Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сайлаушылар тізімі
Мақсаты: Оқушыларға сайлау және оның ерекшеліктері сайлану ережелері,
Президенттік сайлау жайлы мағлұмат беру. Оқушылардың саяси көзқарасын
дамыту. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жоспары: Мұғалімнің кіріспе сөзі
1.Сайлау дегеніміз не?
2.Сайлау органдары
3.Сайлаушылар тізімі
4. Сайлау алдындағы үгіт
5.Сайлауды қаржыландыру
6.Дауыс беру тәртібі
7.Сайлау түрлері
8.Оқушыларға берілетін тапсырмалар
Қатысушы қонақтар: 269 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Жоланова Зура
Тарих пәнінің мұғалімі Байдулла Мөлдір Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шораева
Нәзігай
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сайлау дегеніміз-әр азаматтың тұлғаның мемлекет алдындағы орындауға
тиісті міндеті.
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын
еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Сайлаушылар тізімі: Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған
кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге
құқылы. Егер сайлаушығ сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің
тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі
болмайтыны белгілі болса, оның өзінің болатын жері бойынша жергілікті
атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша
өтініш беруге құқығы бар. Осы тармаққа сәйкес азамат өтініш жасаған кезде
жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелу орны бойынша сайлаушылар
тізімінен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар
тізіміне енгізуді ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды
адамдары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тізімдерінің,
сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
Сайлаушылар тізімдеріне: Республиканың белсенді сайлау құқығы бар
азаматтары, тиісті сайлау учаскелері аумағында тұрғылықты жері бойынша
тіркелген азаматтар, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, емдеу
мекемелерінде, шалғайдағы және қатынасы қиын аудандарда, алыс мал
шаруашылығы учаскелерінде, т.б. жалпы Республиканың жарамды паспорты бар
азаматтар енгізіледі. Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне ене алады.
Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге құқығы
бар.
Сайлау алдындағы үгіт: Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау кезінде
кандидаттың, саяси парияның ар-намысына, қадір – қасиетіне, іскерлік
беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты
жариялаудан аулақ болғаны дұрыс. Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген
баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ
омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуды
қоспағанда, сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар,
бағалы қағаздар беріп қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық
акцияларын өткізу, ақша төлеу немесе осындайларға уәде беру арқылы сайлау
алдындағы үгітті жүргізу сайлау алдындағы жөнсіз үгіт деп саналады. Сайлау
жарияланған кезден бастап, кандидаттарға, саяси партияларға сондай-ақ
олардың атынан оларды қолдап жүрген кез-келген жеке тұлғаларға, ойын-сауық
және де спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-
шараларын өткізуге тыйым салынады. Мемлекет кандидаттарға өз
бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін бірдей қаражат
бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз
сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында
0,1баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына қаражат
бөледі.Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға, саяси
партияларғашарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын
береді.Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге
және сөйлеген сөздеріне іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы
сөздеріне түсініктеме айтуына тыйым салынады. Кандидаттардың, саяси
париялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау
алдындағы үгітті жүргізетін сенім білдірген адамдары болуына құқылы. Сайлау
комиссиясына сенім білдірген адамдар өтініштерін жазып, тіркеледі, одан соң
барып оларға тиісті куәлік береді. Сенім білдірген адам Қ.Р. азаматы болуға
және де лауазымды адам болуы тиіс.
Сайлауды қаржыландыру: Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру. Жалпы сайлау
кезінде сайлауды өткізуді республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырады.
Республикалық бюджет қаражатынан: Сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның
қызметіне, үй-жайды жалға алуға, іс-сапар шығыстарына, консультанттарға,
еңбек ақы төлеуге; кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы
сөздеріне, үгіт материалдарын шығаруға, көлікке жұмсалған шығындарға ақша
бөлінеді. Шет елдік азаматтар мен халықаралық ұйымдарға сайлауды
қаржыландыруына тыйым салынады.
Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру: Президертті және Парламент және
мәслихат депутатарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін сайлау
қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады. Сайлау қорлары заңдарда
белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады. Сайлау қорлары мынадай
көздерден: кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан,
Респуликаның қоғамдық бірлестігі бөлінген қаражатынан. Сайлау аяқталғаннан
кейін сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнінде есеп беруге
міндетті.Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты
кандидаттардың жұмсалуын бақылау Қ.Р. заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Дауыс беру тәртібі: Сайлау бюллетені. Сайлау бюллетені мемлекеттік тілдің
әліби тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып,барлық тіркелген
кандидаттар енгізіледі. Сайлау бюллетені мемлекеттік тілде және орыс
тілінде басылады. Сайлау бюлллетендері учаскелік сайлау комиссияларына
сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын жеткізіледі. Сайлау бюллетеньдері
орналасқан үй мөрлеп бекітіліп, ішкі істер органдарының күзетуіне
тапсырылады. Дауыс беру уақыты мен орны.Сайлау кезінде дауыс беру
жергілікті уақытпен сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі.
1.Сөз 269 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Жоланова Зура апайға
беріледі.
Учаскелік сайлау комиссиясы жөнінде, оның құрамалары жайлы айтып береді.
2.Сөз Тарих пәнінің мұғалімі Байдулла Мөлдір апайға беріледі.
Сайлау түрлерінің ішіндегі Президенттік сайлау жайлы мағлұмат береді.
Оқушыларға тапсырма:
1.Жалпы сайлау туралы не білесің?
2.Дауыстарды санауға ерекше көңіл бөлінетінінің себебі неде?
3.”Өмір сүріп жатқан миллиардтардың ішіндегі әр адамның жауапкершілігі”
деген тіркестің мағынасы туралы не ойлайсың?
4.Қазақстан Республикасының келешегі қандай болмақ?
5.Сайлау жасы нешеде болуы керек? Мектеп оқушылары неге сайлауға қатыса
алмайды?
6.Егер үйде төсек тартып жатқан қарт адам болса ол қалай дауыс береді деп
ойлайсың?
7. Қандай саяси партияларды білесің?
8.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікке бірден қол жеткізді ма? Өз ойың?
9.Болашақта Қазақстанның одан әрі гүлденіп дамуы үшін қандай әрекеттер
жасау керек?
10.Сайлау және сайлану ережелері туралы не түсіндің?
(оқушылар осы сұрақтар жөнінде өз ойларын білдіреді.)
Қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісі: Шораева Нәзігай апайға беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz