Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәртіп және әскери құқық

«Бекітемін»

_____________ ______________

Мектеп директоры

1. Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-
қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер,
олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери
қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі,
бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери тәртіп пен әскери құқықтың
негіздерімен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Тәртіптік жарғы,Ішкі қызмет жарғысы.

6. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

- әскери жарғылар дегеніміз не?
- әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері қандай?
- әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
- әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Тәртіп және әскери құқық. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
тәртіптік жарғысы, әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы
қызметшіледің міндеттері туралы.

ТӘРТІП ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚҰҚЫҚ.

ҚР ҚК–н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери
тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және
әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл
сақтауы.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және
өзінің Отанын – ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына
шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді
өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі – көз жеткізу
болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін
қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді
міндеттейді:

- өзін - өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз
қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал
ету;
- парасатты бастамалар көтеру;
- әскери іс - әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және
сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс
жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық
жасау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін
сақтау.
ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет
түрлері белгіленген.

Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің
ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік
міндеттер жалпы (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота,
взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.

Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары
шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы,
қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру,
инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.

Әскери тәртіптің ерекшеліктер:

Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды
барынша толық белгілейді.

Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады,
ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс
уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.

Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды.
Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз
бағыну мен оларды ұрыста қорғау.

Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі
басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше
жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).

Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң
жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді
өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа
тартылады).

Алтыншыдан: бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.

Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін
командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.

Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті
нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.

Тәртіпті нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық
шаралар:

- мадақтау шаралары;
- әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары;
- тәртіп сөгістері;
- тәртіптік іс - әрекеттің қосымша шаралары.
Бірде – бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс,
бірақ бірде – бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери
қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
- Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
- Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың түрлері
Оқушы неге құқылы
Рота бойынша кезекшінің міндеттері
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік
Қасым ханның қасқа жолы
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Құқықтық сана
Тәртіптік жазалар
Пәндер