Төмендегі мақалдар тура мағынасында

Қызылорда облысы

Арал ауданы Шижаға елді мекені

№57 Е. Көшербаев атындағы орта мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сматуллаева Бекзат

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасы

Кіріспе

Ақылдың кені

Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық санатына жатын мақал-мәтелдер мән - мазмұнының тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен, түп жағынан ықшамдылығымен ерекшенеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік, бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп -салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар береді.

Онда өмірдің сан-саласы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады.

Сөйтіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жинақтап, қорытып береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал-мәтелге мынадай түсіндірме берілген:Мақал-үлгі өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал деп қысқа образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз.

Мәтел-тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.

Дастан, хиссаларға қарағанда, мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі әрі ол барлық барлық халыққа әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, мағынасының тереңдігі әрі ол барлық халыққа әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге бөлекше келеді. Мақал-мәтелдің шығу тарихы жайлы дөп басып айту қиын екен. Мақал-мәтелдер -халық творчествосының төл жемісі. Әуелі әрбір адам жеке ойлап шығармен, жүре бара халық қазынасына айналған.

Дегенмен, кейбір мақалдардың шығу тарихы жайлы аңыздар бар екен, соны сіздерге айтып берейін.

«Баяғыда бір даңқы елге жайылған хан ел-жұртын жинап алып, үкім шығарып, бұйрық беріпті. Барлығың тегіс бір - мақал не мәтел сөз тауып келесіңдер!-депті. Сонда бір қарапайым кедей мақал таба алмапты. Хан үкімінен қорыққан халық бір-бір мақалдан тауып айтып беріпті. Бірде бір мақал таба алмаған кедейді суға батырып, тұншықтырып өлтіріңдер!-деп жендеттеріне бұйырыпты. Хан уәзірлерінің бірі кедейді суға батырып өлтіру үшін дайындық жасап жатқанда, әлгі кедей қорқып, дірілдептұрып: «Көп қорқытады, терең батырады»-деген осы екен ғой депті . Сонда уәзір: «Мынау қорыққанынан жаңа мақал айтып жібереді, енді мұны өлім жазасынан құтқару керек, - депті. Осылай қорыққан кедей тосыннан тауып айтып, тың мақал оны өлімнен құтқарған».

Зерттеу жұмысымның мақсаты:Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табу. Қазақ-ағылшын мақалдарын салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұнын межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Бейнелік нақыл өздер мен мақал-мәтелдерді қолдану арқылы халық даналығының мағынасына терең үңіліп түсіну, аударма жасау арқылы тілі үйрену. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттері шешу көзделді:

-мақал мәтелдерді тақырыптық топтар бойынша жүйелеу

-қазақ ағылшын мақал-мәтелдердің семантикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау:

-тілдік құрылым жағынан әр тектес топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыру.

Мақал-мәтелдердің қысқа әрі нұсқа даналығы, өмір айнасы екендігіне көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақстан Республикасының егеменді ел халықаралық қатынастар субьектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіл аралық байланыстардың, ағылшын -қазақ қос тілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем-әдеби шығармалардың, ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы өрістеп келедіАл, шетел тілін үйренуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер фразиологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін фразиологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердіңиұлттық сипатының, ұлттық нақтылығының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасына жете түсінбей тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару сәтсіздіктерге ұшырату мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіл аралық симантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық екшеліктерді сондай -ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да өзекті мәселң. «Ұлт пен біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қаза-ағылшын мақал мәтелдердің тек тілдік емес этнолингвистикалық тұрғыда қарастырубірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да көкейтесті мәселелер қатарына жатады. хъ

Қазіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев халқымызға үш тұғырлы тіл:қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі -қарым-қатынас тілі, ағылышын тілі -халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлеуіміз керек.

Тыңдаушымызға ойымызды әсіресе жеткізе білуіміз қажет.

Басқа тілдегі мақал-мәтелдерді біліп түсіну-бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қойма, сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсінуге үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры .

ІІ. Негізгі бөлім

«Мақал-мәтел сөз мәйегі»

Мақал-мәтелдер -сөздік құрамының халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынаспен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын көңілді ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырымдама жасайтын, мән-мазмұнға байланысты бөлігі.

Ә. Қайдар: «Кез-келген эпостың, ұлттың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни эпостың, ұлттың ұлыстың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың яғни эпостың шын мәніндегі құбылыстың аты, жөні, сыр - сипаты қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып, салт-санамен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәріде кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразиологизмдер ен мақал-мәтелдер арқылы жетіп келуі мүмкін-деп өз тұжырымын айтқан болатын. юю

Мақал-мәтелдер қай халықтың жан дүниесінің, тыныс-тіршілігінің айнасы ; байлығын танытып қана қоймайды. Оның уақыт озған сайын құны артпаса, арзымас қазына екенін де сездірер белгісі.

Кез келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдеріне анық көрініс береді.

Ал басқа тілдегі мақал-мәтелді біліп түсіну-бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсіндіруіне көп үлес қосады, дәнекер болады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Шетел тілін үйрену үшін мақал-мәтелдерді жаттап, аударма жасаудың көп көмегі бар. Қай елдің мақал-мәтелдерін алсақ та, барлығының басты ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы.

Тақырыпқа сәйкес ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша баламасын табу арқылы шетел тілін үйренуіме елеулі көмегін көрсетті.

Иә, ХХІ ғасыр бүкіл әлемнің тұтасымен даму заманы .

ХХІ -ғасыр адамды ол әлбетте белсенді және жан-жақты болу дегеніміз, ол басқа дамыған елдердің мәдениетін, оның ішінде өзменталитетімізге сай келетін жақсы жақтарын, еліміз болса әлеуметтік экономикалық, саяси ақпарат және технологиясын алмаса білуі. Ал мұның маңызы шет тілдерін үйренуде жатыр.

Қай тілді меңгерсек те сол тілді болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шырайы.

Екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеметтік шаруа

шылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды.

Зерттеу барысында мақал-мәтелдерді бірнеше топқа сараладым.

а) Адам және оның қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер

ә) Еңбек және кәсіп туралы

б) Ғылым-білім туралы

в) Денсаулық туралы

г) Тіл өнері

д) Достық, жолдастық туралы

Адам және оның қасиеті

Human being and human nature

1. A good beginning makes a good ending

2. All is not gold that glitters

3. Four eyes see for than two

4. One man, no man

5. Half a loaf is better than no bread

6. Don’t cross the bridge before you come to it

7. Forewarned is protected

8. A man can’t live without other man

9. There is no life without unity

10. Handsome is that handsome does

11. Cut your coat according to your cloth

12. Appearance is deceitful

13. Learn from clever, avoid fool

Work and labour. Profession

Еңбек және кәсіп туралы

1. Art is long, life is short

2. In doing the learn

3. As you sow, you shall mow

4. A stitch in time saves nine

5. Business-before pleasure

6. No pains, no gains

7. A tree is know by its fruit

8. Little stroks fell great oaks

9. The end crowns the work

Science and knowledge

1. Knowledge is power

Білім -қуат

2. live and learn

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

3. Where is a will there is a way

Іздеген мұратына жетер

4. Power is knowledge, knowledge is in the books

Күш білімде, білім кітапта

5. Clothes don’t beauty a man but knowledge

Адам киіммен емес, біліммен көрікті

6. So many men, so many minds

Көптің ойы кеменгер

7. Science is sea, knowledge is ship

Ғылым - теңіз, білім- кеме

8. Book and science is a teacher without tongue

Кітап пен ғылым -тілсіз мұғалім

9. Life is short, art is long

Өмір қысқа, өнер мәңгі

10. Learn wisdom by the follies of others

Көргеніңді көңілге түй

Language and speech

Тіл . Тіл өнері

  1. Actions speak louder than words

Ұқсас жұмыстар
Қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдердің үндестігі
Асан қайғы
Құжатты сақтау және ашу
Қыстырма сөзді тап
Өлеңді жаттау. Ашық сабақ
Рахмет балалар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып
Сөйлесе білу де өнер
Табыс түрлері
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz