Бір орында және қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу және оған жауап беру

«Бекітемін»

Мектеп директоры

  1. Сабақтың тақырыбы: Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру
  2. Сабақтың мақсаты:Оқушылардықозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беруге үйрету.
  3. Уақыты:45 минут.
  4. Өткізілетін орны:Саптық алаң.
  5. Өткізілетін күні:
  6. Көрнекілік құралдар:АӘД оқулығы, Саптық стенд.
  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 минут.

  • Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
  • Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
  • Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?
  • Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
  • Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?

б) Негізгі бөлім - 22 минут.

Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.

Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және

бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.

Бас киіммен тұрғанда - аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.

в) Қорытынды бөлім - 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
  • бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
  • қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы:


Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Орнында және қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу тәсілдері және жауап беру
Бір қатарлы және екі қатарлы сапқа қайта сап құру әрі қозғалыстағы әскери сәлемдесу
10-сынып: Орында тұрғандағы бұрылыстар, саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Бір орында және қозғалыста допты беру және алып жүру: ашық сабақтың әдістемелік жоспары
10 сыныпқа арналған әскери топография сабағы: Азимут бойынша қозғалыс
6-сынып дене тәрбиесі сабағы: бір орында тұрып допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау
Сәлем беру мәдениеті: қазақ халқының сәлемдесу дәстүрлері мен әдеп тәрбиесі
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту және әскери-патриоттық тәрбие беру тәжiрибесi - М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты (Орал)
4-сынып математика: бір бағыттағы қозғалыс және артынан қуып жету есептері
Сәлемдесу мәдениеті және әдептілікке тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz