Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағдарлы оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы


Қарағанды облысы
Шет ауданы
Дария орта мектебі

Қолдасбаев Болат Амантайұлы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Бағдарлы оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы»

МАЗМҰНЫ:

1. Кіріспе
2. I тарау
3. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру
4. Күтілетін нәтиже
5. II тарау
6. Сауалнама
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер

Өзектілігі: «Бағдарлы оқыту» және «кәсіптік білім беру» ұғымдарын
шатастыруға болмайды.

Проблема: Бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға
мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

Мақсаты: Бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып міндеттерді шешу.

Міндеттері: Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін
жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары
кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіреді, оқыту жеке
тұлғаға бағыттала отырып мынадай міндеттер қояды:
а) жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
ә) білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік
траекториясын құрады.

Болжам: Оқытуды ұйымдастыру, нақты жағдайларда оқытудың түрлерін жүезег
асыру тәсілдері.

Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар және тұлғаның біліктілігін дамыту;
- Тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;
- Зерттеу жұмыстарын жүргізе білуін;
- Сөйлеу құзыреттілігін арттыру;
- Таңдау мүмкіндіктерінің артуы;
- Өз ой пікірлерін бағдарлы түрде жеткізу білу;
- Проблеманы өз бетінше жобалау, оны шешу.

Қазақстан Республикасының орта білім жүйесінде бағдарлы оқытуды
енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында
қызығушылықтарын, икемділігі мен қабілеттерін қалыптастыруға және
үйлестіруге келіп саяды, сонымен қатар ол – оқыту процесінің тұлғалық
бағдарын, жеке тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамытады.

|Жеке жұмыс пән бойынша |Отбасы |Тәжірибелі ұстаз |
| | | |
| | |Қоршаған орта |
|Бейімдеп оқыту |Жеке тұлға | |
| | |Жаңа ақпараттық |
| | |технология |
| | | |
|Шығармашылық ізденіс | |Кәсіби бағыт-бағдар |
| |Үйірме | |

Жоғарғы сыныптарды оқыту жүйесінің жаңа бағыттарын енгізу арқылы
мектепте оқыту процесінің функционалдық қызметінің тиімділігін арттыру
көзделуде. Осы мақсатты іс жүзіне асыру үшін мазмұны коммуникативтік
бағытта құрылып, онда міндетті түрде информатика, шет тілі, халықаралық
мәдениет сияқты оқу пәндерінің қамтылуы қажет.
Жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымызда тұрған келелі міндеттерді
шешу дұрыс, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, ойлауына мүмкіндік
жасау, практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әр түрлі интерактивті және
топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқыту әдістерін өзгерту, жоғарғы
сыныптарда пайдаланатын оқу бағдарламаларын бейімді түрде дамыту.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен
ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық
ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің
кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына
сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен
даралау құралы болып табылады.
«Бағдарлы оқыту» мен «кәсіптік білім беру» ұғымдарын шатастыруға
болмайды. Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы
буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге
мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі
сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал
кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін,
нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық
алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бағдарлы оқытуды енгізудің міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға
және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім
беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бағдарлы оқыту
жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз
етуі қажет:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік
траекториясын құруға жағдай жасау;
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы
сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды
қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты
мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын
мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау
мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға
негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін
құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды,
мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды
жүзеге асырады. Әр бағдардың ішінде білім салалары бойынша бір немесе
бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін, мысалы, технология, жаратылыстану-
математикалық бағдарда: химия-биологиялық, биология-географиялық, физика-
математикалық, математика-информатикалық және т.б.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім
беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға
белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын
елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын
толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы
мыналар:
- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты
жұмысы;
- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды
шоғырландыру;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Ал кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады:
- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бірігеннен
кейін нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әр түрлі болуы;
- біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша
ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;
- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты
дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.
Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы,
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы жүзеге
асырады.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына
мыналарды жатқызуға болады:
- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен
сұраныстары ескеріледі;
- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады.
Мектепішілік бағдарлау жүйесін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы.
Шағын қала жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі,
яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде
оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі – білім беру
кеңістігін (торабын) қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру
ұйымдарының (қосымша білім беретін, жоғары білім беретін мекемелердің,
жалпы білім беретін басқа мектептердің) білім беру қорларын мақсатты және
ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үдерісіне
қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік серіктестік» үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды:
- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын;
- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын;
- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.
Кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- қаржымен қамтамасыз етудің күрделілігі;
- оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің
күрделілігі.
Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту оқу пәндерінің әр түрлі
комбинацияларын, яғни бағдарлы оқытудың икемді жүйесін жасауды көздейді.
Бағдарлы оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды,
олар:
- базалық жалпы білім беретін пәндер;
- бағдарлы пәндер;
- қолданбалы курстар;
- таңдау курстары.
ОҚу жоспарының базалық құраушысының құрылымы мен мазмұны барлық оқу
орындары үшін бірдей болғандықтан, жоғары сынып оқушыларын саралап оқыту
принципін жүзеге асыру инвариантты мазмұнды кеңейту, сондай-ақ оқыту мен
тәрбиелеудің тиімді технологияларын пайдалану есебінен мүмкін болады.
Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда дұрыс
ұйымдастырудың оқушының жеке тұлғасын олардың талап-тілектері мен танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытудағы маңызы зор.

|Жаңа технологиялар бойынша саралау|
|формалары |

|Сыртқы саралау | |Ішкі саралау |
| | | |
|Қызығушылықтары бойынша | |Оқушыларды пәндер |
|оқыту | |бойынша даярлау: |
| | |- оқушыларды даярлаудың |
| | |міндетті деңгейі; |
| | |- оқушыларды даярлаудың |
| | |мүмкін деңгейі. |
| | | |
|Қабілеттері бойынша | | |
|оқыту | | |
| | | |
|Жобаланған кәсіптер | | |
|бойынша оқыту | | |

Шешімнің келесі нұсқасын бір білім саласы аясында пәнаралық негізінде
кіріктірілген сабақтарды жобалау мысалымен өткізген ашық сабағымнан
көрсетуге болады. Бұл алгоритм кез келген білім сапасы үшін қолайлы:
1. Білім саласына енетін пәндердің құралдары арқылы дамытылатын
біліктерді нақтылау.
2. Біліктіліктерді дамытудағы оқу пәндерінің мүмкіндіктерін белгілеу.
3. Оқу жүктемесі, көлемінде оқу пәндерінің күш-қуатын кіріктірудің
уақыты мен орнын белгілеу.
4. Күтілетін нәтижесі:
- тапсырмалар топтамасын жасау;
- оқу жағдаятының сюжетін анықтау;
- кіріктірілген сабақты жобалау.
5. Оқушылар қызметін реттеу, кеңестер беру, оқыту нәтижелерін
қадағалап отыру.

|2002 ж. МЖБС шеңберінде | |Біліктер тізбесін анықтау |
|күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау | |түрінде күтілетін |
| | |нәтижелерді жоспарлау |

|Сабақтың немесе сабақ циклының |
|мақсаты: |
|- білімділік; |
|- тәрбиелілік; |
|-дамытушылық. |

|Пәндік БІД түйінінде ОНЖ: |
|- білім; |
|- іскерлік; |
|- дағды. |

|Қызмет түйінінде ОНЖ БІД-ні |
|біліктерге өзгерту |

|Оқу пәнінің мазмұнын жұмылдыруды |
|есепке ала отырып, оқу үдерісін |
|жобалау |

|Оқу үдерісін ұйымдастыру және өткізу|

|Алынған нәтижелер |

Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдылардың міндеті
өзгереді. Білім беруді ұйымдастырудың қазіргі қолданыстағы жүйесінде білім,
іскерлік, дағды оның ақырғы нәтижесі болып табылады. Біліктерді дамыту
барысында пәндік білім, іскерлік, дағдылар біліктерді дамыту құралына
айналады. Оқушылардың оқу жағдаяттарын шешу арқылы әр түрлі мағынадағы
білім, дағдыларды пайдалануы үшін, оларды берілген мағынада құрудағы
дербестігін жандандыру үшін ұйымдастырушылық, дидактикалық және әдістемелік
жағдайлар жасай отырып, оқушыларды саналы іс-қимылға дайындайтын пәндік
саладағы сауаттылықтан функционалдық сауаттылыққа қадам жасауына
көмектесетінін мұғалімнің өзі түсіне білуі аса маңызды.

|Қандай ҚН жоспарлаймын? Не |
|нәрсеге үйреттім? |

|Жоспардағыны қалай жүзеге |
|асыру керек? Нақты оқу |
|үдерісінде оқушыны қалай |
|үйрету керек? |

|Оқушы не алды? |
|Оқушы не үйренді? |

|Оқушы алған біліктерді қалай |
|өлшеу керек? |

Жұмыс сапасы мен қызмет нәтижесі өзіне-өзі дұрыс сұрақ қоя білуге
байланысты.

|Саналы тәрбие, терең |Отаншылдық сезімге, |Өзіндік мәні бар |
|білімді |елін, халқын сүюге, | |
| |қызмет істеуге борышты | |
|Ойы ұшқыр, | |Қайырымды |
|тілі жатық | | |
| | | |
|Көп мәдениетті |ТҰЛҒА | |
| | |Әлемдік мәдениетті жете |
| | |меңгерген |
|Сөздік қоры мол, шешен | | |
| | |Іздену, қызығушылығы |
|Адамгершілігі мол | |жоғары |
| |Белсенді | |

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Профильное обучение в школе: опыт, проблемы,перспективы. Материалы
республиканского семинара-совещания. Под ред. М. Жадриной. – Алматы,
КАО, 2005 г.
2. С. Муканова. Проектирование рабочих учебных планов профильного
обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений –
Алматы, РОНД, 2005 г.
3. А. Потапова. Профильность как фактор качества. // Образование, № 5,
2003 ж.
4. Д. Қазақбаева, Ш. Кәрібаева. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жолдары. //
Физика және астрономия, № 1, 2006 ж.
5. А. Влазнев, В. Филимонов. Профильное обучение: варианты решения. //
Профильная школа, № 2, 2004 г.

Ұқсас жұмыстар
Қабілеттері бойынша оқыту
Мектеп директоры
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері
Проблемалық оқыту технологиясы
Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру
ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАСЫ
Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Пәндер