Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Деңгейлік тапсырма

Салқынкөл орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: «Қазақстан – Егемен мемлекет»

Өткізген: Тарих пәні мұғалімі Назымбек К.Қ.

Салқынкөл 2013

Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан-Егемен мемлекет.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы
жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін
қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы
білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
• Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу
дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу
қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам
алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген
сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: КСРО картасы, тарихи тұлғалардың суреттері және
Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
• Деңгейлік тапсырмалар
• Тест тапсырмасы
• Сәйкестендір
• Сөзжұмбақты шеш
1. Деңгейлік тапсырмалар.
І Деңгейлік тапсырмалар
1. Қазақтың тұңғыш академигін ата.
2. Қазақтың қандай опера әншілерін бересін?
3. Олимпиада чемпиондары

ІІ. Деңгейлік тапсырма
1. 1998 жылы «Академик_____________________________» оның 100 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
2. Халықаралық опера фестивалі қай жылы қай қалада өтті?
3. Қазақ әдебиеті өкілдеріне кімдерді жатқызамыз?

ІІІ. Деңгейлік тапсырма.
1. Шәкен Айманов қай жылы қай жерде туған? Қандай киноларды түсірген?
2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? Роман не туралы баяндалады?
3.Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғылымына қандай үлес қосқан.
2. Тест тапсырмасы
1. Тұңғыш қазақ академигі?
А) Қ.Сәтбаев Ә) М.Әуезов Б) Ә.Бөкейханов
2. Халықаралық опера фестивалі Алматы мен Астанада қай жылы өтті?
А) 2001 ж Ә) 2000 ж Б) 1998 ж
3. Түркістан қаласында орналасқан кесене?
А) Жошы хан кесенесі Ә) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Б)
Бабаджа хатун кесенесі
4. Афина олимпиадасының жалғыз Қазақстандық чемпионы?
А) Е.Ибрайымов Ә) Б.Саттарханов Б) Б.Артаев
5. Қазақ кино өнерінің көрнекті кинорежиссері?
А) Ш.Айманов Ә) Ш.Айтматов Б) Ш.Мұртаза
6. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы бірлескен халықаралық жоба?
А) Жаужұрек мың бала Ә) Шал Б) Көшпенділер
7. Қазақ әдебиеті саласында талантты жастарға “Дарын” сыйлығы қай жылдан
бастап беріле бастады?
А) 1991 ж Ә) 1992 ж Б)
1994 ж

3. Сәйкестендіру

4. Сөзжұмбақты шеш.
| | 1 Қ |а  |Р |
| | | | |

Бағалау:
Үй тапсырмасы:
➢ Тақырыпты оқу.
➢ Датамен жұмыс.
➢ «Егер мен президент болсам...» тақырыбына шағын
әңгіме жазу.

Ұқсас жұмыстар
Сөз мағыналары
Қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Жарықтың кванттық қасиеттері
Компьютер сөзіне морфологиялық талдау жасау
Сабақтың жоспары
Оқушылар бағалау
Квадрат теңдеулер. Теңдеуді шеш
Дара және күрделі етістіктер
Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
Қос сөз, қайталама қос сөз
Пәндер