Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кім неше жаста
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп.
Физика және математика пәнінің мұғалімі Казыканова Алия Калиардамовна.
Сен білесің бе? –математикалық сайысы
5-6 сыныптар үшін
Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық
ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу
дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: карточкалар,
Математикалық сайыстың барысы:!
Сайысқа өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді
оқушылары қатысады.
3- топқа бөлінеміз.
Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру. ( топтың аты, ұраны, )
2. Кім жүйрік? Логикалық есеп шығару.
3. Математикалық сандар бар мақал-мәтелдер айтысы
4. Топ жетекшілерінің сайысы
5. «Сыр сандық құпиясы»
6. Қорытынды.
1 бөлімі: Таныстыру. топтың аты, ұраны
Кезек топтарға беріледі.
2 бөлімі : .
«Кім жүйрік?» атты сайысымызды бастайық!
Бұнда топтарға есеп беріледі. 4 минут ішінде берілген есепті шешу керек.
Қай топ дұрыс әрі шапшаң есепті шығарса, сол жеңімпаз атанады.
Есептердің берілгені алдарына беріледі ..
1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15
жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың
жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше
жаста?( Сағи 15, Меруерт 9, Еңлік 3, Арай 5)
2. Олжас, Шыңғыс, Алмас және Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар Манас көшесі
82-де, Достық көшесі 105-үйде, Қажымұқан көшесі 46- үйде және Достық
көшесі 82 –үйде тұрады. Олжас пен Алмас бір көшеде емес, бірақ бірдей
нөмірлі үйде тұрады. Алмас пен Шыңғыс бір көшеде, бірақ әр түрлі
нөмірлі үйде тұрады. Кім қай көшеде, қандай нөмірлі үйде тұрады?
(Алмас Достық-82, Шыңғыс Достық-105, Олжас Манас-82,Әлібек Қажымұқан
46)
3.Арман , Аян , Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал
Арманнан ал Аян Абзалдан кіші емес . Бұл үйдің үлкені, ортаншасы,
кішісі кім?( Аян, Абзал, Арман)
4. Бір мектепте оқыған үш дос : дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың
фамилиялары: Боранбаев, Иманбаев, Саматов. Дәрігердің інісі де
қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен
үлкен және Боранбаевтің қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің ,
ақынның фамилияларын атаңдар. ( дәрігер –Иманбаев, мұғалім-Боранбаев,
ақын-Саматов)
5.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш
жеңіл машина және бір Камазды кездестірді . Ауылға неше машина бара
жатыр. ( Бір)
6.Айдынның Асқардан бойы ұзын , бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?( Жанат)
Алғашқы екі сайысымыздың қорытындысы туралы әділ қазыларға сөз
беріледі.»
3 бөлім: «Математикалық сандар бар мақал-мәтелдер айтысына» кезек
берейік!
Математикалық сандар бар мақал-мәтелдердің жалғасын айту керек,
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
3. Он рет айтқаннан бір рет көрсеткен артық.
4. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
5. Ер қаруы – бес қару.
6. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
7. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
8. Болар бала. Он бесінде баспын дейді, болмас бала жиырма бесінде жаспын
дейді.
9. Бір елі ауызға – екі қақпақ.
10. Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе өнім алады.
11. Біреуге бес күн алдында келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
12. Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.
13. Оқымаған бір бала, оқыған екі бала.
14. Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келсе де пәс емес.
15. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, тқртеу түгел болса төбедегі жетеді.
16. Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.
17. Жігітке жеті өнер де аз.
18. Жұт жеті ағайынды.
19. Екі қолға бір күрек.
20. Отыз тістен шыққан сөз отыз елге жайылады.
21. Ел құлағы елу.
22. Жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
23. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
24. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
25. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
26. Бір тал кессең, он тал ек.
27. Бес саусақ бірдей емес.
28. 100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
29. Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.
30. Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
31. Бір кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
32. Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.
Мақал-мәтелдер айтысының қорытындысын бағалау үшін кезек әділ қазыларға
беріледі.
4 бөлім: Топ жетекшілерінің жарысы.
Әр топтың жетекшісіне 16 сұрақ беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша
ұпай жинайды.
1 тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)
2. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)
3. Қай санға бөлуге болмайды?(0)
4. Екі ғасырда неше жыл?(200)
5. Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)
6. Ең кіші натурал сан?(1)
7. Квадраттың неше қабырғасы бар?(4)
8. Ең кіші жай сан?(2)
9. Екіге бөлінбейтін сандар ? (тақ сандар)
10. Миллиондн неше нөль бар?(6)
11. Бір тонна мақта ауырма, әлде бір тонна темір ауыр ма?(бірдей)
12. Үш пар ат 30км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)
13. Қабырғасы 6см және 8см тік төртбұрыш ауданы неге тең (48см2)
14. Квадрат қабырғасы 9см. Периметрі неге тең?(36см)
15. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
16. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның
салмағы қанша? (3 кг)
Келесі кезек 2 тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Екі жай сан ба, әлде құрама сан ба ? (жай сан )
2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
3. Екіге бөлінетін сандар? (жұп сандар)
4. Кері санның көбейтіндісі неге тең? (бір)
5. Бір минутта неше секунд? (60сек)
6. Еріншектің ертеңі (бітпес)
7. Бір метр неше сантиметр? (100см)
8. Ең кіші натурал сан. (1)
9. Жоқты білдіретін сан (0)
10. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? (5бұрыш)
11. Төртке кері сан (төрттен бір)
12. Үш түйе құс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады.
Олардың қаншасы қалды ? (түйе құс ұшпайды)
13. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
14. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы
ма? (бірдей)
15. Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар .Отбасында
барлығы неше бала? (8)
16. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы
уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді? (14 км)
Келесі кезек 3 тобының жетекшісіне сұрақ :
1. Құрамында әрпі бар өрнек? (әріпті өрнек)
2. Отыз қандай сан? (жұп)
3. Тоғызға кері сан (тоғыздан бір)
4. Алымы бөлімінен үлкен сан? (Бұрыс бөлшек)
5. Санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
6. Жазыңқы бұрыш нешге тең? (180)
7. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне)
8. Бестен екі қандай бөлшек? (дұрыс бөлшек)
9. Қосылғыштардың орнын ауыстырғандықтан.. (қосынды өзгермейді)
10. Бір сағатта неше секунд? (3600сек)
11. 3х қосу 4х қанша? (7х)
12. Үшбұрыштың неше төбесі бар? (үш)
13. Он беске кері сан (он бестен бір)
14. Он төрт миллиметр неше сантиметр? (1сантиметр 4 миллиметр)
15. Жиырма бес құрама сан ба? (құрама сан)
16. Қосудың заңдары. (ауыст, терімділік)
5 бөлім: «Сыр сандық құпиясы» әр топқа екі тапсырма
1. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір
болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз
сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды
нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», – деп ойлайды.
Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», – деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз
болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», – деп кетіп
қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам
нешеу?
Жауабы: 10 адам.
2. Қосарланнып жегілген ат 1 сағаттың ішіде 12км жол жүреді? Осы уақыттың
ішінде бір ат қанша жол жүреді? (Ол да 12 км)
3.Бір топ үйрек ұшып келе жатты біреуі алдында, екеуі артында, бірі
артында, екуі алдында, біреуі екіунің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар
ұшқан. Қаншай үйрек ұшып келеді? (үш үйрек)
4. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайлып жүр,
жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқандардың жартысындай. Шопанда барлығы
неше қой бар? (480)
5. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл
не?(калькулятор)
6. Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық,әдемі фигура.егер оның бойымен
жүрсең,қанша жүрсеңде,бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласын.Бұл не?
(шеңбер немесе дөңгелек)
Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар сайыстың
қорытындысын жариялайды.
2 бөлімге арналған карточкалар. Логикалық тапсырмалар.
1-топ
1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең.
Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын , бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
2-топ
1 . Олжас, Шыңғыс, Алмас және Әлібек бір сыныпта оқиды. Олар Манас
көшесі 82-де, Достық көшесі 105-үйде, Қажымұқан көшесі 46- үйде және
Достық көшесі 82 –үйде тұрады. Олжас пен Алмас бір көшеде емес, бірақ
бірдей нөмірлі үйде тұрады. Алмас пен Шыңғыс бір көшеде, бірақ әр түрлі

2. .Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш

жатыр
3 топ
1. .Арман , Аян , Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал

кішісі кім?
3. Бір мектепте оқыған үш дос : дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың

ақынның фамилияларын атаңдар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz