Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шомылған баланы

Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Бұрма ауылы,
Бұрма орта мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі
Шатекова Қарлығаш Тулеукулкызының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
тақырыбында өткізген тәрбие сағаты
«Фото-шуақ»

Дені сау ұрпақпыз – жарқын болашақпыз!

Тазалық денсаулық кепілі

Маман кеңесі

Дәрумендер туралы Саида не айтар
екен?!

Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ.
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету;
зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау)
ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен
қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа,
әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: тренинг
Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин,
сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.
Барысы: І. Кіріспе.
ІІ. Маман кеңесі.
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Жұмбақ шешу.
Ү. Зиянды әдет – мың бір әдет.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
ҮІІ. Рефлексия.
І. Кіріспе.
Мұғалім: - Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық – зор
байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады.
Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық
адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның
денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына,
өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға
ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын
болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына
тоқталу). «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар,
дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тамақты уақытында ішу;
- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;
- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;
- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;
- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;
- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.
- Қолды жууды ұмытпау керек.
- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.
(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп,
балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр
келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.
(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)
- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.
ІІ. Маман кеңесі.
Мұғалім: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген
тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз,
чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?
Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен
ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен
ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс
құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында
баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.
Мұғалім: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?
Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін
мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар.
Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып
қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға
еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.
Мұғалім: - Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз:
чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?
Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан
бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу
өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер
етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді,
тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен
болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.
Мұғалім: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)
Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?
Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға
пайдалы.
Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?
- Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin – қажетті деген
латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.
Мұғалім: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды
тыңдайық.
1-оқушы: - Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын
десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.
2-оқушы: - Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу
үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға
болады.
3-оқушы: Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині
керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында,
капустада, шиеде көп кездеседі.
Диетолог: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ.
Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың
алдын алатын витаминдер бар.
Мұғалім: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы
екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.
ІІІ. Сергіту
сәті.
- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық.
Денсаулық – зор байлық.
Би «Қара жорға»
ІҮ. Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір-бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады:
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не? (Сүлгі)
6. Сырты жаман, іші жын,
Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

7. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. (Темекі)

Ү. Зиянды әдет – мың бір
індет.
Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған.
Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар
адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі
төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не
ойлайсыңдар?
Оқушы: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.
Оқушы: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.
Оқушы: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну
өлімге әкеледі.
Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы
адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат – никотин.
Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан
тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге
жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс
болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте
көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?
Оқушы: - Темекі шегу – халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам
ағзасын іштей жейтін құрт.
Оқушы: - Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады
екен.
Оқушы: - Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті
темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.
Мұғалім: - Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын
улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер
айтып көрейік.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
- Дені саудың – жаны сау.
- Денсаулық зор байлық.
- Шынықсаң шымыр боларсың.
- Ас адамның арқауы.
- Тазалық – денсаулық кепілі.
- Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады.
- Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
- Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
- Ыдысы тазаның – ырысы таза.
- Қотыр қолдан жұғады.
- Ластың досы – шыбын.
- Емнің алды – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
- Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
ҮІІ. Рефлексия.
- Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?
- Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?
Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Аппақ бала
Әрекеттер кезеңі
Оқушының күн тәртібі
Көзің талар
Тазабек пен кір қожалақтың бастан кешкендері
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Денсаулық - салауатты өмір салты 3 сынып
Сендер қалай тамақтанасыңдар
Төрт түліктің кеңесі.Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ерекшелігіне тоқталу
Дені саудың - тәні сау
Пәндер