Күз сыйлықтары: 4-сыныпқа арналған мерекелік-танымдық сценарий

Берекелі күз, мерекелі күз.

Зал безендірілген. Күз, еңбек туралы өлең, мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер. Көрме «Күз сыйлықтары»

Бастаушы:

Өрік, алма

Шие, алма

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз

Қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады? (күз)

Оқушы:

Күздің сыйын алайық,

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәрәмәз,

Әнімізді сыйлайық.

Ән «Күз келді».

1- оқушы. Қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді.

Мерекелі күз келді.

2-оқушы. Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

3-оқушы Қыркүйек кеп, күз келіп,

Шопан көшті күздеуге.

Мектепке бет түзедік.

Гүл құшақтап біздер де.

4-оқушы. Өнім үйіп тастадың,

Оқуды да бастадың

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Күз: Рақмет! Ал балалар, неге мені «Алтын күз» деп айтады?

5-оқушы Қауын-қарбыз жемістермен,

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады.

Күз айы да сол себепті.

6-оқушы Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап,

Мұны көріп қалай күзді

Теңемейміз сары алтынға?

7-оқушы Қараңдаршы қандай сұлу?

Бидай басқан кең дала.

А лтын жайып тастағандай,

Біздің дала бай дала

Мұны көріп қалай күзді

Теңемейміз сары алтынға?

Күз: Рақмет, балалар. Олай болса, кім күз айларын айтады?

Ойын: Жапырақтарға жазылған 12 ай ішінен күз айларын кім тез жинайды?

Бастаушы:

Ал, балалар, балалар,

Күзді енді тыңдаңдар,

Қандай жұмбақ айтса да,

Шешпей оны қоймаңдар.

Күз жұмбақтар айтады.

  • Енді бидайға сөз берейік.

8-оқушы Бидай басы ақ дән

Берген жерге бал тұнған.

Ақ нанын берген Отанға,

Айналдым іскер халқымнан.

9-оқушы. Желкілдейді желменен,

Жерді егін тербеген.

Өсірді оны диқандар,

Тамшылаған терменен.

Көрініс: «Ас атасы- нан».

10-оқушы Егінді баптап өсірген,

Диқан ісі мәрт қандай

Тың жер бүгін түрленді

Тұр жайқалып ақ бидай.

11-оқушы Нан иесі қандай

Пісірілген жаңада.

Дәмі де балдай,

Жүректен ыстық таба нан.

12-оқушы Азамат бүкіл

Ардақтап нанды сақтасын.

Ешқашан түйірі жерде жатпасын.

13-оқушы Күз жомарт дейміз біз

Не деген дәмді көкөністер,

Не деген тәтті жемістер.

Жемісті жесең кемістер.

Болмайды сенің бойыңда

Болсыншы осы ойыңда.

14-оқушы. Мен алмамын, алмамын,

Таңдай тұшар бал дәмін

Дастарқанға көрік беріп,

Келтіремін бар сәнін.

15-оқушы. Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Сүйіктімін сәбилерге.

Айтпасам да бөліп тым.

16-оқушы. Шиемін мен, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Бала келсе қасыма.

Басымды мен иемін.

Ойын: «Жеміс- жидек жеу. »

Күз сыйлықтары көрмесіндегі жидектер.

Қорытынды.

№1 жалпы орта білім беретін мектеп.

Сынып: 4 «а»

Өткізген: Себепова Ақторғын Талапқызы.

Орал-2007ж.


Ұқсас жұмыстар
Балабақшаға арналған мерекелік-танымдық бағдарлама: күз мерекесі, Тілдер күні, ұлттық тәрбие және дәстүрлі музыка
Ұстаз - аты биік әрі мәңгілік: Мұғалімдер күніне арналған мерекелік сценарий
Армысың, алтын күз: 13 қазанға арналған мерекелік сабақ жоспары
Жомарт күз мерекелік-танымдық ертеңгілігінің сценарийі - Октябрь мектеп-балабақша кешені, Белое ауылы, 2015 жыл
Балабақшадағы Қарлығаштар тобының Мерейлі күз, мырза күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Бастауыш сыныпты аяқтау салтанатына арналған мерекелік сценарий және бағдарлама
Әліппемен қоштасу: бастауыш сыныптарға арналған мерекелік сценарий
Мерекелік сабақ жоспары: Алтын күз келді бақшама - күз туралы түсінік пен дағдыларды дамыту
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жоғары сыныптар үшін мектептік мерекелік сценарий
Әліппемен қоштасу: 1-сынып оқушыларына арналған мерекелік сценарий мен бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz