Компьютерлік графика: растрлық және векторлық кескіндер, графиктік редакторлар мен мультимедияны оқыту модулі

Тақырыбы: Компьютерлік графика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютерлік графика жайлы түсінік алу, растрлық, векторлық кескіндер туралы білім алу, олардың артықшылық, кемшіліктерін ажырату.

Дамытушылық: Графиктік редакторлар Paint, Photoshop, Coreldraw туралы мағұлматтар алу. Word-та графиктік мүмкіндіктерді қарастыру, мультимедияда қолданылуы.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру. Дизайнерлік мамандыққа баулу.

Сабақтың типі : Модульдік технология элементтері

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері, тарих.

Көрнекілік: Paint, Word, Power Point терезелеріндегі көрнекіліктер, мультимедиялық фильм.

Техникалық құралдар: Проектор, сканер, фотоаппарат.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Компьютерлерді дайындау, проекторды, сканерді іске қосу, фотоаппаратты пайдалану, көрнекіліктерді қою.

  1. Кіріспе.

«Компьютерлік графика» тақырыбы жайлы қысқаша шолу, тапсырмалар беру. Сабақ барысы слайдтар арқылы басқарылып отырылады.

  1. Модульдер бойынша тақырыпты қорғау

1 - модуль: Растрлық кескін.

2-модуль: Векторлық кескін.

3-модуль: Графиктік редакторлар Paint, сканерді қолдану.

4 - модуль: MSWord редакторында графиктік мүмкіндіктер, фотоаппаратты қолдану.

Екі топ 2 - тапсырма бойынша жұмыстарын қорғайды.

Түсініктеме беріп, екінші оқушы практикалық түрде көріністерімен көрсетіп орындайды.

  1. Практикалық жұмыстар: Болашақ дизайнерлер

Әр компьютерде 8 - наурыз мерекесіне арнап Paint редакторында, MS Word редакторында құттықтау беттерін жасайды.

  1. Дамыту бөлімі.
  1. Adobe Photoshop редакторының мүмкіндіктерін көрсету.

Фотоаппаратпен фотоға түсіріп, оны Photoshop - та монтаждау.

  1. Мультимедиа мүмкіндігі Видеофильм фрагментін көрсету

« Тарбағатай таңғажайыптары».

6. Бағалау, қорытындылау үйге тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік графика: түрлері, векторлық және растрлық графикаларды өңдеу бағдарламалары мен файл пішімдері
Компьютерлік графика: растрлық және векторлық графикаларды құру, өңдеу және графикалық файл пішімдері
Компьютерлік графика: растрлық, векторлық және фрактальдық түрлері мен оларды құру-өңдеуге арналған бағдарламалар мен файл пішімдері
Графикалық ақпараттарды ұсыну: компьютерлік графика түрлері, графикалық редакторлар және қолданылуы
Растрлық, векторлық және фракталдық графика: салыстырмалы талдау және практикалық тапсырмалар
7-сынып информатика: компьютерлік графика - түрлері, растрлық және векторлық графиктерді құру мен өңдеу, графикалық файл пішімдері және өңдеу бағдарламасының интерфейсі
Компьютерлік графика: фигураларды салу және векторлық объектілермен қарапайым амалдар
7А сыныбына арналған векторлық және растрлық графикаларды өңдеу
Графикалық ақпарат: экран пикселдері, растрлық, векторлық және фракталдық графика теориясы мен Microsoft Picture Manager-де практикалық жұмыс
Компьютерлік графика: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz