Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Қазақ тілінен мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған әдістемелік құрал
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп - гимназия
Ангаралиева Перуза Байрамқызы
Қазақ тілінен Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен
Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ҰБТ) дайындалуға арналған
әдістемелік құрал
Шымкент, 2008 жыл
Құрастырушы: Ангаралиева Перуза Байрамқызы
Пікір жазғандар: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Молдалиева
Д. А.
филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Ысқақ Б.
Қазақ тілінен Мемлекеттік аралық бақылау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындалуға арналған әдістемелік құрал
Бұл құрал оқу орыс тілінде жүретін мектеп оқушыларын қазақ
тілінен Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге
(ҰБТ) дайындауға арналған.
Әдістемелік құралда пәнге байланысты грамматикалық материалдар,
оның терминдер сөздігі, жалғаулар мен жұрнақтар анықтамалығы, сонымен
бірге оқушылардың тілін дамытуға арналған материалдар жауаптарымен
кешенді түрде топтастырылған.
Бұл құрал оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі пәні
мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
ISBN 9965-516-52-9
Мазмұны
Алғы сөз -------------------------------------------------------------------
------------------------- 4
Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы ерекшеліктері (Отличительные
особенности казахского языка от русского)-----------------------------------
----------- 5
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі------------------------------
--- 10
Көпнұсқалы тест тапсырмалары------------------------------------------------
----------- 14
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы--------------------------------
33
Қазақша-орысша тұрақты тіркестер сөздігі------------------------------------
--------- 45
Туыстық атаулары------------------------------------------------------------
------------------ 46
Нақыл сөздер----------------------------------------------------------------
---------------------- 47
Мақал-мәтелдер--------------------------------------------------------------
-------------------- 48
Лексикалық тақырыптар бойынша жауап-кілттер---------------------------------
-- 53 Емле ережелері--------------------------------------------------------
---------------------------- 66
Тест тапсырмалары-----------------------------------------------------------
------------------ 76
Тест жауаптары--------------------------------------------------------------
--------------------- 83
Әдебиеттер тізімі-----------------------------------------------------------
-----------------------83
«Маған айтсаң, ұмытып қаламын.
Көрсетсең, есімде қалар. Істеуін
көрсетіп берші, үйреніп алайын.»
Шығыс даналығы
Алғы сөз
Қазіргі таңда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену-үйрету мақсаты
көзделіп отырған кезде, оны жеделдетіп сауатты оқытудың әр түрлі жолдары
қарастырылуда. Мұндай сұраныс алдымен мектептерге түсетіні айдан анық
нәрсе. Жыл сайын тапсырылатын мемлекеттік аралық бақылау мен енді
енгізіліп келе жатқан ұлттық бірыңғай тестілеу де қазақ тілін сауатты
меңгеру, әсіресе, грамматикалық сауаттылыққа басымдылық беріп отыр.
Әдістемелік құрал материалдарын құрастырғанда ҚР Білім және ғылым
министрлігінің өзге тілді ұлт мектептеріне арналған білім беру стандарттары
мен типтік бағдарламалары талаптары басшылыққа алынды.
Ұсынылы отырған материалдар негізінен жауап үлгісі ретінде ,сондай-ақ
компьютерлік көпнұсқалы тест үлгісі ретінде де берілген. Материал жылда
оқушылар тапсыратын тест үлгілері негізінде таңдалып алынды. Сараптама
көрсеткеніндей, 1 тест тапсырмаларының 9, 10 сұрағы-морфология, 5, 6
сұрағы –синтаксис, 4-6 сұрағы –лексикалық тақырыптар, 3, 4 сұрағы
–фонетикадан да, мақал-мәтелдер-1, 2 сұрақ, лексикология-2, 3 сұрақтан
құралған.
Сонымен қатар, мұнда тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер
оқушылардың сынаққа сапалы дайындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып
отыр.
Әдістемелік құралды құрастырған кезде Ш.К.Бектұров пен А.Ш.Бектұрова
«Қазақ тілінің қалталық оқулығы», т.б. еңбектерінен материалдар алынды.
Қазақ тілін тереңірек меңгеремін деушілерге 2005 жылы шыққан
орфографиялық сөздіктен емле ережелері ұсынылып отыр.
Құралды жасағанда 5-11сыныптар( орыс мектептеріне арналған,
«Атамұра», «Мектеп» баспасынан шыққан) оқулықтары материалдары негізге
алынды.
Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы ерекшеліктері
(Отличительные особенности казахского языка от русского)
Алфавит
Казахский алфавит основан на кириллице и включает 42 буквы, 10 из которых
отражают специфические звуки казахского языка: ә, і, ө, ұ, ү, ы, ғ, қ, һ,
ң. Буквы в, ф, ц, ч, щ, ь, ъ, е, э, ю, я используются только при написании
слов иноязычного (в основном русского) происхождения.
Произношение гласных звуков
Здесь мы остановимся на произношении только тех специфических звуков
казахского языка, которые имеют специфическое звучание, в отличие от
русского.
Звук ә напоминает русский звук я в безударном положении после
мягкого согласного. При произношении звука ә кончик языка упирается в
основание нижних зубов, а передняя часть языка несколько продвинута
вперед. Например: әже, кінә.
Звук ө представляет собой мягкую разновидность звука о. При
произношении этого звука органы речи распологаются примерно так, как при
произношении звука о, но кончик языка продвигается вперед, упирается в
нижние зубы,а губы сильно выпячиваются. Этот звук произносится примерно
как русское ё в словах лётчик, тётя.
Звук о произносится также, как и русский о, но в русском языке в
безударном слоге о редуцируется, т.е. произносится как а,а в казахском в
любом положении всегда произносится как о: русск. окно, подоконник; каз.
орамал "платок", жолдас "товарищ".
Звук ұ произносится твердо и сверхкратко. Для того, чтобы произнести
его, необходимо губы сильно вытянуть вперед, а язык отодвинуть назад. Этот
звук в русском языке аналогов не имеет, однако напоминает звук, средний
между [о] и [у]. Например, в слове туман, но и казахском языке он более
закрытый: тұман.
Звук ү является мягкой разновидностью ұ. Произносится мягко и кратко:
үй "дом", үш "три". Надо учесть, что при произнесении этого звука кончик
языка продвигается вперед, а губы выпячиваются меньше, чем при произнесении
ұ.
Звук ы, хотя и совпадает по написанию со звуком ы в русском языке,
произношение его значительно отличается. В казахском этот звук заднего
ряда, в русском-среднего. При произнесении его нижняя челюсть
приподнимается вверх, а язык отодвигается назад. Он произносится тверже и
сверхкратко. При чтении, например, слов қыз или қыс этот звук как бы не
произносится: қз и қс.
Звук і является мягкой разновидностью ы . Так же как ы, произносится
сверхкратко и нечетко, но в отличие от него при произнесении звука і язык
продвинут вперед. При чтении, например, слов біз или кім этот звук
настолько редуцируется, что почти не произносится. Ср. Біз-бз, кім-км.
Произношение согласных звуков
Здесь мы также остоновимся на произношении только тех специфических
согласных,которых нет в русском языке.
Звук қ на письме обозначается буквой қ. Его произношение похоже на х в
русском языке, но в отличие от него согласный қ является взрывным, а х-
щелевым. При произнесении его задняя часть языка полностью смыкается с
задней частью неба, после чего потоком воздуха мгновенно размыкается. Звук
қ сочетается только твердыми гласными-а,о,ұ,ы. В казахском языке слова на
букву х встречаются не очень часто. В основном это заимствования из
арабского, русского и других языков. Неслучайно в потоке речи звук х
подменяется исконно казахским звуком қ. Ср. Хат – қат- хабар- қабар. В
казахском языке собственные имена на букву х имеют 2 варианта написания:
Хасен – Қасен, Халима – Қалима и др.
Звук ғ на письме обозначается буквой ғ. Артикуляция ғ анîлогична, қ
но в отличие от него ғ произносится с участием голоса. Так произносят ғ в
некоторых областях России и на Украине. Соотвествует звуку х, но
произносится с участием голоса. Ср. Хал – ғалым, хан – шаған.
Слов со звуком һ в казахском языке очень мало. В основном этот звук
встречается в заимствованиях из восточных языков или в междометиях:
қаһарман «герой », гауһар «драгоценный камень», аһ « ах ». Это
единственный в казахском языке гортанный звук, при произносении которого
голосовые связки сближаются друг с другом, но не вибрируют, поток воздуха
проходит стремительно, не встречая никаких преград.
Звук ң образуется путем тесного соприкосновения задней части спинки
языка с задним небом: язычок опускается вниз, закрывая полость рта, а
воздух проходит через нос: таңертең «утро». В русском языке такого звука
нет. Анологичный звук имеется в английском и немецком языках. Ср. нем. lang
«длинный» singeп
«петь» и др.
Прогрессивная ассимиляция
Если в казахском языке слова оканчиваются на глухие согласные или звонкие
согласные б,в,г,д, то прибавляемый к слову суффикс или окончание начинаются
с глухого согласного. Например, бас-тық «начальник»,Иванов-қа «Иванову» ,
филолог-тар «филологи». Если же последний звук слова звонкий (кроме
б,в,г,д),сонорный или гласный, то прибавляемый суффикс или окончание
начинаются со звонкого согласного или сонорного. Например, қыз-
дар«девушки», ауыл-ға «в аул», қала-лық «городской». Это явление нужно
всегда учитывать при произношении и на письме. Такое уподобление
последующего согласного предыдущему звуку на слоговой границе называется
прогрессивной ассимиляцией, которая не свойственна русскому языку.
Регрессивная ассимиляция
Наряду с прогрессивной ассимиляцией действует, так называемая,
регрессивная ассимиляция, когда последующий звук слова или слога
воздействует на предыдущий. Если последний звук основы глухой қ, к, п, а
прибавляемые к основе суффикс или окончание начинаются с гласного, то
глухие согласные озвончаются: қ – ғ, к - г , п – б. Например, білезік
«браслет» - білезігі «её браслет», тарақ «расческа» - тарағы «её расческа»,
мектеп «школа» - мектебі «её школа».
Типы слогов и слогоделение
В казахском языке слоги бывают твердыми и мягкими в зависимости от
качества слогообразующего гласного. Если гласный переднего ряда - ә,е,і,ө,ү
(в казахской терминологии мягкий гласный),то слог называется мягким. Если
гласный заднего ряда – а, и, о, ұ, ы, то слог называется твердым. Для
казахских многосложных слов характерно сочетание однородных типов слогов.
Ср. ә - же-лер, где все три слога мягкие; а-дам-дар, все три слога твердые.
В зависимости от твердости-мягкости слога звук л произносится то твердо, то
мягко: бал «мед» - бел «поясница».
Сингармонизм в казахском языке
В казахском языке согласно закону сингармонизма многосложные слова
характеризуются сочетанием однородных типов слогов: мягких (гласные
переднего ряда ә, е, і, ө, ү ) ә-же-лер и твердых (гласные заднего
ряда – а, и, о, ұ, ы) а-та-лар. В русском языке такого явления нет. Ср. че-
ло-век, звез-да. Не поддаются этому правилу только заимствования из других
языков, имена существительные и местоимения в притяжательной форме с
суффиксами -нікі/ -дікі/ -тікі: олар-дікі “их ”, Асан-дікі“ Асана”
окончание көмектес септік: баламен “ с ребенком ”.
Ударение
В отличие от русского языка, где ударение является непостоянным (окна-
окна;весело-веселье), казахское словесное ударение является неподвижным,
оно падает, как и в других тюркских языках, на гласный последнего слога в
словах, состоящих из двух и более слогов. Ср. орамал “платок”, керемет
“необычайный”, балаларымыз “наши дети”. В заимствованиях или в словах с
эмоциональным оттенком (или в междометиях) ударение может варьироваться.
Порядок слов в предложении
Для казахского языка характерно строгий порядок слов: сказуемое стоит в
конце предложения: Оқушылар сынып бөлмесінде отыр «Ученики сидят в
классе”, определение стоит перед определяемым словом: Оқушылар жарық
сынып бөлмесінде отыр “Ученики сидят в светлом кабинете класса»,
вопросительное слово при отсутствии глагола –сказуемого стоит в конце
предложении: Бірінші аудитория қайда? “Где первая аудитория?”; при
наличии в предложении глагола–сказуемого вопросительное слово стоит перед
ним: Қарлығаш қайда отыр? “Где сидит Карлыгаш? ”.
Интонация
В простом распространенном предложении члены предложения могут иметь
разное логическое ударение. Тот член предложения, который выражает новое,
важное, получает главное ударение. Обычно главное ударение падает на
последнее слово или одно из предшествующих ему слов. На слове, несущем
наиболее сильное ударение, происходит резкое повышение тона: Дәптерлер
мен кітаптар осында “Тетради и книги здесь”. Данное относится и к
специальному вопросу: Дәптерлер мен кітаптар қайда? «Где тетради и книги?».
Если в предложении есть однородные члены, то тон повышается и только на
последнем слоге понижается : Мынау- ата, әже, әке және ана. “Это дедушка,
бабушка, отец и мать”. В предложениях с отрицанием емес, а второе –на
последнее слово предложения. Оба произносятся с понижением тона: Мынау
кітап емес, дәптер “Это не книга, а тетрадь”.
Имена существительные
Категория падежа. В отличие от русского языка в казахском имеется 7
падежей имени существительного. Кроме того, различается 2 вида склонений:
простое и притяжательное.
Категория рода. В казахском языке отсутствует категория рода и одному
притяжательному местоимению соответствуют три в русском: мен«мой,моя,мое».
Притяжательные местоимения имеют форму вежливости во II лице ед. и мн. ч.:
Сіздің « Ваш, Ваша, Ваше » (ед.ч.); Сіздердің « ваш,ваша,ваше » ;
Категория одушевленности - неодушевленности. В казахском языке на
вопрос кім? «кто?» отвечают только имена существительные, обозначающие
людей, а на вопрос не? « что?»- все остальные.
Глагол
Неопределенная форма глагола. Исходная форма глагола в казахском
языке, от которой образуются путем прибавления суффиксов и окончаний все
личные грамматические формы , маркируется при помощи суффикса –у: ойна-у
«играть», жаз–у «писать». Вместе с тем, исходная форма имеет некоторые
смысловые отличия от инфинитива (неопределенной формы глагола) в русском
языке. Образование на –у в казахском языке–это фактически отглагольное
существительное, которому приблизительно соответствует в русском языке имя
действия или инфинитив. Все грамматические формы глагола образуются от
корня глагола, который совпадает с формой 2 лица единственного числа
повелительного наклонения.
Категория времени. В отличие от русского в казахском языке
настоящее время имеет 2 формы : очевидно- настоящее время и переходное
время; прошедшее время имеет 3 формы : очевидно-прошедшее, давнопрошедшее и
переходное; будущее время имеет 3 формы: переходное, будущее
предположительное и будущее время намерения.
Категория залога. В казахском языке, в отличие от русского, имеется
4 залога:ортақ, өздік, өзгелік , ырықсыз(см. қысқаша грамматикалық
терминдер сөздігі)
Категория наклонения. В казахском языке 4 наклонения: қалау рай,
бұйрық рай, ашық рай, шартты рай.
Имена числительные
В отличие от русского имена существительные, следующие за числительными ,
не принимают окончаний множественного числа : бес тәрелке «пять тарелок»,
төрт қасық «четыре ложки».
Собирательные числительные имеют притяжательные формы: біз бесеуміз
«нас пятеро» и принимают падежные окончания в простой и притяжательной
форме: алтау-ға «шестерым», алтауы-на «им шестерым» и др.
Местоимения
В казахском языке все местоимения, за исключением әне
«вон», қайда «где», әр «каждый», кей «некоторый» склоняются.
Приставки и предлоги
Казахский язык относится к типу агглютинативных языков, для которых
характерно присоединение однозначных суффиксов и окончаний. Роль русских
приставок и предлогов выполняют суффиксы и так называемые служебные
имена (послелоги, служебные слова, союзы и частицы).
Сложноподчиненные предложения в казахском языке значительно отличаются от
таковых русского языка :
1. В казахском языке придаточное связывается с главным в основном без
союзов и союзных слов, функцию которых выполняют суффиксы и
окончания: Көктем келсе, күн жылынады. «Когда наступит весна, станет
тепло».
2. В казахском языке придаточное предложение всегда предшествует
главному.
3. Сказуемое придаточного не принимает личных окончаний в казахском
языке : Мен сабақ оқығанда, ол қыдырады «Когда я делаю уроки, он
гуляет».
Сен сабақ оқығанда, мен қыдырамын «Когда ты делаешь уроки , я
гуляю».
4. Сложноподчиненные предложения русского языка не всегда переводятся
на казахский язык сложноподчиненными предложениями. Они переводятся :
1) простыми предложениями:
Ол бүгін жиналыс болатынын айтты «Он сказал, что сегодня будет
собрание»
Мен Абай деген қалада тұрамын «Я живу в городе, который называется
Абай».
2) при помощи вспомогательного глагола деу «говорить, сказать» в форме
деп : Біз жаңбыр жауады деп естідік «Мы слышали , что будет дождь».
Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
Фонетика
Дыбыс - звук
Әріп - буква
Әліпби - алфавит
Дауысты дыбыстар - гласные звуки
Жуан дауысты – твердый гласный
Жіңішке – мягкий
Еріндік - губные
Езулік - негубные
Ашық - широкие гласные
Қысаң - узкие гласные
Дауыссыз дыбыстар - согласные звуки
Ұяң дыбыс - звонкий согласный
Қатаң – глухой
Үнді – сонорный
Буын – слог
Ашық буын – открытый слог
Тұйық буын – полузакрытый слог
Бітеу буын – закрытый
Үндестік заңы – закон сингармонизма
Буын үндестігі – слоговой сингармонизм
Дыбыс үндестігі – звуковой сингармонизм
Ілгерінді ықпал – прогрессивная ассимиляция
Тасымал – перенос слова
Екпін – ударение
Лексика
Сөз мағынасы – значение слова
Тура мағына – прямое значение
Көп мағыналы сөздер – многозначные слова
Ауыспалы мағына – перенесное значение
Кірме сөздер – заимствованные слова
Көнерген сөздер – устаревшие слова
Жаңа сөздер – неологизмы, новые слова
Жалпылама сөздер – общеупотребительные слова
Кәсіби сөздер – проффесиональные слова
Морфология
Күрделі сөздер – сложные слова
Біріккен сөздер – слитные слова
Қысқарған сөздер – сокращенные слова
Қос сөздер – парные слова
Сөз құрамы – состав слова
Түбір – корень
Негізгі түбір-непроизводный корень
Туынды түбір-производный корень
Жұрнақ – суффикс
Сөз тудырушы- словообразующий суффикс
Сөз түрлендіруші-формаобразующий суффикс
Жалғау – окончание
Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности
Көптік жалғау – окончание множественного числа
Септік жалғау – падежное окончание
Атау септік-именительный падеж
Ілік септік-родительный падеж
Барыс септік-дательно-направительный падеж
Табыс-винительный падеж
Жатыс-местный падеж
Шығыс- исходный падеж
Көмектес-инструментальный падеж/творительный
Жіктік жалғау – личное окончание
Сөз таптары – части речи
Зат есім – имя существительное
Жалқы есім – имена собственные
Жалпы есім - имена нарицательные
Сын есім- имя прилагательное
Сапалық сын е.- качественное и.п.
Қатыстық сын есім- относительное и.п.
Шырайлар- степени сравнения
Жай шырай-положительная степень
Салыстырмалы шырай- сравнительная степень
Күшейтпелі, асырмалы шырай- превосходная степень
Сан есім- имя числительные
Есептік сан е.-количественные
Реттік сан е.-порядковые
Жинақтық- собирательные
Болжалдық- предположительные, приблизительные
Топтау- разделительные
Бөлшектік- дробные
Есімдік- местоимение
Жіктеу есімдігі- личное мест.
Сілтеу е.-указательное мест.
Сұрау е.- вопросительное мест.
Өздік е.- возвратные мест.
Болымсыздық есімдігі-отрицательное мест.
Етістік- глагол
Сабақты ет.-переходный гл.
Салт ет. -непереходный гл.
Болымды ет.-положительный гл.
Болымсыз ет.-отрицательный гл.
Дара ет.-простая форма гл.
Күрделі ет.-сложная форма гл.
Тұйық ет.-неопределенная форма гл.
Көмекші етістік- вспомогательный гл.
Етістік шақтары-времена глагола
Осы шақ- настоящее вр.
Өткен шақ- прошедшее вр.
Келер шақ- будущее вр.
Етістік райлары- наклонение глагола
Ашық рай- изъявительное наклонение
Бұйрық рай-повелительное нак.
Қалау рай- желательное нак.
Етіс- залог
Өздік етіс-возвратный залог
Өзгелік етіс-побудительный залог
Ортақ етіс-взаимный залог
Ырықсыз етіс- страдательный залог
Үстеу- наречие
Мекен үстеуі-нареч.места
Мезгіл үстеуі-нареч. времени
Себеп-салдар үстеуі-нареч. причины
Топтау үстеуі- разделительное наречие
Сын-бейне үстеулері-нареч. образа действия
Мөлшер үстеуі- нареч.меры
Мақсат үстеуі-нареч. цели
Есімше-причастие
Өткен шақ есімше-причастие прошедшего времени
Келер шақ есімше-причастие будущего времени
Ауыспалы келер шақ есімше-причастие будущего переходного времени
Көсемше-деепричастие
Көмекші сөздер- служебные слова
Жалғаулық шылау- союз
Демеулік шылау- частицы
Септеулік шылау- послелоги
Одағай- междометия
Еліктеу сөздер- звукоподражательные слова
Синтаксис
Сөз тіркесі- словосочетание
Қиысу-согласование
Меңгеру- управление
Матасу-примыкание
Сөйлем мүшелері- члены предложений
Тұрлаулы мүшелер- главные члены
Бастауыш-подлежащее
Баяндауыш- сказуемое
Тұрлаусыз мүше- второстепенные члены
Анықтауыш-определение
Толықтауыш- дополнение
Тура толықтауыш- прямое дополнение
Жанама толықтауыш-косвенное дополнение
Пысықтауыш- обстоятельство
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері-однородные члены предложений
Сөйлем-предложение
Жай сөйлем- простое предложение
Айтылу мақсатына қарай- по цели высказывания
Хабарлы- повествовательное
Сұраулы-вопросительное
Лепті-восклицательное
Бұйрықты-побудительное
Құрылысына қарай-по структуре
Атаулы сөйлем-назывное предложение
Жақты с.-личные
Жақсыз с.- безличные
Толымды-полное
Толымсыз-неполное
Құрмалас сөйлем-сложное предложение
Салалас құрмалас-сложносочиненное пр.
Сабақтас қ.- сложноподчиненное пр.
Аралас қ.-смешанное
Жалғаулықты-союзные
Жалғаулықсыз-бессоюзные
Ыңғайлас сал.қ.-соединительные сл.соч.
Қарсылықты сал.қ.-противительные сл.соч.
Себеп-салдар сал.қ.-причинно-следственные сл. соч.
Талғаулықты сал.қ.-разделительное, с выборочными отношениями
Кезектес сал.қ.-сл.соч. с чередующимися отношениями
Сабақтас құрмалас сөйлем-сложноподчиненное предложение
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас-Придаточные предложения времени
Шартты бағыныңқылы сабақтас -Сл.под. предложения с придаточным условия
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас- Сл.под. пр.с придаточным образа
действия
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас - Сл.под.пр. с придаточным причины
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас-Сл. под. пр.с уступительными
придаточными пред.
Оқшау сөздер-обособленные слова
Қаратпа сөз-обращение
Қыстырма сөз-вводные слова
Төл сөз-прямая речь
Төлеу сөз-косвенная речь
Автор сөзі- слова автора
Тыныс белгілері-знаки препинания
Нүкте-точка
Үтір-запятая
Тырнақша-кавычки
Сызықша- тире
Қос нүкте-двоеточие
Сұрау белгісі-вопросительный знак
Леп белгісі-восклицательный знак
Көпнұсқалы тест тапсырмалары
Фонетика
Тіл дыбыстары
Қазақ тіліндегі дыбыстар саны
37(а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т,
у, ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э.)
Қазақ тіліндегі әріп саны
42 (а, ә, б, в, г, ғ, д, е,е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с,
т, у, ү, ұ, ф, х, һ,ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я)
Дауысты дыбыстар
12 (а, ә, е, э, о, ө,ү, ұ, ы, і, и, у )
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстар
26 (б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч,
ш, щ)
Дауысты дыбыстар
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыстар
а, о, ұ, у, ы
Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбыстар
ә, е, э, ө, ү, і, у
Жақтың (иектің) қатысына қарай дауысты дыбыстар
Ашық – а, ә, е, о, ө
Қысаң – и, у, ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай дауыстылар (еріндік)
о, ө, у, ұ, ү
Езудің қатысына қарай дауыстылар (езулік)
а, ә, е, и, э, ы, і
Дауыссыз дыбыстар
Үнді дауыссыз дыбыстар
й, л, м, н, ң, у, р.
Ұяң дауыссыз дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з,һ
Қатаң дауыссыздар
к, қ, п, с,т,ф,х,ч,ш,щ,ц
Әріп
1) көреміз және жазамыз
2) дыбыс таңбасы
Алфавит/әліпби
1) әріптердің белгілі тәртіппен тізілуі
2) әріптердің белгілі бір ретпен тізілген жинағы.
Буын
1) дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі.
2) сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған
фонетикалық бөлшек.
Ашық буын
Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған
буын.
Ашық буын (мысал)
Аға, бала, ағеке, шеше, қара, ана, әке.
Тұйық буын
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Тұйық буын(мысал)
өрт, ант, ақ, ән, ар.
Бітеу буын
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Бітеу буын (мысал)
Бақ, бұлт, зор, көл, таң, мен.
Жуан буынды сөз
Қару, қаршыға, қарт.
Жіңішке буынды сөз
Есік, өмір, үлкен, көлік.
Тасымал
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға бөліп жазу.
Тасымалданбайтын сөздер
1) Бір буынды сөздер (ат, кел, қарт).
2) Жеке бір әріпті келесі жолға немесе жолдың соңына қалдыруға
болмайды (ата, әже, аю, сия, қия).
3) Қысқартылған кісі есімі фамилиясынан ажыратылып жазылмайды
(М.Әуезов).
4) Қысқартылып алынған өлшем атаулары өздері де, алдындағы санынан
бөлініп те алынбайды (км, г, см, 25кг, 10км).
5) Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқы буыны арқылы қысқарған
сөздер (ТМД, ҚазМҰУ, АлМҰУ).
Екпін
Сөз құрамындағы буындардың біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ
ажыратылып, көтеріңкі айтылуы.
Интонация/Дауыс ырғағы
1) Сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты
әуені.
2) Сөздердің мағыналық топтарын, оқшау сөздерді айырым үнмен,
сөйлемдерді тиісті әуенмен, олардың құрамындағы сөздердің бірін
көтеріңкі, бірін бәсең дауыспен айту.
3) Дауыс екпінінің біресе жоғарылап, біресе бәсеңдеп айтылуы, дауыс
ырғағы.
Үндестік заңы
Буын үндестігі дегеніміз
Сөз бен қосымша құрамындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке болып үндесуі.
Буын үндестігі (мысал)
Ауылдағыларға, үйдегілерге, балалық.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
1) көмектес септігінің жалғауы. (адаммен, қонақпен, сенімен)
2) –нікі, (-дікі, -тікі), -тай, -тал, -дар, -еке (баланікі, әкетай,
діндар,
ағаеке, өсімтал).
3)бей-, би-, -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -кеш, -хана, -кес (бейшара,
бинарлық, жұмыскер, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш,
емхана, зиянкес).
4) –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина-ларға аяқталған сөздер(Әуезов,
Алтыбаев,
Жұмағазина, Сейфуллин).
5) соңғы буынында ә, я дыбыстары бар сөздерде және х дыбысына
аяқталатын сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады (кінәлау,
күмәндану, поляктар, полярлық, тарихқа, цехта)
6) соңғы буында ю дыбысы бар сөздерге рк, рг, кт, ск, нк, лк, нг, нк
сияқты дыбыстар тіркесіне және жіңішкелік белгіге (ь) аяқталған
сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. (полюске, парашютті,
хирургке, Томскіден, пунттен, ансамбльден, рульді, бинокльден)
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымша жігінде немесе сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз
дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал
Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал (мысал)
Балалар, күздік, отпен, ғарышқа(айтылуда да, жазылуда да), Қонысбек,
Тынысбек, алып бер-жазылуда,ал айтылуда- Қоныспек,Тыныспек,алып пер
Кейінді ықпал
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі
дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі.
Кейінді ықпал (мысал)
Күрегі, добы (айтылуда да жазылуда да), құрылысшы, жұмысшы-жазылуда. Ал
айтылуда:құрылышшы,жұмышшы
Тоғыспалы ықпал
Сөз бен қосымша жігінде, біріккен сөздер құрамында қатар тұрған дыбыстардың
бір – біріне әсер етуінен екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап, басқа дыбысқа
ауысуы.
Тоғыспалы ықпал
Досжан, Жанқожа-жазылуда, айтылуда-Дощан,Жаңғожа.
Орфография
1) сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.
2) Сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
Орфоэпия
1) Сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы.
2) Ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл
нормасының жиынтығы.
Лексикология
Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам)
1) белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы
2) белгілі бір тілдегі сөз байлығы
Диалект сөздер
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұоғындардың сөйлеу тілінде ғана
кездесетін сөздер.
Диалект сөздер (мысал)
Оттық, сіріңке, сым, дәукен, нән.
Кәсіби сөздер
Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я
шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын
сөздер.
Кәсіби сөздер (мысал)
Шербек (үлкен ара), атауыз (шеге суырғыш), жүйек (көкөніс, жемістер
отырғызылған арықшалар), ақаба (судың лай түрі).
Термин сөздер
Ғылым, техника, өндіріс және т.б саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат
атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздер (мысал)
Квадрат, егемен, жарғы, нарық, төлқұжат, глобус, антоним, материк.
Жаңа сөздер (неологизмдер)
Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер
Жаңа сөздер (мысал)
Тәлімгер, егемендік, ұшақ, жарлық, компьютер, маркетинг.
Көнерген сөздер
Қолданыстан шығып қалып,тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы
көмескі айтылатын сөздер.
Архаизмдер
Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт – сана, әдет – ғұрпына қарай әр дәуірде
өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескірген сөздер.
Архаизмдер (мысал)
Торқа, биқасап, сауын айту, ұрын бару, шидем, күпі, кебеже
Тарихи
Қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген сөздер
Тарихи сөздер (мысал)
Ояз, болыс, шабарман, ұя (партия ұясы), уәзір.
Кірме сөздер
1) Шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер
2) Басқа тілден енген сөздер.
Кірме сөздер (мысал)
Тарих, әдебиет, мәдениет, тәрбие-араб-парсы тілінен;
Аймақ, жарлық, нөкер, ұлыс- моңғол тілінен;
Кереует, бөтелке, бәтеңке, сөмке-орыс тілінен;
Сөз мағынасы
Сөздің тура мағынасы
1)Сөздің заттар мен құбылыстардың және олардың негізгі белгілерінің
бейнесімен тікелей байланысты лексикалық мағынасы
2) Сөздің затты, не құбылысты атап білдіретін мағынасы
3) Әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы
«Қара» сөзі тура мағынасында қолданылып тұрған сөйлем
1) Шахтерлер қара көмірді тау қылып үиіп тастапты.
2) Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы.
3) Қара түнді қақ жарып, бір машина келеді.
4) Қара тақтаға ақ бормен жазған әдемі көрінеді.
5) Қара домалақ балалардың көбейгені жақсы.
Сөздің ауыспалы мағынасы
1)Бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау
етіп ауыстырып қолданылғанда берілетін мағына.
2)Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір
заттың, не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде жасалған
мағынасы.
«Ашық» сөзі ауыспалы мағынасында қолданылып тұрған сөйлем.
а) Ашық ауыздық ешкімге жақсылық әкелмейді.
ә) Айгүл – мінезі ашық, сыпайы қыз.
б) Кеше мекемеде ашық жиналыс болды.
в) Аудандық газетте мектеп бітірушілердің ашық хаты жарияланды.
Сөздің көпмағыналығы
а) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
ә) Әр түрлі мағынасы бар жеке сөз.
Сөздің көпмағыналығы (мысал)
Түбір, кілт, төркін, көз, бет, түп, құлақ.
Синоним сөздер
а) Мағыналары бір-біріне жақын
ә) Мағыналары өзара мәндес
б) Дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
в) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
г) Жазылуы бөлек, өзара мағыналас
Синоним (мысал)
а) салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды
ә) маңай, төңірек, айнала.
б) келбет, көрік, шырай
в) әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы
Антоним сөздер
а) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы
ә) Бір-біріне қарсы мағынада айтылатын
б) Бір-біріне мағыналары қарама-қарсы
Антоним (мысал)
а) кең-тар
ә) ақ-қара
б) жарық-қараңғы
в) үлкен-кіші
г) ыстық-суық
Омоним сөздер
а) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі
ә) Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ
б) Дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары әр басқа
в) Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін
Омоним сөздер
Көш, жаз, қас, алма, бөлме, қос
Табу
а) Мифтік ескі аным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер
ә) Наным–сенімге байланысты кейбір заттардың аттарын басқаша атаудан
туындаған сөздер
Табу(мысал)
Қайынаға, қайыніні, д.с туысқандық атаулар, ауру түрлеріне байланысты
(қорасан –шешек, жаман ауру – қылтамақ- рак), азулы аңдардан (қасқыр-
ұлыма), табиғаттың түсініксіз құбылыстарынан қорыққаннан (найзағай-жасыл).
Эвфемизм
а) Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына
қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер.
ә) Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда
орнына қолданылатын сыпайы сөздер.
Эвфемизм (мысал)
Мылжың – сөзуарлау, өтірік айту-қосып айту, ұрлық жасама-ала жібін аттамау.
Дисфемизм
а) Ауызекі сөйлеу тілінде әдепті сөздерді алмастырып, орнына дөрекі
сөздерді қолдану
ә) Әдеби тілге жат, тек ауызекі сөйлеу тілінде жақсы ұғымды сөздерді нашар
ұғымды сөздерге алмастыру
Дисфемизм(мысал)
Боқмұрын, қырт
Тұрақты тіркес
а) Құрамын өзгертіп айтуға болмайтын сөздер тіркесі
ә) Құрамындағы сөздердің жеке дара лексикалық мағыналары емес, тек тұтас
күйіндегі мағыналары түсінілетін сөздер тіркесі
б) Екі немесе біреше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз
тіркесі.
Тұрақты тіркес (мысал)
Төбе шашы тік тұру, үмітін үзу, жүрек жұту.
Идиомалық тіркес
Сөздердің байланысы берік болып, олардың тұтас топ болып тұрғандағы
мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны
білдіреді.
Идиомалық тіркес (мысал)
Қой аузынан шөп алмайтын, салы суға кетіп отыр, тісін қайрап жүр.
Фразалық тіркес
Тұрақты тіркестерінің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің
бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады.
Фразалық тіркес (мысал)
Таяқ жеу, жаны ашу, үрейін ұшыру.
Еркін тіркес
Құрамындағы сөздердің орнын алмастырып қолдану әрқайсысының дербес
лексикалық мағынасымен байланысты болады.
Еркін тіркес (мысал)
Жақсы кісі, жақсы әдет, жақсы ниет
Мақал
а) Аз сөзбен көп мағына беру жолы
ә)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні
Мақал (мысал)
Кең болсаң, кем болмайсың.
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы.
Мәтел
Ой-пікірдің бейнелі, әрі тұспалдап айтылуы.
Мәтел (мысал)
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Жақсы адамға жау жоқ.
Морфология
Сөз және оның формалары туралы ілім
Морфема
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшек.
Түбір морфема
а) сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлігі
ә) сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, бөлшектенбейтін ең түпкі
бөлшегі
б) мофемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе
әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбыстық құрам
Қосымша морфема
Түбірге қосылып, оған қосымша мағына үстейтін морфема.
Жұрнақ
Жаңа мағына тудыратын, мағына түрлендіретін қосымша морфема.
Жұрнақтың түрлері
Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші
Сөз тудырушы
а) жаңа лексикалық мағына жасайды
ә) жаңа мағыналы сөз жасайды
б) сөздің мағынасын өзгертеді
Сөз тудырушы (мысал)
Көзде, саңқыл, бұрғы, байлам, күлкі, сөйлем, талас, өріс
Сөз түрлендіруші
а) сөзге грамматикалық мән береді
ә) сөзге үстеме мағына қосады
б) лексикалық мағына тудырмайды
Сөз түрлендіруші (мысал)
Ағажан, кітапша, көрген, баратын, келсе, барғалы, әдемілеу, ботақан, ақшыл,
көлшік.
Жалғау
Сөйлемдегі сөздер арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіріп, сол
қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет ететін қосымша.
Жалғаудың түрлері
Көптік, септік, тәуелдік, жіктік
Жалғаудың түрлері(мысал)
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, - тер
-ның, -нің, - дың, -дің, -тың, -тің
-ға, -ге, -қа, -ке, -ты , -ті, -ды, -ді, -ны, -ні
-да, -де, -та, -те , -нда, -нде, -мен, -бен, -пен
-менен, -бенен, -пенен
-мын,-мін,-бын,-бін,-пын,-пін,-пыз,-піз,-быз,-біз
-ым,-ім,-м,-ың,-ің,-ыңыз,-іңіз
Сөздердің түрлері
Атаушы
а) лексика-грамматикалық мағына береді
ә) сөйлемнің белгілі мүшесі болады
б) шындық болмыстағы әр қилы құбылысты, ұғымды білдіреді
Көмекші
а) белгілі бір сөздің жетегінде жүреді
ә) мағыналық дербестігі жоқ немесе солғындаған
б) сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
Одағай
а) ақиқат ұғымды білдірмейді
ә) басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді
б) әр түрлі көңіл-күймен байланысты айтылады
Туынды сөз
а)Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөз
ә)Жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер
Туынды сөз (мысал)
Ойна, тұзда, суырма, кеспе
Жалаң сөз
Құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздер
Жалаң сөз (мысал)
Ауыл, қала, оқушы, кітапхана
Күрделі сөз
а) құрамындағы ең кемі екі негізгі түбір бар сөз
ә)ритм, ырғақ жағынан бірұдай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас,
лексика – грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен тұрақталған
құрама сөз
б) кірігіп, бірігіп, қосарланып, тіркесіп, қысқарып жасалған сөздер
Күрделі сөз (мысал)
Жиырма бес, әке-шеше,АҚШ, саңырауқұлақ
Кіріккен сөз
а) компоненттердің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан
айрылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағынаны білдіретін сөз
ә) компоненттері фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-
бірімен белгілі дәрежеде әр үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөз
Кіріккен сөз (мысал)
Бүгін(бұл күн), биыл(бұл жыл), әкел(алып кел), әкет(алып кет)
Біріккен сөз
Компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге
ұшырамай – ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық
мағына білдіретін күрделі сөз.
Біріккен сөз (мысал)
Аққу, аққұтан, қаламсап, орынбасар, оттегі, Жұмабай.
Қос сөз
Компоненттері я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның
бір сыңарының не бір буынының, не бір дыбысының өзгеріліп жамалуынан
құралады немесе морфологиялық жағынан біртектес я синоним, я антоним
сөздерден салаласып құралады.
Қос сөз түрлері
Қайталама қос сөз
Белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы
арқылы, я сол сөздің не бір дыбысының немесе бір буынының өзгеріп
қайталануы арқылы жасалған сөз.
Қайталама қос сөз (мысал)
Қора-қора, мая-мая, үлкен-үлкен, ұсақ-ұсақ, бара-бара, үй-үйден, ат-мат,
сарт-сұрт, қалт-құлт, ап-ашық.
Қосарлама қос сөз
Лексикалық мағынасы басқа – басқа екі түрлі сөзден құралады
Қосарлама қос сөз (мысал)
Ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кеш , жатса-тұрса, туған-өскен, алды-арты, іші-
сырты.
Қысқарған сөз
Күрделі атаулардың ықшамдалып, қысқарған түрі
Қысқарған сөз (мысал)
ҚазМҰУ,АҚШ, кеңшар, пединститут, ауатком, кг, мм
Зат есім
Заттың атын, табиғаттағы әр алуан құбылыстарды, ұғымдар мен түсініктерді
білдіретін сөз табы.
Зат есім (мысал)
Қымыз, түтін, шаш, жаңбыр, таусымақ, Мұқа, қалқатай, апажан, қызылша, төсек
орын, жемістер.
Зат есімнің деректі түрі
Көзбен көріп, қолмен ұстап көруге болатын, нақтылы ұғым атаулары.
Деректі (мысал)
Дәптер,кітап, қалам, алма, Нұрахмет
Зат есімнің дерексіз түрі
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын ұғым атаулары
Дерексіз түрі (мысал)
Арман, қиял, сезім,сенім
Жалпы есім
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат
есімдер
Жалпы есім (мысал)
Ағаш, ат, ас, түсінік, сана, ер, ес, бас, дала, көмір
Жалқы есім
Жеке я дара заттарға берілген зат есім
Жалқы есім (мысал)
Сырдария, Іле, Меруерт, «Талапты» ауылы, Отырар ауданы, «Ұлағат» газеті
Есімнен болған туынды зат есім
Қойшы, әдебиетші, егіншілік, жаңалық, айлакер, арбакеш, тоқылдақ, Шымкент.
Етістіктен болған туынды зат есім
Кеспе, білім, шалғы, ұрыс, піспек, жазмыш, сүйемел, көрермен, көмір,
қарауыл.
Ілік жалғаулы сөзі бар тіркес
Қаланың маңы, адамның жаны, ағаштың көлеңкесі, машинаның даусы, жұлдыздың
жарығы.
Көмектес септігіндегі сөзі бар тіркес
Менімен барды, көшемен жүрді, жігітпен таныстым, түнімен қыдырдық, қасықпен
іштім.
Сын есім
Заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол
сияқты сыр – сипатын білдіретін лексика – грамматикалық сөз табы.
Сын есім (мысал)
Салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең, қызыл, ауыр, салмақты, ақылды
Зат есімнен болған сын есім
Епті, күлкішіл, білімпаз, рухани
Етістіктен болған сын есім
Жылжымалы, сүріншек, сүзеген
Негізгі сын есім
кермек, сараң
Туынды сын есім
Мәдени, бояма, көшпелі, күздік
Сапалық сын есім
Ұзын, қызыл, ащы, момын, ашық, жабық, тегіс, қараңғы, кәрі, сынық
Қатыстық сын есім
Бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін
сөздер
Қатыстық сын есім (мысал)
Түнгі, тоқпақтай, білгіш, нулы, балалы.
Жай шырайлы сын есім
Семіз, домалақ, ауыр, ұзын
Күшейтпелі шырай
Қоп-қоңыр, аппақ, сап-сары, жасыл
Салыстырмалы шырай
Үлкенірек, ақшылтым, сарылау
Сан есім
Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы
Есептік сан есім
Бір, он екі, бір мың тоғыз жүз тоқсан бес
Реттік сан есім
Үшінші, он алтыншы, отызыншы
Жинақтық сан есім
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
Болжалдық сан есім
Мыңға жуық, жиырмадай, елулеп
Бөлшектік сан есім
Он бүтін жүзден жиырма, бестен екі, оннан бір
Топтық сан есім
Төрттен, жүз-жүзден, бес-алтыдан
Есімдік
Заттың атын, сынын, санын атамай, солардың орнына жұмсалатын, белгілі бір
түсінікті я ойды жалпылама түрде нұсқай отырып білдіретін сөз табы
Есімдік (мысал)
Ол, кім, әлдеқашан, бүкіл, түгел, сол, осынау, өз, ешбір, кейбіреу
Жіктеу есімдігі
Мен, сен, біз, ол, біздер, сендер, олар
Сілтеу есімдігі
Бұл, сол, анау, мынау, осынау, сонау, әне, міне.
Сұрау есімдігі
Кім?, не?, қай?, қандай?, қанша?, қалай?, қашан?
Өздік есімдігі
өз
Белгісіздік есімдігі
Біреу, бірнеше, әркім, әрқалай, әлдеқандай, әлденеше
Болымсыздық есімдігі
Еш, ешкім, ешбір, ешқайсысы
Жалпылау есімдігі
Бәрі, күллі, барша, барлық
Етістік
Зат пен құбылыстың іс-әрекетін, қимыл – қозғалысын білдіретін сөз табы
Туынды етістіктер
Шегеле, тазала, баста, ойна, молай, ағар, басқар, жарқыра
Негізгі етістік
Жаз, оқы, жүр, күл, айт
Етіс
Іс-әрекет істеушінің сол іс-әрекетке қатысы
Ырықсыз етіс жұрнағы бар сөз
Салынды, орылды , ілінді , естілді, айтылды
Өзгелік етіс жұрнағы бар сөз
Айттырды, айтқызды, барғызды, шақыртты
Өздік етіс
Жуын, киін, таран
Ортақ етіс
Алыс, беріс, ұшырас
Рай
Іс-әрекеттің объективті шындыққа байланысы
Ашық райлы сөйлем
а) Әркім өз ойымен отыр.
б) Келемін тау ішінде түнделетіп.
Бұйрық райлы сөйлем
а) Ғылым таппай мақтанба.
б) Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда!
Шартты райлы сөйлем
а) Жарқырап бір көрінсін дейміз!
б) Барса, жүрсе болғаны.
Қалау райлы сөйлем
а) Шіркін, мен оны көрсем!
б) Айтқым келді . Ол келсе игі еді.
Шақ
Амал -әрекеттің мезгілімен байланыстылығы
Өткен шақ түрлері
Жедел, бұрынғы, ауыспалы
Келер шақ
Болжалды, мақсатты, ауыспалы
Осы шақ
Нақ, ауыспалы
Үстеу
Іс-әрекет, қимылдың мөлшерін, көлемін, сан түрлі сапасын, бейнесін,
орындалу амалын, себебін, орындалуының жай-күйін білдіретін сөз табы
Үстеудің мағыналық топтары мен түрлері
Мезгіл, мекен, сын-қимыл,мөлшер, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау.
Шылау
а) Ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ,
қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркінінен біржола қол
үзіп, дербестігінен айрылған көмекші сөз.
б) Сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру,
құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы
реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-
грамматикалық мағынасы бар сөздер.
Түрлері
Жалғаулықтар
Өзара тең, бірыңғай сөздердің, сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің
аралығындағы әр қилы қатынастарды білдіретін көмекші сөз (мен, бен, және,
тағы, әрі, да,әлде, біресе, бірде, немесе, мейлі, әйткенмен, сонда да,
себебі, демек, яғни, ендеше)
Септеуліктер
Объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық
қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп
тұратын көмекші сөз (үшін, сайын, туралы, бойы, шамалы, шақты, жайлы,
жайында, арқылы, қаралы, ғұрлы, шейін, қарай, таман, бері, кейін, соң,
бұрын, бетер) 4 септікті меңгереді:атау, барыс,шығыс,көмектес.
Демеуліктер
Өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын көмекші
сөздер(ма, ме, ба, бе, па, пе, ше, ау, ай, ақ, қой, ғой, ды, ді, ты, ті,
қана, ғана, мыс, түгіл, тұрмақ, екеш )
Еліктеуіш
Табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне
қақтығысу – соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-
жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту
қабілеті арқылы белгілі бір түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол
түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздер.
Қимылдық мағынаны білдіретін еліктеуіш сөз
Қалт-құлт, арбаң-ербең
Бейнелеуіш еліктеуіш
Жымың-жымың, далаң-далаң, жалп
Дыбыстық еліктеуіш
Тарс-тұрс, сырт, саңқ
Одағай
Адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишаратты, мағыналары
құбылмалы, ауыспалы, яғни көпмағыналы болатын сөйлемнің басқа мүшелерімен
грамматикалық байланысқа түспейтін өзіндік ерекшелігі бар сөз табы.
Көңіл-күй одағайы
Әттеген-ай, бәрекелді, ойпырмай, түу, әй.
Жекіру, шақыру одағайы
Тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, сап-сап, айда.
Тұрмыс – салт одағайы
Қош, қайыр, рахмет, құп, кеш жарық, ассалаумағалейкүм .
Сөз тіркесінің түрлері
Есімді тіркес(мысал)
Алтын қасық, сұлу қыз, ақ орамал
Етістікті тіркес(мысал)
Жақсы сөйлейді, жоғары көтерілді
Сөздердің байланысу тәсілдері
Жалғау арқылы, шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация
арқылы
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Сөйлемдегі негізгі ойдың иесі болып тұрған мүше
Баяндауыш
Сөйлемдегі негізгі ойды іс-әрекет, қимыл тұрғысынан баяндап тұратын мүше
Анықтауыш
а) Заттық ұғымды, ойды сын-сапа, сан-мөлшер жағынан сипаттайтын мүше
ә) Сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан
сипаттайтын мүше
Толықтауыш
а) Септік жалғауларының бірінде келіп, онымен заттық ұғымда байланысатын
мүше.
ә) Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағынасы жағынан сипаттайтын мүше
Пысықтауыш
а) Іс-қимылдың мезгіл, мекенін, т.б сипатын білдіретін мүше.
ә) Сөйлемде іс-оқиғаны себеп, мақсат жағынан сипаттайтын мүше
Жай сөйлем
Белгілі бір тиянақты ойды білдіретін, бір ғана предикаттық орталығы болатын
сөйлем түрі
Түрлері
Жақты сөйлем
Грамматикалық бастауышы бар, не бастауыш ерекше айтылмай, оның қай сөз
екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын жай сөйлем.
Жақсыз сөйлем
Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы
үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем.
Толымды сөйлем
Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем.
Толымсыз сөйлем
Ойға қатысты мүшелері толық айтылмаған сөйлем.
Атаулы
Сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек бастауыш ыңғайындағы
сөзден, сөз тіркестерінен құралған сөйлем.
Құрмалас сөйлем
а) екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
ә) екі я одан да көп жай сөйлемдерден болып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
б) екі жай сөйлем, не бірнеше жай сөйлемнен тұрып күрделі ойды білдіретін
күрделі сөйлем
Құрмалас сөйлемнің түрлері
Сабақтас, салалас, аралас
Салалас
Ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес,түсіндірмелі.
Салалас құрмалас сөйлем
а) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең
дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем түрі
ә) құрамындағы екі,не одан да көп жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты
болып байланысқан құрмалас сөйлем түрі
Салалас құрмалас сөйлем (мысал)
а) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
ә) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
б) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол
Қызылордадан Алмалыққа біржола көшіп келді.
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
а) құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ойдың екіншіге мезгілдес,
бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болатын салалас түрі.
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі ой мезгілдес,
бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста болып келетін салалас
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (мысал)
а) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырады, шөп
суылдады.
ә) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
б) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.
Қарсылықты салалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама–қарсы мәнде айтылғандықты
білдіретін салаластың түрі
ә) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы
мәнде айтылған түрі
Қарсылықты салалас (мысал)
а) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты
ә)Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық бұрынғыдай
мазасыздандырмайды
б) Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын.
Түсіндірмелі салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы
алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салалас түрі
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы соңғысына меңзеп, ал соңғысы
бастапқы сөйлем мазмұнын ашатындай қатынаста болатын салаластың түрі
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем (мысал)
а) Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді:
ол-Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаян деген сияқты
шақпалы жәндіктері
ә) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды
көз алдарында шын көріп тұрғандай болды
б) Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады: бірі-жеміс отырғызу мәселесі,
бірі- ағаш қондыру мәселесі
Себеп-салдар салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы
алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі
ә)құрамындағы жай сөйлемдердің бастапқысы кейінгісінің, не кейінгісі
бастапқысының себебін білдіретін салалас түрі
Себеп-салдар салалас (мысал)
а) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді
ә) Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным
қаттырақ ауырар еді
Талғаулы салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге
асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың үрі
ә) құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі іс-оқиғаның орындалуын
болжайтын түрі
Талғаулы салалас (мысал)
а) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген
айтар
ә) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын
б) Ауылдан тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба?
в) Дәулеткелді бұның не сөзінен қызық күтеді, не бір мінінен әлдеқандай
қызық күтеді
Кезектес салалас құрмалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп
келуін білдіретін салалас түрі
ә) құрамындағы жай сөйлемдердегі іс-оқиғалар кезектесіп келетін іс салалас
түрі
Кезектес салалас құрмалас (мысал)
а) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады
ә) Машина жүрісін шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді
б) Біржан біресе бұлбұл нақысты көп ырғақты «Жиырма бесті»
созады, біресе назды қоңыр кең тынысты «Жанбота» шығады
Сабақтас құрмалас сөйлем
а) құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып,
соңғысына бағына байланысқан түрі.
ә) құрмалас ішіндегі жай сөлемдердің бастапқысы тиянақсыз болып,
кейінгісіне бағына байланысқан түрі
Сабақтас
Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы , себеп бағыныңқылы, мезгіл
бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
а) бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін
сабақтастың түрі
ә) сабақтастың бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің шарты болып
келетін түрі
Шартты бағыныңқы (мысал)
а) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың
ә) Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым күшейеді
б) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
а) басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы айтылған
іске басыңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған сабақтастың түрі
ә) сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы бөлігіндегі іске бағыныңқы бөліктегі
айтылған іс немесе бағыныңқы бөліктегі іске басыңқы бөліктегі іс қарсы
қойыла айтылған сабақтас түрі
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас (мысал)
а) Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін
алмаған-ды
ә) Ұлберген кедей болғанмен, киім – кешектерін таза ұстайтын
б) Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне
мұқтаж болады екен
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
а) Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін түрі
ә) Сөйлемнің бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігінде айтылған ойдың себебін
білдіретін түрі
Себеп бағыныңқы (мысал)
а) Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау
сөзін бастаған жоқ
б) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді
в) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып
тұрады, біресе отырады
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін түрі
ә) Бағыныңқы бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің мезгілін білдіретін түрі
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреті түрі
Қимыл – сын бағыныңқы (мысал)
а) Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпет сулайды .
ә) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан
тәрізді
б) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жол аушылар тағы
да жолға шықты
Мақсат бағыныңқы сабақтас
а) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін түрі
ә) бағыныңқы бөлік басыңқы бөліктегі істің мақсатын білдіретін түрі
Мақсат бағыныңқы сабақтас (мысал)
а) Ана мен балның бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының
сыбдырын сездірмеуге тырысты
ә) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбеккүн көп болуға тиісті
б) Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар
Көп бағыныңқы сабақтас
а) құрамында екі, не одан да көп бағыныңқы сөйлем бар сабақтас түрі
ә) Құрамындағы екіден көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас түрі
б) Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан
түрі
в) Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне –бірі
бағынып барып байланысқан
Аралас құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та
байланысқан құрмалас түрі
Аралас құрмалас (мысал)
а)Кү шығып, ел тұра бастады, Нұрлан жоқ
ә) Қорған кезінде топырақ араластыра тастан алған екен де, бұл кезде
қорғанның үстінде жыңғыл мен шеңгел аралас шығып өзінше ол да бір сән беріп
тұр
б) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынан тұра бергенде, Шолақ
құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді ат етпетінен түсті
Төл сөз
а) Біреудің сөзі ешбір өзгеріссіз, дәл сол айтылған күйінде жеткізілуі
ә) Пікір айтушының ойының еш өзгеріссіз жеткізілуі
б) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол
айтылған күйінде берілген сөз
Төл сөз (мысал)
а) –Бұл қыз менің қарындасым ,-деді Кенжетай, Асқардың сұрағысы келгенін
біліп
ә) –Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау ұшін
б) –Жақа, біздің балалар қолға алса, іс осылай тез бітеді – деді ол
Төлеу сөз
а) Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын
сақтап қана жазылуы.
ә) Біреу пікірінің өзгеріске ұшырап, тек мазмұны ғана сақталып жазылуы
б) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілетін сөз
Төлеу сөз (мысал)
а) Кенжетай Асқардың сұрағысы келгенін біліп, бұл қыз өзінің қарындасы
екенін айтты
ә) Итбай сөз бастау үшін, бұл үйдің жанының нешеу екендігін сұрады
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
| |-А- | |
|-а1 |Көсемше (етістікке |айт-а-мын |
| |жалғанса)жұрнағы | |
|-а2, |Зат есімнің рең мәнін |Мұқ-а |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-а3 |Барыс септік жалғауы (зат |тойым-а |
| |есімге жалғанса) | |
|-а4 |Есімдерден етістік |сан-а |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ар1 |-//- |жас-ар |
|-ай1 |-//- |мол-ай |
|-ай2 |Еліктеу сөзден етістік |жалп-ай |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-айын |Бұйрық рай жұрнағы,жекеше|бар-айын |
| |түрі | |
|-айық |-//-,көпше түрі |бар-айық |
|-ақ1 |Етістіктен зат есім |қон-ақ |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-ақ2 |Етістіктен сын есім |Қор(ы)қ-ақ(ы түсіп қалады)|
| |тудыратын жұрнақ | |
|-аған |-//- |Қа(п)б-аған (кейінді |
| | |ықпал) |
|-аң |Сын есімнің шырайын |боз-аң |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ар2 |Есімшенің жұрнағы |бар-ар |
|-атын |-//- |бар-атын |
|-ау |Жинақтық сан есім жұрнағы | алт(ы) –ау ы түсіп қалады|
|-аң, |Туынды еліктеуіш жұрнағы |томп-аң |
| | -Б- | |
|-быз,-біз |Жіктік жалғауы, көпше түрі|келген-біз |
|-бын,-бін |-//-, жекеше түрі | |
|-бақ,-бек |Есімшенің жұрнағы |қон-бақ |
|-бен,бенен |Көмектес септігінің |сіз-бен |
| |жалғауы | |
|-ба,-бе1 |Етістіктің болымсыз түрі |жаз-ба |
| |жұрнағы |көрін-бе |
|-бе2 |Етістіктен зат есім |сүз-бе |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-бақ,-бек |-//- |жұм-бақ |
|-ба,-бе3 |Етістіктен сын есім |қыз-ба, бөс-пе |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | -Г- | |
|-ген |Есімше(бұр. өткен |кел-ген |
| |шақ)жұрнағы | |
|-ге |Барыс септік жалғауы |үй-ге |
|-гер1 |Есімдерден зат есім |сауда-гер |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-гі1, -гіш, |Етістіктен зат есім |сүз-гі, іл-гіш |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-гек, |-//- |іл-гек |
|-гі2 |Есімдерден сын есім |күз-гі |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-гі3, -гей |Қалау райдың жұрнағы |кел-гі-сі |
|-гі4 |Етістіктен сын есім |күлдір-гі |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-гіш |- |біл-гіш |
|-гір |- |біл-гір |
|-гілікті |Есімдерден сын есім |жер-гілікті |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-гер2 |Есімдерден етістік |тең-гер |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-гіле |Етістіктен етістік |кер-гіле |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-гіз |Өзгелік етіс жұрнағы |әкел-гіз |
|-гелі |Көсемше жұрнағы |кел-гелі |
|-гөй |Зат есімнен сын есім |ақыл-гөй |
| |тудыратын жұрнақ | |
| | -Ғ- | |
|-ға |Барыс септігінің жалғауы |тау-ға |
|-ған |Есімшенің жұрнағы |оқы-ған |
|-ғар |Есімдерден етістік |оң-ғар |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-ғалы |Көсемше жұрнағы |бар-ғалы |
|-ғыз |Өзгелік етіс жұрнағы |ал-ғыз |
|-ғы1 |Етістіктен зат есім |бұр-ғы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ғы2,-ғай |Қалау рай жұрнағы |бар-ғы-м, бар-ғай-сың |
|-ғы3 |Есімдерден сын есім |жаз-ғы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ғыш |Салыстырмалы шырай жұрнағы|сар-ғыш |
|-ғыш1 |Етістіктен зат есім |сыз-ғыш |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ғыш2 |Етістіктен сын есім |жаз-ғыш |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ғақ |-//- |тай-ғақ |
|-ғыр1 |Етістіктен сын есім |тұр-ғылықты |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ғылтым |Салыстырмалы шырай жұрнағы|боз-ғылтым |
|-ғылт |-//- |сұр-ғылт |
|-ғыл |-//- |боз-ғыл |
|-ғыла |Етістіктен етістік |бұр-ғыла |
| |жасайтын жұрнақ | |
| |-Д- | |
|-дар1,- дер |Көптік жалғау | адам-дар |
|-дар2 |Есімдерден сын есім |білім-дар |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-да1,-де1 |Жатыс септік жалғауы |жер-де |
|-да2,-де |Еліктеу сөзден етістік |ербең-де |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-да3,-де |Есімдерден етістік |тұз-да |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-дат,-дет |-//- |ән-дет |
|-дан1,-ден |Есімдерден етістік |көңіл-ден |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-дан1,-ден |Шығыс септік жалғауы |ауыл-дан |
|-дан1,-ден |Топтау сан есімінің |жүз-ден |
| |жұрнағы | |
|-дай,-дей |Үстеу жасайтын жұрнақ |жаз-дай |
|-дай1,-дей1 |Есімдерден сын есім |таудай |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-дай2,-дей2 |Болжалдық сан есім жұрнағы|40-30-дай |
|-дап,-деп |-//- |он-дап |
|-дың,-дің |Ілік септігінің жалғауы |ел-дің |
|-дыр,-дір |Өзгелік етіс жұрнағы |оз-дыр |
|-ды1,-ді1 |Табыс септігінің жалғауы |ел-ді |
| |(зат есімге жалғанса) | |
|-ды1,-ді2 |Жедел өткен шақ/ етістікке|кел-ді |
| |тікелей жалғанса/ жұрнағы | |
|-ды1,-ді3 |Жіктік жалғауы /көсемше |кел-е-ді |
| |арқылы жасалса/ | |
|-ды1,-ді4 |Есімдерден сын есім |құм-ды жер |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-дық1,-дік1 |-//- |күз-дік |
|-дық2,-дік2 |Есімдерден зат есім |бел-дік |
| |жасайтын жұрнақ. | |
|-дас,-дес1 |-//- |жол-дас |
|-дас,-дес2 |Есімдерден етістік |ұйым-дас |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-дау,-деу |Сын есім шырайын жасайтын|үлкен-деу |
| |жұрнақ | |
|-дау1 ,-деу1 |Үстеу жасайтын жұрнақ |тез-деу |
|-даған |Болжалдық сан есім жұрнағы|мың-даған |
|-деген |Болжалдық сан есім жұрнағы|жүз-деген |
|-дайын |Үстеу жасайтын жұрнақ |тоты-дайын |
|-дікі |Меншіктік мәнді білдіреді |біз-дікі |
|-дақ |Етістіктен зат есім |қуыр-дақ |
| |жасайтын жұрнақ | |
| |-Е- | |
|-е1 |Көсемше (етістікке |кел-е-ді |
| |жалғанса) жұрнағы | |
|-е2 |Барыс септік (зат есімге |төрім-е |
| |жалғанса)жалғауы | |
|-е3 |Зат есімнен етістік |сын-а, өрт-е |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-еке1,-ек1 |Зат есімнің рең мәнін |Әб-еке |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-ейін |Бұйрық рай жұрнағы,жекеше |кел-ейін |
|-ейік |Бұйрық рай, 1ж. көпше |кел-ейік |
|-еген |Етістіктен есім тудыратын |сүз-еген |
| |жұрнақ | |
|-ер1 |Есімшенің жұрнағы |кел-ер |
|-ер2 |Есімдерден етістік |кө(к)г-ер |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-етін |Есімше жұрнағы |көр-етін |
|-еу |Жинақтық сан есім жұрнағы |бес-еу |
|-ең |Еліктеу сөз жасайтын |елп-ең |
| |жұрнақ | |
| |-Ж- | |
|-жан |Зат есімнің рең мәнін |Абай-жан |
| |тудыратын жұрнақ | |
| |-И- | |
|-й1 |Зат есімнің рең мәнін |апа-й |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-й2 |Көсемше(етістікке |сөйле-й |
| |жалғанса) жұрнағы | |
|-и3 |Есімдерден сын есім |тарих-и |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-и5 |Еліктеуден етістік |қылт-и |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-йтын |Есімшенің жұрнағы |сұрайтын |
|-йтін |-//- |сөйле-йтін |
|-йын,-йін |Бұйрық рай жұрнағы,1- жақ,|ойна-йын |
| |жекеше | |
|-йық,-йік |-//- ,1- жақ, көпше |ойна-йық |
| | | |
| |-К- | |
|-ке |Барыс септігінің жалғауы |ет-ке |
|-кен |Есімше жұрнағы |күт-кен |
|-кі,-кей |Қалау райдың жұрнағы |кет-кі-сі |
|-кі1,-кіш |Етістіктен зат есім |кес-кі, кес-кіш |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кі2 |Есімдерден сын есім |іш-кі(бөлме) |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кір |Етістіктен сын есім | |
| |жасайтын жұрнақ |өт-кір |
|-кілікті |-//- |жет-кілікті |
|-к1 |Жіктік жалғау |жеткіз-се-к |
|-к2 |Етістіктен зат есім |күре-к |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кер1 |Есімдерден етістік |ес-кер |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кер2 |Есімдерден сын есім |табыс-кер |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кер3 |Есімдерден зат есім |талап-кер |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-келі |Көсемше жұрнағы |кет-келі |
|-кіле | Етістіктен етістік |кес-кіле |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кек |Етістіктен сын есім |керіс-кек |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-кіз |Өзгелік етіс жұрнағы |сеп- кіз |
| | -Қ- | |
|-қыз |Өзгелік етіс жұрнағы |айт-қыз |
|-қа |Барыс септік жалғауы |шаш-қа |
|-қан |Есімше жұрнағы |айт-қан |
|-қалы |Көсемше жұрнағы |айт-қалы |
|-қар |Есімдерден етістік |бас-қар |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-қай |Сын есім шырайын жасайтын |қоңыр-қай |
| |жұрнақ | |
|-қыр |Етістіктен сын есім |ұш-қыр |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қақ |-//- |ұрыс-қақ |
|-қ1 |Жіктік жалғауы |бар-са- қ |
|-қ2 |Етістіктен сын есім |ақса-қ |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қ3 |Етістіктен зат есім |тара-қ |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қы1 |Етістіктен зат есім |жина- қы,шап-қы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қы2 |Есімдерден сын есім |қыс-қы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қы3 |Қалау рай жұрнағы |айт-қы-сы |
|-қын,-қыш |Етістіктен зат есім |қаш-қын, ұш-қыш |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қыш1 |Етістіктен сын есім |айт-қыш |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қой |Есімдерден сын есім |сән-қой |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-қыла |Етістіктен етістік |ат-қыла |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | -Л-| |
|-лар,-лер |Көптік жалғау |бала-лар |
|-лап,-леп |Болжалдық сан есім жұрнағы|жиырма-лап |
|-лық1,-лік1 |Есімдерден зат есім |бала-лық, екі-лік |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-лық1,-лік2 |Есімдерден сын есім |өлке-лік |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-лы1,-лі1 |-//- |дене-лі |
|-лы1,-лі2 |Етістіктен сын есім |жинау-лы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-лау1,-леу1 |Сын есім шырайы жұрнағы |шикі-леу |
|-лау2,-леу2 |Туынды үстеу жұрнағы |ілгері-леу |
|-лай,-лей |-//- |осы-лай |
|-л |Ырықсыз етіс жұрнағы |тара-л |
|-ла,-ле |Есімдерден етістік | сыр-ла |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-лан,-лен |-//- |ашу-лан |
|-лас,-лес |Есімдерден сын есім |сыр-лас (дос) |
| |жасайтын | |
|-лас,-лес |Есімдерден етістік |сауда-лас |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | -М- | |
|-мыз1,-міз1 |Жіктік жалғау |келе-міз |
|-м1 |-//- |кел-се-м |
|-мын1,-мін1 |-//- |кел-е-мін |
|-мыз2,-міз |Тәуелдік жалғау |бала-мыз, үй-іміз |
|-м2 |-//- |бала-м |
|-м3 |Етістіктен зат есім |сөйле-м |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ман,-мен |-//- |орал-ман |
|-ма,-ме1 |-//- |шығар-ма |
|-ма,-ме2 |Болымсыз етістік жұрнағы |кел-ме |
|-ма,-ме3 |Етістіктен сын есім |бұра-ма,қына-ма |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-мды, -мді |-//- |жара-мды |
|-малы,-мелі |-//- |таңда-малы, бүр-мелі |
|-мен,-менен |Көмектес септік жалғауы |баламмен , баламен |
|-мақ,-мек |Есімше жұрнағы |бар-мақ-пыз |
|-майынша |Туынды үстеу жұрнағы |бар-майыншы |
|-мейінше |-//- |кел-мейінші |
| |-Н- | |
|-ның,-нің |Ілік септігінің жалғауы |күн-нің |
|-ны,-ні |Табыс септігінің жалғауы |ана-ны |
|-н1 |-//- |ана-сы-н |
|-н2 |Өздік етіс |тара-н |
| |жұрнағы/етістікке жалғанса| |
|-н3 |Етістіктен зат есім |бора-н |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-н4 |Ырықсыз(құрамында л дыбысы|тазала-н |
| |болса)етіс жұрнағы | |
|-на,-не |Барыс септік жалғауы |ел-і-не |
|-на,-не |Етістіктен етістік |жи-на |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-нан,-нен |Шығыс септік жалғауы |үйім-нен |
|-нан,-нен |Топтау сан есімі жұрнағы |он-нан |
|-нда,-нде |Жатыс септік жалғауы |төрі-нде |
|-нды,-нді |Етістіктен сын есім |құра-нды |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ншы,-нші |Реттік сан есім жұрнағы |жеті-нші |
|-нікі |Меншіктік мәнді білдіретін|се(н)-нікі |
| |жұрнақ | |
| |-Ң- | |
|-ңқыра |Етістіктен етістік |шыда-ңқыра |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ңкіре |-//- |сөйле-ңкіре |
|-ңыз1,-ңіз1 |Тәуелдік жалғау (зат |ана-ңыз |
| |есімге жалғанса) | |
|-ңыз2,-ңіз2 |Жіктік жалғау (етістікке |сөйле-ңіз |
| |жалғанса) | |
|-ңдар, -ңдер |-//-,3-жақ, анайы |сөйле-ңдер |
|-ң1 |-//-,2-жақ |жеткізсе-ң |
|-ң2 |Етістіктен еліктеу сөз |сыла-ң |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ң3 |Тәуелдік жалғауы,2-жақ |ана-ң |
| |-П- | |
|-п |Көсемше жұрнағы |биле-п |
|-пын,-пін |Жіктік жалғау,жекеше |айтып-пын |
|-пыз,-піз | |келіп-піз |
| |-//-,(көпше түрі) | |
|-пен,-пенен |Көмектес септік жалғауы |үміт-пен |
|-паз |Есімдерден сын есім |өнер-паз |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-пақ,-пек |Есімше жұрнағы |кет-пек |
|-палы,-пелі |Етістіктен сын есім |ас-палы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-па,-пе1 |Етістіктен сын есім |бөс-пе |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-па,-пе2 |Болымсыз етістік жұрнағы |айт-па |
|-па1,-пе2 |Етістіктен зат есім |кес-пе |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-пайынша |Үстеу тудыратын жұрнақ |айт-пайынша |
|-пейінше |-//- |кет-пейінше |
|-пана |Есімдерден зат есім |бас-пана |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | -Р- | |
|-р1 |Есімшенің жұрнағы |оқы-р |
|-р2 |Есімдерден етістік |қысқа-р |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-р3 |Өзгелік етіс жұрнағы |сөйле-р |
|-рақ |Салыстырмалы шырай жұрнағы|жақсы-рақ |
|-рек |-//- |келте-рек |
| | -С- | |
|-сың,-сың,- |Жіктік |бара-сың |
| |жалғауы,2-жақ,жекеше түрі | |
|-сың-дар, |-//-,көпше |бара-сың-дар |
| -сің-дер |-//-,көпше |келе-сің-дер |
|-сын,-сін1 |Бұйрық рай жұрнағы |бар-сын |
|-сыз,-сіз1 |-//,2-жақ, сыпайы түрі |бара-сыз |
|-сыз,-сіз2 |Есімдерден сын есім |ұят-сыз |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-с1 |Есімшенің болымсыз түрі |барма-с |
| |жұрнағы | |
|-с2 |Етістіктен зат есім |төбеле-с( басталды) |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-с3 |Ортақ етіс жұрнағы |сөйле-с |
|-сын,-сын2 |Үстеу тудыратын жұрнақ |кешкі-сін |
|-сын,-сін3 |Есімдерден етістік |көп-сін |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-сыра, |-//- |жалғыз-сыра |
|-сіре |-//- |жетім-сіре |
|-са,-се |Шартты рай жұрнағы |бар-са |
|-сы,-сі |Тәуелдік жалғауы III ж |бала-сы |
| |(жекеше) | |
|-сы,-сі |Жіктік жалғауы |бар-ғы-сы |
|-сымақ |Зат есімнің рең мәнін |ақын-сымақ |
| |тудыратын жұрнақ | |
| | -Т- | |
|-тың,-тің |Ілік септік жалғауы |іс-тің |
|-тыр,тір |Өзгелік етіс жұрнағы |айт-тыр |
|-т1 |-//- |шақыр-т |
|-т2 |Етістіктен зат есім |бөге-т |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-тар,-тер |Көптік жалғау |дос-тар |
|-тан,-тен1 |Шығыс септік жалғауы |мектеп-тен |
|-тан,-тен2 |Топтау сан есімінің |алпыс-тан |
| |жұрнағы | |
|-тай,-тей |Есімдерден сын есім |сүт-тей |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-тай,-тей1 |Зат есімнің рең мәнін |апа-тай |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-тай,-тей2 |Үстеу тудыратын жұрнақ |қыс-тай |
|-тай,-тей3 |Болжалдық сан есім жұрнағы|он-онбес-тей |
|-таған |-//- |қырық-таған |
|-тап,-теп |-//- |бес-бестеп |
|-тау,-теу1 |Салыстырмалы шырай жұрнағы|алыс-тау |
|-тау,-теу2 |Туынды үстеу жұрнағы |кеш-теу |
|-ты,-ті1 |Табыс септігінің жалғауы |шарт-ты (орындады) |
| |(зат есімге жалғанса) | |
|-ты,-ті2 |Жедел өткен (етістікке |кет-ті,кетпе-ді |
| |тікелей жалғанса)жұрнағы | |
|-ты,-ті3 |Жіктік жалғауы(көсемше |кет-е-ді |
| |жұрнағы арқылы жасалса) | |
|-ты,-ті4 |Есімдерден сын есім |атақ-ты әнші |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-тық,-тік |-//- |қыс-тық (киім) |
|-тікі |Меншікті мәнді білдіретін |Шымкент-тікі |
| |жұрнақ | |
|-тайын |Үстеу жасайтын жұрнақ |қыс-тайын |
|-тал |Есімдерден сын есім |сезім-тал |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-тас1,-тес1 |-//- |сынып-тас( қыз) |
|-тас2,-тес2 |Есімдерден етістік |дос-тас |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-та,-те1 |-//- |тіс-те |
|-та,-те2 |Жатыс септік жалғауы |ағаш-та |
|-тан,-тен |Есімдерден етістік |тамақ-тан |
| |тудыратын жұрнақ | |
| | -У- | |
|-у1 |Тұйық етістік жұрнағы |Тас-у |
|-у2 |Еліктеу сөзден зат есім |дүмп-у |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-у3 |Етістіктен зат есім |көсе-у,еге-у |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-улы,-улі |Етістіктен сын есім |ас-улы,іл-улі |
| |жасайтын | |
|-уық,-уік |-//- |жыла-уық |
|-уыл,-уіл |Етістіктен зат есім |қара-уыл |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-уыш,-уіш |-//- |тіре-уіш |
| | -Х- | |
|-хана |Есімдерден зат есім |ем-хана |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | -Ш- | |
|-ша,-ше |Туынды үстеу жұрнағы |бала-ша |
|-шы,-ші |Есімдерден зат есім |ән-ші |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-шылық |-//- |шаруа-шылық |
|-шек1 |Етістіктен сын есім |ерін-шек |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-шақ1 |-//- |мақтан-шақ |
|-шақ2 |Зат есімнің рең мәнін |құлын-шақ |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-шек2 |-//- |іні-шек |
|-шік,-шық |-//- |қап-шық |
|-ша,-ше1 |-//- |жүрек-ше |
|-ш |-//- |қалқа-ш |
|-шаң,шең- |Есімдерден сын есім |бой-шаң |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-шыл,-шіл1 |-//- |ұйқы-шыл |
|-шыл,-шіл2 |Сын есімнің шырайы жұрнағы|ақ-шыл |
|-шылтым |-//- |ақ-шылтым |
|-шілтім |-//- |көк-шілтім |
|-шы-ші |Өтіну, тілек мәнді |кел-ші |
| |білдіретін жұрнақ | |
| | -Ы- | |
|-ымыз |Тәуелдік жалғау (зат |бабалар-ымыз |
| |есімге жалғанса) | |
|-ым1,-ың,-ы1, |-//- |бабалар-ым, бабалар-ы |
|-ыңыз1 | |бабалар-ыңыз |
|-ы2 |Есімдерден етістік |бай-ы |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ыңыз2 |Жіктік жалғау |бар-ыңыз |
|-ы3 |Есімдерден сын есім |қазақ-ы (ит) |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ып |Көсемше жұрнағы |айт-ып |
|-ыңдар |Жіктік жалғау,2-жақ,көпше |айт-ыңдар |
| |түрі | |
|-ым2,-ық |Етістіктен зат есім |қыс-ым, қаз-ық |
|-ынды1 |жасайтын жұрнақ |жу-ынды |
|-ық2 |Етістіктен сын есім |тол-ық |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ынды |-//- |жу-ынды |
|-ыңқы |-//- |бас-ыңқы |
|-ымды |Етістіктен сын есім |қон-ымды |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ыс1 |Ортақ етіс жұрнағы |жаз-ыс |
|-ыс2 |Етістіктен зат есім |айт-ыс |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ын1, |-//- |құй-ын |
|-ыш1 |-//- |қуан-ыш |
|-ыш2 |Зат есімнің рең мәнін | Нұртай- Нұрыш |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-ыра |Еліктеу сөзден етістік |былб-ыра |
|-ырай |жасайтын жұрнақ |баж-ырай |
|-ыл1 |Ырықсыз етіс жұрнағы |айт-ыл-ды |
|-ын2 |Өздік етіс жұрнағы |жу-ын-дым |
|-ын3 |Туынды үстеу жасайтын |жасыр-ын келу |
| |жұрнақ | |
|-ыл2 |Еліктеу сөзден зат есім |ыр-ыл, гүр-іл |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ыл3 |Есімдерден зат есім |шу-ыл |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ыл4 |Еліктеу сөзден зат есім |тарс-ыл |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ырақ |Сын есімнің шырайлары |қызыл-ырақ |
| |жұрнағы | |
|-ыншы |Реттік сан есім жұрнағы |қыр(ы)қ-ыншы(қырқыншы) |
|-ыңқыра |Етістіктен етістік |айт-ыңқыра |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ыр |Өзгелік етіс жұрнағы |ас-ыр |
|-ың1 |Еліктеу сөз тудыратын |жылт-ың |
| |жұрнақ | |
|-ың2 |Еліктеу сөзден зат есім |ыз-ың |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-ыт |Есімдерден етістік |су-ыт |
| |жасайтын жұрнақ | |
| | | |
| |-І- | |
|-і |Тәуелдік жалғауы (зат |үй-і |
| |есімге | |
|-ім1, ің |жалғанса) |үй-ім, үй-ің |
|-іміз, -іңіз1 |-//- |үй-іміз, үй-іңіз |
|-іңіз2 |Жіктік жалғауы (етістікке |кел-іңіз |
| |жалғанса) | |
|-іңдер |-//- |кел-іңдер |
|-іп |Көсемше жұрнағы |көр-іп |
|-ік1 |Есімдерден етістік |бір-ік |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ік 2 |Етістіктен зат есім |түкір-ік |
| |жасайтын | |
|-ім2 |жұрнақтар |біл-ім |
|-іс1 |-//- |жүр-іс |
|-іш1 |-//- |сүйін-іш |
|-інді,-ін1 |-//- |үй-інді, ек-ін(егін) |
|-ір1 |Етістіктен сын есім |бүк-ір |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-ір2 |Өзгелік етіс жұрнағы |кет-ір |
|-ін2 |Өздік етіс жұрнағы |көр-ін |
|-ін3 |Ырықсыз (құрамында –л |біл-ін |
| |дыбысы болса) | |
|-іс2 |Ортақ етіс жұрнағы |көтер-іс |
|-іл1 |Ырықсыз етіс жұрнағы |кер-іл |
|-іл2 |Еліктеу сөзден зат есім |гүр-іл |
| |тудыратын жұрнақ | |
|-інді |Етістіктен сын есім |түй-інді( жіп) |
| |жасайтын жұрнақ | |
|-іңкі |-//-,жұрнақ |көтер-іңкі |
|-ілдір |Сын есімнің шырайы жұрнағы|көг-ілдір (көк+ілдір) |
|-ірек |-//- |көг-ірек (көк+ірек) |
|-іре |Еліктеу сөзден етістік |желб-іре(желп+іре) |
|-ірей |тудыратын жұрнақ |шік-ірей |
|-інші |Реттік сан есім жұрнағы |бес-інші |
Тұрақты сөз тіркестері/Фразеологизмы
1. Атасының арқасында – благодаря деду
2. Бауырына салған – усыновить
3. Қуанышында шек жоқ – безмерно рад
4. Бата алмай тұрған – стоял в нерешительности
5. Кірпіктерінде қуаныш жасы бар еді – слезы радости на глазах
6. Екі көзі оттай жанады – оживляется
7. Алды – артына қарамай – несмотря ни на что
8. Тар жол тайғақ кешу – хождение по мукам
9. Көненің көзі – свидетель старины
10. Өшпес ізі сайрап жатыр – оставлен неизгладимый след
11. Көздің жауын алады – привлекает взоры
12. Мекен – жайына айналдырған – превратил в жилье
13. Шаң жуытпай кеткен – выйти из воды сухим
14. Қабағынан қар жауғандай – мрачен, туча – тучей
15. Көзімен атып жіберердей – смотреть злым взглядом
16. Қол ұшын берген еді – помог
18. Қадір тұтқан адам – уважаемый человек
19. Ұйып тыңдап отыр – слушает внимательно
21. Қиын – қыстау шақта – в трудное время
22. Қабақ шытқан емес – не проявляют недовольство
23. Қарық боласың – вдоволь наешься
24. Жақсы тілектер айтады – желают всего хорошего
25. Көп жаса – живи долго
26. Өркенің өссін – пусть множится твое потомство
27. Мерейлі бол – пусть всегда сопутствует тебе удача
28. Жұрттың көзі түсті – привлечь внимание
29. Жүнжіп кету – быть в подавленном состоянии
30. Екі иығына екі кісі мінгендей – очень широкоплечий
31. Бетіне түгі шықты – рассердился
32. Қой үстіне тауық жұмыртқалаған заман – мирное время
33. Босбелбеу – бесхарактерный, нерешительный
34. Бет моншағы түсу – стесняться, стыдиться
35. Жүзіктің көзінен өткендей – красивый, статный, безупречный
36. Жылқы мінезді – изменчивый, непостоянный
37. Қой аузынан шөп алмас – робкий, скромный, застенчивый
38. Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом
39. Мұрнын көкке көтерді –загордился, задрал нос
40. Бетінен оты шықты – стесняться
41. Қой ішіндегі марқа – умный, физический развитый
42. Көзге шыққан сүйелдей – как бельмо на глазу
43. Көргеннен көзақы алу – просить(вещь)
44. Алпыс екі тамырын шымырлату – душой и телом, всей душой
45. Туа біткен мінез – привычка
46. Тірлік тынысы – дыхание жизни
47. Жаңа толқынның үні – голос нового поколения
48. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады-умный одолеет тысячу,
сильный одного
49. Ұяттың үлкені - өзіңнен өзің ұялу - Лучше всего стыд перед самим
собой
50. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас – Не посеяв, хлеба не
вырастишь,без учения знаний не приобретешь
51. Бөркін аспанға лақтыру- сильно радоваться
52. Бөрікпен ұрып алу- легко отделаться
53. Тон жамылу – действовать тайно
54. Тонын айналдырып кию – прикинуться порядочным человеком
55. Тон пішу- предполагать.
Туыстық атаулары
Ата-әкенің әкесі, ел-жұрт «ақсақал» деп құрмет тұтады. Мұндай кісілер
төрден орын алады, әрқашан құрмет көрсетіледі.
Әже-әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.
Әке-шеше, ата-ана- өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар, олар «ұл», «қыз» деп аталады. Ұл-
шаңырақ иесі, ұрпақ жалғасы деп есептеледі.
Қыз- басқа елдің болашақ келіні, анасы.
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Қазақ халқы бірінші туған баланы
«тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп
атайды.
Немере-ұл-қыздың баласын «немере» дейді.
Шөбере-немеренің баласы.
Шөберенің баласы «шөпшек», шөпшектің баласы «немене» деп аталады.
Аға, апа-бір әке-шешеден туған(немесе туыстың) жасы үлкен жігіт- аға
деп аталады.
Жеңге-ағаның әйелі. Жасы үлкендер үшін «келін», жасы кішілер үшін
«жеңге» деп аталатын бұл адамның тәлім-тәрбиелік үшін орны бөлек.
Қайын іні, қайын сіңлі-жеңгелері үшін күйеуінен кіші ұл- «қайын іні»,
қыз -«қайын сіңлі» болады. Бұларды жеңгелері әрқашан еркелетіп ұстайды.
Іні, қарындас, сіңлі өзімен бірге туған жасы кіші ұл ағасы мен әпкесі
үшін «іні», қыз бала «қарындас»(ұлға қатысты) не «сіңлі»(қызға қатысты) деп
аталады.
Ағайындылар-бірге туған ағалы-інілі, апалы-сіңлілер.
Ағайын, туыс-бір рудың адамдары бір-біріне ағайын, туыс деп саналады.
Бұлар бір-бірімен жеті атаға дейін қыз алыспайды.
Келін- інінің, баланың әйелі.
Күйеу- бір рудың қызын алған жігіт.
Нағашы-ананың туысы.
Құрдас-туысқандығы жөнінен алыс-жақынына қарамастан, бір жылғы туған
адамдар.
Тамыр-екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас
болып,алыс-беріс жасаса,құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды.Олардың бір-
біріне сенімі мен достығы өте берік болады.
Дос – екі адамның бір-бірінен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте
қол ұшын беріп пікірі мен мақсаты , арман-мүддесі бір жерден шығуы.
Нақыл сөздер/цитаты
1. Білген адам өкінбейді, мейірман адам мазасызданбайды, батыр адам
қорықпайды.Конфуций
2. Мен ұлы мұхиттың жағалауында бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға
ұқсаймын. Таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауымен түпсіз
тереңінде сол секілді тастар қаншама.
И. Ньютон
3. Білімсіздік - ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды
ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл – ойды ағартуды ойласаңыздар
екен. В. Гюго.
4. Нағыз бақ еңбекке бітеді, өмір үйретіп данышпан етеді. Ақылым – атам,
білімім – бабам. Киікбай би.
5. Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл – ой жұмыстары да адамға сондай
әсер етеді. В. Гумбольд
6. Сұм өмір абақты ғой саналыға. М. Жұмабаев
7. Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі, тәжірбие жолы – ең ащы
жол, екіншісі, ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшіншісі, ойлау жолы – ең
таза жол. Қытай мақалы.
8. Тоғышарлық – ақылдың түні, айсыз және жұлдызсыз түн. Цицерон
9. Қайғысыз - адамды сүйе білуге, адаспай - білімдар болуға, қорықпай -
батырлыққа жетуге болмайды. Конфуций
10. Басқаны даттап, өзін мақтап тұрған адамға ешқашан сенбеңіз.
А. Н. Толстой
11. Өзіне өзі ғашық болу - адамның үлкен соры, бұл ең алдымен
өзімшілдікті, күншілдікті туғызады. М. Әуезов
12. Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы. С. Смайлс
13. Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Р. Роллан
14. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов
15. Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсе ашуға қабілетті
болу деген ұғым. Әл – Фараби
16. Кітап - ақылыңа ақы сұрамайтын алтын қазына. Ә. Науаи
17. Ұлым, саған қалдырам жақсы кеңес – мұраны:
Білімдіге кез келсең – үлгі тұтып тұр оны.
Күнде барып біліп ал білімін де, бабын да.
Өр мінезді тастағын, оған қатты табын да. М. Қашқари
18. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне
жетік, білімді, мәдениетті болсын. Жұбанов
19. Ер – атымен, құс- қанатымен. М. Қашқари
20.Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің құлы. Б.Момышұлы
21. Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда –ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. С.Торайғыров
22. Туған тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Ә.Тәжібаев
23. Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас. Б.Сарноғаев
24. Тәрбие басы-тіл,
Өнер алды-тіл. М. Қашқари
25. Жастық өз уақытын білмейді. Р.Хорезми
26. Минут ұрыс тағдырын шешеді.
Сағат шайқас тағдырын шешеді.
Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. А.С.Суворов
27.Жер жайын жортқан біледі,
Мал жайын баққан біледі. Ғ. Мұстафин
28.Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа. Ы. Алтынсарин
29. Өнер-білім- бәрі де,
Оқуменен табылған. Ы. Алтынсарин
30. Қол батыр болмай, жүрек батыр болмас.М.Әуезов
31.Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты,
мәдениетті деуге болмайды.Мұхтар Әуезов
32.Сегіз қырлы, бір сырлы. А.Құнанбаев
33. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
А.Құнанбаев
34. Анық түсініктілік- сөйлеудің басты қасиеті.
Ақылы келте адамның, әдетте,тілі тым ұзын болады.
Аристотель
35. Шешендік- адамның көркі. Гораций
36. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін. Ж.Баласағұн
37. Көп біліп, аз сөйлеген-шешен,
Аз біліп,көп сөйлеген – мылжың. З. Қабдолов
Мақал – мәтелдер
1. Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
2. Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
3. Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.
4. Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
5. Басыңа іс түссе ,
Жақсы көмектеседі,
Жаман күліп кетеді.
6. Жаман дос көлеңке:
Басыңа күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
7. Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
8. Адам досымен мықты,
Ағаш жапырағымен мықты.
9. Отанды сүю отбасынан басталады.
10. Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
11. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
12. Жері байдың – елі бай.
13. Сулы жер – нулы жер,
Бұлақты жер – тұрақты жер.
14. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
15. Егін ексең - тыңға ек,
Одан өнер өнім бар.
16. Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
17. Қоян көлеңкесінен қорқады.
18. Батар күннің атар таңы бар.
19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
20. Құс жеткен жеріне қонады.
21. Өнерлі өрге жүзеді.
23. Өнерлінің өрісі кең.
24. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
25. Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
26. Шебердің қолы көпке ортақ.
27. Ұста, ұстадан нұсқа.
28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.
29. Жеті рет пішіп,
Бір рет кес.
30. Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
31. Ерлік білекте емес, жүректе.
32. Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
33. Көз- қорқақ, қол- батыр.
34. Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас.
35. Батыр туса- ел ырысы,
Жаңбыр жауса- жер ырысы.
36. Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
37. Бейнетсіз рахат жоқ.
38. Ел іші - алтын бесік.
39. Бейнетсіз бірлік жоқ.
40. Ер қанаты – ат.
41. Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кетер.
42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
44. Жер – қазына,
Су – алтын,
Мал – байлық.
45. Өнер алды- қызыл тіл.
46. Бес саусақ бірдей емес.
47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.
Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.
49. Уәде алтыннан да қымбат.
50. Теңге үнемді сүйеді.
51. Тиыннан теңге құралады.
52. Ырыс алды-ынтымақ.
53. Байлық- байлық емес, бірлік-байлық.
54. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.
55. Жаманға жан жуымас.
56. Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.
57. Жақсы- көпке ортақ.
58. Жақсы сөз –жарым ырыс.
59. Жақсы –ісімен жақсы.
60. Су-тіршілік көзі.
61. Судың да сұрауы бар.
62. Ата өнері- балаға мұра.
63. Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
64. Өнерімнің өрісі кең.
65. Басқа пәле- тілден.
66. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
67. Ғылым-теңіз, білім- қайық.
68. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
Залыммен жақын болсаң , басың кетер.
69. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
70. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
71. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
72. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.
73. Жеті атасын білмеген-жетесіз.
74. Әке- балаға сыншы.
75. Балалы үй-базар, баласыз үй- қу мазар.
76. Әке-асқар тау.
Ана- бауырындағы бұлақ.
Бала-жағасындағы құрақ.
77. Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
78. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келер.
79. Әркімнің өз жері-жұмақ.
80. Туған жердің ауасы да шипа.
81. Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
82. Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
83. Еңбек өмірді ажарландырады.
84. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер.
85. Еңбектің көзін ашқан
Байлықтың өзін табады.
86. Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс.
87. Жақсының сөзі- шамдай жарық,айдай анық.
88. Көп ішінде сөйлеген-көсемдіктің белгісі,
Көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі.
89. Досың көп болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
90. Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
91. Дос таппай көңіл тыным таппас.
92. Жаңа дос келгенде,ескі достың көзінен жас шығады.
93. Дос тұтқанды қадірле.
94. Шешеннің сөзі-мерген,
Шебердің ісі-мерген.
95. Сөз сүйектен өтеді.
96. Тіл қылыштан да өткір.
97. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.
98. Көппен көрген ұлы той.
99. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені.
100. Әлін білмеген әлек.
101. Жері байдың елі бай.
102. Өмір-үлкен мектеп.
103. Мектеп-кеме, білім-теңіз.
104. Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
105. Ойлай білсең, дана боларсың,
Ойнай берсең дана боларсың.
106. Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
107. Жек көре білмеген адам сүйе де білмейді.
108. Таза болсаң, судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң, жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
109. Жақсы жолдас – жанға серік,
Жаман жолдас- малға серік.
110. Қайғың болса, досыңа бар.
111. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
112. Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі.
113. Жер гүлсіз болмайды,ел ерсіз болмайды.
114. Жауын жауса-жердің құты.
115. Ер туса-елдің құты.
116. Еңбек-адамның екінші анасы.
117. Өнер-ердің қанаты.
Өнерліге өлім жоқ.
118. Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім.
119. Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық.
120. Адамды заман билейді.
121. Ер- елінде, гүл- жерінде.
122. Ел бірлігі-ел теңдігі.
123. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.
124. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
125. Теңге- тиыннан,
Ынтымақ-ұйымнан.
126. Ынтымақ болмай, іс оңбас.
127. Шашу-оңай, жинау-қиын.
128. Ағаштың тамыры- өскен жерінде.
Адамның жаны-туған елінде.
129. Қыс азығын жаз жина.
130. Мезгілі жетсе, мұз ерір.
131. Қыстың көзі-қырау.
132. Қыстың қамын жаз ойла.
133. Ат-адамның қанаты,
Ас-адамның қуаты.
134.Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
135.Есепсіз дүние жоқ.
136.Ел болам десең достас.
Қор болам десең, қастас.
137.Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.
138.Жүйелі сөз-жүйесін табар,
Жүйесіз сөз-иесін табар.
139.Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
140.Дерексіз сөз- нанымсыз.
141.Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
142.Кітап-алтын қазына.
143.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
144.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
145.Ақыл-Алланың бергені,
Білім-адамның тергені.
Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер
5- сынып, Атамұра
1. Астана қай жылға дейін Ақмола деп аталған? / 1998 жыл
2. Астана қаласының бұрынғы аты / Ақмола
3. 1 қыркүйек қандай күн? / Білім күні
4. Шахматты қашан, кім ойлап тапты ? /5 ғ. Үндінің ақылгөйі өзінің қожасы
үшін ойлап тапқан.
5. ЭЕМ секундына қанша амалды шешеді?/ 1 млн.
6. Қазіргі ЭЕМ қанша мамандықты игерген?/ 2500-ден астам
7. Кәдімгі күн жарығы неше түстен тұратын жарық сәуле?/ жеті
8. Сансызбай Сарғасқаевтың қандай кітаптары бар?/ «Сұлутор балалары», «Біз
төртеу едік»
9. Бір аптада неше күн бар?/жеті
10. «Ұжым» дегеніміз не?/ адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, оқуы
11. Ұжым түрі/ шағын және үлкен
12. Бірінші тәрбиеші/ ана
13. Екінші / мектеп, еңбек ұжымы
14. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала/ Семей
15. Ең асыл бұйым не? / кітап
16. 1934 жылы Риддер қаласында елді таңғалдырған әнші кім?/ Әміре
Қашаубаев
17. Небары 2 сыныптық білімі бар суретші кім?/Әбілхан Қастеев
18. Әбілхан Қастеевке суретшілік әліппесін үйретіп, қамқорлық жасаған
суретші кім?/ Н.Г.Хлудов
19. Қазақтың атақты суретшісі/ Әбілхан Қастеев
20. Қазақ елінің бірінші ғарышкері кім?/ Тоқтар Әубәкіров
21. Екіншісі / Талғат Мұсабаев
22. Іле өзені қайда құяды?/ Балқашқа
23. Іле қайдан басталады?/ Тянь-Шань тауларынан
24. Ертістің ұзындығы / 4331 км
25. Ертіс ағып өтетін жерлер/ Шығыстан солтүстігіне қарай: Шығыс Қазақстан
және Павлодар облысы арқылы Батыс Сібір ойпаты.
26. Қара Ертіс /Зайсан көліне құйғанға дейін
27. Ертіске құятын өзендер/ Кендірлік, Күршім, Нарын,Бөкен, Бұқтырма,Үлбі
28. Компас пен карта не үшін керек?/ бағыт беруге
29. Тұңғыш Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырған кім? /
Ахмет Жұбанов
30. 1936 жылы Мәскеуде өнер көрсеткен оркестр/ Құрманғазы атындағы оркестр
31. Ахмет Жұбанов кім?/ музыка зерттеушісі, сазгер, дирижер
32. Ғазиза Жұбанова кім? /қазақ композиторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
33. Қазақтың музыкалық аспаптары/ шертер, шаңқобыз, домбыра, дауылпаз,
жетіген, даңғыра, қылқобыз,сырнай, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы, адырна
34.Нұрғиса Тілендиев қандай оркестрді ұйымдастырған?/ «Отырар сазы»
35. Берлинде сымды мойнына галстук, беліне белбеу сияқты ораған қай
палуан?/ Қажымұқан
36. Парижде түйені мойнына салып көтеріп шыққан кім?/Қажымұқан
37. Сахнаға 75 пұт жүгі бар арбаны тісімен сүйреп шыққан кім?/ Қажымұқан
38. Көп ақша жинап, соғысқа ұшақ сатып алған кім?/ Қажымұқан
39. Оқу жылы қашан аяқталады? / маусымда
6- сынып, Атамұра
1. Күз айларын ата / қыркүйек, қазан, қараша
2. Жыл мезгілдері / қыс, көктем, жаз, күз
3. Күнпарақ түрлері/ қабырға күнпарағы, үстел, қалта
4. Бір жылда неше күн бар? /365
5. Бір айда неше апта бар/ 4
6. Бір аптада неше күн бар/7
7. Бір тәулікте неше сағат бар?/24
8. Бір сағатта неше минут бар / 60
9. Бір минутта неше секунд бар/ 60
10. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы / Астана
11. Ол қайда орналасқан / Есіл өзені бойында, Сарыарқа
12. Елбасы Резиденциясы Парламент үйі қайда /Есіл өзені бойында , Астана
13. Астана қаласы тұрғындарының саны / 518 мың
14. Парламент үйі алдына кімдердің ескерткіштері қойылған / Төле би ,
Әйтеке би, Қазыбек би
15. «Тұлпар» деген метро станциясы қайда салынып жатыр/ Алматыда
16. Алматыда 25 қабатты, биіктігі 107 м, 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар
мейманхана / «Қазақстан» қонақ үйі
17. Алматы қаласының іргетасы қашан,қай өзен бойында қаланған/ 1854, Кіші
Алматы бойында
18. «Медеу» спорт кешені қашан ашылған ?/ 1972
19. Мұз айдынның көлемі қанша метрдей?/ 11000м2
20. Трибуналары қанша мыңнан астам көрерменге арналған / 12000
21. ҚР Президенті болып Н.Назарбаев қашан, қай жылы сайланды?/ 1991,1.12
22. Қазақстан қайда орналасқан?/ Орталық Азияда
23. Халқының саны қанша? /17 млн.
24. Қазақстанның жер көлемі қанша?/ 27173 км -2,7 млн км2
25. Оның қанша пайызы өзен, көл, теңіз?/ 40
26. Қанша пайызы шөл мен шөлейт?/ 50
27. Таулы жері қанша пайыз?/ 10
28. Республика жері батыстан шығысқа қарай қанша километр?/ 3000
29. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ше?/6000
30. Батыста,солтүстік –батыс және солтүстікте қай елмен шектеседі?/Ресей
31. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекараларымыз/ Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркменстан, батыста-Каспий арқылы Әзірбайжан.
32. Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?/131
33. Әкімшілігі жағынан қанша облыстан тұрады?/14
34. Республикалық маңызы бар қанша қала бар?/ 2
35. Қазақстанда қанша қала, неше аудан, қанша ауылдық мекендер бар?/ 85
қала, 160 аудан,7719 ауылдық елді мекен бар
36. ҚР мемлекеттік тілі / қазақ тілі
37. Ұлттық валюта/ теңге
38. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні қай айда болады?/желтоқсан
29. Тәуелсіздік күні/ 16 желтоқсан
30. Көкшетаудағы әдемі көл/ Бурабай
31. Суы тұщы, айналасы қарағайлы, қайыңды орманды көл/Бурабай
32. Аңшылық түрлері/кәсіптік, спорттық-әуесқойлық, ғылыми
33. Дүниедегі ең өсімтал құс/ кекілік
34. Бұлан(лось) қайда кездеседі?/ Солтүстік Қазақстанда
35. Оның биіктігі неше метр?/ 2 м
36. Бұқаларының мүйіздері қашан түседі?/ қаңтар мен ақпанда
37. Жаңа мүйіз қашан шығады?/сәуір
38. Дүние жүзіндегі ең үлкен кит/көк кит, блювал – ұзындығы 28,7, салмағы
140
39. Көктемде қандай мерекелер бар?/ 8, 22 наурыздар мен 1-Ынтымақ күні және
9 мамыр- Жеңіс күні.
40. Күн мен түн теңелетін кез/ наурыз айында
41. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?/518
42. Тұңғыш рет Батыр атағын алған қазақ қыздары/Мәншүк Мәметова мен Әлия
Молдағұлова
43. Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болған қазақстандықтар/Талғат
Бигелдинов, С.Д.Луганский, И.Ф.Павлов
44. Қазақтың басты ұлттық тағамы не/ет
45. Жылқының етінен не дайындайды?/ қазы-қарта, жал, жая
46. Ұлттық сусындар/қымыз, айран, шұбат
47. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий қайда орналасқан?/Көкшетау
облысы, Бурабай
48. Ұлттық ойындар/Қыз қуу, асық ойнау, алтыбақан
7 -сынып, Атамұра
1.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды немесе «Тіл туралы» заң
қай жылы қабылданды?/ 1-рет 1989 ж.22 .09, 2-рет 1997 ж.11 шілде
2. Бұл заң қанша тарау, неше баптан тұрады?/6 тарау,27 баптан
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?/ түркі тілдер тобына
4. «Ана тілім-әнім» өлеңінің авторы кім?/Қ.Қайымов
5. ҚР қандай мемлекет?/ егеменді, тәуелсіз
6. Мемлекеттік Ту қай жылы бекітілді?/1992 жылы
7. Авторы кім? / Шәкен Ниязбеков
8. Тудың түсі / көк
9. Елтаңбаның ортасында не?/ шаңырақ
екі жағында /қанатты пырақтар
жоғарғы жағында /бес бұрышты жұлдыз
төменгі жағында / «Қазақстан» жазуы
10. Авторлары/ Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
11. Мемлекеттік Әнұран қай жылы өзгертілді?/2006 жылы
12. Сөзі/ Ж. Нәжімедденов
Әні/ Ш. Қалдаяқов
13. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқ ұшты?/1991 ж.
14. Қазақстанда газет қанша тілде шығады?/11
телехабарлар қанша тілде?/12
радио қанша тілде?/ 6
15. ҚР Тәуелсіз болып қай жылы жарияланды?/1991 ж.16.12
16. Ата заң қашан?/1995, 30 тамыз
17. Республика күні/ 25 қазан
18. Бұл күні не қабылданды?/ Егемендік туралы Декларация
19. «Конституция» сөзінің мағынасы/орнату, құру
20. Ол нені белгілейді?/ азаматтардың құқығын, бостандығы мен міндеттерін
21. Қазақ мемлекетінің тарихындағы соңғы Конституция /1995 жылғы
22. Оның маңыздылығы неде?/ Республика өзін демократиялық, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп жариялады
23. Ата заң неше бөлім, неше баптан тұрады?/ 9 бөлім, 98 баптан
24. Ата заңның нешінші бабында мемлекеттік тіл туралы айтылған?/ 7-бабында
25. Күн мен түн теңелген күн/22 наурыз
26. Қазақстанда неше өзен, неше көл, бұлақ бар?/ 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға
жуық көл, мыңдай бұлақ
27. Қазақстандағы пайдалы қазбалар сан ы/90 –нан астам
28. Қазақстандағы ең ірі өзендер/ Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық
29. Ең биік шың/ Хантәңірі
биіктігі/ 6995 метр
30. Қазақстандағы сүтқоректілер /158
құстар/ 485
балық/150-ге жуық
дәрі-дәрмектік өсімдіктер/ 150-ге жуық
31. Қанша мемлекеттік қорық бар?/9
32. Есіл өзенінің ұзындығы қанша ?/ 2450 шақырым
33. Алғашқы демалыс орны қай жылы,қай жерде ашылды?/1910 жылы Бурабай көлі
жағасында
34. Қазақстан климаты қандай?/ шұғыл континенталды
35. Қазақстан облыстары қашан құрылды?/ 1932 жылы 20 ақпан
36. Ақмола облысы қашан құрылған?/ 1937 жылы
37. Оның жер аумағы/121,7 км2
38. Ақмоланың ірі өзені/Есіл
39. Салалары/ Қалқұтан, Жабай, Нұра
40. Облыстағы көлдердің қаншасы тұщы?/ 94-і
41. Солардың ішіндегі үлкендері/Қорғалжын, Қожакөл, Балықты
42. Аңдар мен жануарлар қанша жыл өмір сүреді?/піл-85, жылқы-22, түйе,
маймыл-44 жыл, ешкі -27 ж. қоян-10 жыл
43. Қостанайда қандай кен орны бар?/ «Соколов-Сарыбай» кен орны
44. Қазақстанда қанша көл бар?\ 48262 көл
45. Ең терең көл/Алакөл
46. Тереңдігі /54 м
47. Ең тұщы көл/ Марқакөл
48. Жайық өзенінің ұзындығы/ 2354 км
49. Арал теңізінің деңгейі қанша метрге төмендеді?/14,7 м
50.Қазақстандағы ең ірі көлдер/ Балқаш, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл
51. Қазақстанның оңтүстігінде қандай таулар бар?/ Тянь-Шань
52. Оңтүстік-Шығысында ше?/Жоңғар Алатауы
53. Тарбағатай тауының қай бөлігі кіреді?/ тек батыс бөлігі
54. Теңіздер/Каспий мен Арал
55. Жасыл көл деп аталатын қай көл?/Үлкен Алматы көлі
56. Ол қайда орналасқан? /Алатауда
57. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні/5 маусым
58. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы басталды?/1989 жылы
59. Ұйымдастырған кім?/Олжас Сүлейменов
60. «Табиғатты қорғау қоғамы» қашан құрылды?/1966 жылы
61. Қазақтың тұңғыш ұлтық театры қашан ашылды?/1926 жылы
62. Оны кім басқарды?/ Жұмат Шанин
63. Қазақстан кино өнерінің негізі қай жылы салынды?/ 1930
64. «Амангелді» киносы қай жылы түсірілді?/1938
65. Алғашқы рет оның рөлін кім ойнаған?/Өмірзақов
66. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қай жылы қойылды?/1926 жылы
67. Қазақ киностудиясы кімнің атымен аталады?/ Шәкен Аймановтың
Оның аты қашан берілді?/1984 жылы
Шәкен Айманов қай жылдары өмір сүрген?/ 1914-1970
Қайда , қай күні/Баянауылда, 15.02
Оның мұражайы қашан ашылды?/ 1971
68. Ш. Айманов фильмдері/ «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атаманның
ақыры», «Туған жер», «Менің атым- Қожа», «Көксерек»
69. Біздің заманымыздың композиторлары/ Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев,
Ғазиза Жұбанова, Ш. Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков
70. «Біржан-Сара операсының» авторы кім?/ Мұқан Төлебаев
71. Ол қай жылы қойылды?/ 1946 жылы 7 қазанда Алматыдағы Қазақ опера және
балет театрында
72. Қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр»қашан
қойылды?/ 1938 жылы
73. Атақты күйшілер/Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет
Қазанғапұлы
74. 1818-1889 ж. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген күйші/ Құрманғазы
75. Оның шығармалары/ «Адай», «Кішкентай», «Көбік шашқан»
76. 1861- 1955 ж Орал облысында дүниеге келген күйші/ Дина Нұрпейісова
77. Оның шығармалары/ «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Той бастар»
78. 1815-1862 ж Қарағанды облысында дүниеге келген күйші / Тәттіқара
79. Оның шығармалары /«Салқоңыр», «Көкейкесті», «Сылқылдақ»
80. Құрманғазының ұстазы/Ұзақ
81. Құрманғазы мұражайы мен ескерткіші қайда?/ Астрахан облысы, Володар
ауданы, Алтынжар ауылы
82. Дина Нұрпейісова Құрманғазы Сағырбаевпен неше жасында кездеседі?/9
83.Құрманғазы Динаға домбырасын қашан ұсынған?/ 1888
84. 94 жасында Алматыда дүние салған күйші/ Дина Нұрпейісова
85. Әбілхан Қастеев қай жылдар ыөмір сүрген?/ 1904-1973
86. Алматыдағы тәуелсіздік монументінің биіктігі неше метр?/28
87. Қазақтың қолөнеріне жататындар/ киіз басу, кілем тоқу, зергерлік
88. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
89. 1845 жылы Семейде дүниеге келген ұлы ақын, композитор, философ,қазақ
жазба әдебиетінің негізін салушы кім?/Абай
90. Айтыс- қандай жанр?/ Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық
жанр
91. Айтыскерлер/Әсет,Сара,Сүйінбай, Жамбыл,
92 Айтыстар / «Әсет пен Ырысжан», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Біржан мен
Сара»
93. Тұңғыш « Қазақ хрестоматиясын» жасаған ағартушы-педагог, қазақ
даласында тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз, атақты ақын, білгір аудармашы
кім?/Ыбырай
94. «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?/1879 жылы
95. Ол қай жылы туған?/1841 жылы
96. ҚР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, тұңғыш академик кім?/ Қаныш
Сәтбаев
97. Ол қай жылы туған?/1899-1964
98. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы , қай жерде дүниеге
келген?/1946 ж. 2.07 Қарағандыда
99. Оған «Батыр» атағы қай жылы берілді?/1988 ж
100. Ол қай жылы, қандай экипажбен ұшты?/1991 жылы «Қазақстан-Австрия»
8- сынып, Мектеп
1. Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы қабылданды?/1992ж. 2наурыз
2. Көк түс ненің белгісі?/адалдық, тазалық белгісі
3. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?/1997 10 қазанда
4. Ұлттық валюта қай кезден бастап айналымға түсті?/1993 ж.15.11
5. Теңгенің қанша құпия белгісі бар?/16-ға жуық
6. Валюта дизайнын жасаушы топ жетекшісі болған кім?/Тимур Сүлейменов
7. Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?/ «Еуразия» құрлығында
8. «Тамыр» деген ұғым нені білдіреді?/дос-жаран,сыйлас,қимас
9. Семей полигонында бірінші бомба қай жылы жарылды?/1949 жылы,29.08
10. Барлығы неше жарылыс өткізілді?456
11. Ақырғы сынақ қашан болды?/1989,19.10
12. Жер шарының неше пайызы тұщы су?/2,5пайыз
13.Қазір қанша адам тұщы су тапшылығына ұшырады?/1,7млрд.
14. Қазақстанның экономикалық аймақтары/Батыс,Солтүстік, Орталық, Шығыс
15. Батыс Қазақстан аймағына жататындар/Каспий теңізі, Жайық өзені,
Маңғыстау шығанағы
16. Солтүстік Қазақстан аймағына жататындар/Қостанай, Солтүстік
Қазақстан,Көкшетау,Павлодар,Екібастұз
17.Орталық Қазақстан/Қарағанды, Жезқазған,Ақмола, Павлодар
18. Шығыс Қазақстан/ Семей, Зайсан, Марқакөл
19. Оңтүстік Қазақстан/Қызылорда, Жамбыл, Алматы
20. Ұлы Жібек жолының жалпы ұзындығы неше мың шақырым?/ 7 мың км
21. Қаратау тауының ұзындығы мен биіктігі/420км, биік жері-2176 км
22. Шыңғыстауда дүниеге келген үш кемеңгер ақын-жазушылар
кімдер?/Абай,Шәкәрім,Мұхтар
23. Марқакөлдің ұзындығы қандай?/ көгілдір, тереңдігі -27 м
24. Балқаш қаласы қай жылы салынған?/1937ж
25. Кімдерді кәсіпкерлер деп атаған?/ Елімізде шағын және орта бизнеспен
айналысатын адамдар
26. Инвестиция дегеніміз не?/ Бірлесіп кәсіпорындардың дамуына шетел
қаржыларын тарту
27. Бүгінде елімізде қанша газет-журналшығады?/1500-ден астам
28. «Газет- халықтың көзі, құлағы,тілі »деген кімнің сөзі?/
29. Алғаш рет қазақ тілінде газет қай жылы, қандай газет шыққан?/
«Түркістан уалаяты»,1870 жыл 10 мамыр, Ташкент
30. Қазақтың тұңғыш журналистері/Ешмұхамбет Абылайханов, Дінмұхамед
Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев)
31. «Айқап»журналының редакторы/М.Сералин
32. Әйелдер арасынан тұңғыш журналист/Нәзипа Құлжанова, жастар газеті
бойынша-Сара Есова,әйелдер журналын басқарған-Ләзиза Серғазина
33. «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы кім?/Билл Гейтс
34. Қазақстанның эстрада жұлдыздары кім? Р.Рымбаева, Н.Есқалиева,
М.Жүнісова, Н.Өнербаев
35. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқаған кім?/Ә.
Қашаубаев
36.Француз жазушысы Анри Барбюс сөзі/ «Мен Әміредей әншіні сирек
кездестірдім?»
37. «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі, «Халық қаһарманы» атағын алған
сазгер кім?/Н.Тілендиев
38. Оның еңбектері/ 400-ге жуық әндер мен романстар, «Достық
жолымен»балеті, «Алтын таулар» операсы, «Ата толғауы»-ның авторы
39. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм ауданында туған , әнұранның
музыкасын жазған кім?/ Ш.Қалдаяқов
40. «Азия дауысы» қандай фестиваль?/халықаралық
41. «Әнші балапан » ше?/ Республикалық
42. Спорт қашан пайда болда?/4 мың жыл бұрын
43. Тәуелсіз Қазақстан қай жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитеті мүшесі
болды?/ 1994 ж
44. Қазақтың атақты спортшылары/ Серік Қонақбаев,Жақсылық Үшкемпіров,
Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов,
45. Шахмат қашан пайда болды?/ 1500-2000 жылдай бұрын Үндістанда,
«Чатуранга» деп аталған.
46. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстр кім?/ Болат Асанов, 1994
ж
47. Алматыға «Алтын адам» қай жылы қойылды?/ 1993 ж
48. Атыраудан қай жылы табылды?/ 2000 жылы, Зейнолла Самашев тапқан,
реставрация жасаған Қырым Алтынбеков
49. Алтын адам қай ғасырлар ескерткіші?/5-4 ғасырлар
50. 1969-1970 жылдары Алматыдан 50 шақырым жерде Есік қорғанынан табылған
Алтын адамды тапқан археолог кім?/Кемел Ақышев
51.Қожа Ахмет кесенесі неше бөлмеден тұрады?/35
52. Ондағы қазанның салмағы/2т
53. Салған шебер/Әбілазиз
54. Қанша жыл салынған?/10 жыл
55. Басқарған шебер ұста/Ғұбайдолла Садыр
56. Хандар ант берген орын/ Қ.А.Яссауи кесенесі
57. Түркістанда қанша хан, қанша би жерленген?/81 хан,би, батыр
58. Тұмар патша (тұңғыш әйел патша Томирис) қай жылдары өмір сүрген?/б.з.д.
570-520 жылдары
59. Еділ батыр(Атилла) қай жылдары өмір сүрген?/ 410-453 жылдары
60. Елтаңбадағы бес құрлықты білдіретін таңба/ жұлдыз
61. 1925 жылы Парижде не болған?/ этнографиялық көрме
62. Қашқариядан кейін Шоқан қай жерде баяндама жасады?\Санкт-Петербургте
9- сынып, Атамұра
1. «Құдатғу білік»кітабының авторы кім?/Жүсіп Баласағұн ,1069 жылы
жазылған.
2. «Диуани луғат-ат-түрк» авторы/ Махмұт Қашқари,1072-1074 жылдары жазылған-
11ғ.
3. Араб әліпбиі қанша жыл қолданылды?/ 900 жыл – 1072-1929жылға дейін
4. Латын әліпбиі ше?/ 1929-1939
5. Орыс әліпбиі ше?/ 1940 жылдан бері
6. Қазіргі әліпби ше?/ Орыс әліпбиі негізінде
7. Қай жылы төл дыбыстарға байланысты өзгеріс енгізілді?/1957 жылы
8. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар/ В.В.Радлов(1837-1918), В.В.Бартольд(1869-
1930), Н.Т.Сауранбаев(1910-1958), Ғ.Айдаров(1921 ж.)
9. Қазақ хандығы қанша жыл өмір сүрді?/15-асырдың 60-жылдары мен 16-
ғасырдың ортасына дейін
10. Шайқастарда танылған кім?/ Батыр
11. Жәңгір ханның баласы, хан/Тәуке
12. Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған кім?/ Әйгілі Қасым хан
13. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салған хан кім?/ Есім хан
14. 1663 жылы Жамбыл облысы,Шу өзені бойында дүниеге келіп, 1756 жылы
Төлеби ауданында дүние салған Төле би неше жыл өмір сүрген?/90 жыл
15. 1667-1764 жылдары өмір сүрген (97 жыл) «Жеті жарғы»-ны жасауға қатысқан
би/Қаз дауысты Қазыбек
16. 1644-1700 жж өмір сүрген Тәуке ханның көмекшісі болған би/Әйтеке би,17-
18 ғасырлар
17. Шын аты –Ерасыл қай батыр/ Қабанбай (1691-1769)
19. 1680-1775ж өмір сүрген қолбасшы батыр/Бөгенбай
20. Түркістан қай ғасырдан бастап осылай аталған ?/ 15ғ.
21. Киіз үйді пайдаланған адамдар/көшпенділер
22. Жеті қазына / жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды
ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік
23. Жеті ырыс/ адам ақылы,ой-санасы;денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер,
ит
24. Қазақтың салт-дәстүрлері/шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу,
тұсау кесу, үйлену
25.Киіз үй қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай қалай бөлінеді?/4 қанат, 6
қанат, 8 қанат,12 қанат
26. Ұлттық киімдер/1.іш киімдер: жейде, көйлек, дамбал, шалбар,
бешпент,камзол,желет
2. сыртқы киімдер:шапан, сырмалы шапан,
тон, ішік, шидем
3. бас киім(ұлдар): бөрік, тымақ, малақай,
қалпақ, тақия
(қыздар): кимешек,
жаулық, бөрік, сәукеле, тақия
4. аяқ киімдер: мәсі, кебіс, әйел етігі,
ерлер етігі
27. Киіз үйдің түрлері(қызметіне қарай)/ жаздық үй,мереке-жиынға арналған
н/е қадірлі қонаққа арналған салтанатты киіз үй, абылайша немесе жолым үй-
жорыққа арналған асхана, қойма ретіндегі киіз үй.
28. Безендірілуі жағынан киіз үй/ ақ үй , боз үй, ақ орда
29. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?/ 4:оң жақ, сол жақ, төр, кіре беріс
30Дәулеткерей Шығайұлы кім, қашан туған?/ күйші-композитор,1820-1887
31 Оның шығармалары/ «Ысқырма», «Қос алқа», «Ақ желек», «Қаражан ханым»
32 Сүгір Әлиұлы(1882-1961) кім, қайдан?/ күйші, Созақ ауданынан
33Күйлері: Бес жорға,Шалқыма, Аққу
34Музыка аспаптары: ішекті- домбыра,қобыз,жетіген
үрмелі:сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз
дабылды-шулы: дабыл, асатаяқ
сарнамалы: ауызсырнай, сырнай
35 1837-1937 жылдары өмір сүрген тілші ғалым/А.Байтұрсынұлы
36 А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқулығы қашан басылып шықты/1914-1928
37 1835-1865 жылдары өмір сүрген зерттеуші ғалым/ Шоқан Уалиханов
38 «Алты шаһардың жайы туралы» шығармасының авторы/Шоқан
39 1847 жылы 12 жасында Шоқан қайда түседі?/ Сібірдегі Кадет корпусына
40Ыбырай қай жылы мектеп ашқан?/1864ж
41 1883 жылы Ыбырай қандай мектеп ашқан?/мұғалімдер мектебін
42 Шешендік сөздер түрлері/шешендік арнау, толғау, дау
43 Қорықтар:1)Ақсу-Жабағылы-1926/Тянь-Шань тауының солтүстігі
2)Наурызым-1930ж./Торғай облысы
3) Алматы – 1935ж/Алматы
4) Барсакелмес- 1939 ж/ Арал теңізінің солтүстік
бөлігі
5) Қорғалжын- 1968 ж/ Астана қаласына 140 км
44 Қазақстан халықтарының форумы қашан өтті?/1992 ж. Желтоқсанда
45 «Білім беру туралы»Заң қашан қабылданды? 1999ж.
46 Абайдың Жидебайдағы мұражайы қайда орналасқан?/ Семей қаласынан 180
шақырым жерде
47 Жамбыл ескерткіші қашан орнатылған?/ 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына,
биіктігі 3 метр, қоладан құйылған.
48 Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды кім дейді?/зергер
49 Мұсылман мәдениетінің орталығы/ Түркістан
50. Алматы археологиялық мұражайы қашан құрылды?/1973 жылы
51. Алматы қай жылы Верный деп аталған/1856 жылы
52. Қай жылдан бастап Алматы?/1921 жылдан
53. 1929 жылдан бастап қандай қала болды?/астанасы
54. Күләш Байсейітова халық әртісі атағын қай жасында алды?/24
55. Әбілхан Қастеев қай жылы Халық суретшісі болды?/1944 жылы
56. Қалибек Қуанышбаев кімнің рөлін ойнаған?/Абайдың
57. Қазбек Уәлиев кім?/альпинист
58. Ұшақтан спорт шебері атанған кім, қашан?/Талғат Мұсабаев, 1982 жылы
59.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры кім?/Талғат Бигелдинов
60. Арал теңізі мәселесімен айналысатын ұйымқашан құрылды? /1993ж
61. Үкілі Ыбырай қайда дүниеге келген?/ 1860ж,Көкшетау обл.,Володар ауд.
62. Балуан Шолақ қайда ержеткен?/ Көкшетауда
63. Ең биік шың/Эверест-Джомолунгма,8848 м
64. Сөздіктер/орфографиялық,түсіндірме,синонимдер,аударма
10- сынып, Атамұра
1. Қазақстанның облыстары(қазіргі)
/Солтүстік Қазақстан,орталығы-Петропавл, Қызылжар
Орталық Қазақстан облысы,орталығы- Қарағанды
Оңтүстік Қазақстан , орталығы- Шымкент
Батыс Қазақстан, орталығы-Орал
Шығыс Қазақстан, орталығы-Өскемен
2. 25 қабатты қонақ үй қайда, қалай аталады?/ Астанада, «Интерконтиненталь»
3. Астана қаласының презентациясы қашан болды?/ 1998 жылы 10.06
4. Семейдің ежелгі аты/ Доржынкит
5. Алматының бұрынғы аты/Верный
6. «Полиглот» деген кім?/ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адам
7. Қазақстан Республикасы Заңдарының түрлері/Еңбек туралы-2000.1.01
Жер кодексі-2003.20.06,Жол жүрісі қауіпсіздігі заңы-1996.15.07,ҚР Орман
кодексі- 1993ж 23.01, ҚР Су Кодексі 1993 31.03
8. Пікірдің бөлімдері/ Кіріспе,Негізгі ой,Қорытынды
9. Алматыдағы археологиялық мұражай қай жылы ашылды?/ 1973 жылы
10. Мұстафа Шоқай қашан, қайда туған?/1890 жылы 7.01 Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы
11. Ол орыс гимназиясына қашан түседі?/ 1904 жылы, Ташкентте
12.М.Шоқайдың мақсаты не болды?/ Тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру
13. Тұрар Рысқұлов қай жылы, қайда туған?/ 1894 ж., Алматы облысы, Талғар
болысында.1938 жылы атылған.
14. Орыс-қазақ мектеп-интернатында қай жылдары оқыды?/ 1907-1910
Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебінде 1910-1914 жж
15. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?/ 1941 жылы
16. Жеңіс күні қашан?/ 9 мамыр
17. Қанша адам опат болды?/ 27 млн.,13 пайызы –қазақтар
500 адам-Кеңес Одағының
Батыры, 97-сі қазақ.
18. Қашаған мұнай кен орны қашан ашылды?/2000 жылы
19. Банк дегеніміз не?/ Қаржы мекемесі
20. «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» заң қашан қабылданды?/ 1997 6.08
21. Арал өзеніне құятын өзендер/Амудария, Сырдария
22. Бұл теңіз қанша су айдынына бөлінеді?/Үлкен және Кіші теңіз
23. 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған жазушы/Шерхан Мұртаза
24. Шығармалары /Қызыл жебе» «Сталинге хат»
25. 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданында дүниеге келген
ақын/Қадыр Мырза Әли
26. Оның шығармалары/ «Домбыра» өлеңдер жинағы(1979ж), «Мәңгімайдан (1992
ж)
27. 1936 жылы 18.05 Алматыда туған кім?/ Олжас Сүлейменов
28. Шығармалары/ «Арғымақ», «Аз и я», «Қыш кітап», «Мешін жылы», «Нұрлы
түндер»
29. 1937-1967 жылдары өмір сүрген ақын/ Төлеген Айбергенов
30. Шығармалары: «Жас дәурен», «Өмірге саяхат», «Ана» , «Аруана – бауыр
дүние» өлеңдер жинағы.
31. 1928 жылы 12.12 Қырғызстанда дүниеге келген ақын/ Шыңғыс Айтматов
32. Қазақ киножұлдыздары/ Досқан Жолжақсынов, Әнуар Молдабеков, Нұрмақан
Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Шәкен Айманов
33.Тұңғышбай Жаманқұлов кім?/актер, белгілі өнер қайраткері, Жастар Одағы
сыйлығының иегері
34. Ол ҚР артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты қашан болды?/ 1992
жылы
35. Д.Жолжақсынов Мәскеудегі Халықаралық киноаламанның Гран-при жүлдесін
қашан алды?/ 1992 жылы
36. Қазақтың үш бәйтерегі/І.Жансүгіров. Б. Майлин, С. Сейфуллин
37. Абай кімнің шығармаларын аударған?/ Пушкин, Лермонтов, Крылов
38. Абай қарасөздері нешеу?/ 46
39. «Өлеңмен жазылған романның» авторы кім? Оны кім осылай деп атаған?/І.
Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы туралы Мұхтар Әуезов айтқан.
40. «Азамат Азаматыч» романының авторы кім?/ Б.Майлин (1894-1939)
41. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы кім?/С.Сейфуллин(1894-1938)
42. Қазақтың үш бәйтерегі кім?/Ілияс, Сәкен, Бейімбеттер
43. Бес арыс кім?/ А. Байтұрсынов,М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев,Ж.Аймауытов
М.Дулатов(1885-1935)
44. Тұңғыш роман қай жылы жазылды, қалай аталды?/1910 жылы «Бақытсыз Жамал»
45. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы кім?/Ш.Құдайбердиев, 1856-1931ж.
46. Қазақ тіл білімінің атасы кім?/ А.Байтұрсынов
47. «Ғасыр ақыны» атағын алған ақын/ Мұқағали Мақатаев
48. Шешендік сөздерді айтушылар кімдер?/билер, шешендер
49. Тиянақты, тұжырымды ой айтылып, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше
сөйлемнен құралып, алдыңғы ой екіншінің шарты болып табылатын не?/мақал
50. Тиянақты ой айтылмайды, бірнеше сөздің тіркесі түрінде келетін не?/
мәтел
51. Нақыл сөз дегеніміз не?/Күрделі мәселелерді терең, өте дәл жеткізетін
қысқа қайырымды шешен сөз.
52. Қазақ ғалымдары/ Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов
53.Қ.Сәтбаев қай жылы Ұлттық Ғылым академиясына корреспондент-мүшесі болып
сайланды?/1943 жылы
толық мүшесі/1946 жылы
54. Қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан ғалым кім?/Әлкей
Марғұлан
55. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі қашан құрылды?/1986 жылы
56. Қазақтың тұңғыш балеті/ «Қалқаман-Мамыр
57. Ол қай жылы қойылды?/1938 ж
58. «Қыз Жібек» операсының авторы кім?/ Е.Г.Брусиловский
59. Либреттосын жазған/ Ғ.Мүсірепов
60. Қанабек Бексейітов кім?/ әнші-актер, режиссер, драматург
Оның кітабы/ «Құштар көңіл»
61. Күләш Байсейітова кім?/ көрнекті әнші, қазақ опера өнерінің негізін
салушы, қоғам қайраткері
62. Раушан Байсейітова кім?/балерина, Қазақстанның халық әртісі
63. Шара Жиенқұлова кім?\ атақты биші, халық әртісі
64. Зәуірбек Райбаев кім?/Еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі,
балет әртісі, педагог
65.Мұстафа Өзтүрік қайда туып өскен?/Түркияда,таэквондист
66.Допты хоккейден қай жылы алғашқы дүниежүзілік чемпионат болды?/1957ж
67.Жиров Василий Валерьевич кім?/боксшы
68.Ол қай жылы, қайда туған?/1974 ж. 4.06 Балқашта
69.2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындарда алтын медаль алған
жүгіруші кім?/ О. Шишигина
70.Стиль түрлері(сөйлеу,ресми,публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет)
11- сынып, Атамұра
1. Астанадағы Бәйтеректің биіктігі /97 м
әшекейлі темірбетон саты/4.8м
жапқы материал/ 85 т
алтын шар биіктігі/ 76,9 м
күмбез салмағы/ 70 т
алтын шардың үстіңгі ауданы/1553м2
Жобалаған топ жетекшісі/А.Рүстембеков
2. Қарулы күштерді құру туралы жарлық қашан шықты?/1999 ж. 7 мамырда
3. Қазақстан халықтарының тілдер күні/22.09
4. Қанатты сөздерге жататындар/тұрақты тіркестер, мақал-мәтел,афориз)
5. Қазақстан экономикасының тірегі / мұнай мен газ
6. Мұнай алғаш табылған кез бен жер/ 1899ж Атырау
7. Ұлттық теңгенің қорғаныс белгілері/ сутамғы белгілер,қорғаныс жіптер,
мөлдір орын, қосарланған бейнелер,алтын интаглио, көзі нашар көретіндерге
арналған белгі, оптикалық өзгеретін бояу)
8. Мемлекет дегеніміз не?/саяси ұйым
9. Мемлекет белгілері /тәуелсіздігі, ішкі, сыртқы саясатын өзі
қалыптастыруы, билеуші,басқарушы органдардың бар болуы, материалдық қордың
болуы, өзінің аумағы болуы.
10. ҚР Президенті кім?/ Мемлекет басшысы
11. Заң шығару қызметін не атқарады?/ Парламент
12. Парламент қанша палатадан тұрады?/2 сенат пен мәслихат
13. Қазақ баспасөзін зерттеуші тұңғыш ғалым кім?/ Бекхожин Қайыржан
Нұрғожаұлы(1910-1979)
14.Қазақстанда қанша электрондық БАҚ бар?/212
15. Баянауыл ұлттық табиғи саябағы қайда?/ Павлодар облысы,Баянауыл ауданы
16. Тұңғыш ұлттық саябақ қашан ұйымдастырылған?/1985ж
17. Таулы жайлау қайда орналасқан?/ Іле Алатауы шығысы, Алматы облысы
«Еңбекші қазақ» ауданында,ұзындығы 15-17 км, ені 8км, теңіз деңгейінен 2380-
2410
18. «Көктемнің кереметі»әңгімесінің авторы/Зейнел-Ғаби Иманбаев
19. «Жұмбақтас» жартасы Қазақстанның қай жерінде /Көкшетау
20. Ақмола облысындағы аса ірі өзендер/Есіл мен Нұра
21. Есіл қай өзеннің сол жақ саласы/ Ертіс
22. С. Торайғыров 1913-1914 жылдары қай журналда істеді?/ Айқап
23. С.Торайғыровтың «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» мақаласы қай
журналға қай жылы шықты?/ Айқап, 1913
24. Жүсіпбек Аймауытов кім?/ прозашы, драмашы, сыншы, публицист
25. Халел Арғынбаев кім?/ этнограф , ғалым
26. Оның «Қазақ халқының қолөнері» деп аталатын еңбегі қай жылы жарық
көрді?/1987, көлемі 16 баспа табақ.
27. Оған профессор атағы қай жылы берілді?/1982 жылы
28. А.Шамкеновтің «Зор тұлға» өлеңі кімге арналған?/ Қаныш Сәтбаевқа
29. Б.Момышұлы кім?/Кеңес Одағының Батыры,жазушы
30. Оның қандай кітаптары шетел тілдеріне аударылған?/ «Біздің отбасы»,
«Артымызда Мәскеу».
31. «Нұрпейісов әлемі» жинағы кімнің еңбектерінің жинағы/ Әбдіжәміл
Нұрпейісов
32. «Қыш кітабы»-ның авторы кім?/Олжас Сүлейменов
33. Жетес кім?/шешен
34. Жиренше кім?/ шешен
35. Мұзафар Әлімбаев кім?/ халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері
36. «Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» әндерінің авторы
кім?/М.Әлімбаев
37. Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез - кімнің сөзі?/ Абай
38. Дала өлкесінің мұражайы қашан ашылған ?/ 1971ж
39. Ескерткіштердің түрлері/ археологиялық, тарихи, сәулет өнері,
монументтік өнер
40. Жұмат Шанинге Республикалық халық әртісі аиағы қашан берілді?/ 1931ж
41. Кәукен Кенжетаев кім?/опера әншісі, әртіс, кинорежиссер
42. Айман Мұсаходжаева кім?/ скрипкашы
43. Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйі төріне көрік беріп тұрған гобелен
көлемі қандай?/ ұзындығы 17 метр,ені 2 метр
44. Авторы кім?/ Б.Зәуірбекова
45. Абай атындағы опера және балет театрының іргетасын қалаушылардың бірі
кім?/ Кәукен Кенжетаев
46. Білім беруші мектеп сатылары: бастауыш-1-4 сыныптар, толық емес орта
мектеп-5-9 сыныптар, толық орта -10-11 сыныптар
47. Алғашқы мектеп қай жылы ашылды?/ 1841 ж Орда мектебі, 1864 жылы Ырғыз
мектебі-14 оқушысы бар
48. «Білім туралы» Заң қай жылы қабылданды?/ 1999ж. 7.06
49. Оқулықтарды жазуға қатысқан қазақ зиялылары/А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,Қ.Сәтбаев
50.Қазақстандағы тұңғыш педагогикалық университет қай жылы ашылды?/ 1928
жылы Ұлттық педагогикалық университет
51. Оқу орнының бірінші ректоры кім?/ С.Ж. Аспандияров
52. Бұған Абай есімі қашан берілді?/ 1935 жылы
53. Қазақ Ұлттық консерваториясы кімнің атында?/ Құрманғазы
54. Астана қашан көшірілді?/ 1997 жылы
55. Ұлттық университет қашан ашылды?/ 1934 жылы 15.01
56. «АзиЯ» шығармасының авторы кім?/О.Сүлейменов
57. Тәуке хан тұсында Ұлы жүз биі- Төле би
Орта жүз биі-Қазыбек би
Кіші жүз биі- Әйтеке би болған.
58. Қалибек Қуанышбаев кім?/әртіс
59. «Хикметтер» кітабының авторы кім?/Қожа Ахмет Яссауи
60. Әлемге әйгілі классикалық күрес шебері кім?/Д.Тұрлыханов
61.Күләш Байсейітова Халық әртісі атағын неше жасында алды?/24 жасында
62.Алматы қай жылы астана болды?/1929 жылы
Қазақ тілінің негізгі емле ережелері/ Орфография
1.Әріптердің емлесі
1.Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың,ал ё (йо),
и, у, ю, я, әріптері йо, ый, ій, ұу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды
дауыстыларды да (мысалы: заём, қи, ки, қиын, жиі, су, шумақ, күлу, келу,
аю, кею, ядро, саясат), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы
ретінде (мысалы: слёт, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.
а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы: ал,
қала, шағала, ер, ересек, ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа,
жапырақ, іс, білімді, көкірек,үкімет, әсіресе, мәжіліс.
Ескерту: а) Сөз басындағы ж,ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында
келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады,бірақ а әрпі жазылады.
Мысалы:барлық мағынадағы жай сөзі және оның туынды тұлғалары (жай сөйлем,
жайыңа жүр, жай түсті, дастархан жайды, жайғызу, жайбарақат, жайдан-жай,
жай-жапсар, жай-күй, жайлы орын, жайсыз тию, жайлап айту), шай(шай іш,шайға
кел), шайы(шайы орамал);
ә) Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке
дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын(естілетін)ә
дыбысының орнына а әрпі жазылады: ләззат(айтылуы-ләзәт), рәсуа(айтылуы-
рәсуә),Жәмила(айтылуы-Жәмилә),Фәрида(айтылуы-Фәридә), тәкаппар(айтылуы-
тәкәппар).
ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің екінші буындарында жазылады.
Мысалы; ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер, орын, жолаушы, өлең, көлем, көбелек,
төртеу, ұлы, құлын, үндеу, үтік.
Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының
басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі-дәрмек, тәлім-тәрбие;
Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, өте-мөте, басқұр, қаламұш, жазғытұрым,
кешқұрым, тарс-тұрс, бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік.
Ескерту: ә,ұ,ү әріптері мына сияқты сөздердің, мысалы, мәжбүр, әңгүдік,
дүлдүл сірә, кінә, күнә, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш,
Күләнда, Мүтән, Күләй; мағлұм, бұлбұл, мақұл, байғұс, екінші буындарында
жазылады.
и әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін
жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы
ретіне и әрпі қолданылады Мысалы: иіс, иін, ине, имек, илеу, тиын, тиін,
қиын, киін, сирек, сирақ, ти, тиімді, тиіс, жиналыс, тарихи, саяси, яғни,
ылғи, қағида, ақиқат, Иса, Иманбай, Қали, Әли, Сағира, Қалима, Кәлима,
кино, кредит, комиссия, идея, иероглиф.
Ескерту: Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сздерінде (оларға қосымша
жалғанғанда да ) жазылады. Мысалы: сыйлық, сыйлау, сыйымды, сыю, сыяды,
тыйым, тыйылу, тыю, тыяды.
б) йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге
көсемшенің –и жұрнағы жалғанғанда соңғы ый,ій әріптерінің орнына бір ғана и
әрпі жазылады. Мысалы: байы+й+ды – байиды (байыйды, байыды емес), ірі+й+ді
– іриді (ірійді емес), оқы+й+ды – оқиды (оқыйды емес), суы+й+ды – суиды
(суыйды емес), шірі+й+ді – шіриді (шірійді емес), құры+й+ды – құриды
(құрыйды емес).
в) и дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у жұрнағы –ю
түрінде, көсемшенің –а жұрнағы – я түрінде жазылады. Мысалы: и- ию (иу
емес), ки-кию (киу емес) қи- қию (қиу емес), жи – жию (жиу емес); қи –
қияды (қиады емес), жи- жияды (жиады емес).
у әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөздерде бірде жуан, бірде жіңішке естілетін
дауысты у дыбысының, сондай-ақ ұу, үу дыбыс тіркесінің және дауысты
дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дауыссыз дыбысының таңбасы ретінде
қолданылады. Мысалы: су, гуіл, у, руль, университет, жуа, қуат, уыз,
қалаулы, селеу, тіреу, түйреуіш, уақыт, уәде, дәулет, шу-шуледі, гу-гуледі,
тулады.
ә) ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда
ы,і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: оқы- оқу, тоқы-тоқу, жібі-жібу,
ірі-іру, суы-суу;
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда,
оның түбірі өзгертілмей жазылады. Мысалы: сау-сауу, бу-буу, ту-туу, қу-қуу,
ау-ауу, жу-жуу.
э,е (йо) әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден
енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: экономика, этика, дуэт, эволюция,
этнография, экспорт, электр, пулемет, Петр.
Ескерту. Жазу тәжірибесінде е (йо) таңбасының орнына көбінесе е әрпі
қолданылады, бірақ сөзді е (йо) дыбысымен айту қажет: заем(айтылуы -
зайом),Петр (айтылуы - Пиотр), пулемет(айтылуы – пулемьйот)
ю әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұ+у, й+ү+у дыбыстарының
орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, үюлі, кею, көркею;
ә) орыс тілінен енген сөздерде сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін де
жазылады. Мысалы: бюджет, полюс, люкс, адьютант.
Ескерту. Айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа,
қиуаз деген сөздер осында таңбаланғандай жазылады.
я әрпі мынадай сөздерде жазылады:
а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының
орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, қоян, таяқ, ая, мая, сая, мия, қияқ,
тұяқ, саяқ;
ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін де
жазылады. Мысалы: отряд, снаряд, аккумулятор.
2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында
және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, ағартушы.
ф,ц щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика,
кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, шифр, очерк, центнер.
Ескерту: щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде
ғана жазылады, ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен
бірен-саран жалпы есімдер және одағайларда жазылады. Мысалы: Фазыл,
Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф, фәни, тіфу.
х әрпі мынадай орындарда қолданылады:
а) орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, хлор, археология,
бухгалтер, цех, хирург, зоотехник;
ә) араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалпы, жалқы есімдерде жазылады.
Мысалы: хал, хат, халық, тарих, кітапхана, асхана.
һ әрпі араб, парсы тілінен енген сөздерде дауыстыаралығында және у
дыбысы мен дауысты арасында, сондай-ақ одағайларда жазылады.
Мысалы: қаһарман, қаһарлы, еһе, гауһар, уһ, аһылады, уһіледі.
3. ь,ъ белгілерінің қолданылуы
ь,ъ таңбалары орыс тілінен енген сөздерде айыру және жіңішкелік
белгісі ретінде ғана жазылады. Мысалы: съезд, объект, субъект, альбом,
асфальт, руль, вексель
ІІ. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі
тұлғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала ат (алат емес), бара алмаймын
(баралмаймын емес), көк орамал (көг орамал емес), ақ лақ (ағ лақ емес),
барса игі еді (барсигеді емес), келсе игі еді (келсигеді емес),барып па
екен (барыппекен емес).
Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы
бойынша өзгертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, гидрология, биология,
комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт, хирург,
конституция, клуб, кино, радио, адвокат, ракета, планета, молекула,
бюджет, банк, транш.
Ескерту: Сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі
әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс-
прогреске, металл-металдар, грамм-грамы, балл-(баға)-бес балдық жүйе,
Донбасс- Донбастан.
Ал орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе тұрмыс- салтқа
қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан
түрінде жазылады. Мысалы: жәшік, бәтеңке, сіріңке, божы, бөкебай, бөшке,
қалаш, шөген, кір(гиря), келі(кило), сот, болыс, облыс, зауыт, тауар ).
Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат,
цифр,координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы
түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, капсула, тирада.
Араб, парсы тілдерінен енген сөздер негізінен қазақша дыбысталып,
өзгерген күйінде жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп,
пән, кітап, бұқара.
Кірме араб сөздерінің ішінде екі- үш түрлі мағынаны білдіру үшін
тұлғасын сәл өзгертіп, қалыптастырылғандары сол екі-үш вариантта жазылады.
Мысалы: үкімет және өкімет, хабар-ақпар, әрекет-қарекет, пейіл-пиғыл,
ақирет-ақырет(кебін), мәлімет- мағлұмат, қазына-қазине (қазинелі қара нар),
қазір-әзір, қақы- ақы- құқы, хақ-ақ, ғашық- асық, ғылым-ілім.
Араб, парсы тілдерінен неген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат
қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан, Хасен;
Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фатима, Пәтима; Қали, Ғали, Али, Алі; Жүсіп,
Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар.
ІІІ. БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым
аттарының ) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы,
Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап,
алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын,
немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін
білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің
алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ат қора,
қой қора, жол азық, ағаш күрек, сан ет, қол ет, сұрпы ет, ұл бала, қыз
бала, қос етек (көйлек), мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.
Ескерту: Анықтаушы – анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы
болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық,
шәйқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс,
қолайна, қолара т.б.
Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек
жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті,
екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым;
қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ
шабдар.
Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: Жаза бер,
жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара
алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің
әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап
ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.
Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы:
таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.
Ескерту: а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі –ты, - (-
ті, -ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе – па, (-пе,- ба, -бе,)
қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады. Мысалы:
алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты
(болу), пышақкесті (тыйылу), баукеспе (ұры);
ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік,
атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.
Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі.
б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді
тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады.
Мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз, дүниеқоңыздық,
дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық ,алақол, алақолдық
т.б.
IV. БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы:
бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу,
апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат.
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу
сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір,
әрдайым, әрқашан ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір,
бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай,
біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.
Ескерту. Еш, әр, кей, қай, әлде сөздері зат есімдерімен тіркескенде,
бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде
жылқы, әлде сиыр.
Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік,
лингвистикалық, филологиялық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие
болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы:
баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас,
еңбеккүн, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі,
қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс,
сүтқоректілер, оңқанаттылар, сөзжасам.
Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа,
өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып бірге жазылады. Мысалы: қосаяқ,
қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу,
қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түйеқарын, шегіргүл, айдаршөп,
қырықаяқ, қаракүйе.
Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған
күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:
1) бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз деген түс
атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе,
бота, қозы, ат, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су деген жалпы
атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айрылған сөздер
тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын
(тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа,
көкнайза, қызылбас, (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға
(балықтар), Ескерту: Ақ, қара, қызыл ,қоңыр, шұбар сияқты сын
есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса,
бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш, сұр
жылан, шұбар бақа.
2) бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әртүрлі есім
сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс,
балық, тауық, құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып
келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарақұрт,
қаражидек, қарабидай, қызылжидек, қызылбалық, сарышөп, сужапырақ,
әретікен.
Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық,
тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-
жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің
аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар,
өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын
аттары); беташар. Тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары),
тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар.
Екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік,
сымақ деген сөздер және бірінші сыңары ,әсіресе, көп сөздерімен
келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары фото, электр, радио,
авто, авиа, аэро, кино,гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер,
ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келетін тіркестер бірге жазылады.
Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану,
шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетеаным, жартас, қойтас, жылыжай,
саяжай, мекенжай, ашықхат, қолхат, ауруханаішілік, рұқсатқағаз,
тұсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш,
автоқалам, аэрошана, агрошаралар, ультракүлгін, гипержазықтық,
көпбалалы, көпдінді, көпұлтты.
Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік,
бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын
есімдер осы түрінде жазылады.
Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық
атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан,
Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған,
Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.
Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан
басталатын, негізінен, кісі есімдеріндегі қатар келетін екі дауыстының
бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады. Қожа+ Ахмет- Қожахмет, Торы+Айғыр-
Торайғыр, Мырза+әлі-Мырзалы.
Ескерту: а) адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, әлі, әли, ғали
сияқты сөздермен жасалатын есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп
жазылады: Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі, Құлмұхамет,Бекмұхамет.
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін
сөздермен тіркескенде жалқы есімге қосылып жазылады. Мысалы: Бауыржан
Момышұлы, Мұқтар Омарханұлы Әуезов, Сара Сәтбайқызы Есова;
а) екі түбіірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары
өзгеріп біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен, Ұлбосын
(Дәмееткен, Ұлмаекен, Ұлболсын емес);
б) екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі
түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа
аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Мысалы:
Күсепқали, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейтқұл, Аққыз; алдыңғы түбір
дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің
басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады .
Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенғұл, Қарагөз,
Ботагөз, Айғыз. Ал қатаң түрде айтылса, қ, к әріптері жазылады. Мысалы:
Әбілқайыр,Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;
в) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден
жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, оларды не
алдынан, не ортасынан ы, і әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Ысқақ (Сқақ
емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Сыматай (Сматай
емес), Сыланов (Сланов емес), Ысмағұл немесе Сымағұл (Смағұл емес), Ырза
(Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Ырсалды (Рсалды емес);
г) Аттас жерлерді бір-бірінен ажырату үшін алдарынан қолданылатын
анықтауыш есімдер бас әріптен басталып бөлек жазылады. Мысалы: Кіші Азия,
Орта Азия, Орталық Азия.
Y. Қосымшалардың жазылуы
Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын
үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-
лар-дың , инсти-тут-тар, пле-нум-да, бюлле-тень-дер, мұға-лім-ге, по-
ляк-тар.
Ескерту: күнә, кінә, шүбә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты
соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке
түрде жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік
тудыратын –ла жұрнағы жуан түрде айтылып, жуан жалғанады. Мысалы:
күнәсіз, күнәлі (бірақ кінәға, кінәдан, кінәсіна, күнәлау ), шүбәсіз,
шүбәлі (бірақ куәға, куәдан, куәда), куәсі, куәлік (бірақ куәға,
куәдан, куәда), күмәнсіз(бірақ күмәндану, күмәнға, күмәнінан),
Күләштің(бірақ Күләшқа).
Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь,
бль сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар әрдайым
жіңішке түрде жалғанады. Бірақ к,г дыбыстарының және жіңішкелік
белгісімен келген р,л дыбыстарының жіңішке айтылуына байланысты.
Мысалы: митингілер, митингіге, фактіге, фактісі, полкке, полктер,
полкі, ансамбльге, ансамблі.
Ескерту: Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздер мен
соңғы буынында е, э дыбыстары бар сөздереге қосымша әрдайым жіңішке
жалғанады. Мысалы: рульдер, рулі, Пётрдің, Пётрге, актёрге, актёрлер,
дуэттер.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басқы дыбысы да қатаң, ал сөздің соңғы дыбысы ұяң я үнді
болса, қосымшаның басқы дыбысы да ұяң я үнді болып жалғанады. Мысалы:
астық-ты, астық-тан, табыс-пен, айт-тыр, трактор-лар, қағаз-дар, мал-
мен, құм-мен, ауыз-бен.
Ескерту: б, в, г, д әріптеріне бітетін сөздерге дауыссыз
дыбыстан басталатын қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады.
Мысалы: штаб-тан, клуб-қа, парад-тан, парад-қа, актив-ке, пассив-тен,
резерв-тік, педагог-тер, геолог-тер, геолог-қа, Ашғабад-қа, Мадрид-
тен.
Сөздің соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с, ш дыбыстарынан
басталған қосымша жалғанғанда, алдыңғы дыбыс өзгертілмей жазылады.
Мысалы: күнге (күңге емес), жанбайды (жамбайды емес), жанға(жаңға
емес).
-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбір
сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай
жалғанады. Мысалы: Әділбаевқа (соңғы буыны – бай-жуан) Әділбековке
(соңғы буын-бек) Жүсіповтің (соңғы буын-сіп).
Қосымшалар дауысты дыбыстан басталғанда, түбірдің соңындағы қ,
к, п дыбыстары ұяңдап, ғ, г, б (немесе у) болып өзгерген түрінде
жазылады. Мысалы: тарақ-тарағы, тайлақ-тайлағы, қызық-қызығы, жүрек-
жүрегі, тік-тігеді, кітап-кітабы, жап-жауып-жабады; тап-тауып-табады,
кеп-кеуіп-кебеді. Бірақ қазақы (ат), қалмақы (ер), сап-сапы (еңбек
сапында) сияқты бірер сөздердің түбірі сақталып жазылады.
Ескерту: а) соңғы буында ы і дыбыстары бар кейбір сөздерге
дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, ы і дыбыстары түсіп
қалады. Мысалы: орын +ы - орны, құлық+ы – құлқы, әріп+і - әрпі,
ерін+і – ерні, көрік+і – көркі, халық+ы –халқы, ойын+а – ойна, үрік+ек
– үркек.
ә) ауыл, дауыс сияқты бірен-саран сөздерге тәуелдік жалғауы
жалғанғанда, айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і
әріптері түсіріліп те, түсірілмей де жазыла береді .
б) п, х дыбыстарына аяқталатын кірме сөздерге дауыстыдан
басталған қосымша жалғанғанда п, х дыбыстары ұяңданады: принцип-
принципі, тип-типі, объект-і-ге; ромб-ы-ның.
нд, мп, кт, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін
сөздерге қосымшалар ы, і дәнекері арқылы қосылады. Мысалы: штамп-штамп-
ы-лау; факт-факт-і-ге; митинг-митинг-і-ге; объект-объект-і-лер, объект-
і-ге; ромб-ромб-ы-ның.
ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде ешбір
өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымшалар жалғанғанда түбірдегі соңғы
дауыссыз дыбыс түсіріліп жазылады. Мысалы: трест-трес-тің, трес-інде,
ведомость-ведомос-қа, ведомос-ы, съезд-съез-ге, съез-і-нің, социалист-
социалиске, социалистік.
Бас әріптерден қысқарған сөздер тек қана дауыссыз
дыбыстардан тұрса, оларға қосымшалар соңғы әрпінің жуан я жіңішке
айтылуына қарай үндесіп, я жуан я жіңішке болып жалғанып, дефис арқылы
жазылады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа. Ал араларында немесе соңында дауысты
дыбыс әріптері тұрса, қосымша сол дыбысқа үндесіп, жуан не жіңішке болып
дефис ( - ) арқылы жазылады. Мысалы: ЮНЕСКО-ның , НАТО-ға, БҰҰ-ның.
Тырнақшаға алынған сөздерге жалғанатын қосымшалар тырнақшаның ішіне
жазылады. Мысалы: Ол өлең «Қазақ әдебиетінде» басылады. Лев Толстойдың
«Соғыс және бейбітшілігін» қазақ тілінде де, орыс тілінде де оқыдық.
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
қ,к, п дыбыстарына аяқталатын зат есімдерге тәуелдік жалғау
жалғанғанда, бұл дыбыстардың ұяңдап кететіндігі және солай жазылатындығы
ІІІ жақтағы тәуелдеулі тұлғасын беру арқылы көрсетіледі: топырағы;
ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылығы; күрек, күрегі; сап, сабы; ( күректің
сабы), талап, талабы; сөз соңындағы қ, к, п дыбыстарының өзгермей
жазылатын тұстары да беріледі: тарих, тарихы;цех, цехы; сап, сапы; ( еңбек
сабында),тип, типі; микроскоп, микроскопы;
н дыбысына аяқталатын зат есімдердің барыс жалғауы тұлғасы беріліп, сол
арқылы сөздің дыбысталуындағы кейінді ықпал заңының (н дыбысының ң болып
айтылуының ) жазуда ескерілмейтіндігі көрсетіледі, мысалы: алақан,
алақанға;ән, әнге; қақпан, қақпанға.
-ист жұрнағымен келген орыс тілінен енген сөздер мен халық атауларының
көпше тұлғасы көрсетіледі: материалист, материалистер; абхаз, абхаздар;
қырғыз, қырғыздар;
Соңғы буындар р, л, й, у үнді дыбыстарынан басталатын сөздердегі қысаң ы,
і дыбыстарының түсіріліп, не түсірілмей жазылатындығы тәуелдіктің ІІІ
жақ тұлғасы арқылы көрсетіледі: е- рін, ерні; мұ-рын; мұрны; да-уыл,
дауылы; қа-уын, қауыны; аға-йын, ағайыны; бе-йім, бейімі; пе-йіл, пейілі;
баста-уыш, бастауышы т.б .; ауыл, дауыс сияқты бірен – саран сөздерге
тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың айтылу ыңғайына қарай ы, і
әріптерінің түсіріліп те, түсірілмей де жазылатындығы ескеріледі, олар
ауыл аулы және ауылы; дауыс, даусы және дауысы деп көрсетіледі.
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы
былайша беріледі:
а) қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы екіұшты болып келетін және
соңғы буында и, у, ё ( ио )дауыстары бар сөздердің түрленуі арнайы
көрсетіледі: конус, конусқа, конусы; шахтёр, шахтёрге, шахтёрі;
ә) ог, уг және аль, уль, ель, оид, арь, ерь, ий дыбыстар тізбегіне
бітетін сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы: педагог, педагогке,
педагогі; округ, округке, округі; медаль, медальға, медалі; санаторий,
санаторийге, санаторийі;
б) нг, ск, кс, нк, кт, нкт, дж, фт, пт, кль, бль, мб, рг, рк, вт, рв, мн,
зд, рд, ст тәрізді дауыссыз дыбыстар тізбегіне, сонымен қатар лл, мм, сс,
тт, сияқты қосарлы дауыссыздарға аяқталатын сөздердің қазақ тілі
қосымшаларымен өзгеруі көрсетіледі. Мысалы: митинг, митингіге, митингісі;
киоск, киоскіге, киоскісі, бокс, бокске, боксі, спектакль, спектакльге,
спектаклі; металл, металға, металы; грамм, грамға, грамы; процесс,
процеске, процестер;
в) соңғы буында и дыбысы бар сөздердің барыс жалғаулы, ІІІ жақтағы тәуелдік
жалғаулы түрі: абразив, абразивке, абразиві; такси, таксиге, таксиі;
Шылау сөздердің жазылуы
Шылау сөздер төмендегіше жазылады:
а) шылаулар,негізінде,бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан
кейін,жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?
ә) -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді сынды шылаулары өздерінен
бұрынғы сөздерден дефис(-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Сен-ақ,
келмейді-ау, әдемісін-ай, барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді;
б) ма(ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында
қолданылғанда мы, мі, пы, пі, бы, бі болып өзгерген қалпында бірігіп
жазылады. Мысалы: Келемісің? Айтыппысың? Сұлтанбысың?
Бас әріптің қолданылуы
Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі,
көбінесе өлеңнің әрбір сөзі бас әріппен басталып жазылады.
Жалқы есімдер (кісі аттары, географиялық атаулар, кәсіпорындардың
аттары, кітап, журнал, шығарма, мереке, мекеме, ұйым аттары, т.б.)бас
әріптен басталып жазылады. Мысалы: Абай Құнанбаев, Максим Горький, Балқаш,
Алматы, М.Әуезовтің “Абай жолы” романы, Наурыз мейрамы, Мәдениет
министрлігі, Ғылым академиясының Тіл білімі институты.
Күрделі есімдерден құралған мынадай атаулардың әрбір сөзі бас әріппен
жазылады.
а) ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар;
Қазақстан Республикасының Президенті, Халық Қаһарманы.
ә) мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың,
күрделі атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады. Қазақстан Республикасы,
Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы.
Ескерт:. Әртүрлі мекемелердің, білім-ғылым орындарының,
бірлестіктердің, қорлардың т.б күрделі атауларының бірінші сөзі ғана бас
әріппен жазылады: Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық банк қоры, Тіл білімі
институты, Ғылым академиясы. Бұлардың бірсыпырасының алдында келетін
Мемлекеттік, Ұлттық, Қазақстан Республикасы деген сияқты анықтауыштардың әр
сөзінің бас әріппен жазылуы сақталады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиясы, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі, Мемлекеттік Қыздар
педагогтік институты, Өзбекстан Республикасы Жоғары соты.
Бірінші әріптерден қысқарған сөздердің әрбір әрпі бас әріппен
жазылады. Мысалы: ТМД(Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), ҚР(Қазақстан
Республикасы), БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚ(Акционерлік қоғам),КЖД
(Кедендік жүк декларациясы)
Ескерту: Әріптерден қысқарған сөздердің бірқатары өзге тілдердегі
тұлғасымен қолданылады: НАТО, ЮНЕСКО, ГУЛАГ, УАЗ (автомашинасы).
Алғашқы сөздің басқа буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен
қысқарып жасалған сөздердің қысқарған буынының алғашқы әрпі бас әріппен,
қалған әріптері кіші әріппен жазылады, ал одан кейінгі бас әріптерден
қысқарған тұлғалар сол күйінде сақталады. Мысалы: ҚазТАГ – Қазақ Телеграф
агенттігі, ҚазМУ – Қазақтың мемлекеттік университеті.
Сөздердің тасымалдануы
Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады.
Мысалы: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру.
Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді
буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай
тасымалданады. Мысалы: да-уыс (дау-ыс емес), са-уат (сау-атемес), да-йындық
(дай-ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал үу, ұу, ый, ій дыбыстар
тіркесінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда,
тасымал жігі дауыстыдан басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын,
су-ық, қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалданудың бұл түрі қазақ сөздері
буындалуының табиғатына қарай емес, қос дыбысты и, у деген жалаң
таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже).
Ескерту: Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда
екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып
тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт-теу (күңгір-
ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес).
Жазып келе жатқанда жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға
болмайды:
а) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды сөздер жеке
тұрғанда тасымалданбайды. Мысалы: ай, күн, вольт, кварц, пункт;
ә) сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде қалдыруға да, келесі жолға
тасымалдауға да болмайды. Мысалы: ара (а-ра, ар-а емес), аяқ (а-яқ емес),
алақан (а-лақан емес);
б) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы;
БҰҰ (Б-ҰҰ немесе БҰ-Ұ емес)
Тест тапсырмалары
Т-Ф
1.Бірыңғай жуан дыбыстан тұратын сөзді тап
А)көйлек В)кітап С)күн Д)құрылысшы Е)кілем
2.Бірыңғай жіңішке дауыстыдан тұратын сөзді тап
А)тыныштық В)басылым С)мұғалім Д)көзілдірік Е)болашақ
3.Дауысты дыбыстарды табыңыз
А)б,ж,з,с,р В)ц,ш,к,й,д С)х,һ,ц,к,л Д)а,ә,о,у,е Е)б,в,г,ғ
4.Дауысты дыбыстар нешеу?
А) 15 В) 26 С) 12 Д) 10 Е) 7
5.Ашық дауыстыларды табыңдар
А)і,ә,ұ,ү,у В)о,ө,а,ә С)о,ө,ұ,ү,и Д)і,а,ы,ә,е Е)а,б,в,г
6.Еріндік дауыстыларды тап
А)с,т,п,р,ж В)қ,ш,ғ,д,г С)о,ө,ұ,ү Д)і,а,ы,ә,е Е)а,б,и,г
7.Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
А)жуан В)жіңішке С)ашық Д)езулік Е)ұяң
8.Жуан дауысты дыбыс қалай жасалады?
А)жақтың қатысына қарай В)тілдің қатысына қарай
С)еріннің қатысына қарай Д)езудің қатысына қарай Е)үн мен салдырдың
қатысына қарай
9.Ашық дауыстылар қалай жасалады?
А)тілдің қатысына қарай В)еріннің қатысына қарай С)езудің қатысына қарай
Д)жақтың қатынасына қарай Е)ерін мен езудің қатысына қарай
10.Сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді
А)3 В)5 С)4 Д)2
11.Қайсысы езулік дауысты жыбыстарға жатады?
А)а,е,ә... В)о,ө,ы... С)и,у,ұ... Д)а,о,ө... Е)ы,і,у...
12.Дауысты қысаң дыбыстар қайсы?
А)ы,і,и В)л,е,н С)ы,ө,ә Д)у,ұ,ә Е)у,ұ,ө
13.Қай дауысты дыбыс жіңішке ашық езулікке жатады?
А)ұ В)ә С) а Д)і Е)у
14.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
А)38 В)42 С)36 Д)12 Е)26
15.Бірыңғай еріндік дауысты қатысқан сөзді тап.
А)барымталасу В)болжалдық С)бұлбұл Д)бұқтыр Е)мұғалім
Т-Л
1. Лексикология нені қарастырады?
А.Тіл дыбыстарын
В. Сөз мағынасын
С. Сөз құрамын
Д. Сөйлем түрлерін
Е. Салалас құрмаластарды
2. Сөз мағынасының түрлері.
А. Түбір мен қосымша
В. Тура және ауыспалы мағына
С. Жалғау мен жұрнақ
Д. Біріккен сөз
Е. Қос сөз
3. Омоним сөздер дегеніміз.
А. Бірдей айтылатын, бірдей жазылатын, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
В. Бірдей айтылмайды,жазылмайды, бірақ мағыналас сөздер.
С. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Д. Тура және ауыспалы мағыналар
Е. Түбір күйіндегі мағына.
4. Омоним болатын сөз.
А. Көрші.
В. Дәптер.
С. Бес.
Д. Бер.
Е. Бейшара.
5.Синонимдік қатарды көрсетіңіз
А. Бақ, айла, жер
В. Сұлу, керек, ақ
С. Көрік, сөз, әдемі
Д. Шыдам, сабыр, төзім.
Е. Ер, шырайлы, тез.
6. Антонимдік жұпты табыңыз.
А. Тынығу-жату
В. Татуласу-жарасу
С. Әдейі-арнайы
Д. Ащы-тұщы
Е. Ағаш-тал
7. Ілгерінді ықпалды табыңыз
А. Асқазан
В. Теңізші
С. Есалаң
Д. Итбалық
Е. Қызылорда
8.Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
А. Қайнар бұлақ
В. Әсем сөз
С. Жаз мезгілі.
Д. Жылқы зауыты.
Е. Жирен қасқа
9. Көнерген сөзді көрсетіңіз
А. Лашық
В. Лашын
С. Нарық.
Д. Өрік.
Е. Арық.
10. Қарама-қарсы сөзді табыңыз.
А. Қарт, қария.
В. Күндіз, түсте.
С. Жарық, қараңғы.
Д. Тұлға, сымбат
Е. Тебіншек, шегіншек
11. Синоним сөздерді табыңыз
А. Ақылдасу, кеңесу
В. Алды-арты
С. Жүзік,алқа.
Д. Бала, туыс
Е. Қой, ешкі
12. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз
А. Жұмған аузын ашпау
В. Көпірден өтпеу
С. Қара торы қыз
Д. Мөлдір су
Е. Әдемі жазу
13. Тура мағыналы сөзді табыңыз
А. Жылы жүзді
В. Жылы сөз
С. Жылы өң
Д. Жылы су
Е. Жылқы жылы
14. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
А. Қымыз қасиетті асқа саналады.
В. Қараша үйден ханша шығар.
С. Айран, ірімшік, құрт- ұлттық тағамдар.
Д. Түйе сүтін емдікке пайдаланады.
Е. Биенің сүтінен қымыз дайындайды.
15. Кейінді ықпалды табыңыз.
А. Қалалық
В. Күз сайын.
С. Ақмоладан
Д. Қала
Е. Жүсіпбек
16. Бас әріппен жазылатын сөзді анықтаңыз
А. Таразы
В. Тараз
С. Ақпан
Д. Шілде
Е. Көлік
17. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз.
А. Іні
В. Әпке
С. Қарт
Д. Дала
Е. Намыс
18.Диалект сөзді табыңыз
А. Бәтеңке
В. Жерұйық
С. Мұзжарғыш
Д. Шәугім
Е. Ғарыш
19. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А. Төршгі бөлме
В. Ит арқасы қияңда
С. Жинап алу
Д. Тау арасы.
Е. Көрер көз.
20.Омоним болатын сөзді табыңыз
А. Буын.
В. Кел.
С. Елп.
Д. Сызғыш.
Е. Қозы.
Т-1853
1. «Ас» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.
A. Алма, жидек
Нан, ет
B. Тамақ, тағам
C. Сусын, айран
D. Асхана, аспаз
2. Жуан буынды сөзді көрсетіңіз.
А. Ақыл
В. Тілек
С. гүл
D. кітап
Е. Мұғалім
3. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А. Й
В. М
С. ғ
D. У
Е. Р
4. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А. Ағартушы
Б. Сыншы, шаңырақ
С. ғалым, батыр
D. билік, әділдік
Е. Теңіз, ұйым
5. Жатыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А. Шығыстан.
Б. Көлдер.
С. Өзеннің.
D. Батыста.
Е. Жазғы.
6. Күрделі баяндауышты табыңыз.
А. Сәлем берді.
В. Қызыл ала.
С. Сөйлесті.
D. Жазған.
Е. Ойнайды.
7. Сөйлемнің айтылуы мен интонациясына қарай бөлінуін белгілеңіз.
А. Толымды, толымсыз, жай
В. Негізгі, туынды, сұраулы
С. Жай, күрделі, лепті
D. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті
Е. Жақты, жақсыз, бұйрықты
8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Көрші отырсақ та,кездесе беруге уақыт жетпейді
В. Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр
С. Қаздар, үйректер жылы жерге ұшып кетті
D. Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады
Е. Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады
9. Түркістан қаласы қарасты облыстың атауын белгілеңіз
А. Қызылорда облысы
В. Солтүстік Қазақстан облысы
С. Қостанай облысы
D. Оңтүстік Қазақстан облысы
Е. Павлодар облысы
10. Көктем айын белгілеңіз
А. Қыркүйек
В. Науырыз
С. Маусым
D. Қазан
Е. Қараша
11. Көп нүктенің орнына сәйкес тиісті сөзді келтіріңіз.
....- теңіз, білім – қайық
А. Колледж
В. Көркем
С. Өнер
D. Ғалым
Е. Мектеп
12. Тек тұйық буыннан тұратын сөзді табыңыз
А. Кереует
В. Тарс
С. Тамақ
D. Арық
Е. Ұн
13. Түбір сөздер қатарын табыңыз
А. Жұмбақ, қалам, сүретші
В. Ауыл, оқыған, елші
С. Өзен, малшы, әнші
D. Сүретші, жазушы, келші
Е. Ғалым, жаз, кел
14. «Қоңырға»- сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз
А. Барыс септік
В. Жатыс септік
С. Ілік септік
D. Шығыс септік
Е. Табыс септік
15. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А. Елуінші
В. Үшеу
С. Бестен екі
D. Қырықтай
Е. Он екі
16. Кім? Не? Қандай? Есімдіктің қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А. Сілтеу
В. Өздік
С. Болжалдық
D. Сұрау
Е. Белгісіздік
17. Есімшенің жұрнағын табыңыз.
А. Айтты
В. Айтқан
С. Айту
D. Айтпас
Е Айтып
18. Төл сөзді табыңыз.
А. Алмас менің атымды сұрады.
В. Балам,-деді ол,-сенің атың кім?
С. Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.
D. Жылқылар су ішуге тоқтады.
Е. Ол қашан келетінін айтты.
19. Наурызда не тойланатынын көрсетіңіз.
А. Жылдың ортасы.
В. Жылдың басы.
С. Жылдың кетуі.
D. Жылдың аяғы.
Е. Жылдың қосылуы.
20. Әміре Қашаубаев кім екенін анықтаңыз.
А. Ақын
В. Биші
С. Әнші
D. Аудармашы
Е. Сүретші.
21. Жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз.
А. Білгіш.
В. Білек.
С. Білгер.
D. Білімсек.
Е. Білгек.
22. Ма,ме,ба,бе,па,пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А. Сұраулық
Б. Болымсыздық
С. Нақтылық
D. Күшейткіш
Е. Шектік
23 Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А. Балалар үйге кірді.
В. Шіркін, дауысы қандай әдемі!
С. Жалпы, ол өз ісін біледі.
D. қап, бөлем!
Е. Балалар, отырыңдар.
24. Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын
көрсетіңіз.
А. Үтір, сызықша
В. Нүкте, тырнақша
С. Сұрау белгісі, леп белгісі
D. Үтір, леп белгісі
Е. леп белгісі жақша
25 Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының батырын
белгілеңіз
А. Т. Бигелдинов
В. Н. Әбдиров
С. И. Панфилов
D. Ә Молдағұлова
Е. М.Мәметова
|№ |Т-Ф |Т-Л |Т-1853 |
|1 |Д |В |С |
|2 |Д |В |А |
|3 |Д |А |С |
|4 |А,С |А |Д |
|5 |И |Д |Д |
|6 |С |Д |А |
|7 |С |Д |Д |
|8 |В |Е |А |
|9 |Д |А |Д |
|10 |А |С |В |
|11 |А |А |Е |
|12 |А |А |Е |
|13 |В |Д |Е |
|14 |А |В |А |
|15 |С |В |С |
|16 |- |В |Д |
|17 |- |С |В |
|18 |- |Д |В |
|19 |- |В |В |
|20 |- |А |С |
|21 |- |- |А |
|22 |- |- |А |
|23 |- |- |Е |
|24 |- |- |Е |
|25 |- |- |А |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш., Қазақ тілінің қалталық оқулығы А,
1997ж.
2. Шаңбай Т., Байғабылова Қ., Самоучитель казахского языка 1500
слов и сочетаний «Аруна ЛТД» 2005ж.
3. Абубакирова А.А., Справочник школьника 5-11 классы, Қазақ тілі,
«Арман ПВ» 2007ж.
4. Түймебаев Ж., Қазақ тілі: қысқаша грамматикалық анықтағыш
5. Ибрагимов Қ., Базарғалиева Б., Қазақ тілі, жоғары оқу орнына
түсушілерге арналған оқулық-тест «Шың» баспасы Алматы, 2007ж.
6. 5-11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар (орыс мектептеріне
арналған «Атамұра», «Мектеп» баспалары).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz