7-сынып алгебра: қысқаша көбейту формулаларын қайталау және бақылау жұмысына дайындық

Алгебра 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау»
Сабақтың мақсаттары
Оқытушылық: 1.
1. Бірмүше және көпмүше туралы өткенді қайталау.
2. Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру.
3. Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана білу.
4. Қысқаша көбейту формулалары бойынша бақылау жұмысына дайындық.
Тәрбиелік: шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетінше ізденіп, алған білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. Еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индуктивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорыта білуге үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
Оқушылардың бағдар беті, слайд түрінде берілген графикалық диктант, тестілеу құрылғылары, Блез Паскаль туралы фильм, карточкалар және сабақ толығымен жазылған флипчарт, сазды әуен.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- Білімді жеткізу: көрнекіліктерді қолдану арқылы
- Практикалық (жаттығу жұмыстарын орындату)
- Ішінара ізденушілік
- Оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану.
Сабақтың түрі:
Жалпылау сабағы. Бақылау жұмысына дайындық.
Қайталау
Көпмүшелер және бірмүшелер, қысқаша көбейту формулалары.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға араналған жұмыс түрлері :
Графикалық диктант, тест, өздік жұмысы.
САБАҚ БАРЫСЫ:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Рефлексия. Оқушылардың сабақтың басындағы көңіл-күйін қадағалау.
2. Өткенді қайталау.
Графикалық диктант.
Тұжырым дұрыс болса ^ белгісін, дұрыс болмаса _ белгісін қою керек.
- Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды (жоқ)
- Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана болатын бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды (ия)
- Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (жоқ)
- Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады (ия)
- Көпмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады (ия)
- Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін оның әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (жоқ)
- Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін біріншісінің әрбір мүшесін екіншісінің әрбір мүшесіне көбейтіп алып, шыққан нәтижелерін қосамыз (ия)
- Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі бірмүшенің коэффициенті деп аталады (жоқ)
- Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (ия)
(Графикалық диктанттың жауабы: _^_^^_^_^)
- Ауызша жаттығулар.
Тақтадағы өрнектердегі бос орындарды теңдік дұрыс болатындай етіп толтыру.
5 а + Ө = 5а + 3 b - 8
b 2 - b c - Ө = b 2 - b c - 7 b + 5
Ө + (2 a 2 + 4ab - b 2 ) = 3 a 2 + 4 ab
Ө · (a - b) = 4ac - 4bc
(12a 3 - 4a 2 ) : Ө = 3a - 1
Ө · (2 a - b) = 10a 2 - 5ab
- Тестік жұмыс.
- Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?
А. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
D. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
E. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
Дұрыс жауабы: С
2. Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?

Дұрыс жауабы: В
3. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең?
А . Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
В. Бірінші өрнектің квадраты - екі еселенген бірінші өрнек пен екінші
өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
С. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
D. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
E. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
Дұрыс жауабы: А
4. Екі өрнектің айырымының кубы неге тең?
А. Екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
В. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
С. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
D. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
E. Екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
Дұрыс жауабы: С
5. Екі өрнектің қосындысының кубы неге тең?

6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы неге тең?
А. Бірінші өрнектің кубы - үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі - екінші өрнектің кубына тең.
В. Бірінші өрнектің кубы + үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісі + үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі + екінші өрнектің кубына тең.
С. Екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
D. Бірінші өрнектің квадраты + екі еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісі + екінші өрнектің квадратына тең.
E. Екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толымсыз квадратына көбейткенге тең.
Дұрыс жауабы: Е
7. Екі өрнектің кубтарының айырмасы неге тең?

5. Тарихи деректер.
- Блез Паскаль туралы фильм
- Паскаль үшбұрышы туралы мәлімет.
- Шығармашылық тапсырма.
Екімүшенің 4 дәрежесінің коффициенттерін табу және осы коэффициенттер бойынша формула құру.