Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүректен жүрекке

Мұздыбаева Раушан Хасенқызы
Жезқазған қаласы,
№ 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Жер тағдыры –ел тағдыры
Мақсаты : Қазіргі кезде экология негізі мақсат болғандықтан, экология ұғымы
табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы тығыз байланысты ажырату.
Әдісі : пікір талас, сұрақ –жауап, орталық жұмыстары.
Көрнекіліктер:сауалнама, сюжетті суреттер, кестелер, орталықтардың
тапсырмалары
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ «Тәй – тәй»
бағдарламасы
1. Топтарға бөлу;
2. « Тәй –тәй» бағдарл. күн тәртібімен таныстыру;
3. Орталықта жұмыс істеу ережесін түсіндіру;
1.Орталықтарға бөлу. А) Шығармашылық орталығы
Ә) Өнер орталығы
Б) Ғылым орталығы
2.Кіріспе.
3. Сауалнама «Экологиялық ізді» есептеу кестесі
4.Жүректен жүрекке. І. Тақырыбы: Жер тағдыры –ел тағдыры .
Кіріспе бөлім.
Бұл тақырыпты алып отырған себебіміз өздеріңізге таныс, қазіргі қоғам
алдындағы тәрбиенің міндеті –жас ұрпақтың санасына айнала қоршаған
табиғатқа деген жауапкершілік қарым –қатынасын, экологиялық санасын
қалыптастыру.
«Экологиялық тазалық –тіршіліктің көзі» демекші қоршаған ортаны қорғау
–бәріміздің борышымыз.

Ұранымыз: «Жер -ана –біздің тұратын мекеніміз,оның өсіп -өркендеуі біздің
қолымызда, табиғатты қорғай білсек, оның тартар сыйы мол».
І кезең: Орталықтардың жұмыстарымен таныстыру:
1) Шығармашылық орталығы.
а) «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
тақырыбында шығармашылық эссе жазу.
ә) «Күте білсең – жер жомарт» нақыл сөздер құрастыру,мағынасын ашу.
б) Сауалнама толтыру.
2) Өнер орталығы.
а)Жезқазған қаласының экологиялық жағдайын суреттеу. (бейнелеп көрсету)
ә) «Мысты қала –Жезқазған» тақырыбында өлең құрастыру.
б). «Қаланың гүлдену өз қолымызда» тақырыбында өздерінің ой пікілерін
білдіру.
3) Ғылым орталығы. « Шудың адам өміріне зияны»
а) Шумен ластануды төмендетуге үйіңізде, мектебіңізде сіз не істейсіз?
ә) Тыныштық ережелерін ойлап шығарыңыз.
1. Қызықты тапсырмалар.
2. Демалыс сәтін дұрыс ұйымдастыру.
3. Әдептілік ережесін сақтауға үйрену.

Орталықтардың жұмысын қорытындылау.
Әр топ өздеріне берілген жұмыстарын топтың алдына шығып, қорытынды
жасайды.
ІІ кезең: Қорытынды бөлім:
1.Үш орталыққа тапсырмалар беріледі.
А) Шығармашылық орталығы: «Жер сенің – аяулы бесігің»
Ә) Өнер орталығы: «Арманымен –ел сұлу,
Орманымен – жер сұлу»
Б) Ғылым орталығы: «Табиғаты аса көркем – Қазақстан туған өлкем».
Осы тақырыптар бойынша әр топтың жетекшісі берілген нақыл
сөздердің мағынасын түсіндіріп, топтың жұмысына қорытынды жасайды.
Жер сенің – аяулы бесігің.
Адамдар, жер сенің – аяулы бесігің,
Осы жер үстінде, аштың сен тіршілік есігің.
Онымен кіндіктес жаныңда,қаныңда,
Жер –жақан,аялап тұр алақаңында аспаннан.
«Жүректен жүрекке» үлпілдеп соққан үлкен жүректің ішіне елімізге, жерімізге
деген махаббаттарымызды осы жүрек арқылы жеткізу. (Тілек жазу)

Ұқсас жұмыстар
«өзін – өзі тану» пәні бойынша ересектер тобына арналған тақырыптық жоспар
Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер
Орта мерзімді сабақ жоспары. үлгі 6 сынып
9 сынып сабақ жоспары
Салауатты өмір салты. 10 сынып
Сөйлем жайлы
Тақырып Сөз тіркесі
Обал мен сауап. 2-сынып
Әліппе пәні. о дыбысы мен әрпі. қмж, 1 сынып
Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Пәндер