Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сақып замандасым

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Бескөл ауылы
«Парасат» мектеп-лицейі

Орындаушылар:
6-сынып оқушылары
Мырзағалиева Марал
Молдыбаева Карина

Ғылыми жетекшілері:

«Парасат» мектеп-лицейінің1-санатты
бастауыш сынып мұғалімдері
Искакова Светлана Қажаевна
Кургунбаева Зауре Тургуновна

Бескөл ауылы

Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданының этнографы – Сақып Рақымжанқызы

Мазмұны
Кіріспе бөлімі
1.1 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының этнографы – Сақып
Рақымжанқызы
Негізгі бөлім
2.1 Ою-өрнек әлемі
2.2Оймақтының шебері-Сақып Рақымжанқызы
2.3 Халықтың игі дәстүрі- ең асыл мұра
2.4 Сақып апа құрған ''Мақсат'' мәдени-ұлттық орталығы..
2.5 Сақып апа оюларының шежіресі
2.6 Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақова өнерлерінің
үйлесімдік сабақтастықтары
Қорытынды
3.1 Сақып апа қолөнерінің жас ұрпаққа берер маңызы
Пайдаланған әдебиеттер:

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданындағы
оймақтының шебері Сақып Рақымжанқызын республикаға таныту.
Зерттеу міндеттері:
-Солтүстік Қазақстан облысы Қазалжар ауданында қолөнер этнографиясының
жанашыры екенін дәлелдеу
-Сақып апа оюлрының шежірелі сырын анықтау
-Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақованың өнерлеріндегі
үйлесімдік сабақтастықтарын көрсету
-Сақып апа құрған ”Мақсат” мәдени-ұлттық орталығының жасөспірім
қыздарға берер тәрбиесін насихаттау
-Бірінші ұлттық әйелдерге арналған идеялар тауарлары жәрменкесінің
делегатын жас ұрпақтарға зерделету.
Болжам: Сақып Рақымжанқызын этнограф деп дәлелдесек, халықтық тәрбие
дәстүрін оюлары арқылы ұғындырсақ, қазақ ұлтының жас ұрпағын қолөнерге
икемді болуына игі әсер ете аламыз.
Кіріспе бөлімінде Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының
этнографы- Сақып Рақымжанқызының қолөнердегі ісмерлігі айтылады.
Негізгі бөлімде Ою-өрнек әлемі мен Оймақтының шебері-Сақып
Рақымжанқызының ісмерлігі сараланып, Халықтың игі дәстүрі- ең асыл мұрасы
және Сақып апа құрған ''Мақсат'' мәдени-ұлттық орталығы талданып, Сақып
апа оюларының шежіресі мен Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақова
өнерлерінің үйлесімдік сабақтастықтары зерделенеді де, Сақып апа
қолөнерінің жасұрпаққа берер маңызы қарастырылған.
Қорытынды бөлімінде жұмыста қойылған мақсаттар мен міндеттерге
байланысты зерттеудің негізгі тәсілдері жаппай іріктеліп,өзіндік ұсыныстар
жасалынған.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні: Солтүстік Қазақстан
облысы,Қызылжар ауданының этнографы- Сақып Рақымжанқызының қолөнер
ісмерлігінің бір обьекті ретінде қарастырдық
Зерттеудің қорытындысы мен нәтижесі: Республикамызға Сақып
Рақымжанқызын Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданының этнографы
екенін ұсынып, насихаттау.
Зерттеудің практикалық маңызы: Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар
ауданының этнографы- Сақып Рақымжанқызының қолынан шыққан ою-өрнектерін,
киім үлгілерін бастауыш сынып оқушыларына, орта сыныптың оқушыларына,
педколедждің стунедтеріне , мектептегі технология сабағына көмекші құрал
ретінде пайдалануға болады

Кіріспе
Өзектілігі: Солтүстік өңірдің Қызылжар ауданында мәдени-ұлттық
орталығы арқылы қазақ халқының мәдениетін қадірлеуге,қастерлеуге
баулып,жастарды қолөнер шебеолігіне шыңдап,этнографиялық іс-әрекеттерді
үйлестіріп болашаққа иек артқан Сақып Рақымжанқызының қолөнердегі
шығармашылығын айқындауды ғылыми айналымға енгізу өзекті мәселе болып
табылады.
Мақсаты:Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданындағы оймақтының
шебері Сақып Рақымжанқызын республикаға таныту
Міндеттері:
-Солтүстік Қазақстан облысы Қазалжар ауданында қолөнер этнографиясының
жанашыры екенін дәлелдеу
-Сақып апа оюларының шежірелі сырын анықтау
-Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақованың өнерлеріндегі
үйлесімдік сабақтастықтарын көрсету
-Сақып апа құрған ”Мақсат” мәдени-ұлттық орталығының жасөспірім
қыздарға берер тәрбиесін насихаттау
-Бірінші ұлттық әйелдерге арналған идеялар тауарлары жәрменкесінің
делегатын жас ұрпақтарға зерделету.
Зерттеу обьектесі: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының
этнографы- Сақып Рақымжанқызының ісмерлігін зерттей отырып, оймақтының
шебері екенін сипаттау.
Зерттеу нысаны: «Ұшқан құс», «Ұядағы балапан», «Алматының түбіндегі
қызғалдақ», «Найзаның ұшы», «Қошақай мүйіз», «Қой мүйіз» , «Жұлдыз бен ай»
т.б.
Сақып апа оюларының шежірелі сыры, Сақып апа мен ақын М.Ысқақованың
өнерлеріндегі үйлесімдік сабақтастықтары.Сақып апа құрған ”Мақсат” мәдени-
ұлттық орталығының жасөспірім қыздарға берер тәрбиесі.
Зерттеу пәні: Этномәдениеттану.
Зерттеу әдістері: жинау, жүйелеу, сипаттау, талдау.
Зерттеудің әдістанымдық негізі: В. Куррер ,С.В. Иванов, С.А. Давыдов.
Н.В. Сумсов т.б. және қазақ ғалымдары Ә. Марғұлан, Т.Б. Сенов Е. Масанов,
М. Мұхановтардың келтірген дерек,.тұжырымдарына сүйендік.
Болжам: Сақып Рақымжанқызын этнограф деп дәлелдесек, халықтық тәрбие
дәстүрін оюлары арқылы ұғындырсақ, қазақ ұлтының жас ұрпағын қолөнерге
икемді болуына игі әсер ете аламыз.
Адам ой – санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды
мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартта түрде материалдық және рухани деп
екіге бөлеміз. Қолмен ұстап, көзьен көруге болатын дүниелерді мәдениет
үлгілері дейміз. Материалдық мәдениетпен айналысып жүрген Сақып әжем туралы
зерделемекпін.
Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданының тұрғыны Сақып
Рақымжанқызын этнограф деп дәлелдеп, қолөнер ісмерлігінің шығармаларының
зерттелуіне өзімнің аз да болса үлес қосуым деп есептеп, жас ұрпақтың
игілігіне жаратуым.

Негізгі бөлім
Ою-өрнек әлемі
Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін алғашқы Андронов мәдениеті мен
байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен бастап зерделеген. Шетелдік (В. Куррер)
кеңестік (С.В. Иванов, С.А. Давыдов. Н.В. Сумсов ) т.б. және қазақ
ғалымдары
Ә. Марғұлан, Т.Б. Сенов Е. Масанов, М. Мұхановтар зерттеген. Олар өздерінің
зерттеу еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы
көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтірген.
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан. Соның
ішінде ою-өрнектер халық өнерінің үлкен бір саласы. Ою-өрнек өнері қазақ
халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып,
дамып келе жатқан өнер. Халқымыздың тұрмыс –тіршілігіне ою-өрнек
қатыспайтын саланы табу қиын.
Ою-өрнек -ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Бір өрнекке салып
қиып алған үлгіні ою дейді. Ал өрнек деп әр түрлі ою бедерлеп, күйдіріп
жалатқан әшекейді айтады. Қазақ халқының ою-өрнектерінің түрлері де,
атаулары да көп-ақ.
Ертедегі ата-бабаларымыз ою өнерінің өзіндік қыр сырын жете меңгере
білген. Халық шеберлері өз туындыларын ешқандай геометриялық аспаптарсыз-ақ
шебер жасаған. Оюшылар күрделі композицияларды дүниеге әкелгенде қатаң
симетрия заңдарымен, үйлесім шарттарын өте орынды қолданған. Ою өнері
дүниежүзі халықтарының барлығына тән.Қай халықтың оюларын алып талдау
жасасақ та барлығына бір ортақ заңдылық бар. Ол –симетрия заңы. Ерте
замандағы адамдар өз ойын тасқа, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазақ
батыры Б. Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» кітабында былай деп жазады: «Менің
әжем алаша өрнектегенде, кілем тоқығанда ерекше бір әуенмен ыңылдап,
тамаша әуенге салып отыратыны есімде, бірақ өрнектеуді, тоқығанды,
тоқтатқанды әуенін де тоқтататындығын жазады». Батыр жазушы ою-өрнек
әлемінің өзіндік құпия жұмбағы бар екенін тілге тиек етеді.
Қабырғаға тұтылған түскиіз бен кілемдегі кестелерге ,
өрнектерге бір мезгіл зер салып, ойланайықшы! Қараған сайын ой –қиял оянып,
сол ою-өрнектер, бейнелер мен сызықтар арқылы хас шеберлердің не айтқысы
келгенін байқауға болады. Мысалы: баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында
қалған ауылына кестеленген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме
ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып
келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:
-Е,е қызыңыз әуедегі құстай емін-еркін, тайраңдап өмір сүріп жүр екен,-
деп мәз болысады. Біз де матаға кестелеп, киізге оюлар, кілемге өрнектеп,
былғарыға бедерлеп, қаңылтырға шекімелеп, ағашқа оймыштап, тасқа бәдіздеп
астарлы хат жазуды үйреніп, өзіме беймәлім жұмбақтарды халықтық педагогика
арқылы зерделемекпін.
Оймақтының шебері- Сақып Рақымжанқызы
Қазақ халқының салт-дәстүрін сары майдай сақтап , келешек ұрпаққа
табыстап жүрген Сақып Рақымжанқызы кішкентайынан –ақ іс тігуге құмар болып
өсіпті. Оймақтының шебері журналистерге берген сұхбатында қолөнер есігін
қалай ашқанын еске түсіреді.
5-сыныпта оқып жүргенде ғой деймін біздің үйге бір үлкен кісі келді.
Есімін ұмытыппын. Сол кісі менің ою ойып отырғанымды көріп: «Бұл үлкен
өнер, үйрен»-, деді де, өзі қолына –қолы жұқпай,қағаздарды қия бастады.
Содан кеш бойы әнгімесі ою жайлы , қазақтың ұлттық айшықтары жайлы болды.
Осы бір кездесу менің тігіншілікті таңдауыма әсер етті ғой, деп толғаныпты.

Мектепті бітірісімен киім пішушілікпен айналысып, 22 жыл киім
пішуші болып еңбек етіпті. Қол өнердің ең көп тараған түрі - құрақ. Қазіргі
тұрмыста құрақтың көптеген түрлерін пайдалануға болады. Мысалы, жиһаздар
бетіне, орындықтарға, диван, креслоға үлкенді-кішілі төселген құрақ
көрпешелер әрбір шаңырақты сәндендіреді.
Сақып апаның айтуынша , уақыт керуенінен озған ата-бабамыздың
бізге қалдырған иелік мұра қазынасы, бай тәжірибесі, қолөнер.
Бабаларымыздың ата мұрасын жалғастыруды , ата кәсіпті игеруді,
тіршілігімізді жандандыруды, тұрмысымызды елмен егіздеуді Сақып ападан
үйреніп, ұлттық құндылығымызды ұлықтау қажеттігілігінің туындалуын өмірдің
өзі көрсетуде.
Халықтың игі дәстүрі- ең асыл мұра
Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш арнасы бар: сөз өнері, саз
(музыка) өнері, қол өнері. Қол өнер халық өмірімен , тұрмысымен бірге
жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Ата-баба мұрасын бойыма ұлттық
қолөнердің үлгілері арқылы сіңіріп, қолмен істеп, көзбен көріп жүрмін.
Ұлтымыздың сәнді-қолданбалы өнері салт дәстүріміздің, тұрмыс
тіршілігіміздің қажетін өтейтін мәдени мұра. Егеменді ел болғалы өз
мәдениетімізді, салт дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс тіршілік болмысымызды
жандандырып, қолөнерге деген қызығушылық артты. Әр ұлттың өзіне тән тарихы,
рухани сән- салтанаты, қолөнері баршылық. Халық қолөнерінің түп тамыры
халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты.
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»- дейді халық. Қазақтың
қолөнері халқымыздың ғасырлардан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан
қалған ою-өрнекті жоғалтпай әрі қарай жалғастыру- жастардың міндеті.
Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерін бәрін оюмен әшекейлеп, безендірген. Ел
арасында аналардың мәртебесін көтеріп, ұлттық қолөнерді ұлықтап жүрген
Сақып Рақымжанқызын жолын қуушылар көп. Солардың бірі- менің анам......
Мысалы, үй ішіндегі жиһаздардың безендірілуі анамның қолынан шыққан
бұйымдар. «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас», - дейді Қорқыт бабамыз. Менің
анам Сақып апаның «Мақсат» мәдени ұлттық орталығының белсенді мүшесі.
Анам.Нұрсұлу Сақып ападан қолөнердің барлық түрін: құрақ құрау , тоқыма
тоқу, іс тігу, зергерлік әшекей бұйымдармен қалай жұмыс істеуді үйренсе,
мен қазіргі таңда Сақып әженің «Мақсат» мәдени ұлттық орталығына жиі барып,
Сақып әженің қолынан шыққан зергерлік бұйымдарының қалай жасалатынын көріп,
шамам келгендерін өзім де жасап жүрмін.
Қазақ халқымыз өз ұрпағына ұлт қасиетін салт дәстүрімен, өнегені
әдет-ғұрпымен,қонақжайлығымен, ырым-тиымдарымен тәрбиелеп, ұлағатты ұл ,
ибалы, инабатты қыз тәрбиелеп өсіріп келеді. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне
өте ерекше көп көңіл бөледі. Қыз балаға болашақ ана деп қарап, ұлттық
дәстүрлерді, қолөнерді, үй шаруасына, аспаздыққа үйретеді.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы өзімен дамып, жетіліп келе
жатқан ата-ана дәстүрі-қолөнер. Қолөнердің ерекшелігі адамның қолымен
жасалады. Бұл рухани мәдениетіміздің маңызды саласы.
Халықтың мәдениеті өскен сайын қолөнері дамып отырған. Халық
шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерлердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз
ұрпағына «Сегіз қырлы бір сырлы» өнегелі ,өнерлі болып өсуін мақсат еткен
ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап келген. Атадан балаға мұра ретінде
бізге жеткен дәстүрлі өнер арқылы рухани эстетикалық тәлім алып, өнер
әлеміне қанат қағамын. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
демекші, анадан мұра болып қалған қол өнерінің ірі саласы ісмерлік өнер.
Ұлттық қолөнер туындыларын жаңғырту болашақ ұрпақ біздерге жүктелген
аманат.
Сақып апа құрған ''Мақсат'' мәдени-ұлттық орталығы
1989 жылы қазақтың кең байтақ даласы іспеттес болған «Мақсат» мәдени
ұлттық орталығы Бескөл ауылында ашылды. «Мақсат» мәдени ұлттық орталығының
жетекшісі болып, өмір мектебінен тәжірибесі мол, түйгені көп, кәрі бәйтерек
сияқты тамырын кеңінен жайып, жастарды ұлттық сүйіспеншілік рухында
тәрбиелеуге ат салысуға бел шешіп кіріскен Сақып апа тағайындалыпты.
«Мақсат» ұлттық мәдени орталығы алғашқы рет мәдениет үйінде орналасқан
екен. Мәдениет үйінің әдіскерлері: З. Лагутина, М.А. Лазарка, Г.А.
Снытколар әрдайым қолғабыс тигізіп отырыпты. А.С. Барлыбаев көптеген жылдар
бойы «Мақсат» ұлттық мәдени орталығының жанашыры және демеушісі болған.
«Мақсат» ұлттық мәдени орталығы облыстық, аудандық мәдени –көпшілік
шараларға белсенді түрде қатысып, аудандағы «Наурыз», жанұя аралық сайыс,
«Ана және қыз», «Қыз сыны», «Келіндер сайысын» өткізіп тұрады.
Жерлес ақын жазушыларымыздың мерейлі тойларына арналған және атаулы
мерекелерге аудан атынан қатынасып, облысымыздың жастарымен бірге апталап
той мәзірлерімен жүретін де Сақып әжеміз. Сақып Рақымжанқызы өзінің
еңбекқорлығы, батылдығы, шығармашылығы, өмірге сергек қарауы адами
қасиеттерінің арқасында жыл өткен сайын қолөнері облысымызға,
республикамызға танылып, ел-жұртының ыстық ықыласына бөленіп, құрметке
бөленген адам. Сақып әже «Мақсат» мәдени-ұлттық орталығын өз қолының
ісмерлігімен көздің жауын алатындай ғып әсемдеп, әрбір қолөнер үлгілерін
және қолөнер бұйымдарын өз қолымен жасап, жас өркен біздердің рухани
байлығымыздың дамуына, салт – дәстүріміздің тамыр жаюына ауқымды үлес
қосыпты. Қызылжар ауданының орталығында орналасқан «Мақсат» мәдени-ұлттық
орталығына келіп тұратын қонақтар көп-ақ. Осы шаңыраққа келген азаматтар
келушілер кітабына қол таңбаларын қалдырып ризашылықтарын білдіріп жатады
екен.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас сараптамашысы
Олег Дымов: «Қазақ тұрмысының көрінісіне таңырқадым. Осы ұлттық мәдениет
орталығын жасаған белсенді адамдарға алғыс білдіремін» бақыт, мейірім
тілеймін. 15.06.2003 жыл.
Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры
Оразалы Ақжарқын: «Көненің көзін, қазағымның терең тамырын үзбей, бүгінге
жеткізген, ұясынан шаңырақ тігіп, жайнатып отырған сіздердің алдарыңызға
театр ұжымы атынан бас иеміз» аруақтар риза болсын! 14.11.2003ж.
«Мақсат» мәдени-ұлттық орталығын ұйымдастыруда Сақып әже қандай да
қиындыққа төтеп беріп, қазақтың ұмытылып бара жатқан көне қолөнерлерін
жандандырып, жас ұрпаққа ісмерлік өнерді дәріптепті. Қиындығы көп, қызығы
мол «Мақсат» мәдени-ұлттық орталығының жемісті жеңісіне ие болғанына көзім
жетті.
Сақып әжеміз өзі тіккен ұлттық киімдерін киіп, киіп жүрген
киімдеріндегі ою – өрнектері көздің жауын алып, Қазақстан әйелдерінің
үшінші форумына қатысқан қауымның көз айымы болғанын ұғындым. Әжеміз ұлттық
киімді шебер тігу мен қатар оны киіп жүруді де үнемі насихаттайды. Осы
форумда «Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің он жылдығы медальінің
иегері атаныпты. Оймақтының шебері қолынан неше түрлі ғажайыптар тудыра
алатынын Республикаға дәлелдеп, облысымыздың мәртебесін биік көтеріп
оралыпты.
Cақып апа-оюларының шежіресі
Шежіре-дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік тарихи білім әрі қазақтың
аса қадірлі ұлттық дәстүрінің бірі. Шежіренің негізі мақсаты тарихи білім
жүйесінде сақталатын дәстүрлі мәдени құндылықтар. Осындай мәдени
құндылықтардың бірегейі Солтүстік өңірде, Бескөл ауылының мақтанышы
облысымызда ісмерлігін пір тұтып, республикаға да танымал Сақып әженің
оюларының шежіресін талдамақпын.
Ш. Айтматов «Ұлттық мәдениет еш уақытта да томаға- тұйық дами
алмайды, әр халықтың төл мәдениеті іргелес орналасқан халықтардың
мәдениетінің озық үлгілерінен сусындап, соларды бойына сіңіріп, өз
мәдениеті мен ұштастырғанда ғана кең қанат жая алады»-, десе, халықтың
қолөнерін ана тәрбиесімен бойына сіңірген Сақып әже өзі өмір сүрген
қоғамның барлық кезеңінде қалыптасқан ісмерлік қолөнерді материалдық
құндылықтар негізінде жинақтап өрнектеген. Өз ғұмырында жинактаған ою-
өрнектерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, ұлттық қолөнерді жеке адамның рухани-
интеллектуалдық баюдың қайнары деп көрсетіпті. Сакып әже өз ою-өрнектерін
былайша жіктейді «Ұшқан құс», «Аузын ашқан құстың балапаны», «Құстың
құйрығы», «Найза», «Найзаның ұшы», «Қошақай мүйіз», «Қой мүйіз», «Алматы
түбіндегі қызғалдақ», «Құстың қанаты», «Жұлдыз бен ай».
Сақып әже өз ою-өрнегінің шежірелерін былай тарқатады. Қаншама жыл
қазақ елі торға түскен құстай шырмалып, өз алдына қанат жая алмады,
сондықтан да қанатын еркін жайып ұшқан құсты өз ою-өрнегіне бейнелепті.
Осыдан сан ғасыр бұрын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің
күшімен қазақ елін талай сыртқы жаудан қорғап, еғемендікті аңсап өткен
бабалардың найзасын да ою – өрнеғі арқылы өте тамаша көрсетіпті.

Еліміздің еғемендігі жұлдыз болып жарқырап, ай болып сәулесін әлемге
төгіп отыр деген ниетпен жұлдыз бен айды да ою- өрнекке салыпты.
Ата – бабаларымыздың ата кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, өз
қолөнерінде қошақай мен қойды да өрнектепті.
Бірінші ұлттық әйелдер идеяларының тауарлары жәрмеңкесінің делегаты,
«Қанатты әйел» медалінің иегері Сақып әже іс сапармен Алматыға барған
уақытында Алматының түбіндегі қызғалдақтарды да ою-өрнегіне қолданыпты.

«Құстың қанаты» атты ою-өрнегінің тарихынан ата – бабалар аңсаған
егемендік орнығып, қазақ елі еркін қанат жайып , өркениет әлеміне қосылуға
талпынғанын бейнеледі деп ойлаймын.
Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақова өнерлерінің үйлесімдік
сабақтастықтары
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәдениеттің, әдебиеттің, қолөнердің көлеңке
қалған жақтары көп, соны қорғау керек» - десе, Қызылжар ауданы туралы
жинақта: «Мақсат шаңырағын басқарып отырған Құсайынова С.Р. ел ішінде
ұлттық салт-дәстүрдің тұрмысқа енуіне бір кісідей басшылық жасап, өскелең
ұрпаққа қолөнерді Сақып Рақымжанқызы өнеге етіп, өз бойындағы дара талантты
қыз балаларға үлгі етіп отыр» - делінген.
Ал, Сақып Рақымжанқызының сырлас замандасы, Қызылжар ауданының ақыны
Манап Ысқақова: «Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының
бұтағындай гүлдеп жемістене береді»,- дейді.
Ана деген күн нұрынан жаралған.
Он саусақтың саласындай таралған.
Сақып апа қамқоршысы ұл-қыздың
Аналармен ұштасады бар арман –, деп ақын Манап Ысқақова жырға
қосады да, Сақып әжені ауылымыздың бетке ұстары ел анасы дей келе,
әжеміздің қолөнерінен Бескөл ауылының қыз-келіншектері, жас өскелең
қыздары, мектеп өреңдері әжелерінің қолөнеріне қызығып, үлгі тәрбие алуда.
Солтүстік облысының әсіресе, Қызылжар ауданының тұрғындары, жас
өспірімдері орыс тілді болып өсіп келе жатқан азаматтар болған. Сақып
құрбым еліміз егемендік алған сәттен бастап, ұрпағым ұлағатты, ұлтжанды
болсын деп, немерелері Әмірхан мен Жәмиләні, Абай мен Әселді қазақша
сөйлетіп, қазақ мектебіне беріп, ұлт дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеп және
Бескөл ауылының басқа жұртшылығын да қазақ тілін үйренуге, ұлттық сана-
сезімді ардақтауға шақырған бірегейлердің бірі. Бескөл ауылында қазақ
мектебінің ашылуына, қазақ балалар бақшасының болуына сүбелі үлес қосқан да
Сақып замандасым.
«Шебердің қолы ортақ» деп тегін айтылмаса керек. Сақып құрбымның қолөнер
бұйымдары Бескөл ауылының әрбір үйінде бар деп айта аламын.
Ел өмірінде аналардың мәртебесін көтеріп жүрген Сақып Рақымжанқызының
шаңырағында аққудай ақ кимешек киіп, ұлттық дәстүрді тұрмысқа енгізуге ат
салысып жүрген замандас құрбылары, жерлестері көп. Осындай құрбыларының
ішінде Сақып Рақымжанқызының қолдаушысы, ақылшысы, сырласы Манап Қабдөшқызы
Ысқақова екен. «Ағаш жапырағымен көрікті, адамдар достарымен көрікті» ғой.
Өнер иелерінің бірі шебер қолымен өмірді өрнектесе, бірі өлең жырымен
өлкесін, туған жерінің тарихын, халқын, өнерін бүкіл Қазақстанға танытып
келеді. Қазақстан оқу ісінің үздігі, Солтүстік Қазақстан облысының әйгілі
әйелі ақын Манап Қабдөшқызы Ысқақова құрбысының әр табысына қуанғанын жырға
қосып келеді.
Сақып Рақымжанқызының этномәдени материалдарына арнап, жүрек жарды
өлең шумақтарын жазыпты.
(Киіз үйдің суреті)
Ақ отауға сән берген
Масақана шымылдық
Масатты кілем төрге ілген
Босағаға ши тұтып.
(құрақ көрпенің суреті)
Үй тігіп салтанатпен жасыл белге,
Жайғасып отыратын қазақ жерге.
Қонағын құрметтеудің бір белгісі
Төселіп төр алдында құрақ көрпе.
Алатын көздің жауын ою-өрнек,
Төселсе құрақ көрпе қонақ келмек.
Құс жастық көрпе үстіне шырай беріп
Дегендей шық жоғары, қонақ, төрлет!
(тостаған, астау суреттері)
Ағаш астау, тостаған
Торсық, саба, көрнекті
Заттарды білу керек-ті
Ұмыт бола бастаған.
(Дастархан суреті)
Жайылған ақ ниетпен ақ дастархан,
Кір шалмаған өтседе, нелер заман.
Ақ дәмін даяр еткен мейманына,
Қазағым қонақ жайлы, көңілі дархан.
(Бесік суреті)
Даярлап жас сәбиге жайлы бесік,
Түбек байлап, жіліктен шүмек тесіп.
Жөргек сырып, оюлап тартпаларын,
«Ақ бесігің қайырлы болсын!» десіп
Шебер қолдар ағаштан түйіп,
Жеңіл бесік қашалған талдан иіп.
Ақ әжейлер бөлейді жас баланы,
Маужырап ұйықтасын деп бөбек ұйып.
(сурет)
Қазақ халқының аяулы ақын қыздарының өлең жырының аққуы атанған Фариза
Оңғарсынованың «оюлар» атты өлеңінде:
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Шебер көп бұл өмірде кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім... деп толғанады.

Қорытынды:
Сақып апа қолөнерінің жас ұрпаққа берер маңызы
«Еңбек түбі зейнет, бедел, құрмет, халықтың сүйіспеншілігі» деп
білетін болсақ, өз мамандығы әрі қадір-қасиетімен ел аузына іліккен Сақып
Рақымжанқызының еңбегі елеулі болды деуге болады. Сақып әжеміз 1959 жылы
Ресей Федерациясының жеңіл өнеркәсібі министірлігінің бірнеше құрмет
граматасымен тек қана іс тіккені үшін емес, жас шебердің көркем өнер
байқауына қатысқаны комсомол жұмысына белсене араласқаны социалистік
жарыстарда жеткен жетістіктері әсіресе әйелдер киімін сапалы тіккені үшін
марапатталған. Петропавл қаласындағы №5 ательде, содан кейін Бескөл
аудандық тұрмыс қажеттерін өтеу комбинатында киім пішуші, меңгеруші
қызметін атқарып, өз жерлестерін тек жемісті еңбегімен риза қылып, сәнділік
силап, эстетикалық тәрбие бергенін өзімізге үлгі етуге болады. Сақып апаның
Солтүстік Қазақстан облысының «ең үздік киім тігуші шебері» атағының иегері
болуы «Қанатты әйел медальінің иегері», халық тұтыну тауарлырының көптеген
жәрменкелерінде құрмет грамотасын алуы, «тауарлар мен идеялар»
жәрменкесінің жеңімпазы, «өз мамандығының үздігі», ардақты ана, асыл әже,
ұұлағатты да зиялы, беделді де белгілі жан екендігі кім болмасын қызығып
қарап, осы Сақып әжеме ұқсасам деген ойда болары хақ.
Сақып апа жайында Солтүстік Қазақстан газетінде, Сезон, Женский
иллюстрированный журналында, Қызылжар Қоғамдық саяси газетінде , Қанатты
әйел, әйелдердің бірінше ұлттық идеялары мен тауарлар жәрменкесінің
үнқағазында, Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан кіші ассамблеясында,
т.б. газет журналдарда оймақтының шеберінің ісмерлігін жазып, ел құрметіне
бөленіп, нағыз отан сүйгіштіктің үлгісі екендігін тілге тиек етіпті.
Сақып әже тіккен киімдерін тура өлшемей көзбен көріп қабылдап,адамға
қонымды етіп тігетіндігі оның қас шеберлігін көрсететіндігін анықтадым. Ол
өзінің ғана емес, қасындағылардың ұлттық болмысын қалыптастырып, ұлттық
намысын оятуға көп көңіл бөлетініне таңдай қақтым. Сақып әже өз халқының
ұлт дәстүрін, тілін мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосып жүруімен
танымал екендігіне көзім жетті. Қолөнердің қандай түрін болса да,
жүрегімен, жан- тәнімен береліп, істейтіндігіне тәнті болдым. Қазақ
халқының төл мерекесі наурыз мейрамын жетпістің белінен асқан Сақып әжеміз
өз қолынан шыққан әдемі ою-өрнектерімен, ұлттық бұйымдарымен, киім-
кешектерімен сәндеп, соңынан ерген жас өспірімдерге киіз үйдің ішін қалай
сәндеу керектігін үйретіп, қолөнер сімерлігіне тәрбиелеп жүрген асыл апа.
Сақып апамыз ою-өрнек өнерінде түр – түсін атқаратын рольі күшті.
Олардың әсем де әсерлі көрінуіне себепші тәсілдің бірі, түр-түсті орынды
қолдана білуде екенін жас өскелең біздерге түсіндіріп, әр халықтың бояу
түсі әр түрлі бағаланатындығын айтады. Мәселен, қазақ халқының қолөнерінде
ақ түс жиі қолданылады. Ақ түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ
халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ мол кездеседі. Мысалы: сүт
түсі – ақ, көңілі ағарған деп аталады. Ежелден келе жатқан оюдың бүгінгі
күнге дейін сақталып келуіне тағы бір себеп, оның бояу түсі мен құрылымының
үйлесімдігінде екенін естен шығармауды да айтады. Осының бәрі Сақып апа
қолөнерінің жас ұрпаққа берер маңызы зор екенін көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Ою-өрнек әлемі талданды.
Оймақтының шебері-Сақып Рақымжанқызы туралы жиналды.
Халықтың игі дәстүрі- ең асыл мұрасы сипатталды.
Сақып апа құрған ''Мақсат'' мәдени-ұлттық орталығы зерделенді.
Сақып апа оюларының шежіресі айқындалды.
Қолөнер шебері Сақып апа мен ақын М.Ысқақова өнерлерінің үйлесімдік
сабақтастықтары қарастырылды.
Сақып апа қолөнерінің жас ұрпаққа берер маңызы талданды
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының этнографы – Сақып
Рақымжанқызының қолөнердегі ерекшелектерін алғаш рет түсіндіруге қадам
жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңызы: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар
ауданының этнографы – Сақып Рақымжанқызының қолөнер ісмерлігінде
айқындалған ғылыми қорытындылар, практикалық нұсқаулардың ұрпақ үшін маңызы
зор.
Зерттеуден кейінгі ұсыныстар:
-Қазақ халқының ата кәсібі қолөнер кеңінен түсіндіріліп, ұмытылып бара
жатқан ұлттық мәдени құндылығымыз жандандырылсын.
- Республикамыздың әр облысының аудандарында, ауылдық жерлерде
«Мақсат» ұлттық-мәдени орталықтары ұйымдастырылсын.
-Ұлттық – мәдени орталықтар экономикамызды дамытып, ауылдағы
жұмыссыздықтың санын төмендету мақсатына бағытталсын.
-Қазақ халқының ісмерлік қолөнері бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарынан ойып орын алатындай мәртебеге ие болсын.
-Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының этнографы- Сақып
Рақымжанқызын Республика көлемінде этнограф ретінде танылсын.
Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестігі: Солтүстік Қазақстан
облысы,Қызылжар ауданының этнографы- Сақып Рақымжанқызының қолөнер
ісмерлігінің бір обьекті ретінде қарастырдым
Зерттеу жұмысының нәтижесі: Республикамызға Сақып Рақымжанқызын
Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданының этнографы екенін ұсынып,
насихаттау.
Зерттеудің практикалық маңызы: Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар
ауданының этнографы- Сақып Рақымжанқызының қолынан шыққан ою-өрнектерін,
киім үлгілерін бастауыш сынып оқушыларына, орта сыныптың оқушыларына,
педколедждің студенттеріне , мектептегі технология сабағына көмекші құрал
ретінде пайдалануға болады

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Шаңырақ энциклопедиясы А., Рауан 1990
2.Қазақтың ою - өрнектерінің жасалу жолдары С.Тоғанбаев, М.Өмірбеков,
«Қанағат ЛТД» 1993
3.Қазақ халқының қол өнері С.Касиманов, А., «Қазақ» баспасы, 1969
4.Өмір нәрі- ата кәсіп. Қ. Ахметұлы, Ф.Ахметова, А., «Рауан» 1994
5.«Жетісу» энциклопедиясы, А., «Арыс» баспасы 2004
6.С.Медеубекұлы, Ою хан мен Жою хан, А., 2004
7.Қанатты әйел, әйелдердің бірінше ұлттық идеялары мен тауарлар
жәрменкесінің үнқағазы, А., 1999
8.Қызылжар Қоғамдық саяси газет. 2003
9.Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан кіші ассамблеясы, Петропавл, 2007
10.Сезон. Женский иллюстрированный журнал, Республика Қазақстан, 1999
11.Солтүстік Қазақстан газеті, 2004
12.С.Төлепбаев, М.Өмірбекова Қазақтың ою – өрнектерінің жасалу
жолдары, 1993

Ұқсас жұмыстар
Үлгермеуші оқушымен жұмыс. 6 сынып
Хор Жойылсын соғыс
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Табиғат-тал бесігім
Инфомашка информатикадан викторина
Тазалық тобы
5-сыныптарға арналған жаттығулар,олардың ерекшеліктері
Пәндер