Семей қаласы №26 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен қоштасу кешінің бағдарламасы

11 сынып оқушыларымен қоштасу кеші

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. М. Дюсенова, 10 сынып жетекшілері: Б. Қ. Шарипова, іА. Қ. Сарсекова №26 жалпы орта білім беретін мектеп

Мақсаты: Мектеп түлектерінің арасындағы достық пен ынтымақтықты дәріптеу. Оқушылардың бір-бріне құрмет көрсетуін дамыту.

Көрнекілігі: ақ мата, лента, гүл, музыка.

Барысы:

1 - саты: Лабиринттен өту

2 - саты: Скакалкамен секіру

3 - саты: Шеңберді айналу

4 - саты: Отырып-тұру

5 - саты: Мектеппен қоштасу әнін орындау

Шоудың басталуы

1 - жүргізуші: Қайырлы кеш, ұстаздар және мектеп бітіруші түліктер!

Кезде келді бүгін міне, жыр атқарар,

Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,

Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.

2- жүргізуші: Қимас сезім жүректерде алаулап,

Түлектермен қоштасардай атырап,

Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,

Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.

1 - жүргізуші: Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,

Алып ұшқан түйініндей хаттардың,

Түлектерге қимас сезім сыйлаған,

Куәсіндей балалық бақ шақтардың.

2- жүргізуші: Бүгін - жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар күні,

Бүгін - өмірдің алғаш соқпағының сынар күні.

Бүгін - түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні

Бүгін - мектеп ақ жолынан қадам басып,

Жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні.

Ортаға бір-бір үйдің түлектерін ду қол соғып қарсы алайық!

1- жүргізуші:

Аяулы түлектер! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек барма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті . . .

Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн - сол шаққа нүкте қояр мезеттер. Олай болса, түлектер! Баршаңыз да бүгінгі шоу кешімізге қош келдіңіздер! (Музыка ойнап тұрады)

2 - жүргізуші:

Құрметті біздің №26 мектептің шоумен жұлдыздары сіздерді мектеп бітіру кешімен құттықтаймыз. Біздің шоуға қош келдіңіздер, 13-і түлектер!

Ән: Мектебім

1-жүргізуші: (топқа аттарын атап отырып, ішке шақыру)

Кілең «5» - тік озаттар

Биікке ұшар қанат бар

Қанаттарың талмасын,

Шыңына білім самғарсың.

Жанель, Жанбота, Сауле, Ардақ, Зухра, Ақтотыны шақырамыз

2-жүргізуші:

Сұлтанға лайық көркі бар

Сымбатты бізде жігіт бар.

Болашақта елімнің,

Иесі осы ұғып ал.

Даулет, Ернар, Данияр, Қанат, Арман

1-жүргізуші:

Ақындарым келіңіз,

Жыр маржанын төгіңіз.

Шабыт келсе бәріміз,

Шетімізден серіміз

Әділ, Қанатбек

2-жүргізуші:

Қош келдіңіз әншілер

Келіп тұрмыз ән сүйер

Шырқап әнге салыңыз

Біз болайық жанкүйер

Олжас, Мадина, Балжан

1-жүргізуші:

Оралып қайта келген соң

«Оралман» - деп ат қойдық

Кетпейді деп сенген соң

«Оралман» атты жеп қойдық

Жансая, Жұпар

2-жүргізуші:

Оқушылар келді жаңадан,

Қол соғып қарсы аламыз

Туғандай бір анадан

Бауырлас болып барамыз

Сыныптың жаңа қазақтары Жаннұр мен Дамир

1-жүргізуші

Айдай сұлу арулар,

Жібектей нәзік жаны бар.

Аққудайын таранып

Айдын көлден табылар.

Қарлыға, Айдана, Ақерке, Айгерім, Гульназ, Тоғжан, Айнур

2- жүргізуші:

Спортшылар тағы бар,

Нелер жүйрік табылар.

Ел намысын қорғайтын,

Маңдайының бағы бар.

Самат, Сағынай, Ғалым, Индира, Дархан, Мадина

1-жүргізуші:

Білімнің биік аңсарын,

Қадірін түсін достарым.

Мінезімен көрікті ғой өздері,

Үндемей тұрып, сұлатады өзгені.

Бізді қашан атайды деп тыпыршып,

Ниет қылып тыныштықпен төзгені

1- жүргізуші

6-саты: «Сөзді тап» ойыны (хормен айту)

1. Ба/қыт, 2. Шат/тық, 3. Ақ/жол, 4. Ө/мір, 5. Дос/тар, 6. Ұс/таз, 7. Құт/ты, 8. Бол/сын, 9. Ең/бек.

7-саты

Әзілкештер және бар,

Күлкіге әбден қандырар.

Езу тартпай қоймайсың,

Қалжыңына тоймайсың

(мектеп туралы анекдот)

8- саты «Ақ жол»

(баспалдаққа іздер жапсырып тілек айта отырып, кабинетке кіру)

Ән: (кабинетте қарсы алу)

9-саты: Ұстазға тілек

Жадыраған жаздай жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар,

Қадірлі ұстаз гүлмен берге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

11 А, 11 Ә сынып оқушыларының тілегі

10-саты: Слайд көрсету

Әзіл жұлдіз жорамал

Әр оқушыға жеке жеке Манарбек пен Азиза (жүргізуші)

1- жүргізуші

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының шапағаты

Халайық қаттырақ қол соғыңдаршы

Әншілер ортамызға келіп қапты!

Ән шашу: Олжас, Мадина, Әділ

11- саты: Би кеші /вальс/


Ұқсас жұмыстар
Семей қаласы №47 жалпы орта білім беретін мектептің Айқымбекова Г.А. әзірлеген Әліппеге қоштасу кешінің сценарийі
Ұстаз - үлгі-өнеге, ұлағатым: №26 жалпы орта білім беретін мектептің мерекелік бағдарламасы
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің математикалық сайысын ұйымдастыру жоспары
ШҚО Семей қаласы №13 жалпы орта білім беретін мектептегі 9-11 сынып оқушыларына арналған Бұрымды қыз сайыс кешінің сценарийі
Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің Аяулы күз, Алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
Семей қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары арасында өткізілген Көңілді тапқырлар математика сайысының сценарийі
№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік тәжірибесі
Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектебінің 2014 жылғы Информатика жазғы алаңы бағдарламасы
Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылғы бастауыш сыныптар апталығы Білім бастауы: жоспар және қорытынды
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 2014-2015 оқу жылын ашу салтанатының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz