Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақ кезеңдері

№19 ОМ
Құрастырған: Баймағанова Ә.Қ
6 сынып

Сынып: 6«В»

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қолөнері
Сабақтың мақсаты:
-оқушылардың қазақтың қолөнері туралы жинақталған білімдерін
бекіту,кеңейту;
Сабақтың міндеттері:
1.-Қолөнер туралы мағлұмат беру,сөздік қорын молайту;
2.-оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдыларын әрі қарай дамыту;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту
3.-қолөнердің адам өмірінің тұрмысындағы маңыздылығын түсіндіру;
-қазақтың қолөнерін бағалай , қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: білімдерін жүйелеу сабағы

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік,түсініктемелік-көрнекілік, іздену

Оқыту формасы: жеке,топтық ұжымдық

Құрал - жабдықтар: оқулық, көрнекілік материал, бейнематериал, интерактивті
тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих

Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Сабақты қорытындылау

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а/сәлемдесу
ә/кезекшімен сұхбаттасу
б/оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан
дайындығын бақылау.
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар
сабағымызды шаттық шеңберінен бастағым келеді , сондықтан мен сіздерді
«шаттық шеңберіне» шақырамын топқа бөлініп отырмыз әр топқа бір бір сөз
берілген,сіздер әр әріпке сөз келтіріп тілек білдіресіздер. «Зергерлер»
тобына «Өнер» сөзі , ал «Тігіншілер» тобына «кәсіп» сөзі.

Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың қолөнері»
болғандықтан біз қазақтың қолөнері қаншалықты адам өмірінің тұрмысында
өте маңызды екені туралы әңгімелеу арқылы білімдеріңді тереңдетіп, барлық
білгенімізді, түйгенімізді ортаға саламыз, грамматикалық тапсырмалар
орындаймыз.
өткен сабақ бойынша білген, түйгендеріңді бақылаймын сұрақ қою арқылы

II. Үй жұмысын тексеру:
Әр топ дайындаған жобаларын қорғайды
«Зергерлер» тобы
«Тігіншілер» тобы

Маршруттық парақ

Тігіншілерге сұрақ:
1. Зергерлер немен айналасқан, қандай әшекей бұйымдар
жасаған?
2. Саз балшық шебері нелер жасаған?
3. Тері өңдеушілер теріден не жасаған?

Зергерлерге сұрақ:
1. Тігіншілер не тіккен?
2. Темір ұсталары нелер жасаған?
3. Аспап шебері қандай аспаптар жасаған?

III. Жаңа сабақ түсіндіру

Мәтінмен жұмыс:
Асыл қазына болып саналатын көне мұраларымыздың бірі-ұлтымыздың дәстүрлі
қолөнер мәдениеті.
Қазақ халқының тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әр үйдің
әсемділігі әйел адамның шеберлігіне, өнерлігіне байланысты болған,
сондықтан әйелдер киіз үйдің: кілем, түскиіз, сырмақ алаша, қоржындар
сияқты жасауларын өз қолдарымен жасаған. Сонымен қатар құрақ құрап бөстек,
ұлттық киімдер де тіккен.
Ал зергерлер алтын мен күмістен және басқа да асыл тастардан жүзік,
сырға,білезік, шолпы,алқа сияқты зергерлік бұйымдар жасаған.
Әр шаңырақ иелері аспап шеберлеріне: домбыра, қобыз, жетіген, сияқты
музыкалық аспаптар жасатқан.

Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді логикалық мағынада құрастыру
2. Мәтінге ат қою
3. Жоспар құру
4. Жоспар бойынша әңгімелеу

Грамматикалық тапсырмалар:

а/ сөз табына талдау
ә/ сөзге фонетикалық талау
Сергіту сәті:
«Өнер» туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер айту

Шығармашылық жұмыс:
1. Сурет бойынша жұмыс:
«Зергерлер» тобы – монолог
«Тігіншілер» тобы - диалог

IV. Жаңа сабақты бекіту:
Рефлексия:
Кластер құрастыру

V. Үйге тапсырма:1.Эссе жазу «Қолөнер»

VI. Cабақты қорытындылау:
1. Еңбектерін бағалау, баға қою

Бағалау парағы №1

Оқушының аты-жөні ----------------------------------------------------------
-

Сынып -------------------------

|№ |тапсырмалар | |
|1 |Көп нүктенің орнына тиісті | |
| |әріпті қой | |
| |Ғ...мыр, ...нер, д...рі, | |
| |оқ...ушы, қарак...з, х...л...қ.| |
|2 |Синонимдерін тап: | |
| |әдемі- | |
| |жүз- | |
| |ел- | |
| |ағаш-- | |
|3 |Сөз құрамына талда, аудар: | |
| |Көркемдікке, | |
| |өнерпаздық,оқушымын, халықтық, | |
| |таулы, сусыз, үйімді, | |
| |бөлмеңнен. | |
|4 | Сөз табына талда: | |
| |Ертең күн суық, аяз болады. | |
|5 |Берілген етістіктердің райларын| |
| |анықта: | |
| |Оқығым келеді, айтсаң, жазсын, | |
| |оқы, айтқың келді, тыңдасаңыз | |

Бағалау парағы №2
Оқушының аты-жөні ----------------------------------------------------------
-

Сынып -------------------------

|№ |тапсырмалар | |
|1 |Көп нүктенің орнына тиісті | |
| |әріпті қой | |
| |Өм...р, ...нер, д...м, | |
| |б...л...., қ...р...қ...т, | |
| |таб...с, ша...ар | |
|2 |Синонимдерін тап: | |
| |сұлу- | |
| |жүз- | |
| |жұрт- | |
| |тамақ- | |
|3 |Сөз құрамына талда, аудар: | |
| |Сезімталдықтан, | |
| |өнерпазға,оқушыларға, | |
| |тұрмыстық, тұқымдық, көріксіз, | |
| |үкіметке, парасаттық. | |
|4 |Сөз табына талда: | |
| |Бүгін біз жорыққа шығамыз. | |
|5 |Берілген етістіктердің шақтарын| |
| |анықта: | |
| |Жазып отыр келеді, айтпақ, | |
| |жазар, оқиды, айтқан келді, | |
| |тыңдады | |

Астана қаласындағы № орта мектебі

Ашық сабақ
“Қазақтың қолөнері”

Өткізген: Баймағанова Ә.Қ

-----------------------

Қолөнер

Ұқсас жұмыстар
Көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи кезеңдері
7.1.Процент
Зат есім 2 сынып
Сабақтың соңы. Сабақтың барысы
Сабақ мақсаттары. Сан аралықтары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сабақ мақсаттары. Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Пәндер