Шыны өндірісі

Тақырыбы : Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі.

Мақсаты: Шыны, цемент, қыш және т. б. силикат материалдарының өндірісі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың география, химия пәндері бойынша алған білімдерін нақтылау және байланыстыру.

Балалардың оқулықпен, қосымша әдебиетпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Көрнекі-құралдар: шыны, қыш, цемент бұйымдары

Кесте №1 «Силикат өндірісінің материалдары»

Кесте №2. «Шикізат»

Жеке және жалпы тапсырмалар, көрме, жұмбақтар.

Сабақтың типі: Ойын түрінде.

Әдіс-тәсілдер: мұғалімнің сөзі, рөлдік ойын, топ жұмысы, кестемен, оқулықпен жұмыс, жеке және жалпы тапсырмалар, жұмбақтар шешу. көрме ұйымдастыру.

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру: жазбаша

түрінде екі нұсқа беріледі. (5-7 мин)

I-нұсқа.

1. Алюминий өндірісі үшін шикізат ретінде қандай тау жыныстары қолданады? Олардың химиялық формулаларын келтіріңдер.

2. Неге алюминийді алуда электролизге таза глинозем емес, оның криолиттегі балқымасы қолданылады?

II-нұсқа.

  1. Өнеркәсіпте алюминийді қалай алады?

Кеннен алюминийді алу технологиясы өзара технологиялық тізбекпен және өндірілген өнімдерімен байланысқан қандай өндірістен тұрады?

  1. Өнеркәсіптік электролитте қандай иондар бар., электролиз кезінде олардың қайсысы электродтарда разрядталады? Электродтарда жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Жаңа тақырып.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: жұмбақтар оқылады .

1. Табылса бұрын там тұмнан

Қазірге көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде?

(Алюминий)

2. Сыныптан бір шықпайды.

Тимесеңіз жұқпайды.

Жәрдемінсіз бұл заттың

Оқушы сабақ ұқпайды. .

( бор, СаСО 3 )

  1. Табылған соң жерден 105 элемент,

Жерді үлкен дене дейміз керемет.

Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін

Екеуіне төрттен үші келер еді.

Атаңдар сол элементті

Құрап тұрған кереметті

( Оттегі және кремний)

Мұғалім жұмбақтарға байланысты қорытынды айтады.

Барлық аталған заттар силикат өндірісіне тікелей байланысты. Сонымен бірге. кремнийді өлі табиғаттың патшасы дейді, себебі ол барлық тау жыныстарының құрамында болады.

-Ал сіздер білесіздер ме? . . .

-кремнийдің қолданылуы тас ғасырдан басталады. .

-шыны өндірісі біздің ғ. дейін үш ғасыр бұрын белгілі болған.

-Ресейде бірінші шыны зауыты 1635 ж шыны өндіре бастады.

-кремнийді танып, білу арқылы адам микромирді (микроскоп) және макромирді (телескоп) біліп, фото, киноаппаратура шығара бастады.

-Қазіргі уақытта шыны талшықтардан әр-түрлі маталар жасайды.

Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялайды.

  1. «Экскурсоводтар» экскурсия жүргізіп,

Оқушыларды көрмемен таныстырады(2-3мин)

Қыштан, фарфордан, цементтен жасалған бұйымдар. (алдын ала тапсырмалар беріледі)

  1. Келесі ұғымдарға түсінік беріңдер: «технология», «химиялық технология», «технологиялық схема», «шикізат» «технолгиялық принциптер» (жеке оқушыларға тапсырма беріледі)
  2. Оқушылар мұғалімнің көмегімен кестелерді талдайды.

Кесте №1.

Силикат өндірісінің өнімдері.

Қыш шыны Цемент.

1. құрылыс 1. шыны бұйымдары 1. тез қататын

2. тұрмыстық 2. құрылыс -техникалық2. суыққа төзімді

3. техникалық бұйымдар. 3. жоғары t

4. жұқа төзімді.

Негізгі шикізат -табиғи силикаттар.

  1. AI2O3∙2SiO2∙2H2O-каолинит (саз)
  2. металл оксидтері және басқа оксидтер. }-шихта

SiO 2 , B 2 O 3 , P 2 O 5 , GeO 2

3. қосымшалар Na 2 CO 3 , CaCO 3 , K 2 CO 3

Кесте№2.

Табиғи шик-т синтездік шик-т. Шикізат- өндірісінің қалдығы .

СазAI 2 O 3 ∙2SiO 2 ∙nH 2 O Na 2 CO 3 -сода

Бор СаСО 3 Na 2 SO 4-сульфаты Шлак

Доломит MgCO 3 ∙CaCO 3

мергель Na 2 B 4 O 7 ∙10H 2 O нефелин

бура шлам

күлдер.

Топ жұмысы .

«Инженер-технолог» оқушылар жетекшілік етеді.

Оқушылар топтарға бөлінеді, ал жетекші болып, оқушылар шыны, цемент, қыш, фарфор, өндірісі туралы түсіндіреді. Әр инженер- технолог бір тақырыпты түсіндіреді. Басқа оқушылар мұғалімнің белгісімен орындарын ауыстырып отырады. Нәтижесінде әр оқушы барлық жетекші оқушылардың алдынан өтеді. Осы жұмысты ұйымдастырып, өткізуге 15 мин жұмсалады.

Қорытынды кезеңінде оқушылар №3 кестені толтырады.

Кесте №3.

Силикат өндірісі.

Силикат

өндірісінің

саласы

Шикізат

Негізгі химиялық

реакциялар

Технология

ның

ерекшелігі

Негізгі

өнімдері

Силикатөндірісініңсаласы:
Шикізат:
Негізгі химиялықреакциялар:
Технологияныңерекшелігі:
Негізгіөнімдері:
Силикатөндірісініңсаласы:
Шикізат:
Негізгі химиялықреакциялар:
Технологияныңерекшелігі:
Негізгіөнімдері:

Оқушылар әр өндіріске қатысты сұрақтар құрастырады.

Сабақты қорытындылау кезеңі: Оқушылар инженер-технологтардың жұмыстарын бағалайды.

Жетекші оқушылардың аты-жөндері жазылған тақтаға түрлі-түсті жетондар жабыстырылады.

Қызыл түс -өте жақсы

Сары түс - жақсы

Жасыл түс - қанағаттанарлық. Сабақтың келесі этапында жеке тапсырмалар және жалпы (оқушылардың сұрақтары бойынша) сұрақтар болады.

Үйге жеке тапсырмалар беріледі.

Карточка№1

  1. Кремнийдің қолданылуы. §8. 7 229-230бет

Жоспар жасау немесе сызбанұсқа түрінде.

Карточка №2 .

  1. Химиялық шыны, рубин, кварц шыны деген не?

Олардың ерекшелігіне тоқталып, сипаттаңдар.

Карточка №3.

Бетон және темір бетон деген ұғымдарға түсінік беріп, қолданылуын сипаттаңдар.

Карточка№4.

Шыны өндірісінде келесі химиялық реакциялар жүреді: Осы реакцияларды толықтырыңдар.

Na 2 CO 3 +SiO 2 t→Na 2 SiO 3 +…

CaCO 3 +SiO 2 t→…. + CO 2

Na 2 CO 3 +CaSiO 3 +4SiO 2 →t Na 2 O∙CaO∙ …. .

10-сынып.

Тақырыбы :Аммиак. Аммоний тұздары. (лекция)

Мақсаты: Аммиак молекуласының құрылысын қарастыру арқылы, полюсті ковалентті байланысты қайталау. . Физикалық қасиеттерімен танысып, сутек байланысы туралы түсінік беру. Химиялық қасиеттерін зерттеп, ковалентті байланыстың донорлы акцепторлы механизмі туралы білім беру. Аммоний тұздарының ерекшелігіне тоқталып, физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттау.

Лекция жоспары. :

  1. Аммиак, құрамы және молекуланың электрондық құрылысы.
  2. Физикалық қасиеттері.
  3. Аммиактың химиялық қасиеттері. ( жану, катализдік тотығу, су және қышқылмен әрекеттесуі)
  4. Аммиак синтезі.

Сабақ барысында демонстрациялық эксперимент жоспарланады:

  1. аммиак синтезі
  2. аммиактың суда еруі
  3. аммиактың жануы
  4. аммоний хлоридінің алынуы.

2, 4 тәжірибені лекция барысында жасауға болады. 1, 3 тәжірибелерді сабақтың соңында жасауға болады. Лекцияның сызбанұсқа -конспектісі.

1. Аммиак және молекула құрылысы .

-3 ∙ ∙

NH 3 , H: N:H -электрондық формуласы. Mr(NH 3 ) = 17

∙ ∙

Молек. H Ковалентті полюсті байланыс.

Формуласы ∙ ∙

Nб-б-

Hб+ Hб+

Hб+

  1. Аммиактың физикалық қасиеттері.

а аммиак

б аммоний гидроксиді NH 3 -газ, суда жақсы ериді

в су.

аммиактың суда ерігіштігі.

Д АУА = Mr(NH 3 )

29 Д АУА = 17 <1 1V H 2 O 700V (NH 3 ) дейін,

29

Температурада тұншықтырғыш иісі бар

Қысымды көтеру арқылы аммиак сұйық түріне көшеді. Сутектік байланыс пайда болады.

…NH 3 …NH 3 …NH 3

  1. Аммиактың химиялық қасиеттері.

А) аммиактың тотығуы Б) аммиактың қатысуымен жүретін

NH 3 - тотықсыздандырғыш қосылу реакциялары

1) 4NH 3 +3O 2 = 2N 2 +6H 2 O 3) NH 3 +HOH ↔︎ NH 4 OH

. . . электрондық баланс аммоний гидроксиді

Оқушылар өздері орындайды. әлсіз негіз α=1, 4 суда өте жақсы

2) 4NH 3 +5O 2 t= 4NO +6H 2 O ериді. Себебі сутектік байланыс

пайда болады. H 3 N…HOH… көбіне

ерітіндіде заттар молекула түрінде болады

∙ ∙

  1. NH3+ HCI ↔︎ NH4+CI-аммоний хлориді.

H +

∙ ∙

Н:N:H CI-донорлы акцепторлы механизм.

∙ ∙

H

  1. Аммиакты алу.

Ұқсас жұмыстар
Кремний қышқылы
Силикат өндірісі. 9 сынып
Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар
Кремний және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерінің сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу
Ілмекбізбен тоқу. шартты белгілер
Синтетикалық үлкен молекулалы заттар және олардан алынған полимерлер
Ілмек бізбен тоқу
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Химиялық реакциялар белгілері
Азоттың табиғаттағы айналымы.Оқушылардың азот топшасындағы азот атомдарының қасиеттерi мен қосылыстары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz