Мамандықтар тізбегі жаттығуы

Тақырыбы: Мамандық әлемі

Бағыты: «Сабақ аяқталған соң . . . »

Жобаның авторы: Жакупова Гулнар Тураровна

Лауазымы: Психолог

Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

Ақтүбек орта мектебі, 87103025331, guljgt@mail. ru

2014 жыл


«Мамандық әлемі» кәсіби бағдар беру авторлық бағдарламасы

Түсінік хат

«Кедейліктен -еңбек қылсаң құтыласың, жалғыздықтан-көппен пікіріңді қоссаң құтыласың» А. Құнанбаев.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында «Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастық, экономиканың индустриялы-инновациялық дамуы мен қоғамдық сұраныстарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім жүйесін жетілдіру керек» делінген.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жастардың саналы түрде бір кәсіп бойынша жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы басты міндеттердің бірі.

Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарай мамандықты дұрыс таңдап, дұрыс қадам жасау үшін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жұргізудің маңызы зор.

Мақсаты:

  • еңбек нарығын және оқушылардың бойындағы психологиялық-әлеуметтік мәнділіктерді реттей отырып, мамандық тар және онық ерекшеліктері туралы дүниетанымдарын кеңейту және мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау.

Міндеттері:

  • Мамандықтар туралы сауаттылықтарын арттыру;
  • Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
  • Мамандықтардың болашақ кәсіби айқындалуларында тигізетін әсерін көрсету;
  • Әлеуметтік құндылықтарымен бірге қоғамдық, экономикалық қажетті мамандылықтар туралы білімдерін кеңейту;
  • Қатысушылар арасында қарым - қатынас құзыреттілігінің қалыптастыру;

Жүзеге асырылу бағыты: тренинг элементтерін қолдана отырып кәсіптік ағарту, кәсіптік зерттеу, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік тәрбие беру түрінде.

9-сынып оқушыларына арналған бағдарлама. Айына бір сағаттан, жылына 9 сағат жүргізіледі.

Курс жоспары

Барысы

Жұмыс түрі

Өтілу уақыты
№: 1
БарысыЖұмыс түрі: «Таныстыру» жаттығуы, «Болашаққа бағдар» миға шабуыл, «Мамандық туралы хабардылығың» сауалнама, «Мамандықты таңдауда ұстанатын ережелер» кеңес беру, «Қара жәшік» жаттығуы
Өтілу уақыты: Қыркүйек
№: 2
БарысыЖұмыс түрі:

«Сәлемдесу» жаттығуы, «Есімімдегі мамандық әрпі» жаттығуы, «Адам-адам» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, «Табандылықты зерттеу» сауалнамасы

«Мамандықтар тізбегі» жаттығуы

Өтілу уақыты: Қазан
№: 3
БарысыЖұмыс түрі: «Сәлемдесу» жаттығуы, «Кім көп мамандық біледі?» жаттығуы «Адам-табиғат» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, Кәсіп, еңбек туралы мақал -мәтелдерді талдау(миға шабуыл)
Өтілу уақыты: Қараша
№: 4
БарысыЖұмыс түрі: «Сәлемдесу» жаттығуы, «Ең, ең, ең . . . »жаттығуы, «Адам-техника», «Адам-көркем образ» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, Д. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті, «Ата-анаңды көндір » рөлдік ойыны
Өтілу уақыты: желтоқсан
№: 5
БарысыЖұмыс түрі: «Сәлемдесу» жаттығуы, «Адам-белгілер жүйесі» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, Қызығушылық картасы, «Мамандық анараммасы» жаттығуы
Өтілу уақыты: Қаңтар
№: 6
БарысыЖұмыс түрі: «Сәлемдесу» жаттығуы, Темперамент типін анықтау әдістемесі, «Еңбек жетістікке жетуге көмектеседі» әңгіме, «Екі бақа » мысал, «Мамандықтарды топтастыр» жаттығуы
Өтілу уақыты: Ақпан
№: 7
БарысыЖұмыс түрі:

«Сәлемдесу» жаттығуы, Йовяйшидің белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтау әдістемесі, «Қол -мидың жалғасы»

«Құрылыстағы үшеу» мысалы

Өтілу уақыты: Наурыз
№: 8
БарысыЖұмыс түрі: «Сәлемдесу» жаттығуы, «Кәсіби сапалар» жаттығу, «Тізбек» жаттығуы, «10 жылдан кейінгі кездесу» жаттығуы
Өтілу уақыты: Сәуір
№: 9
БарысыЖұмыс түрі: Әр сала мамандарымен әңгіме- сұхбат, «Менің дұрыс таңдауым»тақырыбында шығармашылық жұмыс
Өтілу уақыты: Мамыр

Күтілетін нәтиже

  • Қарым-қанынас, іздену, нақтылы мақсат қою, өз ойларын ашық айту, сараптау, бағалау дағдылары қалыптасады;
  • Мамандықтар туралы сауаттылықтары артады;
  • Мамандықтардың маңызын, ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді;
  • Өзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты келешектегі мамандығын айқындай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы

2. Еркаева Н. Ф. Секрет удачного выбора. Караганда, 1993.

3. Рогов Е. И. Настольная книга практического психолога. М. : Владос-пресс, 2003.

4. Ортаев Б, Батырова А. «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі. «Нұрлы Бейне», 2010.

5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия . Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.

6. Құрастырған: Сатова А. К. 9-сынып бағдарлама, 12 жылдық білім беру проблемалары Рғпо ғылыми кеңесі ұсынған, Астана, 2005.

7. Широкова И. Тренинг самопознания для подростков. Общение. Память. М. : Генезис

2005.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Мамандықтар саласы
Тәрбие сағат барысы
Жақсылық тілеу жаттығуы
Мамандық өмір таңдауы тәрбие сағаты
Мамандық таңдауда маңызды формула
Кештің тақырыбы
Инеліктен үйреніп
Суретке қарап дыбыстық талдау жасату
Мамандық таңдауым –маңызды мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz