Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жеміс жинау
Жеміс жинау
Мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне,
пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс
түрлері.
Ойын шарты: Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға
шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке –
алма, екінші себетке – алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі.
Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары
хормен салыстырады. Екі себеттегі әр түрлі жемістерді салыстырады.
Мысалы: «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?»
Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылай ша
әрі қарай жалғастыр. Себетте алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт
қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге
ұқсайды? Алма ше? Деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға
болады.
Нені қайда қою керек?
( Салыстыруға)
Мақсаты: Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әр түрлі белгілеріне
қарай салыстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі геометриялық фигуралар, магнитті тақта.
Ойын шарты: Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әр
түрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта
орналастыру керек.
Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек
қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің
арасына, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын.
Тапсырма орындалғаннан кейін, заттарды санайды, топтар құрады, әр түрлі
белгілеріне қарй салыстырады.
Поезд құрастыру
Мақсаты: Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу
қалыптарын салыстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Вагон нөмірі жазылған карточкалар.
Ойын шарты: Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші
вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші
вагондардан кейін кім тұрады? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші
вагондардың арасында кім тұрады? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық.
Сонда неше вагон қалады? Тағы да бес оқушы шақырылып, олар да поезд
құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық?
Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген
сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді.
Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.
Нені қайда қою керек?
(Заттардың кеңістіктегі орны)
Мақсаты:Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны туралы түсініктер
қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Геометриялық фигуралар, жылжымалы сөрелер.
Ойын шарты: Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен
төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті,
оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына –
көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына – жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің
оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны қой.
Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат
қойдың? – деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.
Кім жылдам?
Мақсаты: Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын,
кейін, әуелі, алдымен, сонан кейін».
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.
Ойын шарты: Ойынды қолда бар материалдар мен заттарға орай түрліше
ұйымдастыруға болады.
Мысалы: Өлшемдері әр түрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар
құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай,
(кемитіндей)нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін
орналастырып шығамыз. Осыған керісінше де, болуы мүмкін. Ал, пирамида
құрастыру санаумен қарбалас орындалады.
Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б «үй құрастыру»
ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету.
Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, олардың
қайсысы қайсынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі алдымен, сонан кейін
қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай
жалғастыруға болады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz