Екіөлшемді массив

Орал қаласы, №44 орта жалпы білім беретін мектеп
Жоғарғы санатты информатика пәнінің мұғалімі Нурмуханова Гульзухра Аманжоловна
9 сынып
Сабақтың тақырыбы : Екіөлшемді массив.
Сабақтың мақсаты: білімділік: екіөлшемді массив, квадрат матрица, бас және жанама
диагональдары туралы негізгі түсінік қалыптастыру;
дамытушылық: бағдарлама құру дағдысын, өзін-өзі бақылау, танымдық қызығушылығын дамыту.
тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу;
Құралдар : компьютерлер, мультимедиялық проектор, экран, тақта.
Көрнекілік: Слайд
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
ІV. Тест тапсырмасы
V. Бекіту тапсырмасы. (Компьютерде өз бетімен орындау) .
- Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
a) 1. Массив және массив өлшемі дегеніміз не?
- Массивтердің негізгі параметрлеріне нелер жатады?
- Массивті айнымалылар бөлімінде қалай сипаттайды?
- Массивтерге қолданылатын амалдар қандай?
- Массивтерді пернетақтадан қалай енгізеді?
- Массивтерді экранға қалай шығарады?
- Массив элементтерін қосу бойынша қалай ауыстыруға болады?
- Көпіршік әдісі дегеніміз не?
b) Тапсырма: Массив элементтерін өсу бойынша реттеу.
Program М2;
const n=6;
var a:array [1. . n] of integer; max, i:integer;
Begin
for i:=1 to n do
read(a[i] ) ;
max:=a[1] ;
for i:=2 to n do
if max<a[i] then max:=a[i] ;
writeln;
write(’үлкен элемент=’, max) ;
readln;
end.
ІII. Жаңа сабақ: Екіөлшемді массив.
Екіөлшемді массивті кесте түрінде енгізуге болады. Кестенің әрбір элементінің екі индексі болады, олардың мәні элементтің орнын көрсетеді.
Математикада квадрат және тіктөртбұрышты кестені матрица деп атайды. Бірінші индекс - жол нөмірі, тек келесі жолға ауысқанда ғана өзгереді; екінші индекс - баған нөмірі. m жолдан және n бағаннан тұратын кестені m*n өлшемді кесте деп атайды.
Екіөлшемді массивтің сипатталуы
1) Берілген массивте неше жол, неше баған?
2) Берілген массивті сипаттаңыз.
3) Массивтің элементтерінің мәнін ата: A[1, 3] =, A[3, 1] =, A[2, 2] =
4) Массивтің мәндері бойынша орнын анықта
A[ . ., . . ] = 10, A[. ., . . ] = 3, A[ . ., . . ] = -7
Жауабы:
- 3 жол, 4 баған
- A: array [1. . 3, 1. . 4] of integer
- -6, 2, -5
- A[3, 4], A[1, 2], A[2, 3],
Екіөлшемді массивтермен жұмыстың негізгі алгоритмдері
Екіөлшемді массивті толтыру .
А массиві 3 жолдан және 4 бағаннан тұрады. Барлығы 3*4=12 элемент.
Жол бойынша толтыру:
FOR i:=1 to 3 DO {жол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл }
FOR j:=1 to 4 DO {баған нөмірі өзгеретін ішкі цикл}
Read (A[i, j] ) ; { пернетақтадан енгізу}
Жол бойынша ауысу:
FOR i:=1 to m DO 🡨жол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл
…
FOR j:=1 to n DO 🡨баған нөмірі өзгеретін ішкі цикл
…
Баған бойынша ауысу:
FOR j:=1 to n DO 🡨баған нөмірі өзгеретін сыртқы цикл
…
FOR i:=1 to m DO 🡨 жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл
…
Баған бойынша толтыру:
FOR j:=1 to 4 DO {баған нөмірі өзгеретін сыртқы цикл}
FOR i:=1 to 3 DO {жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл}
Read (A[i, j] ) ; { пернетақтадан енгізу}
Массивтің элементтерінің қосындысы .
…
S:=0;
FOR i:=1 to 3 DO
FOR j:=1 to 4 DO
S:=S+A[i, j] ;
Әр жол және әр баған элементтерінің қосындысын есептеу.
Бірөлшемді массив элементтерінің қосындысын есептейтін негізгі алгоритмді қолданамыз және жолдар қанша болса сонша рет қайталаймыз.
Program М1;
Var a: array[1. . 3, 1. . 4] of integer; i, j, S: integer;
Begin
For i:=1 to 3 do
For j:=1 to 4 do
read(a[i, j] ) ;
FOR i:=1 to 3 DO begin
S:=0;
FOR j:=1 to 4 DO
S:=S+A[i, j] ;
WRITELN(I, ’ жол қосындысы= ’, S) ;
End;
Readln;
End.
КВАДРАТ МАТРИЦА
Жолдар саны мен бағандар саны сәйкес келетін екіөлшемді массивті квадрат матрица деп атайды.
Мысалы:
Var A: array [1. . 4, 1. . 4] of integer;
{Массивтің барлық элементтері бүтін сандар}
Бас диагональ: элементтері a[1, 1], a[2, 2], a[3, 3], a[4, 4] (бас диагональда орналасқан элементтерінің индекстері (i=j) ) ;
Бас диагональ үстінде орналасқан элементтер үшін i<j қатынасы орындалады.
Бас диагональ астында орналасқан элементтер үшін i>j қатынасы орындалады.
Жанама диагональ элементтері А[4, 1], A[3, 2], A[2, 3], A[1, 4] (жанама диагональда орналасқан элементтерінің индекстері i+j=4+1 🡪 жалпы түрде i+j=n+1) .
i+j< n+1 - элементтері жанама диоганалінің үстінде орналасқан;
i+j> n+1 - элементтері жанама диоганалінің астында орналасқан;
IV. Тест тапсырмасын компьютерде орындату.
1. Символдық айнымалының типі
- string
+ char
- integer
2. Cимволдар тіркестерін салыстыр
- ’Balkon’ > ’balkon’
+ ’Balkon’ < ’balkon’
- ’Balkon’ = ’balkon’
3. Cимволдар тіркестерін салыстыр:’comp1’ ? ’comp2’
+ ’comp1’ < ’comp2’
- ’comp1’ = ’comp2’
- ’comp1’ > ’comp2’
4. Берілген 'Азиада алауы' символдар тіркесінің ұзындығын анықтау
- 11
+ 12
- 14
5. S1='ab', S2='array'. Берілген S1 ішкі сөзінің S2 жолында бар жоғын анықтау. Бар болса нешінші орыннан бастап кездеседі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz