Тойымыз тойға ұлассын

«Әліппе деген алтын жол,

апарар сені алысқа»

1 «Ә» сынып мұғалімі: Сердалинова . Г. Х

Мақсаты: Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, отансүйгіштікке

тәрбиелеу.

Оқушылардың әліппеден алған білімінің тәрбиелік мазмұнын ашу.

Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Көрнекі құралдар: «Қош бол, сүйікті Әліппе!», «Білім кілті - Әліппе!», «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар» көрнекі суреттер, шарлар, әріп белгілері.

ән: «Мектепке барамын » музыкасы ойнап тұрады.

(Ақсақал рөліндегі бала немере-оқушысын жетектеп шығады. )

Автор:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп»-деп.

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

Бейнетаспа тыңдау «1-қыркүйек »

Ата:

Балам, балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім.

Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Ата: Балам, зейінді бол, бүгіннен бастап оқушы атандың.

Қалқам, немеремді өзіңе тапсырдым.

Слайд шоу «4 ай өткен соң»

Мұғалім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар.

Бүгінгі егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіп отырған, бүгінгі күн сіздер үшін тағы бір той қосылмақ. Бұл той балаларыңыздың тұсаукесер тойы.

Бүгінгі шәкірттердің алғаш қолдарына алған оқулығы - әліппемен қош айтысар кезі келді. Білім әлемінің беташары - Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.

Ортаға сүйікті оқулығы әліппемен қоштасқалы тұрған 1»Ә» сыныбының шәкірттерін шақырайық.

1-жүргізуші :

Ассалаумағалейкум, уа, халайық!

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр, әніміз!

2- жүргізуші :

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім, ойымыз,

Құтты болсын тойымыз!

1-жүргізуші:

Қымбатты балалар!

Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?

Бірге: Әліппе досымыз!

2- жүргізуші:

Иә, ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық. (Әліппе келеді) Әліппе 3 рет

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Бірге: Қош келдіңіз, Әліппе!

Әліппе:Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғаламның,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйрендік, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы:

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе.

3-оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің, Әліппе!

ән: «Әліппе» (АНА, БАЛА, ОТАН шарға жазылған сөздерді жоғары көтеру)

1-жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

1-оқушы:

Қ әрпінен құралған

Бас-аяғы қазақтың,

Жарылқасын бір Аллам!

2-оқушы:

А латаудай айбарлы,

Астанам аты - Астана.

Ақтауым - ару жас қалам,

Жасай берсін Азат күн!

Мына менен басталған.

3-оқушы:

З ергерлікті кім білер,

Балқытады күмісті.

Сақинаны, сырғаны,

Күміс сымнан тартады.

4-оқушы:

А та-ананың тілегі -

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

5-оқушы:

Қ иындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа.

6-оқушы:

С ара сауды сиырды,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қырда,

Сан шаруаны тындырды.

7-оқушы:

Т аңнан тұрып тай мініп,

Тауда тазы жүгірттім.

Таңқурай жеп, сай қуып,

Таңдайымды жібіттім.

8-оқушы:

А стана -астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

9-оқушы:

Н аркөз бота үнемі,

Нарға ілесіп жүреді.

Нағыз еңбек кепілі,

Нан - тіршілік тірегі.

10-оқушы:

Б ірқазан мен Бөдене,

Байқамады дәнеңе

Бүркіт аңдып екеуін

Бастамақ бір пәлені.

11-оқушы:

О спан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

12-оқушы:

Л айым ұлы іс болсын,

Лайықты шәкірт болсын.

Лұқпан, Хакімдей боп,

Лайым қыдыр қонсын.

13-оқушы:

А сыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жад тоқып ал көңілге.

14-оқушы:

Ш ілде күні керемет

Шабындыққа келе кет.

Шалғышылар-ағалар

Шөмеледе балалар.

15-оқушы:

А заматпын жатпаймын

Алма ағашты баптаймын.

Астанада тұратын

Ағама алма сақтаймын.

16-оқушы:

Ғ имарат көп қаламда,

Ғаламат көп ғаламда

Ғылым қуып жалықпай

Ғалым болам қалайда.

17-оқушы:

Ы рыс алды -ынтымақ,

Ырысты болсын еліміз.

Ықыласы зор іске

Бала болып өсеміз.

Әріп таңбаларынан қалпақ киген оқушылар тізіліп тұрады.

1-жүргізуші:

Балалар, мына әріптерде бір сыр бар тәрізді, қане кім байқады?

- Қазақстан болашағы. «Біз»

Хор: «Достық»

Ән: «Радуга» Бут Анна.

Мұғалім: Әр жігіттің үш жұрты бар. Әліппенің де үш жұрты бар.

1. Өз жұрты: Дауысты дыбыстар

2. Нағашы жұрты:Дауыссыз дыбыстар

3. Қайың жұрты: ь ъ белгілері.

Ата-анамен жұмыс

Ойын:«Егер мен болсам»

Би:«Микки Маус» бір топ қыздар.

1-оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:

А- деген ол аналар ғой ардақты,

Ә - деген ол әкелер ғой салмақты.

Б - деген ол балалар ғой әдемі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

2-жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына алғаш әліппені жазған кім?

Бірге: Ыбырай Алтынсарин.

-Ыбырай аталарынның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

«Кел, балалар, оқылық!»

1-жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты, міне балаңыз.

Әліппе:

Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетелеп әкетер.

Ортаға ана тілі келеді.

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Бірге:

Қош келдіңіз, Ана тілі.

Ана тілі:

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің - құралың,

Ана тілің - ұраның

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

Мұғалім:

Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол -ел, жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.

Адам білімді, тәлім-тәрбиені -тіл арқылы үйренеді. Ана тілі деп атаудың себебі - анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.

Аяулы жыр-әніміз

Аялайтын бәріміз.

Алу үшін сана-білім

Ардақтаймыз ана тілін.

Ән:«Ойлан, тап » Сейтенова Ж. Аркешев Д.

3-оқушы:

Ақыл-ойын даланың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

4-оқушы:

-Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Ұқсас жұмыстар
Қорытынды сөз
Ана тілім-дана тілім
Тойға келіңдер, тойға
Әліппемен қоштасу: оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау
Нағашы атасы
Әліппемен қоштасу тойымызға
Ұлыстың ұлы күні - наурыз!
Той бастар өлеңі
Жаңа жыл туралы сценарий
Әліппемен қоштасу. Қош бол, сүйікті Әліппем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz