Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Компьютерлік талдау

Бастауыш сыныптарда сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып,
білім берудегі құзырлылық

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі.
Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір
сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген
Елбасы Н. Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы
көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен
көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабылетін ашу және
оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекет өсіп-өркендеудің, бәсекеге қабылетті болуының ең басты
ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен
көрінгісі келетін кез-келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс
жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендешеосындай бәсекеге
қабылетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа кезең мұғалімінің еншісіне тиері
анық.
«Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,
ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»- демекші, ұстаз – қай кезде
де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе,
жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім
беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаз.[2.72 бет]
Мұғалімнің қоғамдағы орнын, адамдықтың таразысы ұстаздықты белгілі
ақын, алғашқы педагогикалық еңбектің авторы Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың
баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі», деп жоғары бағалады.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына
ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Сондықтан қоғам талабына сай
шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық.
Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне де,
өзгенің ісіне де әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, тәуелсіз
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын
тұлға тәрбиелеуді талап етіпотыр. Осыған байланысты бүгінгі күннің басты
мәселесі-жас ұрпаққа нәтижеге бағытталған білім беру болып отыр.
Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті.
Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған
білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру [7.32 бет].
Құзырлылық - ол терең білі. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін
мұғалімнің өзі құзырлылыққа жету керек.
Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген
мағынаны білдіреді. «Сompotens» латын тілінен аударғанда қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді
дегенді К. Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында»
деген еңбегінде айтса Б. А. Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық
әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде өзінің
практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін, өз өмірлік мәселелерін шешуде
қолдана алуын құзырлылықтар деп атаймыз деп анықтады [3.6 бет].
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептерде өзінің кәсіби құзырлылығын
дамыта отырып, оқушы құзырлылығын қалыптастыра білетін маман керек. Жалпы
оқытудың негізгі мақсаты да – оқушыны дамыту. Баланы дамыту, кең мағынада
алғанда, оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерістері және
кез-келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары
сатыға көшу деп түсіндіріледі. 1930 жылдардағы педагогикада осы мәселелерді
орыс психологі Л.С. Выготский тең жүретін процесс деп
түсіндіреді және «оқыту дамудан бұрын жүреді, балаға неғұрлым білім берсек,
ол баланы соншалықты дамытады» дегенді айтады.
Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға,
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, қабылетті жеке тұлғаны
қалыптастыру үшін қызмет ететін мұғалім, оның әдіс-тәсілдері мен жолдарын
қарастырады. Шығармашылықпен іс-әрекет жасайды. [2,105 бет]
Қазір заман талабына сай «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем?
Сабақ кезінде оқушының жетістігін туғызсам, өмірге құштарлығын арттырсам
дген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Себебі әрбір жаңашыл ұстаз
шәкіртінің шығармашылық жетістіктерін, сабаққа деген қызығушылығын
арттыруды мақсат етеді. Бүгінгі таңда алдына мақсат қоя отырып әрбір ұстаз
«жай мұғалімді ұлы ұстаз деңгейіне көтеру.Себебі жай мұғалім хабарлайды,
жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы ұстаз
шабыттандырады». Әрине, бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығы мен
инновациялық технологияларды күнделікті іс-тәжірбиесінде тиімді де ұтымды
қолдана білгенінде. «Инновация» сөзі латын тілінен аударғанда «жаңалау,
жаңашыл немесе өзгеріс» деген мағына береді.
Мен өз іс-тәжірибемде Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау»
технологиясын қолданамын. «Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін
қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы,
философия ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер – ғалым Нұрша
Алжанбайқызы Оразақынова. ОСКТТ дегеніміз қазақ тілін оқытудан бас алып,
халқымыздың әдебиетін, тарихын, географиясын т. б пәндердің жиынтығын
құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, өз елінде, жерінде ұлтының биік
тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту түрі.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ ғалымдарының оқу-тәрбие туралы
жасаған ғылыми тұжырымдамаларын және әдістемелік кешендерін негіз етіп
алған ОСКТТ-ның теориялық негізін А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М.
Жұмабаев, Қ. Жұбанов т.б қазақ ғалымдарының ғылыми әдістемелік
тұжырымдамалары автор арқылы басшылыққа алныпы, ағартушылық негізін Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уалихановтың педагогикалық ұстанымдарын,
ұлттық құндылыққа негізделген әдіс-тәсілдерін енгізіп, бастауыш сыныптардан
бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, матемаика, тарих,
география, физика т.б пәндерге енгізудің жолдарын көрсетеді.
ОСКТТ баланың тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау,
ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін, ұйымдастыру басты назарда ұсталады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі оқушыларды «жақсы», «жаман», «орташа»
деп бөлмей тек материалды өте жылдам, баяу қабылдауына қарай икемдеп барлық
баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат етеді.
жазу

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей

4 деңгей

5 деңгей

6 деңгей

7 деңгей

8 деңгей

9 деңгей

10 деңгей

Оқушы ғылыми тілде сөйлеуге, қарапайымнан күрделіге, уақиғаны сатылап
түсіндіре алады. [8,3,4 бет]
Өз тәжірибемде мектептегі жас мұғалімдерге үлгі ретінде «Күләш»
тақырыбында сабағымның бір үлгісін көрсеттім. Сабақ барысында Күләшті
толық танып, өнерге, білімге деген оқушы құштарлығын арттырды.
2009 жылы «Білім берудің көзі-оқыту технологияларында» атты облыстық іс-
тәжірибелер жинағында басылып шықты.
Сондай-ақ үнемі қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында
1,2,5,7,8 деңгейлерін қолданып оқушы білімінің тереңдей түсуіне мол
мүмкіндік беріп отырдым. Туған жердің әрбір тасы тұнып тұрған шежіре екенін
басшылыққа ала отырып, [5,3,6 бет] таңдау пәні үйірме сабағымда өлкетану
әдісіне кең қолданамын. Оның бір дәлелі «Қазақ даласының әр белес, әр
төбесі ертегі» деп ақын М. Шаханов ағамыз айтқандай біздің Хантәңірі
тауының етегінде Райымбектей батыр бабалар ізі қалған қасиетті топырақтан
небір тау тұлғалы ақын М. Мақатаев, Е. Ібітанов, қарт жазушы ақын Ә.
Мейірбеков, жазушы-драматург Б. Мұқай, қоғам қайраткері, жазушы С.
Әшімбаев, балалар жазушысы Б. Соқпақбаев, әнші С. Нұрмағамбетова, актриса
Н. Мышбаева, композитор Б. Дәлденбаев т.б өмірге келген жер. Туған жердің
тарихын, көз тоймайтын табиғатын, алып тұлғаларын таныту мақсатында ОСКТТ
технологиясына негіздеп өзімнің авторлық бағдарламамды жасадым. М.
Мақатаевтың «Анкета» тақырыбында өткізген сабағым «Мұқағали» журналының №10
2008 ж санынан орын алды.
Белгілі ұстаз-ғалым М. М. Потанин «Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған
мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына, ғылым мен
техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білу қажет»-деп атап
көрсетті. Мен өзімнің күнделікті іс-тәжірибемде Н. А. Оразақынованың ОСКТТ
технологиясын білім беру мен тәрбие жүйесінде іске асыруды мақсат еттім.
[6, №5 65 бет]
Ендеше еліміздің ертеңгі күні бүгіннен де жарқын, нұрлы болуы тиіс,
болады да. Себебі біздің мемлекетіміз үшін ХХІ ғасыр дүниежүзілік
өркениетке өрлеу ғасыры, білім бәсекесі ғасыры. Ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә.
Назарбаевтың сындарлы саясаты мен көреген кемеңгерлігінің арқасында еліміз
әлемді экономикалық дағдарысқа төтеп беріп, биік белестерді бағындырды.
Елбасы әлемдегі бәсекеге қабылетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу
туралы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамытуда маңызды роль
атқарды. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы жұмыстың
басымдықтарын атап көрсетті. [2,62 бет]
1. Балапан бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту
2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту
3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту
4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту сияқты шараларды белгілеп берді.
Біз жолдауға қолдау жасағанда инновациялық шығармашылық дамиды,
ақпараттық технологияларды кеңінен меңгереміз, еліміздің болашағына саналы
да сапалы біліммен қаруландыра аламыз. [1, Қазақстан-2050 стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты]

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы. 15.12.2012 жыл
2. Педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінің ғылыми -
әдістемелік әлеуеті: жетістіктері мен даму болашағы. Облыстық ғылыми-
практикалық конференцияның материалдары. Алматы 2011. 93 бет, 62,73
бет
3. Қазақстан мектебі №11 2012 ж
4. Қазақстан мектебі №5 2012 ж, 41 бет
5. Қазақстан мұғалімі №11 2012 ж
6. «Бастауыш сынып әдістемесі» №5 2012 ж
7. Әлемдік білім кеңістігіне бағытталған мектеп басқару парадигмасы 2009
ж. Облыстық семинар материалдарының жиынтығы
8. Сатылай кешенді талдау технологиясын бастауыш сыныптарда пайдалану
тәжірибелері. Н. А. Оразақынова 2007 ж

-----------------------
Дауыстап айту

есту

Көзбен көру

Естігенді ұзақ есінде сақтайды

Айтылым, жазылым түрінде жүзеге асады

Ауызша толық баяндайды

Талдаудың қысқаша түрін қолданады

Айтылым

жазылым

Тыңдалым әрекеті қатар жүреді

Тілдік материалды жазылым бойынша символдар арқылы ықшамдау, айтылым
бойынша ауызша толық талдау жүргізіледі

Диалог арқылы талдау (аңғарымпаздыққа, әріптесінің жауабын мұқият тыңдауға,
әрі қарай жалғап кетуге дағдыланады

Жад жазу. СКТ арқылы меңгерген теориялық білімді жадқа жазу

Уақытқа талдау «өте жылдам» -3 мин
«жылдам» - 5 мин
«баяу» - 7 мин

Компьютерлік талдау

Ашық тест

Шығармашылық жұмыс

Ұқсас жұмыстар
Физикалық эксперементтік есептерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен модельдеу
Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздік
Компьютерде модель жасаудың негізгі кезеңдері
Практикум сабақтары
Экономикалық процестерді модельдеу
Оқушылар компьютерлік желі
Компьютерлік графика түрлері. 7 сынып
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта туралы
Тақырып - Компьютерлік графика түрлері
Геогебра бағдарламасының негізгі терезесі
Пәндер