Көз - көру мүшесі: биология сабақ жоспары

№5 мектеп

Тақырыбы: «Көз көру мүшесі»

Биология пәні мұғалімі: Сарина М. А.

2012-2013 жыл

Сабақтың тақырыбы : Көз - көру мүшесі

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға біз көзбен заттарды көріп, түсін, пішінін, көлемін ажыратуға, көзбен заттың қозғалысын, бір орында тұрғанын анықтауды түсіндіру.

Ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту.

Б) Адамзат үшін көздің маңызды екеніне, оны күтуге, қорғауға үйрету.

Сабақ түрі. Жаңа сабақ

Сабақ әдісі . Сұрақ - жауап

Сабақ көрнекілігі . Тақырыпқа сәйкес слайдтар

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам» ойыны сұрақтары:

  1. Суретке қарап жағымды иісі бар заттарды ата.
  2. Тағы қандай жағымды иістерді білесіңдер?
  3. Иісті қалай ажыратасың?
  4. Иіс сезу мүшесінің адам үшін маңызын әңгімеле
  5. Аңшы аң аулауға шыққанда неге ит ертеді?

ІІІ . Жаңа сабақ.

Біз көздің көмегімен қоршаған дүниені танып білеміз.

Мыс:

1. Айналадағы заттарды ата?

2. Көзді қалай сақтау керек?

3. Көздің пішіні көруге әсер ете ме?

Жұмбақ шешу.

Қос әйнек шыны да емес,

Темір де емес.

Бұзылса оны адам түзер емес,

Кезінде өзі ашылып, жабылады.

Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес. (көз)

IV . Бекіту

көру

түрін

түсін

заттар көлемін

қадірін

ажырату үшін қажет

Қазақ халқында көзге байланысты тиым сөздерді дәптерге жазу.

  1. Көзіңді сақта!
  2. Кітапты жатып оқыма!
  3. Көзге үшкір заттарды жақындатпа!
  4. Көзіңді қатты желден сақта!
  5. Көзіңді шаңнан сақта!
  6. Көзіңді шақырайған жарықтан қорға!
  7. Көзіңді оттан қорға!

V. Қорытынды:

1. Бір қария жерде де емес,

Көкте де емес,

Болғанда түбі терең

Аузы кемес.

Ішіне ит түссе де арам емес.

(көз)

2. Жар қабақты екі бастау

Жапсар тастың астында

Жасыл ала құс жатыр! (көз)

3. Кішкене ғана тостаған

Жер дүниені бастаған. (көз)

4. Ала арқаным, жетпес жер жоқ (көз)

5. Екі бала қатар тұрса да

Бірін - бірі көрмейді. (көз)

Жаттығу:

Сағаттың тіліндей

жоғары қарайық.

Сағаттың тіліндей

төмен бір қарайық

Сағатқа қарап ақ

жаттығу оңай-ақ!

І Мұрын ІІ Көз

. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Көздің маңызы туралы түсінік айту,

Көздің құрлысы біліп келу.


Ұқсас жұмыстар
Көз көру кемістігі мен оны түзету тәсілдері: Бейтс әдісі және алдын алу
Есту мүшесі мен құлақтың құрылысы: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Адамның сезім мүшелері - көз және тері: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
1-сынып Дүниетану: Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын) - қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сынып биологиясы: Есту мүшесі мен есту анализаторы - құрылысы, қызметі және гигиенасы, қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дүниетану сабағы: Өсімдіктің сабақ мүшесі - қызметі, түрлері және оқыту жоспары
Көз тамырларының аурулары және жарық өткізуді зерттеу
Өсімдіктің вегетативтік мүшесі - тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
9-сынып жаратылыстану сабағы: Есту мүшесі және оның құрылысы
Тамыр бөлімдері - биология сабақ жоспары (интерактивті саяхат әдісі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz