8-сынып информатика сабағы: Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері

Көп бейінді №3 мектеп - гимназиясы
Тақырыбы:
Информатика сабағы
8 «а» сынып
Информатика пәні мұғалімі:
Шакенова Ж. С.
Өскемен, 2011
Информатика пәні мұғалімі: Шакенова Ж. С.
Күні: 10. 12. 2011
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар MS Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуді, графикалық мүмкіндіктерін, яғни сурет кірістірудің бірнеше мүмкіндіктерімен танысады, үйренеді;
Дамытушылық: Оқушылардың WORD редакторымен жұмыс істеу дағдысы
қалыптасады, пәнге деген қызығушылығы, шығармашылығы артады;
Тәрбиелік: Оқушылар ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технология
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, таратпа тапсырмалар;
Сабақ барысы:
Амандасады, сыныпты түгендейді.
Тәуелсіздікке арналған слайд, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 20 игі іс туралы айтады.
Кезекші оқушыларды түгендейді.
Оқушылар Тәуелсіздік туралы білгендерін айтады.
Бағалау: Жасаған жобаларына сәйкес бағалау.
Үйге тапсырма: 7 тарауды қайталап оқу, тақырып соңындағы практикумдарды орындау.