Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кәсіптік қазақ тілі

Қосбаева Күнзия Қабидоллақызы
БҚО Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының жоғары санатты оқытушысы

Пәні: Кәсіптік қазақ тілі
Тобы: 1 а РШИ-11 («Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»)
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер. Ұстаз
Сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік: Ақпарат көздері арқылы күрделі сөздер, оның
түрлері жөнінде
және ғұлама ғалым әл-
Фараби туралы мәлімет беру;
Ә) коммуникативтік құзыреттілік: Күрделі сөздердің жасалу жолдарын түсінуге
баулу, ұлы
ғалым
туралы түсініктерін қалыптастыру.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі: Күрделі сөздерді оқыта отырып, ұстаздың
қоғамдағы
орнын
ұғындыру, сөздік қорын арттыруға дағдыландыру;
Сабақтың типі: Жаңа материалды хабарлау
Сабақтың әдісі: Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:
түсіндіру,
зерттеу, талдау, жүйелеу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау және

дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: Тіл білімі, қазақ әдебиеті, география, тарих
Қолданылатын көрнекіліктер: Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі», Қ.Ибрагимов «Қазақ
тілі»
оқулығы, «Шың» баспасы, дидактикалық материалдар, мультимедия, слайд.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын сұрақтар арқылы тексеру.
1.Адамның жасы дегенді қалай түсінесіз?
2.Мүшел жас деген не?
3.Балаларға берілетін атаулар.
4.Ер адам жасының бөлінуі.
6.Әйел адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.
ІІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
IҮ. Жаңа материалды түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Күрделі сөздер туралы түсіндіру
2. Мәтін:

Ұстаз
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты
дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби (870-
950) дүниеге келді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.Отырар
медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханада қолжазбаларды оқып
меңгерді.Әбу Насыр білімін жетілдіру, ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени
орталық саналатын Бағдад қаласына келді.Мұнда ол Аристотель, Эвклид,
Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең
де жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол ғылым мен
өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған.Олардың ішінде
«Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске
түсініктеме», т.б.еңбектері болашақ ғылымға жол ашты.Замандастары және
шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші ұстаз» деп атаған.
Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы
архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін
көрсеткен.
Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған.Ол
домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар
жазған.Ұлы ғұлама көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір
сәт те ұмытпаған.Оған оның мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:

Қашықтасаң туған жер-қалың елім,
Қамығамын сағынып алау денем.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,

1)Мәтінді оқыту.
2)Мәтін жоспарын құру.

Ү. Жаңа материалды оқытушының көмегімен бекіту.
1.Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру.
2.Мәтіннен күрделі сөздерді табу.
3.Мағынаны ажырату кезеңі. (Сөздікпен жұмыс)
Дүниеге келу-
Дәріс алу-
Қолжазба –
Меңгеру-
Жетілдіру-
Тереңдету-
Жан-жақты-
Замандас-
Мәселе-
Ғұлама-
Дәлел-
4.Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын ашу.
5.Мәтіннен алынған сөздерге синонимдік қатар жасау.
Ұстаз, әйгілі, дүниеге келді, дәріс алды, қала, шәкірт, ғұлама.
ҮІ. Жаңа материалды студенттің өз бетімен бекітуі.
1.“Фараби” сөзіне ассоциация құру:
1.Ірі кәсіпорын – Фабрика
2. Ақын еңбектерінің бірі – «Алмагеске түсініктеме»
3. Қазақстан Республикасының белгілері – Рәміздері
4. Ғалымды кімге теңеген - Аристотельге
5. Әбу Насырдың ғылым іздеп келген қаласы - Бағдат
6. Адамгершілігі мол адам – Иманжүзді
2. СИНКВЕЙН немесе «Бес жол өлең» стратегиясы :
1)бір зат есім- Фараби білімді
2)екі сын есім-- білімді, дарынды
3)үш етістік- дүниеге келді, атақты болды ,қызмет етті
4)төрт сөзден құралған бір сөйлем – Құнды еңбектер қалдырған ғұлама
5)синонимі: ғалым
3.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау:
Әл-Фараби –дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым. Ол Отырар маңында орта ғасырда
дүниеге келді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.Ол Отырар
медресесінде оқыды.Сол кезде Бағдад ірі мәдени орталық болатын.Онда Әл-
Фараби Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін көп оқиды.Ол 150-ден астам
еңбек жазған.Әл-Фараби бірнеше музыкалық шығармалар жазған.Ол туған Отанын
қай жерде жүрсе де қатты сағынған.
4.Сөз құрамына талдау.
«Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске
түсініктеме»
5.Кластер жинағы немесе «Топтастыру» стратегиясы:
Фараби кім? - Дүние жүзіне әйгілі ғалым, энциклопедияшы. 150-ден астам
еңбек жазған. «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон»,
«Алмагеске түсініктеме» атты еңбектердің авторы. Математика, архитектура,
жер өлшеу, астрономия, музыканы зерттеген. Аса үлкен музыкант, тамаша
орындаушы, ақын. Домбыра, қобыз аспап түрлерін жасаған. «Екінші Аристотель»
6.Бекітуге арналған тест тапсырмалары.
|1.Біріккен сөзді табыңыз. |6.Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді |
|А) Талдықорған |табыңыз. |
|В) Ашық ауыз адам |А) ағалы-інілі |
|С) Бес дәптер |В) басқа-басқа |
|Д) Қоңыр ала |С) жекпе-жек |
|Е) Тісін қайрады |Д) оқта-текте |
|2.Қос сөзді табыңыз. |Е) жап-жасыл |
|А) Жүрегі алып ұшты. |7.Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны|
|В) Көктемгі демалыс. |табыңыз. |
|С) Боранмен айқас. |А) ҚР-на |
|Д) Көзін ала бере. |В) медбикеге |
|Е) Қызылды-жасылды. |С) ТМД-на |
|3.Қысқарған сөзді табыңыз. |Д) БҰҰ-ны |
|А) Көз шырымын алды. |Е) см-ден |
|В) Әлек салды. |8.Қысқарған шартты белгіні табыңыз. |
|С) Кетіп бара жатыр. |А) педкеңес |
|Д) Оқуды үздік оқиды. |В) ҰБТ |
|Е) Педколледжді бітірді. |С) ҚазПИ |
|4.Қайталама қос сөзді табыңыз. |Д) га |
|А) балапандар |Е) т.с.с. |
|В) бала-шаға |9.Сыңарлары антонимдес қос сөзді табыңыз. |
|С) анда-санда |А) уақ-түйек |
|Д) бетпе-бет |В) құрбы-құрдас |
|Е) сап-сары |С) жасыл-сары |
|5.Бір сыңары мағынасыз қос сөзді |Д) алба-жұлба |
|табыңыз. |Е) ары-бері |
|А) сары-көк |10.Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз.|
|В) киім-кешек |А) ірілі-ұсақты |
|С) тарс-тұрс |В) қысы-жазы |
|Д) өз-өзіне |С) үлкен-үлкен |
|Е) таудай-таудай |Д) салдыр-гүлдір |
| |Е) ағайын-туыс |

ҮІІ.Үйге тапсырма.
1.Күрделі сөздерге бірнеше мысалдар келтіру.
2.Әл-Фараби туралы қосымша ақпарат жинақтау.
ҮІІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Колледж тынысы
Кәсіби сала терминдерін білу
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін дамыту
Қазақстан - егемен ел жайлы ақпарат
Сенің құжатың түгел ме тарауы бойынша тіл дамыту сабағы
Ультрадыбыс датчигі
Пәннің атауы
Үш тілде оқыту – заман талабы
Анықтама
Тортай қандай бала
Пәндер