Егіздердің психологиялық ерекшеліктері

Анықтама
Тақырыбы: Егіз балалар, олардың психо-физиологиялық ерекшеліктері.
Мақсаты: Егіздердің тұлға болып қалыптасуы мен психикалық, физио-
логиялық дамуындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
генетикалық және психологиялық тұрғыдан зерттеу.
Міндеті: - Егіздердің пайда болуы, түрлері мен даму жағдайларынан
мағлұмат алу;
- Егіздердің психологиялық типтерін анықтау;
- Егіздердің психикалық ерекшеліктері ( мінезі, темпераменті,
ақыл-ой дамуы, тілінің дамуы, қызығушылығы, қабілеттілігі)
анықтау, анализдеу.
Гипотезасы: Егіздердің өмірге келу үдерісі- табиғаттың тылсым құбылысы
және де оның оның тұқым қуалау заңдылығын реттеп отыра-
тын арнайы геннің болуы керек.
Зерттеу
нысаны : Егіздердің психо-физиологиялық және тұлғалық
қалыптасуындағы ерекшеліктері.
Зерттеу
әдістері : -Генеологиялық әдіс
- Психологиялық сынақтама
- Кестелік көрсеткіштері ( белгілеріне сәйкес)
- Бейне-сұхбат
Зерттеу
кезеңдері: Ғылыми жұмысты зерттеу үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең - бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді,
интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесі-
не жан-жақты талдау жасалады. Екінші кезең - эксперимент
жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі- алға қойған міндет-
терді шешудің бастамасы.
Зерттеу
нәтижесі : - Егіздердің өмірге келуі жөнінде статистикалық сызба
жасалды;
- Егіз балалардың генеологиялық шежіресі құрастырылды;
- Түрлі теориялық тұжырымдамалар мен қағидалар баяндалды;
- Егіздердің психо-физиологиялық дамуына зерттеу
жүргізілді.
1
Аннотация
Тема: Дети-близнецы, их психо-физиологические особенности .
Цель: Генетическое и психологическое исследование
физиологического сходство и различие близнецов
формирование как личность в психологическом и
физиологическом развитии.
Обязанности: - Получить информацию о появлении, овидвхи состаянии
развитии близнецов.
- Определить психологические виды близнецов.
- Особенности психики близнецов (характер,
темперамент, развитие мышления, развитие языка,
интереса, способности) определить, анализировать.
Гипотеза: Появление в жизни близнецов - загадочное явление
природы ионо должно иметь ген регулирующий закон
наследственности.
Результат
исследования: Развитие особенности психо-физиологической личности
близнецов.
Методы
исследования: - Метод генеалогии
- Психологический эксперимент
- Интервью
Этапы
исследования : Научно-исследовательская работа состоит из трех этапов.
Первый этап - начинание. Вэтом этапе нужно разобраться в
разных литературных материалах, в источниках интернета.
Затем начинается исследовательская работа в широком
объеме.
Второй этап - проведение экспериментальной работы.
Третий - начало решения поставленной перед собой задачи.
Результат
исследования: - Статистическая графа о появлении в жизнь близнецов;
- Составлено генеалогическое древо близнецов;
- Собрано разные гипотезы и высказывания; -
- Исследовано психо- физиологическое развитие близнецов.
2
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім .
ІІ. Негізгі бөлім.
- Жобаға қатысты білім негіздері.
- Егіздерге сипаттама.
- Егіздердің психологиялық типтері.
- Егіздердің психологиялық ерекшеліктері.
ІІІ. Практикалық бөлім
ІҮ. Қорытынды бөлім
Ү. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3
І. Кіріспе бөлім.
«Әрбір адамзат баласын туғанынан бастап қоршаған орта табиғаты қоршап тұрады, сол табиғаттан, оның сұлулығынан және әуенінен әрбір адамда өзіндік сезімі мен ойлары қалыптасады . . . Табиғаттың құпия сырларының өзі қанша- ма». Осындай табиғаттың құпия сырларының бірі - егіздер.
Егіз балаларды зерттеу жұмыстары ерте заманнан бері бар, оларға барлық уақытта да қызығушылықпен, таң қалушылықпен қараған. Ең алдымен халық ауыз әдебиеттерінде әр түрлі жанрда- миф, ертегі, қиса-жырға, ән, балладаларға қосып айтқан. Бұдан әрі салт-дәстүрде, өнерде, әдеби кітаптардан, поэзиядан көрініс тапты. Шешімін таппаған сұрақтар төңірегінде ғалымдар жұмыс жүр-
гізу нәтижесінде егіздер туралы ғылым біртіндеп жақындай берді.
Ортамызда ерекше адамдар бар. Олар егіздер, үшемдер, төртемдер, тағы басқалар . . . Бізге бәрі де қызық. Өйткені өмірде мұндай оқиғалар ара-тұра кездесіп тұрады. Өмірге бірден екі, үш, төрт нәрестені өмірге алып келген аналарға бас иеміз. Оны жаратушы иеміздің құдіреті дейміз. Қашаннан бір қозы туса қуанышқа бөленетін қазақ емеспіз бе?Жарық дүниенің есігін ашқан әрбір шаранаға қуанамыз. «Әр баланың өз несібесі бар» деп шүкіршілік ететін де біздің қазақ. Қуаныштысы, соңғы жылдарда елімізде егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді. Кезінде саны кеміп қалған ұлтымыздың санын арттыруда оның маңызы ерекше. Дегенмен осы тұрғыда бір сәт ойланып көрдік пе? Айталық, елімізде егіздер саны қанша? Үшемдер, төртемдер санын да дөп басып айта алмаймыз. Ол туралы нақты деректер жоқтың қасы. Еліміздегі егіздер туралы деректерді ақпарат құралдары арқылы іздестіріп көрдік, қолға нақты мәліметтер іліге қоймады. Сосын жаһандық желі арқылы жұмыр жердегі егіздер мен үшем, төртемдер мәселесін қарастырдық. Біраз бар екен. Ал қазақша мүлдем жоқ. Ұлан байтақ далада бар-жоғы 16 млн халық тұратын Қазақстан үшін демография мәселесіне селқос қарағандық байқалады.
Соңғы деректер бойынша әлемде 70-80 млн егіз жұптары бар Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде алғашқы елулікке енеді екен.
Соңғы деректерде 28 орынды иеленеді делінген. Көш басында Африка құрлығындағы Нигерия тұр. Онда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарындағы жұрттың төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орындарды місе тұтады. Онда 250 қытайға бір егізден келеді. Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі заманның дамыған ғылыми-техникалық жетістіктерге көшуінде дүниеге әкелу мүмкін емес. 60 жылдармен салыстырғанда қазір егіздердің туылуы 2, 5 есеге артқан. Төменгі сызбада әртүрлі ұлт өкілдерінің аналар тобы мен егіздердің туу жиілігі көрсетілген. (1-сызба)
4
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Облыстық ана мен бала» орталығынан алынған мәліметтер бойынша статистикалық есеп
ШҚО. Аякөз ауданы бойынша егіздердің туу жиілігі көрсеткіші
Сонымен зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - бұл күндері ғылымға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын ескеріп егіздердің тұқым қуалау арқылы берілуі, олардың психо-физиологиялық даму кезеңіндегі ерекшеліктерін байқау және мән-мағынасын ұғыну. Тақырып өзегі қанат жайып, назар аударатындай жағдай. Бұл табиғаттың құпия сырына, жұмбағына қызыға үңілу деп білемін. Менің қызығушылығым ғылыми ізденіс жұмысына жол тартты. Адам генетикасы мен психологиясы саласында ізденіс жұмысын жасағым келді. Мені егіз балалардың үшем, төртем, алтыем т. б. дүниеге келуі қызықтырды. Түрлері бірдей, немесе түрлері екі түрлі, жыныстары, мінез бітістері, қызығушылығы кейде бір, кейде әртүрлі болып келуі неге байланысты? Тұқым қуалау заңдылығы мен генге байланысты ма? Осы аталған жағдайларды генетикалық, психологиялық жағынан зерттеу - ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты.
6
Зерттеу мәселесі - егіздердің түрлерінің бірдей және әр түрлі болуы, генетикалық және психологиялық дамуындағы ішкі белгілері бойынша айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.
Зерттеу болжамы: Егер егіздерге тән қабілет пен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа берілгендігін анықтап, генетикалық жағын, психологиялық жағын анықтаса, онда адам генетикасындағы генеалогиялық әдіс, егіздік әдіс және психология сабақтасып толықтырылады.
Зерттеу саласы: Адам генетикасы мен психологиясы. Адамдағы доминантты және рецесивті белгілері, генеалогиялық, егіздік әдістер.
Зерттеу объектісі - Егіздердің пайда болуы, түрлері, психо-физиологиялық дамуы және егіз балалар.
Осыған байланысты жұмысым мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- Егіздердің түрлерін анықтау;
- Егіздердің психологиялық типтерін анықтау;
- Егіздердің психо-физиологиялық ерекшеліктерін ажырату;
- Психологиялық зерттеулер жүргізу;
- Генеалогиялық әдіс арқылы тұқым қуалаушылығын анықтау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең - бастау кезеңі. Адам генетикасы мен психологиясына қатысты әдебиеттерді оқу, тылсым табиғат сырлары айтылған ақпарат жаңалықтарын тыңдау.
Екінші кезең - егіздерге бақылау жасау, психологиялық тестер алу, танымдық, генеалогиялық және басқа да эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі.
Үшінші кезең - алдыға қойған міндеттерді орындаудың бастамасы. Табыс нәтижелерін ғылыми жаңалыққа жеткізу мақсатында зерттеу жұмыстарын жалғастырып жүргізе беремін.
Жұмыстың жаңашылдығы: жұмыстың көрнекілік материалдары қазіргі заман талабына сай, интерактивті тақтамен толық пайдалануға арналған презентация арқылы көрсетіледі.
7
Негізгі бөлім
2. 1 Жобаға қатысты білім негіздері.
Қоғам дамуының әрбір кезеңінде дүние жүзі елдерінде егіздер төңірегінде ғылыми тұрғыдағы сұрақтар көптеп қойыла бастады. Әсіресе ХІХ ғасырдың 70 - жылдары бұл құбылысқа қызығушылық артты. 1875 жылы Ф. Гальтон егіздік зерттеуді генетикаға әдіс ретінде енгізді. Бұл ғылым - гемеллология деп аталды. Бірақ бұл әдістің ғылыми негізі ХХ ғасырдың 20 -жылдарында зиготалық диагностиканың сенімді әдістері пайда болғаннан кейін қалыптасты. Егіздердің түрлерін анықтау үшін 1924 жылы Г. Сименс егіздердің «ұқсастық әдісін» анықтады, ол тұқым қуалау ерекшеліктерін- көздің түсі, шашы, қол сызбаларын салыстырды. 1934 жылы О. Фершюр егіздердің белгілеріне қарай ұқсастықтарының арнайы кестесін жасаған. Басты ерекшелік олардың 100, 50 пайыз ортақ гендерінің болатындығы ғана емес, бұл ұқсастық даму жағдайына да әсер ететіндігі анықталды. Қазіргі заманда Ресей зерттеушілерінен егіздерді зерттеушілер көптеп саналады. Олар: А. Р. Лурия, Т. А. Пантелеева, Т. М. Марюткина, Б. И. Кочубей, С. Б. Малых, Н. М. Зырянова, М. С. Егорова, С. Д. Пьянкова, А. П. Анохин т. б.
Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадан тұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан , ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары (гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың көрінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге байланысты. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.
8
Адамдағы доминантты және рецессивті белгілер
Адамда белгілердің тұқым қуалауын зерттеу - өте күрделі процесс. Өйткені адамның генетикасын зерттеуде еркін шағылыстырудың мүмкін еместігі, жыныстық жағынан кеш пісіп-жетілуі, ұрпақ санының аз болуы және хромосомалар санының көп болуы елеулі қиындықтар тудырады. Көрсетілген қиындықтарға қарамастан, адам генетикасын зерттеу жұмыстары генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік және биохимиялық әдістерді қолдану барысында үлкен табыстарға жетті.
Генеалогиялық шежіре әдісі . Бұл әдіс бойынша адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің, туыстық қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды. Шежіре әдісінің негізгі мақсаты - жиналған деректер бойынша шежіре үлгісін құрастыру және оны талдау. ол үшін зерделенетін мәселе бойынша әкесі мен шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Бұл әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға,
шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі жәнет. б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды.
Оның іні-қарындастарын сибстер деп белгілейді. Шежіреде талданатын ұрпақтар:
І. Ата ұрпағы
ІІ. Әке ұрпағы
ІІІ. Өзінің ұрпағы
ІҮ. Балалар ұрпағы
Ү. Немерелер ұрпағы
ҮІ. Шөберелер ұрпағы
ҮІІ. Шөпшектер ұрпағы
9
Шежіре әдісі дәрігерлік - генетикалық кеңестерде тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Оқушылар өз ата-баба
шежіресін айта және жаза білуі қажет. Бұл мектеп қабырғасынан басталуы керек. Өз шежіресін білу туыстар арасындағы жақындықты, бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті, ата-баба, апа-әжелерді есте сақтауға көмектесіп, туыстық некенің болуын азайтады. Неміс, еврей және ағылшын отбасылары өз шежіресін болашақ ұрпаққа қалдырып отырады екен.
Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалынады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж. Тийо мен А. Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутсомалар және бір жұп - жыныстық хромосомалар болатындығы анықталды. Бұл жыныс генетикасы тақырыбында айтылғандай ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ), ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетіндігі дәлелденді. Бұл әдіс арқылы дүниеге келетін сәбидің жынысын анықтауға мүмкіндік алынады. Егер (ХХ) хромосома біріксе қыз бала, (ХУ) хромосома біріксе ұл бала болатындығы анықталған. Бұл әдісті қолдану арқылы адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.
Егіздік әдіс. Егіздік әдіс өмірге келген егіздердің түрлерін, даму ерекшеліктерін зерттейді. Алғаш рет бұл әдісті адам генетикасында қолданған ағылшын антропологы Ф. Гальтон болды. Қазір бұл әдісті көптеген генетикалық зерттеулерде кеңінен қолдануда. Егіздік әдісті адамның тұқым қуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта жағдайын, белгілердің дамуындағы айырмашылықтарды зерттеу үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері екі фактор генотип пен ортаның өзара әсерінен қалыптасады. Адам бойындағы туа біткен қабілетті дамытып, қалыптастыру үшін оқу мен тәрбиенің маңызы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия, гемофилия және т. б. ) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.
10
2. 2 . Егіздерге сипаттама.
Егіздер деген кімдер? Бір анадан бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды егіздер деп атаймыз.
Егіздер өмірге жиі келе ме?
- Егіздер - 85 жүктіліктен 1 - еу;
- Үшемдер - 6-7 мың жүктіліктен 1- еу;
- Төртем т. б. - 54 млн жүктіліктен 1 - еу.
Барлығымызға белгілі жәндіктерде бір сәтте бірнеше баласын дүниеге әкеледі. Бұл овуляция кезінде бірнеше жұмыртқа бір мезетте дамып жетілуінен болады. Адамдарда және жануарлардың кейбір түрлерінде ұрықтану кезінде бір ғана жұмыртқа ұрықтанып, дамып жетіледі де, бір ғана бала дүниеге келеді. Кейде жұмыртқаның ұрықтанып, пісіп жетілуінің бастапқы даму кезеңінде зигота екі бөлікке бөлінеді. Бұл құбылыс бір жұмыртқалы - монозиготалы егіздердің тууына әкеледі. Бір жұмыртқалы егіздер бір зиготадан дамығандықтан гендері ұқсас, түрлері де, жыныстары да бір болады. Екі жұмыртқаның жеке - жеке дамып жетілу құбылысы да болады. Бұл екі жұмыртқалы - дизиготалы егіздердің тууына әкеледі. Олардың түрлері де, жыныстары да екі түрлі болады.
Егіздердің қандай түрлері бар?
Адамзат баласында егіздердің биологиялық феномені екі типте болады:
- Монозиготалы(бір жұмыртқалы егіздер)
- Дизиготалы(екі жұмыртқалы егіздер)
11
- Бір жұмыртқалы егіздер(монозиготалы) генетикалық жағынан - ұқсас, бірдей, пара-пар, тең (идентичный) .
- Екі жұмыртқалы егіздер(дизиготалы) генетикалық жағынан - әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды, тең емес (неидентичный) .
Монозиготалы және дизиготалы егіздерді зерттейтін ғылым гемеллология деп аталады.
Кей жағдайда эмбриондардың дұрыс бөлінбеуі салдарынан дене бөліктері мен ішкі ағза мүшелерінің дұрыс дамымай қалуынан монозиготалы сиам егіздері дүнеге келген. Кейбір жағдайда оларды күрделі операциялар жасау арқылы ажыратуға болады.
12
Кейбірі бөлінбей өсіп-жетіліп, өмірге бейімделгендері де бар. Дұрыс дамып жетілмеген егіздерде - екі егіздің біреуі ғана дұрыс жетілгендігі, ал екіншісінің дамуында дефектілері болатындығы кездеседі. Бұл сиам егіздерінің өмірге келуі сирек жағдай.
Дұрыс дамып жетілмеген егіздерді анықтайтын ғылым тератология деп аталады. Тератология сөзі грек тілінен аударғанда «терас»- құбыжық, ұсқынсыз, «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Құбыжық балалардың дүниеге келуі бір жұмыртқалы егіздер арасында пайда болған айырмашылықтарға генотиптің әртүрлілігі емес, ортаның физикалық және химиялық факторларымен қатар әлеуметтік жағдайлардың да әсері болады.
Құбыжық балаларды тудырушы факторлар: ультракүлгін сәулелер, ауыр металл тұздары, токсикалық заттар /арақ, темекі/ жарақат алу. т. б.
Құбыжық балалар түрлері:
- Бір бала
- Бірнешеу (ұрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңінде дұрыс бөлінбей қалуынан)
- Бірнеше құбыжық егіздерде симметриялы және ассиметриялы егіздер кездеседі.
![]()
![]()
13
![]()
![]()
![]()
Генетиктердің анықтауы бойынша «сиам егіздері» 65-85 мың нәрестеден біреуі кездеседі. Мұндай егіздер елімізде Қызылорда облысының Шиелі аймағында 1998-2000 жылдары үш анадан туылғаны белгілі.
Генетиктерді қандай егіздер қызықтырады? Генетиктер үшін бір жұмыртқалы егіздердің дамып жетілуі қызықты. Олар дамып келе жатқан ағзаға қоршаған ортаның қалай әсер ететіндігін зерттеген.
Қала тұрғыны, барлық жағдайы бар. Ауыл тұрғыны, шаруа әйел.
Ағзаға әсер етуші белгі - генге қоршаған орта әсерінің нәтижесі.
1875 жылы Ф. Гальтон егіздік әдісті ұсынды. Егіздік әдіс бойынша:
- Егіздердің екі типі болады: монозиготалы және дизиготалы;
- Егіздік әдіс генотип ролін анықтауға көмектеседі және ортаға қатысты белгілердің пайда болуын анықтайды.
Егіздік әдіс бойынша тұқым қуалаушылық ауруларының көрсеткішін де көрсетуге болады.
Егіз балалардың жеке ағза жүйелерінің құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері әр түрлі болуы мүмкін. Егіздер кезіндегі жүктілік ауыр болады, токсикоз, қан қысымы көтеріледі.
14
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz