Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Алгоритм қасиеттері
Алгоритм
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына
жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса
әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып
жазылуынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен
арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды
мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен
құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал
«алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған.
Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана
шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала
берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген
есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады.
Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу
керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар
тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін –
программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау
үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: берілген сандарды
салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі
командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.
Атқарушы түсінігі
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы:
компьютер, робот және т.б. орындайды.
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек
те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу
керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы
командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап,
нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті
шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі
нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты
болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.
Алгоритм қасиеттері
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген
барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек.
Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет.
Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті
әрі нақты болуы тиіс.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге
бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу
мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже
беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші
қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-
жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке
бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі
қажет.
3. Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі
болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір
уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда
белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес
мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы
қажет.
5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда
орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де
мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір
әрекетті орындауын талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу
керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті
түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды,
өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік
жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру
жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен
қолданылады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс.
Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді
графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген
амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе
блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар
бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады.
Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм
схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады.
Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок
схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын
сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.
|№ |Блоктар кескіндемесі |Блоктар қызметі |
|1 | |Алгоритм басы |
|2 | |Алгоритм соңы |
|3 | |Есептеуіш әрекет |
|4 | |Мәліметтерді енгізу,|
| | |мәліметтерді шығару |
|5 | | |
| |жоқ жоқ иә |Шартты тексеру |
| | | |
| | | |
|6 | |Байланыс бағытын |
| | |көрсету |
-----------------------
шарт

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz