Дауыссыз б пен п әріптерінің жазылу ерекшеліктерін тиянақтауға арналған сабақ жоспары (131-136 жаттығу, Мақта қыз бен мысық ертегісі)

Бекітемін: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п

131-136 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дауыссыз б мен п әріптерінің жазылу

ерекшелігі туралы білімдерін тиянақтау, дамыту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын, жазбаша сөйлеу тілін,

сауаттылығын, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: тапқырлыққа, тиянақтылыққа, мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға

тәрбиелеу.

Типі: білімді тиянақтау

Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Пән аралық байланыс: ана тілі

Көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, интерактивті

тақта.

Жұмыс барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға оқу құралдарын алғызу. Назарларын сабаққа аудару.

а) Сабақтың ұраны

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

5-ке қолды жеткізу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

131-жаттығу «Мектепте» тақырыбына әңгіме құрау.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Жуан дыбыстыларды ата?

-Жеңішке дыбыстыларды ата?

-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Үнді дауыссыздарды ата?

-Ұяң дауыссыздарды ата?

-Қатаң дауыссыздарды ата?

ІІІ. Жаңа сабақ

-Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік.

Бір-екі балаға ертегі мазмұнын айтқызу.

1-cиырдың тапсырмасы.

131-жаттығу.

Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аудар. Кітап, доп сөздерінің соңғы әрпі неліктен өзгерді деп ойлайсың?

2-ағаштың тапсырмасын орындаймыз.

3-қыздардың тапсырмасы

132-жаттығу

Берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қосып жазып, п-ның өзгеру себебін түсіндір.

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, тон, шөп, талап, көп

Сөйтіп мысық шаршады, ендеше біз мысықты сергітейік.

Сергіту сәті

Қане, қанат қағайық,

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

4-дүкеншінің тапсырмасы

133-жаттығу

Тәртіп, топ, қорап сөздерін қатыстырып сөйлем құра.

1 қатар «тәртіп» сөзіне сөйлем құрайды.

2 қатар «топ» сөзіне сөйлем құрайды.

3 қатар «қорап» сөзіне сөйлем құрайды.

5-тауықтың тапсырмасы

134-жаттығу.

Екі бағандағы сөздерді жұптастырып жаз.

Сөз соңындағы п дыбысының б-ға өзгеру себебін дәлелде.

6-тышқанның тапсырмасы.

Сөздік диктант. (Дыбыстық талдау жасау)

Кітап, мектеп, доп, қап, қолғап, клуб, штаб.

-Енді, мысық келген жолымен қайта қайтады. Мақта қызға келіп қатықты беріп құйрығын алады.

Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал. Әдепті болып жүр, -деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.

-Ал біз қандай болуымыз керек?

-Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық!

-Ал біз қандай болуымыз керек?

Қорытындылау.

-П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы қандай дыбысқа айналады?

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Мақта қыз бен мысық ертегісі негізінде жазу дағдылары мен дауысты дыбыстарды дамыту сабағы
Мақта қыз бен мысық ертегісі негізінде топтық жұмыс арқылы білімді тексеру және дағдыларды дамыту
5-сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Мақта қыз бен мысық ертегісіне арналған сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі қайталау сабағы - арифметика, теңсіздіктер және сыни ойлауды дамыту
Ертегілер еліне саяхат: Мақта қыз бен мысық ертегісін қолдана ұйымдастырылатын оқу-тәрбиелік сабақ
5 В сыныпқа арналған қазақ әдебиеті сабағының жоспары: Мақта қыз бен мысық ертегісін оқыту
3-сынып қазақ тілі: дыбыс пен әріптерді қайталау және И, Й, У, Я, Ю, Б, П әріптерінің жазылу ережелері - сабақ жоспарлары
1-сынып математика сабағы: қанша қысқа ұғымы бойынша есептерді ертегі арқылы меңгерту (Мақта қыз бен мысық)
2-сынып қазақ тілі: дауыссыз б пен п - сөз соңында б естілгенімен п әріпінің жазылуы (жаттығулар 126-130)
5-сынып: Мақтақыз бен мысық ертегісіне арналған қазақ әдебиеті сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz