Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мәліметтер базасын сұрыптау

Зертханалық жұмыс №7.1.
Тақырыбы: Excel-де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен
мәліметтерді енгізу

1. Excel программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Microsoft Excel)
2. Жаңа жұмыс кітабын даярлаңыз(Файл→Создать)Оны Кітап.xls деген атпен
сақтап қойыңыз(Файл→Сохранить как).
3. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз
немесе жаңасын құрыңыз(Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі
рет шертіңіз және оны Автотолтыру деп атаңыз.
4. А1:В7 ауқымына әр түрлі бүтін сандар енгізіңіз.
5. Осы ауқымды ерекшелеп алып, оған Түзету→Тазарту→Ішіндегі
(Правка→Очистить→Содержимое) командасын орындаңыз. Болған өзгеріске
назар аударыңыз.
батырмасын басу арқылы бұрын енгізілген мәндерді қайта қалпына
келтіріңіз.
6. А1:В7 ауқымын ерекшелеп алып, оны
Түзету→Көшіру(Правка→Копировать) командасының көмегімен алмасу
буферіне орналастырыңыз.
7. Алмасу буферіндегі мәліметтерді G5 ұяшығына апарып қойыңыз
(Түзету→Кірістіру (Правка→Вставить)).
8. G5:Н8 ауқымын ерекшелеп алып, Түзету→Қиып алу (Правка→Вырезать)
командасының көмегімен қиып алып, С8:D12 ауқымына апарып қойыңыз.
9. С15:L15 ауқымын автотолтыру көмегімен 2003 санымен тотырыңыз, ол үшін
2003 санын С15 ұяшығына енгізіп, сол ұяшықты ағымдық етіп алыңыз да,
тышқанның нұсқағышын толтыру маркерін L15 ұяшығына дейін созыңыз.
10. Осылайша 2004 санын А15:А25 ауқымына тігінен толтырыңыз.
11. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.2.
Тақырыбы: Енгізу автоматтандыру құралдарын пайдалану

1. Excel программасын іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс
кітабын ашыңыз.
2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз
немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі
рет шертіңіз және оны Әр айдағы қосымша шығын деп атаңыз.
3. А1 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Айлар.
4. В1 ұяшығына ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Шығындар.
5. А2 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Қаңтар 2003.
Enter пернесін басыңыз. Мәтіннің автоматты түрде дата болып
танылғандығына көз жеткізіңіз. Жоғары (Вверх) пернесін басыңыз.
Өзіңіздің қалауыңыз бойынша, Пішім→Ұяшықтар(Формат→Ячейки) командасын
орындаңыз және дата жазбаларының басқа пішімін көрсетіңіз.
6. Тышқан нұсқағышын ағымдағы ұяшықтың қоршауының оң жақ төменгі
бұрышында орналасқан толтыру маркеріне орналастырыңыз. Тышқанның оң
батырмасын басып, А2-ден А25-ке дейін төмен түсіріңіз.
7. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Айлар бойынша толтыру
бөлімін таңдаңыз. Ай атауларын толтырыңз. А бағанында барлық айлармен
қоса, 2004 жылдың желтоқсаны кіргеніне көз жеткізіңіз.
8. Берілген мысалда алғашқы айдың шығыны 200 теңге деп алып, ал әрбір
кейінгі айда шығын 10% өсті деп есептеңіз. В2-ні ағымдық ұяшық етіңіз.
Оған 200 санын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.
9. В2 ұяшығына тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден ұяшықты
пішімдеу бөлімін таңдап аламыз. Сан (Число) қыстырмасынан Қаржылық
(Денежный) нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басыңыз. Осы сан
қаржылық сома ретінде жазылғандығына көз жеткізіңіз.
10. Тышқанның оң батырмасымен толтыру маркеріне шертіп, қоршауды В2
ұяшығынан бастап, В25-ге дейін қамтитындай етіп созыңыз. Тышқанның
батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Прогрессия бөлімін таңдап
алыңыз.
11. Тип панеліндегі ауыстырып-қосқышты Геометриялыққа қойыңыз. Қадам (Шаг)
өрісіне 1,1 мәнін енгізіңіз. Ок батырмасын басыңыз.
12. С1 ұяшығына Өсу қорытындысы мәтінін енгізіңіз.
13. С2 ұяшығын ағымдық етіңіз, оған =B2 мәтінін енгізіңіз. Бұл формула С2
ұяшығының мәні В2 ұяшығының мәніне тең екенін білдіреді. Егер В2
ұяшығындағы мән өзгерсе, С2 ұяшығында да өзгереді.
14. С3 ұяшығына шертіңіз. Формула жолындағы Формуланы өзгерту (Изменение
формулы) белгісін шертіңіз В3 ұяшығына шертіңіз. Бұл ұяшыққа сілтеме
формулалар жолында орналасқандығына көз жеткізіңіз. «+» пернесін
басыңыз. С2 ұяшығына шертіңіз. Enter пернесін басыңыз.
15. С3 ұяшығын тағы да ағымдық етіңіз. Тышқан нұсқағышын толтыру маркеріне
апарыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып қоршауды С2-С25
ұяшықтарын қамтитіндай етіп созыңыз.
16. С бағанындағы кез-келген бір ұяшыққа шертіңіз, ол жерде қандай формула
жазылғанын көріңіз. Бұл формулалардың барлығы салыстырмалы адрестеу
принципі бойынша түзетілгеніне көз жеткізіңіз.
17. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.3.
Тақырыбы: Диаграмма тұрғызу

1. Excel программасын іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс
кітабын ашыңыз.
2. Ә айдағы қосымша шығын жұмыс парағын ашыңыз.
3. Созу әдісі бойынша А2-С25 ұяшықтар ауқымын ерекшелеңіз.
4. Аспаптар панелінде Диаграмма шебері белгісін шертіңіз.
5. Тип тізімінен Гистограмма бөлімін таңдап алыңызы (мәліметтерді
бағандық диаграмма түрінде көрсету үшін). Түр (Вид) палитрасының
бірінші бағанындағы төменгі бөлімді таңдаңыз (Үштік гистограмма). Ары
қарай (Далее) батырмасын басыңыз.
6. Осылайша ұяшықтар ауқымы алдын-ала ерекшеленгендіктен Диаграмма шебері
(Мастер диаграмм) мәліметтер қатарының орналасуын автоматты түрде
анықтайды. Диаграммадағы мәліметтер дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз.
7. Қатар (Ряд) қыстырмасында Қатар1 (Ряд1) бөлімін таңдап алып, Атау
өрісіне, сонан соң В1 ұяшығына шертіңіз. Осылайша Қатар2 бөлімін
таңдап алып, Атау (Имя) өрісіне және С1 ұяшығына шертіңіз. Ары қарай
(Далее) батырмасын басыңыз.
8. Тақырыпшалар (заголовки) қыстырмасын таңдап алыңыз. Диарамма тақырыбы
өірісіне Шығындар диаграммасы мәтінін енгізу арқылы диаграмманың
тақырыбын енгізіңіз. Ары қарай батырмасын басыңыз.
9. Ауыстырып-қосқышты Бөлек (Отдельном) жағдайына қойыңыз. Өз қалауыңыз
бойынша осы қосылған жұмыс парағына ат қойыңыз. Дайын (Готово)
батырмасын басыңыз.
10. Жаңа жұмыс парағында диаграмма тұрғызылғанын байқайсыз. Тышқан
нұсқағышын диаграмма элементтерінің біреуіне апарып көріңіз. Ашылған
терезеден белгіленген диаграмма элементтің нақты мәні шығатындығын
көресіз.
11. Өсу қорытындысы қатарының қайсыбір элементін шертіп, бүкіл қатардың
ерекшеленгенін байқайсыз.
12. Пішім→Ерекшеленген қатар (Формат→Выделенный ряд) командасын орындаңыз.
Түр(Вид) қыстырмасын ашыңыз.
13. Бояу әдістері (Способы заливки) батырмасын басыңыз. Дайындық
(Заготовка) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз, ашылған терезеден Океан
бөлімін таңдап, Диагональдық штрихтау1 типін енгізіңіз. ОК батырмасын
басып, тағы да бір рет ОК батырмасын басыңыз. Содан кейін мәліметтер
қатарының түрі қалай өзгергендігін байқаңыз.
14. Өз қалауыңызша Шығын мәліметтер қатарының көркемдік жағын немесе
диаграмманың басқа элементтерін өзгертіңіз.
15. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.4.
Тақырыбы: Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel
программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу

1. Excel программасын іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс
кітабын ашыңыз.
2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз
немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі
рет шертіңіз және оны Сілтемелер деп атаңыз.
3. А1:А10, В1:В10 ұяшық ауқымдарына әр түрлі сандар енгізіңіз.
4. В1:В10 ауқым ұяшықтарын ерекшелеп, стандарттық панельдегі Кемуі
бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын қолдана
отырып, оның мәндерін іріктеңіз.
5. С1 ұяшығына =А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
6. С1 ұяшығын ерекшелеп алып, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы С10 ұяшығын әкеліңіз.
7. D1 ұяшығына =А$1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
8. D1 ұяшығына ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы басыңыз. D10 ұяшығына әкеліңіз.
9. Е1 ұяшығына =$A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
10. Е1 ұяшығына ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы Е10 ұяшығына әкеліңіз.
11. F1 ұяшығына =$A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
12. F1ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы F10 ұяшығына әкеліңіз.
13. G1 ұяшығына =$A$1+$B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
14. G1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы G5 ұяшығына әкеліңіз.
15. Н1 ұяшығына =A1+B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
16. Н1 ұяшығын ерекшелеп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу
арқылы Н5 ұяшығына әкеліңіз.
17. Абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолданудың көмегімен
С, D, E, F, H бағандарының мәндері дұрыс есептелінетіндігін байқаңыз.
Алынған нәтижелердің айырмашылығы неде?
18. А11 ұяшығына келесі сөзді енгізіңіз «қосынды=»
19. Автоқосындының нәтижесін алу үшін В11 ұяшығына шертіңіз. Бұл үшін
стандарттық панеліндегі Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Содан соң А1:В10 ауқымдарын тышқанмен ерекшелеп, Enter-ді басыңыз.
20. Microsoft Excel жұмыс кітабының 2-ші бетіне ауысып, оған «Теңдеу»
атауын беріңіз.
21. А1 ұяшығына 0 мәнін қойыңыз.
22. А1 ұяшығына сілтемені тәуелсіз анымалы ретінде қолданып, В1 ұяшығына
х3+6х2-15х=-8 теңдеуінің сол жақ бөлігін қойыңыз. Сәйкес формула
мынадай түрде болады =A1^3+6*A1^2-15*A1
23. Сервис→Параметрді іріктеу (Подбор параметра) командасын беріңіз.
24. Ұяшыққа тағайындау (Установить в ячейке) өрісіне В1-ді енгізіңіз, Мән
(Значение) өрісіне -8 мәнін қойыңыз. Ұяшық мәнін өзгерте отырып
(изменяя значение ячейки) өрісіне А1-ді енгізіңіз.
25. ОК батырмасын шертіп, Параметрді іріктеу нәтижесі (Результат подбора
параметра) сұхбат терезесінде бейнеленген таңдау нәтижесіне қараңыз.
Операцияға қатысқан, алынған ұяшық мәндерін сақтау үшін, ОК батырмасын
шертіңіз.
26. А1 ұяшығына басқа мәндерді қою арқылы есептеуді қайталаңыз. Есептеудің
нәтижелері тура келді ме? Айырмашылықтарын түсіндіріңіз?
27. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.5.
Тақырыбы: Мәліметтер базасына қолданылатын қарапайым амалдар

1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кітабын
ашыңыз.
2. Жаңа жұмыс парағын құрыңыз (Вставка→Лист). Оның таңбашасына екі рет
шертіп, оған Жеткізушілер жайлы мәліметтер атауын енгізіңіз.
3. Ірі сауда үйі бес түрлі жиһазды: үстел, орындық, диван, төсек және
шкаф – бес жеткізушіден:Алматы, Астана, Қызылорда, Талдықорған, Тараз
алады деп күтілуде. Жеткізушінің әрқайсысы кез-келген жиһаз түрін
жеткізе алады. Әр жиһаз айына бір рет жеткізіледі, өлшем бірлігі
ретінде жиһаздың саны қолданылады.
4. А1:D1 ұяшықтарына сәйкесінше мәліметтер базасы өрісінің тақырыптарын
енгізіңіз: Ай, Жеткізуші, Жиһаз, Саны.
5. Жоғарыда көрсетілген құрылымнан тұратын он шақты жазбаны енгізіңіз.
«Жеткізу санының» мағыналы болуы міндетті емес.
6. Мәліметтер базасын сұрыптау. Мәліметтер базасының кез-келген ұяшығын
ағымдық етіңіз және Мәліметтер→Сұрыптау(Данные→Сортировка) командасын
беріңіз. Бұл жағдайда бүкіл мәліметтер базасы белгіленеді (өрістер
тақырыбынан басқасы).
7. Бойынша сұрыптау (Сортировать по) тізімінен Ай бөлімі мен Өсуі бойынша
режімін таңдаңыз.
8. Сонан соң (екінші рет сұрыптау) тізімінен Жеткізуші бөлімі мен Өсуі
бойынша режімін таңдаңыз.
9. Соңғы кезек (В последнюю очередь) бөлімінен Жиһаз бөлімі мен Өсуі
бойынша режімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
10. Көрсетілген шарттар бойынша мәліметтер базасының сұрыпталғанына
көзіңізді жеткізіңіз.
11. Мәліметтер базасын сұрыптаудың режімі. Аспаптар панеліндегі Болдырмау
батырмасының көмегімен, мәліметтер базасы жазбаларының бұрынғы режімін
қалпына келтіріңіз. Сұрыптаудың осы режімін басқа әдіспен жасауға да
болады.
12. Жиһаз бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі
бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.
13. Жеткізуші бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі
бойынша сұрыптау батырмасын шертіңіз.
14. Ай бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі
бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.
Ақырғы сұрыптау режімі алдағы жағдайдағыдай екеніне көзіңіз жетсін.
Біз бұл жағдайда ең алғаш үшінші сұрыптауды, сонан соң екінші, соңғы
бөлімде алғашқы сұрыптауды жүргізгенімізге назар аударыңыз.
15. Мәліметтерді сүзгілеу. Сүзгілеу режімін қосу үшін
Мәліметтер→Сүзгі→Автосүзгі (Данные→Фильтр→Автофильтр) командасын
орындаңыз. Мәліметтер базасы өрістерінің тақырыптары жанында ашылған
батырмалардың пайда болғанына назар аударыңыз.
16. Тек Алматыдан жеткізілген жиһаздарды бейнелейтін жазбаны алу үшін,
Жеткізуші өрісінің жанынан ашылған жебелік батырманы шертіп, тізімнен
Астана бөлімін таңдаңыз. Жұмыс істеуші сүзгінің ашылған батырмалары
мен таңдалынған жолдың нөмірлері көк түспен бейнеленетіндігіне назар
аударыңыздар. Ағымдағы сүзгіні алып тастау үшін, ашылған бағытты тағы
бір рет шертіп, Барлығы (все) бөілімін таңдаңыз.
17. Ең ірі көлемдегі қойылымды сұрыптап алу үшін, Саны (количество)
өірісінде ашылған бағытты шертіп, тізімдегі Алғашқы 10 (первые 10)
нұсқасын таңдаңыз.
18. Санауыштың (Счетчик) көмегімен 20 санын, ең үлкен (наибольших) бөлімін
және элемент санының % -ті (% от количество элементов) нұсқасын
таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде жазбалардың 20%-ін
құрайтын ең үлкен жеткізу көлемдері таңдалынып алынады.
19. Сүзгі жазбасының режімін өзгерту үшін, тағы да
Мәліметтер→Сүзгі→Автосүзгі (Данные→Фильтр→Автофильтр) командасын
орындаңыз.
20. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.6.
Тақырыбы: Құрама кестенің тұрғызылуы

1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кітабын
ашыңыз.
2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.
3. Мәліметтер базасы ішіндегі кез-келген ұяшықты ағымдық етіп алыңыз.
Мәліметтер→Құрама кесте (Данные→Сводная таблица) командасын орындаңыз.

4. Тізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасында Құрама кесте
(Сводная таблица) ауыстырып-қосқыштарының орнатылғанына көзіңізді
жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.
5. Мәліметтер базасы ауқымының дұрыс таңдалынғанына көз жеткізіңіз. Ары
қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.
6. Жаңа бет (Новоя страница) ауыстырып-қосқышы орнатылғанын көресіз.
Макет батырмасын шертіңіз.
7. Батырмаларды құрама кесте макетінің тиісті аймақтарына әкеліңіз: Ай
батырмасын – Бет(Страница) аймағына, Жеткізуші – Бағана (Столбец)
аймағына, Жиһаз батырмасын – Жол (Строка) аймағына, Саны батырмасын –
Мәліметтер (Данные) аймағына.
8. Мәліметтер (Данные) аймағындағы батырма Саны өрісінің қосынды түрін
иемденеді. Бұл бізге қолайлы. ОК батырмасын шертіңіз.
9. Параметрлер батырмасын шертіңіз. Атау өрісіне Жеткізудің құрама
кестесі мәтінін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз. Сонан соң Дайын
(Готово) батырмасын шертіңіз.
10. Құрама кесте жұмыс парағының атын, оның түбіртегін екі рет шерту
арқылы ауыстырыңыз.
11. Дайын болған құрама кестеге көңіл аударыңыз. Ол нақты жеткізушіден
жеткізу уақытына тәуелсіз, нақты қанша жиһаз келгенін көрсетеді. Осы
ұяшықтағы мәліметтер негізінде құрылған жазбаларды жаңа жұмыс парағына
көру үшін құрама кестенің кез-келген ұяшығына екі рет шертіңіз.
12. Кесте өрісі атауларының тұсынан ашылатын жебелік батырмалар
сәйкестендірілген өрістерде сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді.
Қажетті айға байланысты мәліметтерді көру үшін, Ай тізімінен нақты
айды таңдаңыз.
13. Ай батырмасына Баған аймағына, ал Жиһаз батырмасын – Бет аймағына
әкеліңіз. Құрама кесте шұғыл түрде жаңа құрылымға байланысты құрылады.

14. Саны өрісінің қосындысы батырмасына екі рет шертіңіз. Ашылған Құрама
кесте өрінің есептеулері (Вычисление поля сводной таблицы) сұхбат
терезесінің Қосымша (Дополнительно) батырмасын шертіңіз. Ашылған
Қосымша есептеулер тізімімен Жол бойынша қосындының үлесі бөлімін
таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
15. Құрама кестенің жаңа түріне көңіл аударыңыз. Кестенің ішінен бүкіл
жеткізу ағымында әрбір жеткізушінің қандай үлес алатындығын анықтадық.
16. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.7.
Тақырыбы: Құрама диаграмманың тұрғызылуы

1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кітабын
ашыңыз.
2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.
3. Құрама кестенің аспаптар панеліндегі Диаграмма шебері (Мастер
диаграмм) батырмасын шертіңіз.
4. Осы жұмыс парағына Құрама диаграмма (Сводная диаграма) атауын беріңіз.
5. Құрама диаграмманың қандай параметрін өзгертуге болатынын білу үшін,
онымен тәжірибе жасаңыз.
6. Көрсетілген мәлеметтерді сүзгілеңіз.
7. Диаграммада бейнеленген шамаларды өзгертіңіз.
8. Мәлеметтер базасы өрісін диаграмманың басқа аймағына орналастырыңыз.
9. Диаграмма типін өзгертіңіз.
10. Диаграмма элементтерін бейнелейтін пішімді өзгертіңіз.

Зертханалық жұмыс №7.8.
Тақырыбы: Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау

1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кібын
ашыңыз.
2. Жеткізуші туралы мәлеметтер жұмыс парағын ашыңыз.
3. Бізде жиһаздар мен жеткізушілердің нақты тізімі бар деп алайық,
сондықтан да бұл шамаларды қолмен енгізудің қажеті жоқ. Сондай-ақ кез-
келген жиһаздың бір жолғы жеткізілу саны 150-ден аспауы керек деп
санайық.
4. Келесі тәжірибелерді жүргізу үшін мәліметтер базасына қандай да бір
бұрмалаулар енгізіңіз: бір-екі жазбаларды жеткізудің атын қате
беріңіз, бір-екі жазбаларда жиһаз атауын қате қолданыңыз, бір-екі
жазбаларда жеткізу санын артығымен көрсетіңіз (150-ден артық).
5. Мәліметтер базасынан тыс жерде, мысалы F бағанында F2-F6 ұяшықтарына
жеткізушілердің аттарын бір-бірден енгізіңіз.
6. Сондай әдіспен G2-G6 ұяшықтарына жиһаздардың дұрыс атауларын
көрсетіңіз.
7. Мәліметтер базасының B бағанындағы барлық ұяшықтарды ерекшелеңіз.
Баған тақырыбын қоспай Мәліметтер→Тексеру (Данные→Проверка) командасын
беріңіз.
8. Ашылған Мәліметтер типі тізімінен Тізім (Список) нұсқасын таңдаңыз.
Түптек (Источник) өрісіне көшіп, F2:F6 ауқымын енгізіңіз. Егер ауқым
таңдалынса, онда сілтеме шұғыл түрде абсолют сілтеме түрінде алынады.
Бұдан соң ОК батырмасын шертіңіз.
9. Сондай әдіспен Жиһаз өрісіне енгізуге мүмкін мәндерді таңдаңыз. Түптек
(Источник) өрісінде G2:G6 ауқымдарын міндетті түрде көрсетіңіз.
10. D бағанындағы барлық ұяшықтарды таңдаңыз. Мәліметтер→Тексеру
(Данные→Проверка) командасын орындаңыз. Мәліметтер типі (Тип данных)
өрісінде Нақты (Действительное) нұсқасын таңдаңыз. Минимум және
Максимум өрістеріне, сәйкесінше 10 және 200 мәндерін енгізіңіз. ОК
батырмасын шертіңіз.
11. В бағанындағы кез –келген ұяшықты ағымдық етіңіз. Енді тізімде жоқ
қате мәнмәндерді енгізу мүмкін емес екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Тізімнен мүмкін болатын мәндерді таңдау үшін ашылған жебелік батырманы
шертіңіз.
12. Осындай әдіспен D бағанындағы ұяшыққа мәтін немесе берілген интервалда
жатпайтын мәнді енгізіп көріңіз. Бұл жасау мүмкін емес екенін
байқайсыз.
13. Мәліметтер базаға тексеру қосылмай тұрып енгізілгендіктен, оларда
қатие болуы мүмкін. Сервис→Тәуелділік→Тәуелділік панелі
(Сервис→Зависимость→Панель зависимости) командасын беріңіз.
14. Қате мәліметтерді қоршау (Обвести неверные данные) батырмасын
шертіңіз. Қатесі бар ұяшық (4-ші бөлімде құрылған) қызыл түспен
қоршалғанын байқаңыз.
15. Қателерді түзетіп, тағы бір рет Қате мәліметтерді қоршау (Обвести
неверные данные) батырмасын шертіңіз. Белгілердің жойылғанына көзіңіз
жетсін.
16. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.

Ұқсас жұмыстар
Электрондық кесте msexcel-де деректер базасы
Терезені жабу кезінде кестеге
Мәліметтерді сүзу
Деректер базасы
Оқулықтағы тапсырма бойынша кесте құрыңдар
Деректі табу және ауыстыру
Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру
Excel электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және сүзгілеуді жүзеге асыру
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Конструктордың көмегімен кесте құру
Пәндер