Дара және күрделі сын есімдер: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

№ 32 жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім

Бастауыш сынып мұғалімі: Л. Е. Койгельдина

2012 - 2013 оқу жылы

Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру
  • Дамытушылық:Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету
  • Тәрбиелік:Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі : Кестелер, үлестірмелі қағаздар, слайдтар, суреттер.

Жоспары:

1-кезең: Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу.

"Сәлем" деп амандасамыз қолымызбен,

"Сәлем" деп қараймыз көзімізбен,

"Сәлем" деп айтамыз аузымызбен.

"Сәлем! "

Қуаныш сыйлаймыз бәріңізге.

2-кезең: Еске түсіру сәті

-«Толықтыру тесті»

1 - нұсқа

1. Зат есім дегеніміз -

2. Зат есімнің сұрақтары

3. Етістіктің сұрақтары

4. Сын есімді қойып жаз.

__ __ балаға айтсаң -білер,

балаға айтсаң -күлер.

5. Етістікті тауып жаз.

Жанар, келді, биік, жиырма.

2 - нұсқа

1. Етістік дегеніміз -

2. Етістіктің түрлері

3. Сан есімнің сұрақтары

4. Сын есімді қойып жаз.

балаға айтсаң -білер, балаға айтсаң -күлер.

5. Сан есімді тауып жаз.

Жанар, келді, биік, жиырма.

Сын есім дара және күрделі болады.

Дара сын есім бір сөзден жасалады: сары, биік.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады: сары ала, қара торы.

3-кезең: Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз,

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

4-кезең: Тіл дамыту жаттығулары

19-жаттығу.

* Мәтінді көшіріп жаз.

* Сын есімдердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?

20-жаттығу.

  • Дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге

айналдырып жаз

21-жаттығу.

  • Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып,

сөйлем құрап жаз

5-кезең: Ой сергіту жаттығулары

- сызбаны толықтыр

Сызбаны пайдаланып көп нүктенің орнына сын есімдерді

қойып сөз тіркесін жаз.

- шығармашылық диктант

Сын есім
Негізгі сын есім
Туынды сын есім
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Сын есім:
Негізгі сын есім:
Туынды сын есім:
Дара сын есім:
Күрделі сын есім:

6-кезең: Қорытынды.

- «Сатымен кім тез көтеріледі?»

Зат есім етістік сан есім сын есім

7-кезең: Бағалау

8-кезең: Үйге тапсырма 23 - 24 жаттығу 140 бет


Ұқсас жұмыстар
Дара және күрделі сын есімдер: ашық сабақ
Сан есімдер: дара және күрделі сан есімдер - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Қазақ тілі: сын есімдер, қарсы мәндес сөздер, дара және күрделі сан есімдер, есімдіктер - сабақ жоспарлары
Дара және күрделі сан есімдер: әдістемелік сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған дара және күрделі сан есімдер бойынша сабақ жоспары
Сан есім: дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер: сабақ жоспары мен оқу-әдістемелік тапсырмалар
Дара және күрделі сан есімдер: сабақ жоспары мен әдістемелік тапсырмалар
Дара және күрделі етістік: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары (№8 орта мектеп, Ақтау)
Сан есім: дара және күрделі түрлері - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz