Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Пейіл білдіру, негізінен өте жақсы дүние
Сабақтың тақырыбы: «Адам бойындағы асыл қасиет»
Сабақтың мақсаты: Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру. Оқушылардың
адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, айналадағылармен рухани
құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Адам
бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету. Өзін-
өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілік: интеректативті тақта
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, психологиялық тренинг
Сабақтың құрылымы: 1. Кіріспе бөлім
2. Әдеп түрлеріне тоқталу
3. Сұрақ-жауап
4. Тренинг
5. Жақсы мен жаман қасиеттер
туралы
6. Қорытындылау
1. Кіріспе. Адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік
қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам
-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен
ардақты. Адамгершілік -адамның рухани арқауы.
-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген
қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірігінде ой өрбітемін?
Рух-деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық
жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн мен
түн, ыстық пен суық, жақсы мен жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер
рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам
денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-«рух
пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім.
Рухтың мекені-адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат ,ар-ұят, қайрат,
мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты
материалдық зат емес, оның таюиғаты-асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі –ақыл. Себебі ақыл-рухтың құрамдас
бөлігі.
Рухани бай адам-ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл,
ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады.
Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттер мен бірге аяушылық
сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.
2.
1-оқушы. Қарапайым талаптардың бірі-әдептілік яғни сыпайылық. Алдымен бір
–біріне көрсеткен әдептілігі өзгені сыйлау мен қатар, өзін де сыйлағаны.
Өйткені, «сыйластық екі кісіден бірдей». Жақсы сөздердің өзіндауыс
ырғағын, үнін екпінін әр түрлі қою арқылы кісіні ренжіту оп-оңай. «Халіңіз
қалай?» «рахмет»-деген сөздердің өзіне кекесінді үн беру арқылы-ақ
жолдасыңның көңілін қалдыруға болады.
2-оқушы. Біз қайда барсақ та үнемі арамдар арсында жүреміз, көшеде, мәдени
орындарда вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың
қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Немесе жасы үлкенге
жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек
кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.
3-оқушы. Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге
сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен
сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы
үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз.
Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар
өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік,
мәдениетсіздік деп ойлаймын.
4-оқушы. Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнмі ілтипат білдіріп, көңіл
аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау, теңселу, алаңдап,
сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ, асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу,
қаты сөйлеу, сөзді бұзу аяғына дейін тыңдамау әдепсіздіктің белгісі.
3. Адамға ар-ұят не үшін керек?
Пейіл білдіру қажет пе?
Сыпайгершілік деген не?
Қандай адамды тәрбиелі адам дейді?
Адам бойындағы жақсы және жаман әркеттерді ата
«Адамға ар-ұят керек пе?»
Ар-намыс адам бойындағы адамгершілік қасиеттің ең бастысы. Бұл қасиеттер
туралы түрлі тұжырымдар қалыптасып, мақал-мәтелдердің дүниеге келуі тегін
еес. Мәселен: «Ерді –намыс, қоянды-қамыс өлтіреді», «Арыңды сатпа, теріңді
сат» «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала.»
Ар сөзі мен намыс сөзі бір-бірімен мағыналас сөздер.
Әрбір адам бойында намыс болуы тиіс. Себебі барлық нәрсе осыған келіп
тіреледі. Мысалы кез-келген шешімді қабылдау үшін ар керек. Ар, намысы бар
жан өмірде қиыншылықтардан сүрінбей өтуі үшін әрекет жасалады. Әдетте
көшеде келе жатып, аузына келген сөзді айтатын адамды көресің.
Сол айтып бара жатқан сөзі үшін ол тіпті маңғаздана қарайтын сияқты.
Керісінше намыстану керек емес пе? Имандылықтың, әдептіліктің, тәрбиеліктің
бастауы-ар-намыс. «Арсыз» деген сөз өмірдегі ең ауыр сөз. Қазіргі кезде
қоғамдық көліктерде көпшілік орындарда жастарымыздың өзіне жараспайтын
қылықтар, сөздер айтып келе жатқанын байқаймыз. Бұл әдептілікке жатпайды.
Пейіл білдіру қажет пе?
Мәдениеттің бір көрінісі-бұл пейіл білдіру. Пейіл білдіру, негізінен өте
жақсы дүние. Себебі ол адам мен адамның жан-жағындағыларға аз да болса
көмек ретінде пейіл білдіру қажет. Мысалы, көңілсіз отырған адамға солай
пейіл білдірсе, ол адамның көңіл –күйі азда болса дұрысталады. Пейіл
білдірудің көптеген түрі бар. Мысалы, адамның сыртқы келбетіне, сөйлеген
сөзіне, жүрген жүрісіне, ішкі сұлулығына байланысы айтылады. Пейіл
білдірудің қалай әсер ететінін білу қиын емес. Біреудің өзіне пейіл білдіру
сәтін еске түсіріп, сезінсең болды.
Сыпайылық дегеніміз не?
Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек. Сыпайылық үлкенге құрмет кішіге
ізеттіліктен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса, сыпайылық деген осы.
Өзіңе тән жұмбақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең, әдептіліктің
кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып
табылады. Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта білу әдептілікке жатады.
Сыпай болсаң өзіңе жақсы. Айналаңа сыйлы боласың.
Қандай адамды тәрбиелі адам дейміз?
Тәрбие тал бесіктен демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек.
Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек.
Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес.
Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліктен басталады. Көшеде кетіп бара жатып,
жаман сөз айтып айғайлап, жүрген адамдарды көресің. Сонда бұл не нәрсе
деген ой еріксіз санаңда жаңғырары анық. Өмірдегі ең жаман нәрсе
«тәрбиесіз» деген сөз. Тәрбиесіз болсаң бірінші өзіңе, одан кейін ата-анаңа
сын. Ата-ананы ретжітпеу олардан алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып
есептеледі.
4.
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса,
параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса
- «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз,
егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен
шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді,
өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-
қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі
жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына
ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде
жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте
ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым.
Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты
жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне
шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім.
Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық,
эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына
жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ
рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және
қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
5. Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу
Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден,
психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық
бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды
жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану
нәтижесінде пайда болған сырқат.
Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген
заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен
көрінетін сырқаттар тобы.
Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың
(әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка)
тән.
Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен
адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде
науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді.
Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша
және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек?
Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын?
В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі?
Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь
ішу керекпін?
Д) мен өзімді құрметтеймін бе?
Е) мен не үшін туғанмын?
Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма?
Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты
таңдаңыз:
«Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді».
«Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын».
«Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім
келмейді».
«Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен
айырыламын».
«Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды».
«Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын».
«Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес».
«Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)».
«Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек».
«Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?».
Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі:
Факт: олардың барлығы сондай болса да, өз күштерін де, таланттарын да
жоғалтқан.
Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады.
Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет.
Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды.
Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады.
Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге. (2892)
Қорытынды. Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық,
өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы»
кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба
алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш
тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы
да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты
сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып,
қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп
алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай,
жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл
болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған,
өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек
қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.
Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:
Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,
Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңда.
Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,
Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.
Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,
Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.
Адамдығың көрінсін намысты боп өссең сен,
Анадай жан саяңда. Нағыз адам боласың!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz