Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кезек Мақалдар сайысында

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі өрге жүзеді.
Мақсаты: Оқушылардың математика, информатика пәндеріне
қызығушылығын арттыру, логикалық есептер, әр түрлі
сайыстар арқылы шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

көрнекілігі: плакат, матрица,

барысы:
Мұғалім сөзі.
Ортаға жүргізушілер шақырылып таныстырылады.
Жүргізушілер
1) Уа жараңдар, жараңдар.
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк

2) Мұны бізде қоштаймыз.
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика, информатика жайында
Ойын сайысты бастаймыз.

1) Жас достарым
Мұны жақсы ұғайық
Математика, информатика
Құрметтеуге лайық.

2) Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес, есептерсіз, компьютерсіз түсіну
Есебіңіз, программаңыз дүние кілті әлі де

1) Көңілді тапқыштар, алғырлар
Бар өнерін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2) Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық жұрт алдына шығуларын
Сайысқа түсіп, өз өнерлерін, білімдерін
Сайысқалы тұрған оқушылардың

Ортаға сайыскер оқушылар шақырылады.
І топ- математиктер, ІІ топ программистер Қарсы алыңыздар!
Жүргізушілер жұмыс жоспарымен таныстырады.
1) Балалар бүгінгі сайысымыз бірнеше турдан тұрады. Солармен
таныстыруға рұқсат етіңіздер
2) Бірінші тур – “Өзім туралы”- таныстыру
1) Екінші тур – “Жұмбақшылар” сайысы
2) Үшінші тур – “Мақалшылар” сайысы
1) Төртінші тур – “Кім көп біледі?”
2) Бесінші тур – “Фигуралар сөйлейді” капитандар сайысы
1) Алтыншы тур – “Шешендік өнер”
2) Ал енді осы сайысымызды, сайыскерлерімізді бағалап, әділ бағасын
беретін әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Олар:
1)
2)
3)

1) Тәттігүл “Мыңнын түсін білгенше, атын біл” демекші сайыскерлерімізбен
танысайық.
2) Ендеше кезек “Өзім туралы” сайысында

І. Оқушылар, сайыскерлермен танысады.
1) Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді.

2) Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - демекші кезекті “Жұмбақ” сайысна берелік.

ІІ. “Жұмбақ” сайысы
1) І топқа жұмбақ.
Бөлшектен бөлініп шықты, жүзбен уәдесі мықты (процент)

2) ІІ топқа жұмбақ
Үрлейтін затпен аттас, атын ешкім таппас (шар)

1) І топқа жұмбақ.

2) ІІ топқа жұмбақ.

1) Тәттігүл енді сайыскерлеріміздің математика, информатика
ғылымдарына байланысты қандай мақал-мәтелдер білетіндіктерін
тексеріп көрейік.
2) Кезек “Мақалдар” сайысында

ІІІ Мақалдар сайысы

Оқушылар өздері дайындап келген мақалдарын айтып сайысады.
2) Асыл, дүниде ең білімді адам кім екенін білесің бе?
1) Тәттігүл, менің ойымша ең білімділер біздің мұғалімдер шығар.
2) Асыл, “Ұстазынан шәкірті озар” демекші сайыскерлеріміздің
білімдерін тексеріп көрсек қайтеді
1) Ендеше кезекті “Кім көп біледі?” сайысымызға берейік.

ІV “Кім көп біледі” сайысы
2) І топқа сұрақ
1. Программа дегеніміз не?
2. Screen операторының қызметі?
3. Алгоритм дегеніміз не?
4. Алгоритмді бейнелеу тәсілдер?
5. Сызық салу операторы?
6. Шеңбер салу операторы?
7. Алғашқы компьютер қай жылы шықты?
8. Ең кіші ақпараттың өлшем бірлігі?
9. Бума дегеніміз не?
10. Компьютер қалай қосылады?
11. Бұрыс бөлшек дегеніміз қандай бөлшек?
12. Пропорцияның негізгі қасиеті
13. Процент дегеніміз?
14. Жұп сандар
15. 5-ке бөлінетін сандар
16. Шеңбер дегеніміз қандай фигура?
17. Тіктөртбұрыштың ауданы?
18. 9-ға бөлінетін сандар
19. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?
20. Диаметр дегеніміз не?
1) ІІ топқа сұрақ
1. Операциялық жүйе дегеніміз?
2. Экрандық режимге көшу операторы?
3. Алгоритмнің қасиеттері?
4. Блок-схема дегеніміз?
5. Line операторының қызметі?
6. Circle операторының қызметі?
7. Алғашқы дербес компьютер қай жылы шықты?
8. 1 байтта неше бит бар?
9. Файл дегеніміз не?
10. Компьютерді қалай сөндіреміз?
11. Дұрыс бөлшек дегеніміз қандай бөлшек?
12. Пропорция дегеніміз?
13. Санның жүзден бір бөлігі
14. Тақ сандар
15. 10-ға бөлінетін сандар
16. Дөңгелек дегеніміз не?
17. Тіктөртбұрыштың периметрі
18. 3-ке бөлінетін сандар
19. Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырады?
20. Радиус дегеніміз не?

Асыл ендігі кезекті топ басшыларымызды сынап көрсек қайтеді.

1) Жиналған бар фигурадан
2) Көп жаңалық ұғамыз
1) Әркімнің де өзіндік
2) Қасиетті құп алдық
1) Фигуларлар сөйлейді.

Сайыскерлерге геометриялық фигуралар беріледі. Ол туралы не
білетіндерін айтып, блок-схема құру керек.

1) Тәттігүл саған қандай пән ұнайды?
2) Асыл маған информатика ұнайды
1) Тәттігүл, ал маған математика ұнайды.
2) Математика қиын ғой, есептен мииым ашиды.
1) Ал есеп шығара алмасаң, білімсіз боласың.
2) Асыл екеуміз сөз жарыстырмай кезекті сайыскерлерімізге берейік.
Олардың Математика, Информатика ғылымдарының өмірдегі маңызы туралы не
білетіндіктерін шешендік өнері арқылы көрейік.

VI. Шешендік өнер.
І топ “Математика ғылымының өмірдегі маңызы”
ІІ топ “Информатика ғылымының өмірдегі маңызы”

Сайысымызды қорытындылауға, сайыскерлеріміздің әділ бағасын беруге сөз
кезегін қазылар алқасына берелік.

Әділ –қазылар сөйлейді.

Мұғаілм сайысты қорытындылайды.

Жеңімпаздар марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Ең тату отбасы
Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай достасуға болады? (медбикемен кездесу)
Отбасы туралы мақалдар
Жылу құбылысына шолу
Ағылшын тілі үйірмелері арасында Полиглот балалардың шеберлік шығармашылық сайысының сценарийі
Көрікті көктем аруы
Екінші айналым
Әй, жарайсың!
Шоқанның ұстаздары
Оқушы. Ұстаз.Ата-ана. (ата-ана, оқушы, ұстаздарға арналған танымдық кеш сценарийі)
Пәндер