Қазақы дастархан: ұлттық дәстүрдің маңызы мен тәрбиелік рөлі

Сабақтың тақырыбы: Қазақы дастархан

Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақ дастарханының

маңызын түсіндіру, оның халық үшін қасиетті саналатынына мән беру

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе

білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі : Үнтаспа, суреттер, оқулық

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең

ҚАЗАҚТЫҢ ДАСТАРХАНЫ

Санамда сан алуан
ой баптатқан,
Көлбайдың қою шайы-ай
қаймақ қатқан.
Шай құйып сусыныңды
қандырады,
Қарындас қос бұрымын
ойнақтатқан.

Төгілген ақ бауырсақ
дастарханда,
Ауылдан дәм бұйырса,
бас тартам ба.
Ақ бұлтқа қолым созып
жолға шықтым,
Арманым алып шығар
асқар тауға.

Дастархан ірімшік пен
дәмді уыздан,
Жайылар қашан өтсең,
алдымыздан.
Сары май, сықпа құрт пен
талқан, қоспа,
Жеп алып, бір сімірсең
бал қымыздан.

Балқыған жан-дүнием
бұрын-дағы,
Шәй ішсем, тұла бойым
шымырлады,
Ұмытып қала шуын
мызғып алам,
Піскенше қалқатайдың
қуырдағы.

«Қазақы дастархан» әні

Қазақтың дастарханы-ай,
құнар қандай?!
Қараймын көзім тойып,
құмар қанбай.
Көлбайдың қою шайы-ай
қаймақ қатқан.
Жандырар жанарыңды шырағдандай.
Қазақтың дастарханы.
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын.

Начало формы

Конец формы

Конец формы

Музыка тыңдау: «Қазақы дастархан» әні

Үйге тапсырма:

Бағалау:

Қорытындылау


Ұқсас жұмыстар
Нан - дастархан байлығы: өндірісі мен тәрбиелік маңызы
Технология сабағы: қазақы бесік - құрылыс, жасалу тәсілдері және тәрбиелік маңызы
Қыз тәрбиесі: ана өнегесі мен ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні
Ашық тәрбие сағаты: Салт-дәстүрдің тәрбиелік және мәдени маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының түрлері мен тәрбиелік-спорттық маңызы
4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Дастархан салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдар
Мүшел жас: ұлттық дәстүр мен тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының тарихи-этнографиялық негіздері мен тәрбиелік маңызы
Көркем өнердің тарихи-мәдени маңызы мен тәрбиелік рөлі
Отбасы құндылықтары: маңызы, түрлері және тәрбиелік рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz