Математика елінде

КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері
Г. О. Жакупбекова
«» 2011 ж.
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының оқу
жұмысы жөніндегі орынбасары
С. М. Майкебаева
«» 2011 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Пән: Математика
Тақырыбы: Жарық жұлдыз
Оқытушылар: Әділжанұлы Қ.
Талдықорган қ. 2011 ж.
Тақырыбы: Жарық жұлдыз
Шараны өткізу түрі: Жарыс сабақ
Шараны жабдықтау
А. Көрнекі құралдар: плакаттар, интербелсенді тақта.
Ә. Таратылатын материалдар: карточкалар, ұпай санау парағы, жауап парағы.
Б. Пайдаланатын әдебиеттер: қызықты математикалық есептер туралы оқулықтар, жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбына арналған оқулық, «Физика және математика» журналдары.
Барысы: «Жарық жұлдыз» интеллектуалды ойыны жан-жақты білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары, әр түрлі мәселелерге талдау жасап, пікірін қорғай алатын білімгерді анықтауға бағытталған. Жалпы, ойын V тур бойынша жүргізіледі. Әр турдың өзіне сай ережелері мен шарт, талаптары бар. І турдан ІV турға дейін білімгерлер екі топ болып жарысады, ал ІІІ турдың соңында ұпай саны аз топ ойыннан шығарылады. IV турда жеңіп шыққан топтың білімгерлері бір-бірімен сайысқа түседі, ең соңында жеңімпаз анықталады. Ойынға ІІ курс білімгерлері қатысып, бақ сыңасады. Бақ сыңаушылардың саны - 10 білімгерді құрайды.
«Жарық жұлдыз» интеллектуалды ойынының жеңімпазын арнайы сайланған әділ-қазылар алқасы анықтайды. Әділқазылар алдына ойын ережесі, жауап парақтары мен ұпай санау парақтары таратылып беріледі.
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін естіп тұрып
Оқығанын миға тоқушылар.
1-жүргізуші: Бүгінігі “Жарық жұлдыз” интеллектуалды шоуға,
Қош келдіңіздер! (2-еуі бірге)
2-жүргізуші: Алдарыңызда отырған,
Әділқазы алқасы.
Сіздерден әділ шешімді,
Күтеді бүгін баршасы.
Жүргізушілер әділқазы алқасымен таныстырып өтеді.
1-жүргізуші: - Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық,
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық,
Кеш қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық.
2-жүргізуші: Шақырымыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға.
Ортаға жарысқа қатысушы топтар шығып, өздерін таныстырады.
1-топ “Алғырлар”
Өнер қуған математик жастармыз,
Есебіңді шапшаң шешіп тастармыз.
Тобымыз өңшең алғыр, қырандар,
Ерен қуған вундеркинд бастармыз.
2-топ “Тапқырлар”
Келешекте өміріміз талапты
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр
Сегіз қырлы өнер асып туғандар
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.
1-жүргізуші: Қарап тұрмай есеп шешіп еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бірінші тур “Сен білесің бе?” көріңіз.
І - тур.
Ережесі: Ойынға екі топ білімгерлері қатысады. Сұрақтар білімгерлерге математика тарихы бойынша дайындалады. Сұрақ топ басшыларына жеребе тастау арқылы басталады. Сұрақтар экранда тиісті ұпай сандарының астында жазылады. Берілген әрбір дұрыс жауап үшін сәйкесінше ұяшықтағы ұпай саны қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді.
«Сен білесің бе?» турының сұрақтар:
10 ұпайлық сұрақтар:
1) Процент дегеніміз не? (100-дің бір үлесі)
2) Бұрышты өлшеуге арналған құрал? (транспортир)
3) Шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу? (диаметр)
20 ұпайлық сұрақтар:
1) Архимедтің «Еврика» сөзінің мағынасы қазақша қалай? (таптым)
2) Аты координаталық жүйемен байланысты француз математигі кім? (Р. Декарт)
3) Тік бұрышты үшбұрыштарға қатысты теореманың авторы кім? (Пифагор)
30 ұпайлық сұрақтар:
1) «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? (М. В. Ломоносов)
2) «Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім? (К. Гаусс)
3) Отырардан шыққан ұлы ойшыл, математик. (әль-Фараби)
1-жүргізуші: Әділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?
2-жүргізуші: Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық.
1- жүргізуші: Келесі тур - “ Сандық ребустар ”.
ІІ - тур.
Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де қатысады. Әрбір топқа жеке-жеке үш ребустан беріледі. Бұл ребустарда сандық есептер жасырылған. Әрбір дұрыс шешілген ребусқа 20 ұпай беріледі. Топтарға 7 минут уақыт белгіленеді.
«Сандық ребустар» турының сұрақтары:
№ 1 ребус № 2 ребус
№ 3 ребус № 4 ребус
№ 5 ребус № 6 ребус
2-жүргізуші: Көрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер
О, оларсыз көңілдерде күй бітпер!
Математика жайлы сұрақтар бар аздаған
Ал, көрермен жауабын айт, билік бер!
Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.
1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)
3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)
5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)
6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)
2-жүргізуші: Әділ қазы алқалары топтардың ұпай сандарымен таныстырса?
1-жүргізуші: Біздің білімгерлерімізді ойландыратын келесі тур - «Математикалық эстафета» .
ІІІ - тур.
Ережесі: Бұл турға екі топ білімгерлері де бірдей уақытта қатысады. Тақтадағы плакатта екі топқа арналған әртүрлі бес-бестен он карточкалар ілінген. Әрбір карточканың артында шешімдері бір-бірімен байланысқан қарапайым теңдеулер жасырылған. Егер топ берілген бір теңдеуді дұрыс шешсе, онда олардың қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер теңдеу дұрыс шешілмесе, онда ұпай топ қоржынына қосылмайды. Егер екі топтың да ұпай сандары бірдей болса, онда екі топта бір-бір сұраққа жауап береді. Бұл турдан кейін ұпай саны аз топ жарыстан шығарылады.
«Математикалық эстафета» турының теңдеулері:
І-нұсқа
1)
2)
3)
4)
5)
Жауаптары:
;
;
;
;
ІІ-нұсқа
1)
2)
3)
4)
5)
Жауаптары:
;
;
;
;
«Математикалық эстафета» турының сұрақтары:
1) Бес тоғыздың көмегімен 1000 санын қалай шығарып алуға болады? (
)
2) 1-ден 100-ге дейінгі барлық натурал сандардың қосындысын табыңыз? (5050)
3) Шахмат турниріне 10 адам қатысқан. Әрбір ойыншы қалғандарымен бір партиядан ойнап шыққан. Барлығы неше партия болған? (9*10=90)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz