Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында

Маңғыстау облысы, Жетібай кенті.
«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Тарих пәнінің мұғалімі Г. Суйменова

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.

Сабақтың мақсаты: Өтілген сабақтар бойынша оқушылардың білмін
қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін көтеру, пәнге қызығуын, ойлау,
есте сақтау қабілетін дамыту.

Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, қоғам даму
диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау, зерттеу, өз бетімен іздену
қабілетін дамыту.

Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ Қазақстанды өркендететін
өздері екенін сезіну.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Топқа бөліп оқыту, ой талқы.

Көрнекілігі: Тірек сызба, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Музыка, математика.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІІ. Топтық жарыс.
ІV. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.

Қайталауға арналған «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында» атты сабақ сайыс
түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
деген тақырыптар бойынша алған білімдерін қолдана отырып, қойылған
сұрақтарға жауап береді. Олай болса, тәуелсіздіктік бастамасы болған
оқиғаларға тоқталайық. 1991 жылда қандай өзгеріс болды?

1 3 1 2 1 3 5 3 2
Т Ә У Е Л С І З Д І К
9 50 2 6 8 2 9 2 2

Б. Тілеуханов. «Елім менің» әні орындалады.

І кезең «Кім білгір»
Қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіру кезеңдері.

|1920 жыл |1991 жыл | |1936 жыл |1990 жыл |
|26 тамыз |16 желтоқсан | |5 желтоқсан |25 қазан |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |
|  |  | |  |  |

ІІ кезең: «Кім шапшаң?» Сәйкестігін тап.

1990 жыл 25 қазан Н. Назарбаев ҚР Президенті
болып сайланды.

1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстанның мемлекеттік
егемендігінің жариялануы.
Республика күні.

1991 жыл 08 желтоқсан ҚазақКСР-і ҚР болып атала басталды.

1991 жыл 10 желтоқсан Минскідегі Славян Республикасы
басшыларының кездесуі. КСРО-ны таратып ТМД құру туралы шешімнің қабылдануы.

1991 жыл 13 желтоқсан ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің
жариялануы.

1991 жыл 16 желтоқсан Орта Азия республикалары мен Қазақстан
басшыларының Ашхабадтағы кездесуі.

1991 жыл 12 желтоқсан ҚР БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.

1992 жыл 2 наурыз ТМД-ны құру үрдісінің толық
аяқталуы.

ІІІ кезең: Тест сұрақтары

І топ

1. Қашан жаңадан сайланған халық депутаттарының І съезінде кеңес
қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды?

А) 1986 ж.қаңтар В) 1989ж.маусым С) 1991ж.мамыр

2. Қашан КСРО құрамындағы республикалар бірінен соң бірі өз
егемендіктерін жариялай бастады?

А) 1990ж. В) 1991ж. С) 1989ж.

3. Қай жылы КСРО-ны қайта құру мүмкіндіктері болған?

А) 1989ж В) 1990ж С) 1988ж

4. 1990жыл сәуірде Републиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен ҚазақКСР-ның
қандай лауазымды қызметі тағайындалды?

А) Парламент. В) Президент. С) Сенат.

5. Егемендік жолында қоғамдық қозғалыстар, митингілер қашан белсенділік
көрсетті?

А) 1990ж.қазан. В) 1991ж.маусым. С) 1992ж.ақпан.

ІІ топ

1. 1991 жылы 7 қыркүйекте қандай съезд болды?

А) Төтенше. В) 7 съезд. С) Жоғарғы.

2. Компартия қашан тарап кетті?

А) 1989ж В) 1990ж С) 1991ж

3. 1991 жылы 13 желтоқсанда қай жерде Орта Азия республикасымен
Қазақстанның жетекшілері бас қосты?
А) Астана. В) Ашхабад. С) Алматы.

4. ТМД-ны құру туралы шешім қашан қабылданды?

А) 1991ж,1 желтоқсан В) 1990 ж.5 қараша С) 1991 ж.8
желтоқсан.

5. Қазақ КСР-і ҚР болып қашан атала бастады?

А) 1991ж. 10 желтоқсан В) 1995 ж 1 желтоқсан С) 1990
ж 3 қараша.

IV кезең: Шығармашылық тапсырма

І топ
ІІ топ

Нарықтық экономиканың қазақстандық моделі Инвистициялық саясат

Қорыту: (Слайдтар) Қысқасы Елбасының егемен ел болудың ауыр белесінен
өттік дкгке сөзін еске ала отырып, найзаның ұшымен, білектің күшімен
келген тәуелсіздігіміздің болашағы өз қолдарымызда.

Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суыңда.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буында.

«Өз тарихын сыйламаған халық, өзінде сыйламайды»

Н.Назарбаев.

Әнұран шырқалады.
Үйге тапсырма: ҚР Тәуелсіздігіне шығарма жазу.

Ұқсас жұмыстар
Білім Қазақ аумағындағы ғылыми зерттеулер мен қазақ әдебиеті жайлы білу
Тәуелсіздік биік болсын, тұғырың
Тарихшылар симинары
Тәуелсіздік көшбасшысы (өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан
Химия-өмір өзегі
<<ғасырдан ғасырға>> сайысы
Астана қаласының мейрамы қай күн
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Қазақ халқының ерлік істері
Пәндер