Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері

«Бекітемін»

______________
мектеп директоры

1.Сабақтың тақырыбы Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі заң шығару негіздері

2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық
негіздерін және ҚР-ның әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

5. Өткізілетін күні:

6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,Әскери доктрина,ҚР
Конституциясы,заңдары.

7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8мин.

1. Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.
2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?
3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және ҚР-ның әскери доктринасы.
Қазақстанның ішіндегі әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңдылық
негіздер.

Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері.

ҚР-ның әскери доктринасы.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің
дербес ҚК–ін құру міндеті тұрды.
1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік
қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта
құрылды.

ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей
басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс
министрі болып армия генералы С. Қ.
Нұрмағамбетов тағайындалды.
ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері,
сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен
құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс
министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге
медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен
қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК
–ін құруды заңды түрде бекітті.
Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен
тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы,
әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді.
ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың
конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-
топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер
құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген
құрамалар құруға тиым салынады» делінген.
Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі - әскери қызметшілердің қандай да
бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып
табылады.
ҚР-ның Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуға, әскери құрылыс
ісіне, сондай-ақ ұлттық мүдделерді қорғау және ҚР-ның халықаралық
міндеттемелерін орындау мақсатында ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери
құрылымдарды қолдануға негіз болатын көзқарастар жүйесі болып табылады.
ҚР-ың Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 10 ақпанда
бекітілді.
Әскери Доктрина әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін
қалыптастыруға бағытталған.
Онда:
- мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚК әрі қарай
кезеңмен құру мен реформалаудың негізгі бағыттары;
- әскери қауіпсіздікті әскери-экономикалық қамтамасыз етудің мақсаты,
негізгі принциптері, міндеттері мен бағыттары айқын көрсетілген.
Әскери доктрина ХХ ғасырдың аяғында қалыптасқан жағдайларда әскери
қауіпсіздік жүйесін жасауға бағдарланған болатын және тұтастай алғанда
өзіне жүктелген қызметті атқарып шықты, ал жаңа доктрина соны дамыту
мақсатында әзірленді.

2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және 2007
жылдың наурызында бекітілген жаңа Әскери доктринаға сәйкес қазіргі кезде
мемлекеттің әскери саясатын және оның әскери ұйымын жаңа жағдайлар мен
нақтылықтарға бейімдеу қажет болып отыр. Соған орай Қорғаныс министрлігі ҚК-
ді жаңа тұрпатқа көшіру шараларын қолға алуда. Ал жаңа тұрпатқа көшу
дегеніміз құрамы мен құрылымы жағынан теңдестірілген, осы заманғы
қатерлерге бейімделген әскер құру болып табылады.
Жаңа доктринаны қабылдауға:
- Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғырту;
- өткір әлеуметтік-саяси қақтығыстармен және қарама-қайшылықтармен,
халықаралық тұрақсыздықпен, әлеуетті қатерлердің бар болуымен
сипатталатын әскери-саяси ахуалдағы өзгерістер себеп болды.
Құжатта атап өтілгендей, ҚР-ның геосаяси төңірегінде айтарлықтай
өзгерістер болды, қауіп – қатерлердің түрлері көбейіп, ұлттық қауіпсіздік
саласындағы бірқатар стратегиялық міндеттер өзгерді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде қарулы күрестің құралдары мен осы заманғы
әскери қақтығыстардың сипаты өзгеруде. Осыған байланысты Қазақстан өзінің
әскери ұйымын бүгінгі таңдағы болмысқа бейімдеуге тиіс. Жаңа Әскери
доктрина ҚК-ді дәйектілікпен жаңа тұрпатқа көшіруді және оларды мемлекеттің
қорғаныс және қауіпсіздік, әскери істегі инновациялар саласындағы саясатқа,
әскери-саяси сапалық жаңа деңгейге шығарады.
Әскери доктринаға сәйкес, ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери
құрамалардың басты мақсаты – елді сыртқы агрессиядан және басқа да соғыс
қатерлерінен қорғау, сондай-ақ ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінен
туындайтын міндеттерді орындау.
в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?
2. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық
негіз құрылды?
3. ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?
4. Әскери доктринаның бағыттары қандай?
5. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?
6. Әскери доктринаның басты мақсаты не?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері. 10 сынып
Үй-жайлардың күтімі
Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
Құқықтық сана
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Жарық құбылыстары
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
Интернетпен қатынас құру
Кесте құрудың алгоритмі
Қазақстан Республикасы мен ресей федерациясының әскери-саяси бағыттағы ынтымақтастығы
Пәндер