Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз – думан жайлы ақпарат


Қарағанды облысы
Шет ауданы
Дария орта мектебі

Абдрахманова Кульназия
«Наурыз –думан»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-
дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін
дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-
дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер.Үнтаспа.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру:

Күйі ойнап тұрады.
1-ЖАРАПАЗАНШЫ:
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
2- ЖАРАПАЗАНШЫ :
Ей, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Елім наурыз келді деп,
Той дабылын қағыңдар!
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
(Жарапазаншылар кетіп қалады.)
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
2-жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
«Қара жорға» биі

1-жүргізуші:
«Наурыз» тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін
2-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Ән:- «Наурыз»

2-жүргізуші:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
1-жүргізуші:
Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!
2-жүргізуші:
Ауру да сырқатынан суығардай,
Жоқ-жітік уайымсыз тойынардай.
Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,
Қыс қыспаққа дәу нүкте қойылардай.
-Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне Айгнагүл өзінің ән шашуын ала
келген екен.
Ххалық әні «Алтын бөрік» әні.
1-жүргізуші:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен
айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз
салтанаты.
2-жүргізуші:
Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл
біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл-Наурыз айының 22-ші
жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-
үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге
ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1-жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл
айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.
Жыл басы-Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық
орындалады деп ырым ететін.
2-жүргізуші:
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы
Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат. Біздің өткен барыс жылына
еш өкпеміз жоқ.
Солай ма?...
Әжелер адыраспанмен аластайды.
1 әже:
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
2 әже:
О, құдайым, зарыға күткен жаңа жылым келді.
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
3 әже:
Менің ұрпақтарымды аман ет!
Пәле жаладан сақтай гөр!
Жамандық әрі кет, әрі кет!
(Халыққа қарап иіледі де, сахнадан шығып кетеді)
Анардың орындауында халық әні: « Шынар-ай»
1-жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей жаз әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ елі.
2-жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр еселер,
Биікке шарықтатар киелі өнер,
Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.
(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)
Әжелер шашу шашады.
1 әже:
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
2 әже:
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
ӘН «Ақ босаға»
1-жүргізуші:
Қауышып қайта оралған Наурызға,
Ерніміз әрең тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
«Сырласу вальсі»
2-жүргізуші:
Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,
Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.
Намысын наурызында жанып алсын,
Шашуын ән думанның тыңдап алық.
халық әні«Гүлдер-ай» әні.
1-жүргізуші:
Жуанның жіңішкерген бұл шағында,
Қазағым, көп көжеге сусадың ба?
Іңгәлап Наурызым ұзақ жатты-ау,
Толғатқан Тарих-Ана құрсағында.
«Бір бала» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр
қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың
тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт,
шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы-наурыз!
1-жүргізуші:--------, айтқан сөзіңіздің жаны бар. Ер қазақ, өр қазақ
екенімізді дәлелдейтін аса бір маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы екені айғақ.
2-жүргізуші:Иә,----- дұрыс айтасың. Елбасымыздың Қазақстанда өткізген
әлемдік Саммиті.Қысқы Азияда ойындарын үлкен құрметпен өткізуі әрине,
елбасымыздың ерен еңбегі емес пе?
1-жүргізуші:
Қазақстанымыздың шаңырағы биік, босағасы берік болып, ынтымағы мен бірлігі
жарасқан елге айналып отырғаны Елбасымыздың арқасы екені де әрине,
баршамызға аян.
ӘН: «Қазағым»
1-жүргізуші:
Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
«Жеңеше-ай»
2-жүргізуші:
Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
1-жүргізуші:
Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.
«Қос қарлығаш»
2-жүргізуші:
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Ән «Сыбызғы саз сырнай»
1-жүргізуші:
Қош болыңыз, Наурызым ардақты,
Халқым саған бір үмітін жалғапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.
«Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош, сау болыңыздар, халайық,
Көріскенше күн жарық болсын!

Ұқсас жұмыстар
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні! 10 сынып
Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер сайысы
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз
Армысың, әз наурыз Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі
Қош келдің,Наурыз Наурыз мейрамы
Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні
Бал көжеден татыңдар, Көктем Наурыз тойында
Күлімде, Наурыз, күлімде
Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым – қатынасты нығайту
Тіл ұлттың жаны лездеме
Пәндер