Сабақтың міндеттері

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі
Жумабекова Мадина Оразхановна
Пән: информатика
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: "Visual Basic программалау тіліндегі графика"
Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламасының графикалық объектілерімен жұмыс жасауға үйрету
Сабақтың міндеттері:
Білімділік : Объектілі бағдарланған программалау бойынша алған білімдерін саралау.
Дамытушылық: Әр оқушының сабаққа деген ынта мен қабілетін біріктіріп, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту; шыдамдылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, практикалық тапсырма, сәйкестендіру кестесі
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, постер, түрлі-түсті маркерлер, Visual Basic 6. 0, компьютер, локальды желі
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: постер жасау, тест, практикалық тапсырманы орындау, Ішіне-сыртына
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, алгебра, ағылшын тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
/ЖЕСО модулі/
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, олардың назарын сабаққа бұру
ІІ. Үй тапсырмасы (4 мин) /АКТ модулі/
1-флипчарт 2-флипчарт
Сурет-1. Оқушылар «Сәйкестендіру» тапсырмаларын орындауда
ІІІ. Білу және түсіну кезеңі. (ОЖТ модулі) (6 мин)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін интербелсенді тақтада графикалық объектілердің суреттерін көрсету.
- Бұл не? Не үшін арналған? Бұл фигуралар мен не жасауға болады? сияқты жетелеме сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығу.
Оқушылар жауабы: графикалық фигуралар, сурет салу үшін, графикалық объектілермен жұмыс жасау үшін арналған.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсыздар?
Оқушылар жауабы: Visual Basic-те графикалық объектілермен жұмыс жасау және үйрену
Жаңа сабақты түсіну үшін оқушыларға теориялық материалдар таратылады. Оқушылар жаңа материалмен танысып, түсінгендерін постер бетіне түсіреді де, түсінгендерін талдайды.
Теориялық материал:
Visual Basic-те графикамен жұмыс жасау үшін
-
PictureBox
,
-
Shape
,
-
Line
,
Image
элементтерінің көмегімен іске асырылады.
-
PictureВox
формаға графиктік өріс шығаратын компонент
-
Shape
формаға тіктөртбұрыш, эллипс, шеңбер, бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш фигураларын шығаратын компонент
Қасиеттер терезесіндегі Shape қасиеті: 0-прямоугольник, 1-квадрат, 2-овал, 3-круг, 4-скругленный прямоугольник, 5-скругленный квадрат
-
Line
формаға сызық шығаратын компонент
-
Image
формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
Сурет-2. Топтық жұмыс
IV . Қолдану және талдау кезеңі /АКТ және ТжДБО модульдері/
Практикалық жұмыс 1 деңгей (7 мин)
Тақырыбы: Графикалық объект құру
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым графикалық объектілерді құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.
2. Пішінге келесі басқару элементтерін орнатып, олардың қасиеттерін сәйкесінше өзгертіңдер:
3. Command1 батырмасына келесі процедураны жазамыз:
Private Sub Command1_Click()
End
End Sub
4. Қосымшаны іске қосып, салған суретіңді көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
5. Файл - > Создать Проект1. exe командасын орындап, бағдарламанды жоба ретінде сақта.
Практикалық жұмыс 2 деңгей (8 мин)
Тақырыбы: Visual Basic-те анимация жасау
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында қарапайым анимацияларды құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар. Жобаны сақтап қойыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі 10-сынып қапшығындағы “VB анимция” бейнесабағын ашу
3. Бағдарламаның коды
Private Sub Timer1_Timer()
Image1. Visible = False
Image2. Visible = True
Timer1. Interval = 0
Timer2. Interval = 400
End Sub
Private Sub Timer2_Timer()
Image2. Visible = False
Image1. Visible = True
Timer2. Interval = 0
Timer1. Interval = 400
End Sub
Private Sub Command1_Click()
End
End Sub
4. Қосымшаны іске қосып, нәтижені көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
5. Файл - > Создать Проект1. exe командасын орындап, бағдарламанды "Анимация" атты жоба ретінде сақта.
Сурет-3. Оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындауы
Сергіту сәті.
- Оқушылармен көзге арналған жаттығулар жасау
1-жаттығу
-Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
-Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
-Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Көздеріңді талдырмаңдар.
-Алысқа қадалып қараңдар.
3-жаттығу
- Бастарыңды бұрмй, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
-Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу
-Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
-Алысқа қадалып қараңдар.
- Оқушылармен қол, білек, арқаға арналған жаттығулар жасау
Практикалық жұмыс 3 деңгей (10 мин)
Тақырыбы: Visual Basic тригонометриялық фунциялардың графиктерін салу
Жұмыстың мақсаты: Visual Basiс ортасында синус және косинус тригонометриялық
функцияларының графиктерін құруды үйрету.
Жұмысты орындау реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Формаға графикалық терезе ( Picture1) , батырма ( Command1 ) және шығу батырмасын ( Command2 ) орналастыру
3. Қасиеттер терезесіндегі Command1 батырмасының Caption қасиетін "Sin графигі" атымен өзгерту
4. Қасиеттер терезесіндегі Picture1 батырмасының Имя (Name) қасиетін " picGraph" атымен өзгерту
5. Қасиеттер терезесіндегі Command2 батырмасының Caption қасиетін "Exit" атымен өзгерту
6. Sin графигі батырмасына екі рет шертіп код терезесін ашамыз
7. Ашылған код терезесіне келесі кодты терміз: Синусоида графигінің коды
Private Sub Command1_Click()
PicGraph1. Scale (-10, 2) -(10, -2)
For SngX = -10 To 10 Step 0. 01
PicGraph1. PSet (SngX, Sin(SngX) )
Next SngX
PicGraph1. Line (-10, 0) -(10, 0)
For bytI = -10 To 10
PicGraph1. PSet (bytI, 0)
PicGraph1. Print bytI
Next bytI
PicGraph1. Line (0, 2) -(0, -2)
For bytI = -2 To 2
PicGraph1. PSet (0, bytI)
PicGraph1. Print bytI
Next bytI
End Sub
8. Exit батырмасына екі рет шертіп, бағдарламадан шығу командасының кодын жазамыз
Private Sub Command2_Click()
End
End Sub
9. Қосымшаны іске қосып, салған суретіңді көр, Шығу батырмасын басып, бағдарламадан шық.
10. Файл - > Создать Проект1. exe командасын орындап, бағдарламаңды "Синусоида" атты жоба ретінде сақта.
Сұрақ : y=cosx тригонометриялық функциясының графигін салу үшін
программада нені өзгерту керек?
Жауап : процедурадағы sin фунциясын cos функциясына ауыстырамыз
V. Жинақтау кезеңі /ОБ, ОҮБ модулі - тест жұмысы, ОЖТ модулі - жұптық жұмыс/
Тест тапсырмасы: (3 мин)
- Формаға түрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
- Формаға графиктік өріс шығаратын компонент
А) picture box Б) shape В) image
- Формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
А) line Б) data В) shape
- Формаға түрлі геометриялық фигураларды шығаратын компонент
А) timer Б) shape В) OLE
- Қосымшаларды іске қосу үшін қолданылатын мәзір
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz