Темекінің зияны

№63 ЖББ мектеп биология пәні мұғалімі Тлепова Гаухар Нұрғалиқызы
Конференция сабақ биология
“Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”
Мақсаты: оқушыларға тесекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы азаматтың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты аңғарту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана- сезімдерін дамыта түсу.
Көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық кітапшалар, нақыл сөздер.
Кіріспе.
1- жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға келген қауым!
2Ж: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі конференцияға қатысатын қонақтармен таныстырып өтейік. Слайд-2
Конференцияға қатысушы маман иелерін таныстыру:
- Таришы маман:Тарих ғылымының кандидаты, доктор Сахипкерева Әсел
- Биолог маман: биология ғылымының профессоры Талшын
- Дәрігер маман:алматы қаласының №17 емханасының бас маманы Жансая
- Социолог маман: Нұрақынова айгерім
- Химик маман:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің професоры Химия ғылымының докторы Мусабекова Динара
- Қаржы бөлімінің маманы:Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы Талғатқызы Әсем
- Психолог маман:Әкімбек Гүлім
- Спорт-туризм саласының қызметкері:Пазылбек Балауса
- Заң қызметкері:Сариева Ардақ
1Ж: осы отырыста сіздерді ойландырып, толғандырып жүрген мәселелерге толық жауап ала аласыздар.
2Ж: Алдымен «Ғасыр дерті» дене не? Сол сұраққа толығымен тоқталып өтейік. Сіздерден маман иелері қандай жауаптар болады екен?
Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз- қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, ЖҚТБ мәселелері. Ендеше алдыңғы кезектің зиянына тоқталайық.
Көрініс темекі мен гүл
Ортада әдемі гүл, әдепсіз темекі гүлді қағып өтеді .
Гүл: гүлге неге жол бермейсің,
Басқа әлемнен келгендейсің?
Амандасу - бізде дәстүр,
Сен өзіңді кіммін дейсің?
Темекі: Америка материгі,
Аралында Гаити, провинция Тобаго
Дүниеге келіппін
Түстің бе енді сабаңа?
Содан бері ел аралап,
Мен тыныштық таппадым
Сен сияқты гүлдердің
Қаншасын мен таптадым
Гүл: адамдарды түсінбеймін
Сенімен дос болған
Атам қазақ сен сияқты
Жауыздармен қас болған
Темекі: алғашында адамдарды
Жаулап алдым ақырын
«Бас ауруын жазамын деп»
Соқтық өтірік батырын!
Гүл: о Тобаго Тобаго
Адамдарға жауыздықпен қарама
Денсаулықпен таза өмір
Бақыт керек адамға
Түсінсеңші айналаға қара да
Темекі: асықпа кел дос болайық
Айырылмастай қос болайық
Досқа қәзір зәрумән
Америка елінде
Менің туған жерімде
Темекіге тиым салып
Қудалауда мені де
Гүл: мен шылымқор емеспін
Қоштасайық егессіз
Адамдарға сенемін
Боласың сен керексіз
Алдаңбаңдар аярға
Темекі сені аяр ма?
Оған қарсы күрес баста
Аянба дос аянба
Гүл қуанып әнін айтып сахнадан шығып кетеді.
Темекі саханадағы адамдарға жыланышты халмен кетіп қалады.
1Ж: ия осы көріністен түсінгеніміз бірінші ортадағы қарастыратын мәселеміз «Ғасыр дерті» ол темекі
І бөлім “Темекі” слайд-6
- Бұл отырған - шылымқор, сорады кеп шылымды ол,
Қанша айтсаң да алмайды «тоқтат» деген тіліңді.
Қой десеңде қоймайды, көк түтінге тоймайды
Сора - сора уыты өн бойына жайлайды.
Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды.
Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,
Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.
2Ж : бұл тыңдағандарыңыз - шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма?
Сол туралы болмақ . . .
1Ж темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамдаға шылым шегу жараспаған. Бұл кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген?
- Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі ұағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады, тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97 өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.
- Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 ы - темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруларына шалдыққандардың өлімі-20. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім - 30, өкпе рагы 90 темекі зардабынан болады.
- Тарихшы маман:темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегугеқатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда дер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростарына достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккізген».
- Биолог маман:биология ғылымының профессоры Талшын
Темекі алқа тұқымдас класына жатады. бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Авсралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грмында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, өліп қалады.
Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі.
Дүнижүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстан жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12, 6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.
2Ж: адам үнемі білуге құмарланып тұрады ғой. Менің сұрағым дәріген маманға: Адам алғаш темекі тартқанда қандай күйге болады? Бұл әдетті бірден тастап кете ме, жоқ әлде әдетке айнала ма?
Дәрігер маман: Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми жасушаларына жетеді де уақытша белсенділігі артады. Басында әуес көріп тартқан адам өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады да, бір жыл ішінде нағыз шылымқор болады. Тез арада темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушың күй кешеді.
1Ж: мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыртатынын біле тұра адамдар неге темекі шегеді? Бұл туралы социолог маман қандай ақпарат берер екен, соны тыңдайық.
Социолог маман: Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, күйзеліс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.
2Ж: Химиялық зерттеулер бойынша темекінің ағзаға тигізер қауіптілігі жөнінде білу үшін келесі сөз кезегі химия маманына берсек.
Химия маман: Темекіні сорғанда оның
Ұшында температура 60-90 градусқа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиянды қосылыс түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунт ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеліп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг деін никотин қабылдайды. Темекі түтінінде басұа да улы заттар бар: 20 жыл ішінде өспеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ғана сүзгіде қалады.
1Ж: енді біз әйелдер арасындағы темекі шегішілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Қазір қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы дәрігер маман не айтасыз?
Дәрігер маман: әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян келтіреді. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.
2Ж темекі шегуді қалай қоюға болатыныда айта кетерсіз . . .
Дәрігер маман: темекіні қоюдың әр түрлі тәсілдері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен айырылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.
1Ж: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.
Уланған темекіден қайран қыздар.
Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар
Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға
Көргенде осындайды жүрек мұздар
Азаматтар!азаматтар
Келе ме емін білгіңіз
Ашсам ба сырын әлде шын
Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін
Темекіні тастаңдар
Тақтаға сызба сызады оқушы шығып
ІІ бөлім «Арақ»
1Ж: 29-қазан -алькогольден бас тартудың дүниежүзілік күні. Ішімдік адам баласына еш абырой әкелмейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі-мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып құмарту. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, психикалық ауытқушылық құбылысы дами бастайды.
2Ж: арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян: отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар. Балаларды оқытып-тәрбиелеуге, бірқалыпты жағдайлардың болмауына арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдіктің 20 пайызы-арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 пайызы мас болған жағдайда жасалады.
Арақ алдап, сыра жалмап жер үстін,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz