Сын есім: анықтамасы, белгілері және практикалық тапсырмалар

СЫН ЕСІМ

Сабақтың мақсаты : 1) білімдік - сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) дамытушылық - түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту; 3) тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, мақал-мәтел (үлестірмелі карточкалар) .

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  2. Зат есім деген не? Мысал келтір.
  3. Зат есім мағынасына қарай бөлінуі. Мысал келтір.
  4. Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.

5. Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.

6. Зат есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? Мысал келтір.

7. Жалқы есімдерге қандай атаулар жатады?

  1. Бастауышы күрделі зат есім болатын сөйлем ойлап тап.
  2. Бастауышы деректі зат есім, пысықтауышы күрделі зат есім болатын сөйлем ойлап жаз.
  3. Бастауышы дерексіз зат есім, толықтауышы деректі, дара зат есім болатын сөйлем жаз.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

1. Қазақ тілі - бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, бір тобы сын есім деп аталады. Сын есім заттың, құбылыстың, сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді.

Сын есімнің маңызды белгілерін топтастыру

а) заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сұр (бұлт), қызыл (алма) т. б.

ә) Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын (ағаш) .

б) Затгың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала), зерек (оқушы), ақылды (адам) .

в) Заттың дәміне, иісіне байланысты белгілерін білдіреді: ащы (құрт), тәтті (тағам), жұмсақ (нан) .

г) Затқа қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) .

f) Сын есім қандай, қай деген сұрақтарға жауап береді.

Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін көлемін біддіріп, қандай, қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады екен.

2. Тақтаға сын есім ілінеді, сын есімді зат есімнен байланыстыр.

Ор көл құдық реңді әдемі

Су терең ой шырайлы сұлу көріклі

сан сезім толғаныс келбетті

олжа кітап мұра жуан биік пайдалы

мата құңды сөз жемісті ағаш жапырақты

ой көзқарас әшекей мәуелі тамырлы жалғыз

суйкімді жігерлі әдепті
кенже бала ақылды

тәртіпті көргенді ойлы

3. Осы сөздерге байланысты мақал-мәтеддер айтып сөйлем талдау.

а) Әдепті бала ата-анасын мақтатар.

ә) Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4. Сыңарын тап ойыны.

Бір бала мақалдың жартысын айтқанда, екінші топтағы бала сыңарын табу керек.

  1. Ұсталы ел озар . . .
  2. Өнер алды . . .
  3. Сыйлық қымбат емес . . .
  4. Ақылды адам - батпан-ақ . . .
  5. Еріншек егіншіден . . .
  6. Отансыз адам . . .
  7. Әдепсіз үйге кірме . . .
  8. Кең киім тозбайды . . .
  9. Аш адам ұрысқақ . . .

10. Қатты жерге қақ тұрар . . .

(Ұстасыз ел тозар. Қызыл тіл. Сүю қымбат. Ақылсыз адам - сасқалақ. Елгезек масақшы озыпты. Ормансыз бұлбүл. Әкімсіз елде тұрма. Кеңесті ел азбайды. Ақсақ қой тырысқақ. Ынтымақты елде бақ тұрар) .

Бір мақалға талдау жасау, сын есімдерді табу керек.

5. Сөз тіркестерін бір сөзбен ауыстыр.

Арыстан жүректі - батыр. Атқан оқтай - түзу. Еті тірі -пысық. Жатып ішер - жалқау. Күндей нұрлы - сұлу. Бал шырын - тәтті.

6. Шығармашылық диктант.

а) Мына сын есімдер қандай заттардың сапа белгілерін көрсете алады.

Көнетоз, көнекөз, тату-тәтті, кішіпейіл, мейірбан, аяулы, қарапайым, қалжыңбас, естияр, ұлан-асыр, көкпеңбек, сүп-сүйкімді, қабілетті, қонақжай, шаруақор, сұңгыла, сергек, беймаза, аппақ, мөп-мөлдір.

ә) Мына зат есімдердің қасиет, сапа белгілерін көрсету үшін қандай сын есімдер керек.

Дала, ел, ой, тұрмыс, арман, кітап, жолдас, туыс, ағайын, ауыл, пікір, сұрақ, сабақ, жанұя, өке, табыс, үн.

7. Кітаппен жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Сын есім - анықтамасы, сұрақтары және практикалық жаттығулар мен ойындар
Зат есім: анықтамасы, сұрақтары және деңгейлік тапсырмалар
Сын есім: сабақ жоспары және әдістемелік тапсырмалар
Сын есім: түсінігі, туынды түрлері және практикалық жаттығулар
Зат есім: түсінік, сұрақтар және практикалық тапсырмалар
8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сын есім - анықтамасы, шырайлары және жаттығулар
Сабақ жоспары: Көмектес септіктің анықтамасы, өзіндік белгілері және практикалық жаттығулар
Бірөлшемді жиымдар (массив): анықтамасы, Паскаль тіліндегі сипаттамасы және практикалық тапсырмалар
Сын есім: түрлері, жасалуы және шырайлары
Зат есім, етістік, сын есім және сан есім бойынша бақылау жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz