Қала тұрғындары

Сабақтың тақырыбы: Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Түрік тілдес халықтар мәдениетінің даму ерекшеліктері және халықтардың өзара туысқандық қарым - қатынастарына әсері мен ықпалы туралы баяндау
Дамытушылығы: Ғасырлар бойы қалыптасып, күнделікті өмір тәжірибесінен өтіп, халқымыздың ұлттық мәдениетінің бастау бұлағына айналған ерте орта ғасырдағы түркі мәдениетін айта отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Түркі тілдес халықтардың мәдениеті, тыныс - тіршілігі, тұрмысын, салт -дәстүрін сақтауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: дискуссиялық өрнектеу әдісі Сабақтың түрі: кестемен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: слайд, Ұлы Жібек жолының картасы, кесте, қазақтың шаруашылық құралдары, Отырар қаласының құмыра ыдыстары
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен амандасып, құрал -жабдықтарын дайындау
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақта оқушылар қимақ қағанаты тарихымен танысып, осы кезеңнің даму жүйесі жайлы жалпы білім алды. Өткен сабаққа қысқаша шолу жасай отырып, кесте арқылы оқушылардың білімін тексеру
Саяси
жағдайы
ІІІ Жаңа сабақ
Өткен сыныптардағы материалдардағы тас ғасыр мен қола дәуірі, темір дәуірлердегі шаруашылықтармен жаңа сабақты байланыстыру.
Мал өсіру - адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптердің бір түрі.
IV. Жаңа сабақтың жоспары:
1 Жартылый көшпелі мәдениет.
2. Қала мәдениетінің дамуы. 3. Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.
4. Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті. 5. Қыш құмыра жасау. 6. Металл өңдеу.
7. Сауда мен ақша айналымдары.
Өткен тақырыптарда қимақтардың тұрақты қыстаулары болған, тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау жартылай көшпелілікті көрсетсе, кейбір қыстаулардың маңында егін шаруашылығымен айналысушылық та болған. Шаруашылықтың мұндай түрлерін жартылай отырықшы мал өсіру деп атауға болады.
Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. Мал өсірушілер өздерінің малдарынан алған жүн, ет, тері өнімдерін немесе артық малдарын қыстақ пен қала тұрғындарына сатып, болмаса айырбас сауда жасап, өздеріне тұрмыстық қажетті заттарын алып отырған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, VI-IХ ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік - батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Мәселе, Қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кезігеді. Бұл қала Махмуд Қашқаридің жазуына қарағанда, Сайрам деп аталады. Қала маңында қыстақтарда диқандар тіршілік еткен.
Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениет орталығы болған қалалар.
Отырар Йасы Сауран Сығанақ Құлан
Қазақстанның Жетісу өңірінде отырықшы мәдениет орталығы болған қалалар
Алмалық Қойлық Тараз, Талхир (Талғар)
Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар далалы аудандардағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған.
VІ - ІХ ғасырлардағы түрік тайпалары қалалары мен қыстақ кенттері жер болып кеткен қиранды төбелер түрінде жеткен. Археологиялық қазба жұмыстары ғана олардың құрылыс жүйелерінен айқын хабар береді. Қалалардың сырты қоршалған тұрғын үйлері бір немесе бірнеше бөлмелерден тұрады. Үйге жылу беретін, тамақ жасайтын қазан- ошақтары болған.
Қалалардың құрылыс жүйесі үш бөліктен жасалған
Цитатель шахристан Рабад
Негізі тұрғылықты тарихи мәдениеттің негізінен мал шаруашылығымен айналысқандықтан көшпелі шаруашылыққа ыңғайлы тез тігіліп, тез жығылатын, көші - қонға ыңғайлы баспана киіз үй болды.
Мерзімді жартылай көшпелі мал өсірушілердің киіз үйлерімен қатар, қыстауларды тұрақты үй - жайлары болды. Үйлердің құрылыс материалдары тас, ағаш, қамыс немесе шикі кірпіштен жасалған. Қыстаулар көбіне Іле, Шу, Сырдария, Ертіс сияқты өзен бойларында, қамысы қалың, орман -тоғайлы жерлерде, таудың күнгейлі шатқалдарында кездеседі.
Көшпелілердің зираттарына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған тұтыну бұйымдары:
Қару - жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер, қанжар, семсер, кісе белдік, т. б
Қыш құмыра жасау өнері дала тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарында жақсы дамыған. Олай болатыны қала тұрғындары бір жерде тұрақты өмір сүрген, екіншіден олардың құмыра жасайтын шеберханалары болды. Сондықтан қала тұрғындарының қыш құмыралары сапасы жоғары болды. Тұрақты мекен - жайлардан, зираттардан табылған темірден және басқа да металдардан жасалған бұйымдар. Түріктердің кен қорыту ісімен V ғасырдан таныс екенін авар қағанының түрік қағанына айтқан «сен менің есігімдегі теміршім едің» деген сөзінен байқауға болады.
Қалалар санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсер тигізді.
- Халықаралық сауда
- Қалалардың өз аумағындағы сауда
- Қала тұрғындарының дала тұрғындарымен сауда байланысы
Бірінші бағыттағы сауданың дамуында Ұлы Жібек жолының маңызы зор болды.
Қалаларға жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары ақшалы сауда айналысының болғандығын көрсетеді. Мәселен, түрекештердің Таразы қаласынан ақша шығарғаны белгілі, Сырдария бойындағы қалалар Кангу, Тарбан деген түрекеш теңгелері Соғды, Ферғана, Батыс Сібір және т. б
V . Сөздікпен жұмыс: 1. Шонданай - қайрақ, шапқы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz