
Бағалау қағазы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz