Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру және ұжымды біріктіру

Психологиялық тренинг.

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар! Көңіл-күйіңіз қалай? Мен сіздермен қазір психологиялық тренинг жүргіземін.

Мақсаты :

Қатысушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру.

Қажетті құрал-жабдықтар : Жұмсақ ойыншық, маркер, ватман, жіп, қайшы, желім.

Психологтың кіріспе сөзі.

Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Биылғы оқу жылы қалай болады, қандай сынып түседі деген ойлар әрқайсымызда да кездеседі. Біз, бүгін балалардың ерекшеліктері жөнінде, бесінші сыныптың қиындықтары жөнінде әңгімелеспейміз.

Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады. Оқу жылының сәтті өтуі, оны біздің қандай күйде қарсы алатынымызға байланысты.

Сергіту ойыны. «Сұрақ-жауап».

Жүргізуші допты кез-келген қатысушыға лақтыра отырып, сұрақ қояды, жауап бергеннен кейін допты қайтадан жүргізушіге кері лақтырады.

Мысалы:

Жүргізуші : Бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай ?

Қатынасушы : Көңіл-күйім шайдай ашық.

Жүргізуші : Шайдай ашық тағы не болады ?

Қатынасушы: Күн.

Жүргізуші : Күн тағы қандай болады ?

Қатынасушы : Сәтті.

Сергіту ойыны «Бүгін менің топта көргенім . . . »

Жүргізуші: Қатынасушылардың оң жағында тұрған көршісіне қарап байқаған өзгерістерін сол адамға айтуды ұсынады. Әрбір қатынасушы «Бүгін мен бұл топта көргенім, көршімнің . . . ».

1. Жаттығу «Жағдаяттан шығу»

Мақсаты : логикалық ойлау арқылы кез- келген жағдайдан шыға білу.

Нұсқау. Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады.

Ойынның мәні: үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі -саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек .

Талдау:

Жағдаяттан шығу оңай болды ма ?

Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің ?

2. Жаттығу «Бір күннің қорытындысы».

Нұсқау : Жайланып отырыңыз. Біз қазір бір-бірімізге жұмсақ ойыншықты береміз, өзіміздің өткен тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге тілек тілейміз. Бір кісі сөйлеп отырғанда, басқаларын мұқият тыңдау, сөзді бөлмеу, әріптестерін құрметтеуді сұраймын.

Талдау:

Өткен тренинг сізге не өзгеріс алып келді ?

Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдыңыз ?

Өзіңізге қандай жаңалық аштыңыз?

Келешекте қолдануға өзіңізбен нені алып кетесіз ?

Қорытынды.

Бүгінгі тренингке белсенді қатысқандырыңызға көп рахмет.

Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.

Орал қалалық білім беру бөлімі.

М. Мәметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы

мектеп-лицейі

Семинар тақырыбы:

«Жүрек жылуы-достықта, мейірімділікте және сыйластықта».

( Ұстаздарға арналған тренинг)

Мектеп-лицей психологі: Жумагалиева Ж. С.

Орал-2012жыл


Ұқсас жұмыстар
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру, жүйке жүйесін тынықтыру және интерактивті формаларға дайындық
Мұғалілерге арналған тренинг: психологиялық көңіл-күйді көтеру және сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған психопрофилактикалық тренинг: көңіл-күйді көтеру және қимыл-қозғалыс икемдігін дамыту
Оқушыларға арналған психологиялық-тәрбиелік тренинг: көңіл-күйді жақсарту, өзін-өзі тану және топтық қарым-қатынас
Релаксациялық тренинг: Ақсу-Жабағылыға елестету арқылы көңіл-күйді көтеру және баланың тілдік-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері
Ұстаздарға арналған психологиялық-педагогикалық тренинг: мейірімділік, шығармашылық және топтық ынтымақтастықты дамыту
Мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйін көтеру және ұжымдағы сыйластықты нығайту тренингі
Көңіл-күйдің себептері мен басқарылуы: мектеп оқушыларына арналған психологиялық тренинг
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: жүйке кернеуін төмендету және махаббат негізіндегі қарым-қатынасты нығайту
Көңіл-күйдің факторлары және эмоционалдық реттеу: инклюзивті сыныпқа арналған тренинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz