Интерактивті тақталардың мектеп біліміндегі рөлі мен тиімділігі


Жаңа заман, жаңа технологиялар

Байданова Ботагоз Уразалиевна Қызылорда қаласы. Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Соңғы бірнеше ғасырда білім беру мекемелерінде сабақ негізінен ағаштан жасалған тақта көмегімен жүргізілді. Уақыт өте келе, білім беру жүйесі де заман ағымымен күрделі өзгеріске түсіп отырды. Әсіресе, бұл өзгеріс компьютерлік технологиялар заманында айқын сезіле бастады.

Таяу жылдардан бастап, еліміздің тек қалалары мен ірі елді мекендерінің білім ордаларында ғана емес, сонымен бірге шалғайдағы ауыл мектептерінде де интерактивті тақталар кеңінен пайдаланыла бастады.

Осы жаңа технологияға аз-кем тоқталып өтсек . . . Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін тақта, басқаруға керекті қалам және жазуға арналған блокнот кіреді. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы да бар. Осындай құрылғылардың арқасында компьютердің VGA - портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады.

Кешен екі режимде жұмыс істейді: тышқан және аннотация режимі арқылы. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының іс-әрекетін операциялық жүйеге жеткізеді, екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады.

Ғалымдар оқушылардың дыбыстан гөрі көзбен көрген ақпаратты тез қабылдайтынын дәлелдеп отыр. Бұл интерактивті тақтаның арқасында оқушылардың мектеп бағдарламасын жылдам қабылдайтынын дәлелдеп тұр.

Мұндай технологияның мектеп бағдарламасына енгізу арқылы оқушылардың соңғы техникаларды тезірек игеруге сеп боламыз. Сондай-ақ, бұл техника еліміздің алдыңғы қатарда тұратын батыстық және американдық білім беру жүйесіне барынша жақындауына мұрындық болады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интерактивті тақталардың білім сапасын арттырудағы рөлі
Орта мектепте шет тілін оқытудағы заманауи интерактивті әдістердің рөлі мен тиімділігі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен интерактивті тақталарды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Оқу сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интербелсенді тақталардың рөлі
Оқыту үрдісінде интерактивті тақталарды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Бейнелеу өнерінде интерактивті тақтаның педагогикалық-әдістемелік тиімділігі
Тіл сабақтарында интерактивті технологиялардың тиімділігі мен пәндік білім сапасына әсері
Сындарлы оқытудағы интерактивті тәсілдердің тиімділігі: бастауыш сынып тәжірибесі
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі мен оқыту үдерісіндегі рөлі
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті: ұлттық баспасөз пен тіл біліміндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz