Етістіктің райлары нешеу

Етістіктен өткенді қайталау .

Смайлова Заря Төремұратқызы.

№19 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: ойлау, сөйлеу, қабылдау қасиеттерін жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдату, т. б.

Сабақтың жабдығы: Тақта, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды топқа бөлу(қызыл үстел, көк үстел, сары үстел, жасыл үстел)

II Ой қозғау

«Сұрақ - жауап» арқылы алған білімдерін еске түсіріп, жинақтап алу.

Сұрақтар:

1. Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.

2. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

. 3. Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?

5. Қимылдың, іс-әрекеттің атауы болып, жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын қандай етістік?

6. Әрі есім сөздің, әрі етістіктің қызметін атқаратын қандай етістік?Оның түрленуі.

7. Кейде іс-әрекетті білдіретін, кейде іс-әрекеттің әр түрлі амал тәсілін білдіретін етістіктің ерекше түрі не?Ол қалай жасалады?Түрленуі ше?

8. Етістіктің шақтары нешеу?Қанда?

9. Етістіктің райлары нешеу? Қандай, қандай ?

10. Етіс түрлері нешеу?

11. т. б. сұрақтар.

III. «Түртіп алу» стратегиясы.

Мәтінді оқығанда, ондағы етістіктің түрлерін танып, дәптерлеріне

теріп, жазып алу керек. Кім қанша етістік жазып алды? Әр топ өздері жазып алған етістікті құрамына қарай (морфологиялық) талдау жасайды.

« Мәди »

Байлықтың зорлығы мен кедейліктің тарлығын көріп , ширағып өскен Мәди бұғанасы қатып , жігіт атанған кезден-ақ тізе батырған жуандардан кек ала бастады . Сол үшін оны байлар сан рет түрмеге де жаптырды.

Жасынан домбыра тарту , ән айтуға бейім болған Мәди ақындық, композиторлық өнерді өзінің жан серігіне айналдырды . «Қарқаралы», «Шіркін-ай», «Қаракесек», «Үш қара», «Сәулем-ай», « Туған ел» атты әндері ел арасына кеңінен тарады . Халқының сүйікті әншісі болды .

Мәди он саусағынан бал тамған өнерлі адам болды: домбыра, қобыз шауып , зерлеп , ер -тұрман жасады , кісен соғып , ою ойып , қыз- жігіттің киім үлгілерін пішті , жездеп биік өкше етік тікті . Мәдидің асқақ әндері бүгінгі ұрпаққа мұра боп қалды . («Қазақ әдебиеті» )

IV. Кестедегі етістіктерді қосу таңбасы арқылы анықта.

«Қызыл үстел » тапсырмасы

Етістік
Болымсыз
Көсемше
Шартты рай
Есімше
Етістік: тығылмай
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:
Етістік: қағып
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:
Етістік: жүрсе
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:
Етістік: зерлеп
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:
Етістік: табар
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:
Етістік: қуатын
Болымсыз:
Көсемше:
Шартты рай:
Есімше:

« Көк үстел » тапсырмасы

Етістік
салт
сабақты
есімше
Көсемше
Етістік: естген
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:
Етістік: болмақ
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:
Етістік: Көргенде
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:
Етістік: жарасар
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:
Етістік: жасайды
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:
Етістік: соқпақ
салт:
сабақты:
есімше:
Көсемше:

« Жасыл үстел » тапсырмасы

Етістіктерді
Жедел өткен шақ
Жіктік жалғауының ІІІ жақ
Қалау рай
өзгелік етіс
Етістіктерді: айтқым
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:
Етістіктерді: барды
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:
Етістіктерді: келді
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:
Етістіктерді: жаздыр
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:
Етістіктерді: оқытты
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:
Етістіктерді: Көрсеткіз
Жедел өткен шақ:
Жіктік жалғауының ІІІ жақ:
Қалау рай:
өзгелік етіс:

« Сары үстел » тапсырмасы

Етістік
септік
Тәуелдік
Жіктік
Көптік
Етістік: оқуға
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:
Етістік: келгендер
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:
Етістік: барамыз
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:
Етістік: Көргеніміз
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:
Етістік: ойнайды
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:
Етістік: қашқанмен
септік:
Тәуелдік:
Жіктік:
Көптік:

V. «Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым» деген Әбу Сәрсенбаевтың өлеңінің кейінгі үш тармағын өзің құрастырып көр.

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

(Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,

Алтын арай, таңғы жұпар самалдың. )

VI. Сөйлемнен етістікті тауып, оған морфологиялық кешенді талдау жаса:

«Қызыл үстел » тапсырмасы : Асқар тау алыстан көрінеді.

«Жасыл үстел » тапсырмасы : Ақыл - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен.

« Сары үстел » тапсырмасы : Еріншектің ертеңі бітпес .

« Көк үстел » тапсырмасы : Жақсының қасиеті - жарастыру .

VII. Сабақты жинақтау, бекіту. Топтастыру.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма.

Мәтін құрау. «Қыс»

Қызылорда облысы,

Арал ауданы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Ашық рай
Озық ойлы оқушы жайлы ақпарат
Есімшенің түрленуі
Етістікті қайталау
Етістіктің райлары
Нәтиже сабақ Өнерлі - өрге жүзер
Бағдарлама
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Жасырылған сөзді тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz