Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кім жылдам

«Опорный орта мектебі»
География пәні мұғалімі
М.Ш.Юханова
Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы.
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай
білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық-тарын
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүйуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер жазалған слайдтар, 10 балдық
житондар.
Жоспары:
1-тур Кім жылдам
2-тур Жалғасын тап
3-тур Мағынасын түсіндір
4-тур Үй тапсырмасы
5-тур Көрермен көзайымы
6-тур Қорытындылау.
I. Кіріспе.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі
біздің ойынымыз «Мың бір мақал» -деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады.
Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой
дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы,
оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан.
II. Негізгі бөлім.
“Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл” Әр оқушы өз аттарын, ұрандарын
таныстырып өтеді.
1- тур. «Кім жылдам» -деп аталады. Бұл турда таңдаған тақырыптары бойынша
мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.
“Мақал – шындық сәулесі”
Тақырыптар: еңбек, батыр, отан.
2- Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10
ұпайдан беріледі.
1.Көзі соқырдан қорықпа,
...(Көңілі соқырдан қорық).
2. Әдепті бала - арлы бала
...(Әдепсіз бала –сорлы бала).
3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
...(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).
4. Ат жаманы жолда қалдырар,
...(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).
5. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
...(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).
6. Әдептілік, ар-ұят,-
Адамдықтың белгісі.
...(Тұрпайы мінез, тағы ,жат-
Надандықтың белгісі).
7. Сәуір келсе күн күркірер,
      (Күн күркіресе көк
дүркірер).                                             
8. Егіннің жайын еккен білер,                                          
      (Арбаның жайын жеккен білер).                                 

9. Есік алды тау болса, 
         Ерттеп қойған атпен
тең.                                                                        
           
       (Ауылыңда қария,
         Жазып қойған хатпен тең).
3 тур. Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр оқушы өзіне берілген мақалдардың
мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
1. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
2. Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.
3. Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.

4 тур. Үй тапсырмасы.
“Талмай ізденген таппай қоймайды”
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды.

5 тур. Көрермен көзайымы.                       
  “Тіліп түсер нар кескен,
Сөз өткір жебе тау кескен”
1.Берілген сөздерден көрермендер мақал құрастырады.(ата,
гүл,бала,жақсы,еңбек,өзен, Отан, ат, ер батыр, тас, ел, ана).

6 тур. Қорытынды. Жарыс соңында әр команданың жинаған жетондары саналып,
қорытындыланады. Ұпайды көп жинаған команда марапатталады.

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

(сайыс)

Өткізген: М.Юханова

2013 жыл

Ұқсас жұмыстар
«қамбар батыр» жыры кейіпкерлер бейнесіне талдау
Кім тапқыр Кім жылдам Кім білгір
Эстафеталық есептер
Заттың күйлері
Жүйрік болсаң, озып көр сайыс
Сайыстың барысы
Тұрар Рысқұлов кім
«африка материгі» тақырыбын қайталау
WordPad –та мәтінді пішімдеу
Эстафеталық ойындар. 3 сынып
Пәндер