Сыйлықтар аукционы

Қызылорда облысы, Арал ауданы

Арал қаласы №62 орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Құрмашова Нұргүл Жанұзаққызы

еңбек өтілі 13 жыл.

Мекен-жайы: Арал қ., К. Омаров №26.

Байланыс тел: 87243323010, 87024003276.

«Егер сіз жүзуді үйренем десеңіз тайсалмай суға сүңгіп кетіңіз, ал есеп шығаруды үйрену үшін оның шешімін табыңыз» - деп Д. Пойа «Математикалық таным» кітабында жазыпты. Есептер шығару көбінесе байқап көру, іздену процесімен жүреді. Ойша болжап білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапқырлық- шығармашылықтың ерекше көрінісі. Аңғарымпаздық- өз білімін кәдеге асыра білудің көрсеткіші. Ойын есептері, логикалық есептер, математикалық жұмбақтар, ребустар, софизм, мозайкалар сыныптан тыс жұмыстардан бастап есептер шығару үшін қажеттіліктерді ой елегінен өткізіп бір тұжырымға келіп ой қорыту нәтежиесінде ойын топтап, ақыл ой- әрекетін дамытады. Есептерді бірнеше жолмен шығару әдістері бар. Соның тиімді әдісін таңдау оқушының қабілеттілігін көрсетеді.

6- сыныпта оқушыларды логикалық ойлау, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында PowerPoint бағдарламасында сыныптан тыс «Математикалық биржа» сайыс сабағын өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Математикалық биржа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету,

Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, зияткерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тілдік қорын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың типі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сабақ өтетін орынның дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу

Ойын барысы: Сайысқа 4 адамнан тұратын 3 топ қатысады.

Ойын ІҮ-кезеңнен тұрады

І-кезең Білім аукционы Экономикалық ойын шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жасайды

ІІ-кезең Эрудиттер сайысы Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.

ІІІ-кезең Таңдау табыс Әрбір топ мүшесі таңдаған сұрағына жауап береді.

ІҮ-кезең Сыйлықтар аукционы Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Әр топ өз ұранымен таныстырады

«Болашақ» - дарындылар тобы:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз осында алған білімді.

«Эврика» - тапқырлар тобы:

Тапқырлық таныту мақсатымыз

Біліммен шықсын тек қана жақсы атымыз.

«Алғырлар» -білгірлер тобы

Нақтылы жауап, сапалы шешім береміз,

Қарсыластарды, сайыстарда жеңеміз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім» - деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «евро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл- бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.

Аукционға арнайы тақырыптарға дайындалған есептер қойылады. Әр сұрақтың, яғни есептің бастапқы бағасы- 10 евро. Топ капитаны бағаны 10 евродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап

айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда- банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

І-тур. Білім аукционы

Аукционға №1 лот. - Аукционға Қазақ халқының ауызша есебі қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 10 евро. Қай топ жоғары баға береді? Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына . . . евро қосады.

№1 лот. Қазақ халқының ауызша есептері

№2 лот. Әзіл есептер

№3 лот. Теңдеулер

№4 лот. Есептеусіз математика

№5 лот. Шырпыдағы математика

№6 лот. Қосынды тізбек

ІІ-тур. Эрудиттер сайысы

І-топ

  1. Өзіне және 1-ге бөлінетін сандарды қандай сандар деп атаймыз?
  2. Қандай сандарды қосқанда және көбейткенде нәтижесінде 6 шығады?
  3. Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер
  4. Километрдің қазақшасы
  5. Ең үлкен натурал сан
  6. Жүзді қақ бөл
  7. Азайтудың нәтижесі?
  8. Математик, дәрігер, ақын-музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім?
  9. «Екі әке, екі бала үш алманы қалай тең бөліп жейді?
  10. 1000 кг тас ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма?
  11. Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?
  12. Бұтақта 10 кептер бар еді, аңшы екеуін атып алды. Неше кептер қалды?
  13. Бөлмеде жеті балауыз шам жанып тұр еді. Сен барып екеуін өшірдің. Бөлмеде неше балауыз шам қалды?

ІІ-топ

  1. Қандай санды қосқанда және көбейткенде нәтижесі бірдей болады?
  2. Ең алғашқы санау құралы
  3. Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер
  4. Қосылғыштардың орнын өзгерткенмен не өзгермейді?
  5. Өз-өзіне кері сан
  6. 1 сағатта неше секунд бар?
  7. Үш өлшемді айт
  8. «Алгебра» атауын енгізген орта ғасырлық Азия математигі
  9. Ең кіші жай сан
  10. «Екі әке, екі бала үш алманы қалай тең бөліп жейді?
  11. Алманың жартысы неге ұқсайды?
  12. Үйректер ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артынды; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз қатар. Неше үйрек ұшып келеді?
  13. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар?

ІІІ-топ

  1. 2-ге бөлінетін сандарды қандай сандар деп атаймыз?
  2. Ең кіші натурал сан
  3. Берілген санды қандай санға бөлгенде нәтижесінде 1 шығады?
  4. Теріс сандар қандай сандар тобына кіреді?
  5. Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар
  6. Тік бұрыштың градустық өлшемі
  7. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
  8. Үш таяқтың неше ұшы бар?
  9. «Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ. 20 мин ұшады да, қайтқанда 80 мин ұшты. Неге?
  10. -5-ке кері сан
  11. Сен қараңғы үйге кірдің, ол үйде балауыз шам мен керосин лампасы тұр. Нені бірінші жағасың?

12. Бөлменің бұрышында мысықтар отыр. Бір мысыққа үш мысық қарсы қарап отыр және бір мысықтың артында бір мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?

ІІІ-тур. Таңдау - табыс.

Әрбір топ мүшесі таңдаған сұрағына жауап береді

Қорытынды

ІҮ-тур. Сыйлықтар аукционы.

Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

- Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі. Бастапқы баға- 30 евро. Кім жоғары баға ұсынады? /70- ке дейін/

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде.


Ұқсас жұмыстар
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Білім аукционы. сыныптан тыс
Сыйлық аукционы
Портрет нобайларын қарындашпен салу. Гризайль техникасында адам басыньщ этюді
Білім биржасы зияткерлік ойыны
ІІІ тур
Сұрақ Ана тілі
Компьютердің негізгі құрылғылары
Вирус тобы
Ақпарат алатын көздерді атап айт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz