Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда
Тұмабаева Дәрия Серікқызы
08.10.1991 жылы туылған.
Шығыс Қазақстан Облысы, Аягөз қаласы
Аягөз қаласының политехникалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
«Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі»...
Қайырлы күн, ел еңсесін еңсеген елім деп жүрегі соққан құрметті ел
ағалары! Сөзімді бастамастан бұрын өзімді таныстырып өтсем, бүгінгі жас
маман – ертеңгі бас маман тәрбиелеуде үлкен рөл қосып отырған, Шығыс
Қазақстан Облысындағы жалғыз мемлекеттік тілде оқытылатын Аягөз қаласының
политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Тұмабаева Дария
Серікқызы боламын.
Бүгінгі қоғамды алға жетелейтін жастарды «Еңбек жастары» деп аталуының
өзіндік мәні бар деп есептеймін. Себебі, елдің елдігін де, жердің кеңдігін
де танытып, әлемге паш ететін бүгінгі жастар қауымы екені сөзсіз. Бүгінгі,
ертеңгі, болашақтағы Қазақстанды көркейтетін бұл әрине – жастар.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде
тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан
жауапты, шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,
ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі
заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Бүгінде қазақ еліміз сындарлы 20 жылдықтан өтіп, ерелі 30 жылдыққа нық
қадам басты. Елбасымыз айтқандай «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі».
Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының
таңдауы емес. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді
бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да
бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық
мамандық иесі атануымыз керек. Біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті
және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Әрбіреуіміз
еліміз үшін талмай еңбек етуге тиістіміз. Себебі, өзге ұлттан келіп, біздің
мемлекетімізді ешкім дамытып бермейді. Барлығы өз қолымызда. Біздің
ұлтжандылығымызға, елімізге деген құрметімізге, осындай кең байтақ жерді
бізге мұра етіп қалдырған ата-бабаларамызға тағзым етуімізге байланысты
еліміз өркендеп, көркеймек. Жоғарыда Елбасымыз атап өткендей, ел ертеңіне
жастар ие. Қазіргі жастар - көздерінде білімге деген құштарлық, жүректері
Отаным деген патриоттық сезімге толы, көкірегі ояу, зерек жаңа заман
азаматтары. Біздің елде даму үшін барлық жағдай жасалынған, мүмкіндігімізде
баршылық, тек соны толық игеруге тиіспіз. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді
орындау бағытында «Нұр Отан» партиясы, жастар саясатын іске асыру
орталықтары бірізді жұмыс жүргізу жоспарын жасау мақсатымен Саяси
кеңестердің, барлық деңгейдегі мәслихаттар фракцияларының, сондай-ақ
идеологиялық активтердің кеңейтілген отырыстарын өткізуде. Оған бірден-бір
дәлел 2012 жылдың 16 қарашасында елордамыз Астанада өткен Қазақстан
Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының
Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар
қанатының «Арман. Еңбек. Сенім» ұстанымын ұран еткен II съезі.
«Өмірді өзгертетін де, өңірді өзгертетін де, көңілді өзгертетін де – еңбек»
сөзін ұран еткен халықтық партия Мемлекет Басшысының көрегендігі мен
саясаттағы салиқалы пайымдауларының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға
бағытталғанын тілге тиек етті. Бұл мақалада басты назар аударатын негізгі
бес мәселені атағаны белгілі. «Еліміздегі әлеуметтік саланың өзекжарды
мәселелері, білім жүйесіндегі жетіспеушіліктер, азаматтардың еңбек
құқықтары мен еңбек даулары, халықты жұмыспен қамту, азаматтардың
денсаулығын сақтау мен салауатты өмірді қалыптастыру, мәдениет саласы,
халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мәселелердің барлығы
да осы бағдарламада нақты айтылып, жан-жақты қамтылған. Өзінің даму
қарқынымен бүкіл әлемнің назарында тұрған Қазақ елінің болашақ дамуы да осы
бағдарламамен сай келуі тиіс.
Өз кезегінде «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы – Жалпыға ортақ
Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық құжатының терең екендігін
белгіленген ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған ауданымызда да
елеулі жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Әрине, ол бастамалардың барлығы
ауданымыздың басшыларының, Нұр Отан ХДП өкілдерімен, жастардың тиянақты
жұмыс істеуінің нәтижесі деп білуге болады.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жастардың жаңару үрдістерімен үйлесімді
өмір сүре білуі үшін –терең және жан-жақты білім алуы маңызды факторға
айналып отыр. Осы орайда біраз жылдар назардан тыс қалып, бүгіндері қайта
қолға алына бастаған кәсіптік және техникалық білім беру ісінің маңызы
артуда, өйткені ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз
кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап ете бастады.
Шыңға біткен шынардай шырайлы қазақ ұланы! Біз ҚАЗАҚ атты ұлы халықтың
ұрпағы болғандығың үшін бүгіннен бастап ұлы істерге ұмтылуға тиіспіз! Ұлы
іске ұмтыл дегеніміз, қолыңнан келместің етегіне жармас деген сөз емес.
Қаперіңде ұстасаң кәдеңе жарайтын қарапайым ғана кеңестер. Келешекте
«алдыңғы ағаларымыз көре-біле тұра осы жайтты бізге дер кезінде айтпады
ғой» демеуің үшін сіздердің міндетті түрде білуге тиісті жайттар жайлы
ақтарыла айтуды жөн көрдік.
Қорытынды сөзімді Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздермен аяқтағым келіп
тұр:
Әлемнің әміршісі - еңбек.
Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады,
бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.
Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ел болашағының туын көкке желбірететін
жастар қауымы!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасы.
2. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, 2007
3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2005

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz