Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

4. Оқу пәнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны

22. Кіріспе (1 сағат):
дәуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері.
23. 1–бөлім «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан» (11 cағат).
24. «Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер» (7
сағат):
түрік қағанатының құрылуы, жер аумағы, халқы, саяси тарихы,
шаруашылығы;
Батыс-Түрік қағанаты, жер аумағы, халқы, саяси тарихы, шаруашылығы;
Түргеш қағанаты, түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының құрылуы,
сыртқы саясаты, шаруашылығы;
қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси
жағдайы), қағанаттың ыдырауы, Суяб – қарлұқтардың астанасы;
оғыз мемлекетінің құрылуы (оғыз тайпаларының қоныстанған жер аумағы,
қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы), Қазақстан аумағындағы оғыздар, Оғыз
мемлекетінің ыдырауы, Жанкент (Янгикент) – оғыздар астанасы, олардың
шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы;
қимақ мемлекетінің құрылу, этникалық және тайпалық құрамы, қағанаттың
саяси тарихы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың шаруашылығы;
қорытындылау.
25. «VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және
көшпелі мәдениеті» (4 сағат):
отырықшы халықтар мәдениеті, олардың көшпелілермен өзара байланысы,
қалалар мен қоныстар, сәулет өнері және қала ғимараттары (кесенелер,
мешіттер), өнер (сәндік-қолданбалы өнер);
көшпелілердің материалдық мәдениеті, оның ерекшеліктері, үй кәсібі
және қолөнер (керамикалық бұйымдар мен ыдыстар жасау, металлургия және
металл өңдеу), сауда, ақша,
халық ауыз әдебиеті, тіл және жазу (көне түркі жазуы, араб жазуы),
діни наным-сенімдер;
қорытындылау.
26. 2 – бөлім «Дамыған ортағасырлардағы Қазақстан» (29 cағат).
27. «Дамыған ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа
мемлекеттердің құрылуы» (5 сағат):
Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы
және шаруашылығы, жер иелену түрлері, мәдениет, ислам дінін қабылдауы;
наймандар, керейіттер, жалайырлар (тайпалардың орналасуы, қоғамдық
құрылысы және шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары);
Жетісудағы Қарақытайлар, қоғамдық-саяси құрылысы, алым-салық жүйесі,
сыртқы байланыстары;
Қыпшақ хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси
құрылымы және сыртқы байланыстары.
қорытындылау.
28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (3 сағат):
Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі, керуен жолдарының
қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы;
Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары (Жетісу
– Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы, Оңтүстік Қазақстан – Ұлы
Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі);
Ұлы Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы және елдер мен
халықтар арасындағы мәдениетті дамыту мен өзара байланыстарды нығайтуға
ықпалы («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу
аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу).
29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» (5 сағат):
қалалардың дамуы (Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Сайрам, Сығанақ
және т.б. қалалар), сәулет өнері мен құрылыстың дамуы, қорғаныс құрылысы,
қоғамдық ғимараттар, цитадель, базар алаңы, кесенелер, мешіттер, моншалар,
сәулет өнері ерекшеліктері («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта
ғасырлық қалаларды зерттеу);
қолөнер мен сауданың дамуы, үйге қажетті заттарды жасау, ұсталық
кәсіп, зергерлік өнер, сауда және ақша айналымы, сәндік-қолданбалы өнер,
оның ерекшеліктері, («Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орта ғасырлық
сәулет өнерінің дамуын зерттеу);
ғылымның дамуы (математика, философия, музыка, жаратылыстану, тіл
білімі және т.б.), Отырар кітапханасы, халық медицинасы, білім беру, тіл
және жазу, әдебиет, түркі тілдес халықтардың ғылым мен мәдениет жолындағы
көрнекті қайраткерлері, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Ахмет
Йасауи, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың
құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер);
тәңірлік, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының ғылым мен
мәдениетке тигізге ықпалы;
қорытындылау.
30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (11 сағат):
монғол империясының құрылуы, монғол империясының мемлекеттік және
қоғамдық құрылысы, моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы, халықтың Шыңғыс
хан әскеріне қарсы қаһармандық күресі, Отырар қорғанысы, монғол ұлыстарының
құрылуы (Жошы мен Шағатай ұлысы), жаулап алудың зардаптары;
Алтын Орданың құрылуы, Алтын Орданың күшеюі, Алтын Орданың саяси және
қоғамдық құрылысы;
Ақ Орда, Ақ Орданың дербестік алуы, жер аумағы мен этникалық құрамы,
ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы,
шаруашылығы;
Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай,
Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары;
Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы, Сарайшық қаласы – ХІІІ-
ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының әкімшілік, экономикалық, сауда және
мәдениет орталығы, мемлекеттің ыдырауы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір
(тайпалардың этникалық құрамы, орналасқан жері, ішкі және сыртқы жағдайы);
Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы;
Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік
құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар;
экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы және егіншілік, қалалар және
қоныстар, қолөнер;
қорытындылау
31. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер. Қазақ
этносының қалыптасуы» (2 сағат):
Қазақстандағы этносаяси үдерістер, халықтардың этникалық құрамы,
этносаяси қауымдастықтардың қалыптасуы, қазақ халқының қалыптасуының
аяқталуы;
қазақ жүздері, «алаш» атауы, «қазақ» атауының шығуы.
32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (3 сағат):
материалдық мәдениет, баспана, киім-кешек, әдет-ғұрыптар мен салттар,
қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер және үй жиһазын жасау, зергерлік
бұйымдар, сауда;
рухани мәдениет, халық ауыз әдебиеті (ертегілер мен аңыздар, ақындар
айтысы, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер), жазу, білім, музыка өнері, қазақ
билері мен күйлері, жыршылық өнер және жыраулар, бақсылық, халық
медицинасы;
қалалық сәулет өнері, кесенелер, (Түркістандағы Ахмет Йассауи
кесенесі, Көк-кесене), сәндік-қолданбалы өнер;
33. 3 – бөлім «Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің
құрылуы» (23 cағат).
34. «Қазақ хандығының құрылуы» (3 сағат):
Біртұтас қазақ хандығы құрылуының алғышарттары, Керей мен Жәнібектің
көшуі;
мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек (жер аумағы,
халықтың этникалық құрамы), хандардың саяси қызметі;
қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты: хандықты басқару ісі және
сыртқы байланыстар, біртұтас Қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңызы.
35. «Қазақ хандығының ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» (9
сағат):
Қасым хан, Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің күшеюі, Қасым ханның
ішкі және сыртқы саясаты, жер аумағының кеңеюі, халықтың өсуі, Қасым хан
заңдары, Қасым хан – қазақ жерлерін біріктіруші;
Хақназар хан, Хақназар хан тұсындағы қазақ мемлекетінің қуаттылығы мен
саяси өрлеуінің артуы, Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты;
Тәуекел хан, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы, қазақ-өзбек
қатынастары, орыс мемлекетімен байланыстар;
Есім хан, Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты, елдегі ішкі тартыстар
және Тұрсын ханның бүлігі; Жәңгір хан, қазақ-жоңғар соғысы, Орбұлақ шайқасы
– қазақ батырларының қаһармандықтары, қазақ хандығының әлсіреуі, ішкі
қайшылықтардың өршуі, орталық биліктің әлсіреуі, сыртқы жағдайдың қазақ
хандығының әлсіреуіне тигізген ықпалы;
қорытындылау.
36. «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (ХVІІ ғасыр)» (2 сағат):
Тәуке ханның билігі, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, қазақ-
жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары;
«Жеті жарғы» заңдары, ұлы билер.
37. «ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық
дамуы» (4 сағат):
қазақ хандығының дәстүрлі басқару жүйесі, қазақ ханы және сұлтандар,
халықтың әлеуметтік құрылымы;
шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы, көшпелі шаруашылықтың
ерекшіліктері, егіншілік, қолөнер, қалалар мен елді - мекендер;
қорытындылау.
38. «ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (5 сағат):
қазақ халқының мәдениеті, материалдық мәдениеттің жалпы сипаттамасы,
тұрғын үй, киім-кешек, ұлттық тағамдар;
қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, қазақ фольклоры (ертегілер,
аңыздар, мақал-мәтелдер);
батырлық және лирикалық эпос, әлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
тарихи әдебиет (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Қадырғали
Жалайри және оның «Жами ат-тауарих» еңбегі);
әншілік өнер, жыраулар шығармашылығы, Доспамбет пен Жиембет жырау және
т.б.;
39. Қорытынды қайталау (4 сағат).

Қазақстан тарихы пәнінен 7 «А» сыныпқа арналған
тақырыптық күнтізбе жоспары 2015-2016 оқу жылы.
Апталық сағат саны –2 Жылдық сағат саны-68
|реті |тақырыбы |жоспар |Ескерту |мерзімі |
| | |бойынша | | |
| | |сағат | | |
| | |саны | | |
| |Кіріспе |1 | | |
| І БӨЛІМ. «ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» (11 сағат)|
|Бірінші тарау. «Қазақстан территориясындағы |
|ерте ортағасырлық мемлекеттер» (7 сағат) |
|1 |Түрік қағанаты |1 | | |
|2 |Батыс Түрік қағанаты |1 | | |
|3 |Түргеш қағанаты |1 | | |
|4 |Қарлұқ қағанаты |1 | | |
|5 |Түрік қағанатының шаруашылығы мен мәдениеті |1 | | |
|6 |Оғыз мемлекеті |1 | | |
|7 |Қимақ қағанаты |1 | | |
|Екінші тарау. VІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының |
|отырықшы және көшпелі мәдениеті (4 сағат) |
|8 |Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің|1 | | |
| |өзара әсері | | | |
|9 |Архитектура және өнер |1 | | |
|10 |Түріктердің рухани мәдениеті |1 | | |
|11 |Қорытындылау |1 | | |
| ІІ БӨЛІМ. «ДАМЫҒАН ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» (29 сағат) |
|Үшінші тарау. Дамыған ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа |
|мемлекеттердің құрылуы (5 сағат) |
|14 |Қарахан мемлекеті |1 | | |
|15 |Наймандар, керейттер, жалайырлар |1 | | |
|16 |Қарақытайлар |1 | | |
|17 |Қыпшақ хандығы. |1 | | |
|18 |қорытындылау |1 | | |
| Төртінші тарау. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы (3 сағат ) |
|19 |Ұлы Жәбек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы|1 | | |
|20 |Ұлы Жәбек жолының тармақтары. |1 | | |
|21 |Ұлы Жәбек жолының әлеуметтік – экономикалық |1 | | |
| |маңызы | | | |
|Бесінші тарау. Х-ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті (5 сағат) |
|22 |Қалалық мәдениеттің дамуы |1 | | |
|23 |ІХ-ХІІ ғасырдағы қолөнер, сауда және |1 | | |
| |шаруашылықтың дамуы | | | |
|24 |Сәулет өнері мен құрлыстың дамуы |1 | | |
|25 |Дін және мәдениет. Исламның таралуы |1 | | |
|26 |Ғылым мен білімнің дамуы |1 | | |
|Алтыншы тарау. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан (11 сағат) |
|27 |Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы |1 | | |
|28 |Алтын Орда |1 | | |
|29 |Ақ Орда |1 | | |
|30 |Моғолстан |1 | | |
|31 |Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары |1 | | |
|32 |ХІV-ХVІ ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік |1 | | |
| |Қазақстан және Батыс Сібір | | | |
|32 |Әбілхайыр хандығы |1 | | |
|33 |І жарты жылдық қорытынды |1 | | |
|34 |Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының,|2 | | |
| |Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік | | | |
| |құрлысы | | | |
|35 |ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстанның |1 | | |
| |экономикалық жағдайы | | | |
|36 |Қорытындылау |1 | | |
|Жетінші тарау. «ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер. Қазақ |
|этносының қалыптасуы» (2 сағат) |
| 37 |Қазақстан аумағындағы этносаяси |1 | | |
| |қауымдастықтың қалыптасуы | | | |
|38 |Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі |1 | | |
|Сегізінші тарау. «ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (3 сағат) |
|39 |ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің |1 | | |
| |дамуы | | | |
|40 |Рухани мәдениет, халық ауыз әдебиеті. |1 | | |
|41 |Қазақстанның ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері|1 | | |
|ІІІ БӨЛІМ. «КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТТІҢ |
|ҚҰРЫЛУЫ» (23 САҒАТ) |
| Тоғызыншы тарау. «Қазақ хандығының құрылуы» (3 |
|сағат) |
|42 |Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының |1 | | |
| |алғышарттары | | | |
|43 |Қазақ хандығының құрылуы |1 | | |
|44 |Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы |1 | | |
|Оныншы тарау. «Қазақ хандығының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы |
|дамуы мен күшеюі» (9 сағат) |
|45-46|Қасым хан |2 | | |
|47-48|Хақназар хан |2 | | |
|49-50|Тәуекел хан |2 | | |
|51-52|Есім хан |2 | | |
|53 |Қорытындылау |1 | | |
| Он бірінші тарау. «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы» (2 сағат) |
|54 |Тәуке хан |1 | | |
|55 |«Жеті жарғы» заңдары, ұлы билер. |1 | | |
|Он екінші тарау. «ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық|
|дамуы (5 сағат) |
|56 |Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік |1 | | |
| |құрылымы | | | |
|57 |Қазақ халқының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы |1 | | |
| |шаруашылығы | | | |
|58 |Қалалар мен елді мекендер | | | |
|59 |Қорытындылау |1 | | |
|Он үшінші тарау. «Қазақстанның ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы |
|Қазақстан мәдениеті» (5 сағат) |
|60-61|Қазақ халқының мәдениеті |2 | | |
|62-63|Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі |2 | | |
|64 |ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар | | | |
|65 |Орта ғасырлар тарихының басты оқиғалары |1 | | |
|66 |Тоқсандық қорытынды |1 | | |
|67 |Жылдық қорытынды |1 | | |

Барлығы: 67 сағат
Кіріспе:1 сағат

Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары
Монғол-татар шапқыншылығы туралы
Қазақ хандығының құрылуы туралы ақпарат
<<Қазақ хандығының құрылуы>>
Қазақ хандығының құрылуы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Ерте орта ғасырлардағы славяндар
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары. Керей мен Жәнібек
Қазақ хандығы
Xv-xvii ғасырлардағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Пәндер